Қазіргі таңда балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі көкейтесті мәселелерінің бірі болып тұрғаны баршамызға мәлім. Сонымен қатар осы мәселе әлеуметтік оңалту үдерісінде, тұлғаның әлеуметтік ортада өз орнын табу және өмір жолын таңдауда жаңа сипатқа ие болып, өзінің шешу жолдарын табу үшін жаңа әдістерді таңдауға тура келеді [1, 115] Тұлғаның адамгершілік қасиеттері мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды. Осыған байланысты қазіргі білім беру мекемеде жұмыс істейтін мамандар балаларды тәрбиелеуде азаматтық сезімге, өз Отаның мақтан тұту сезімін қалыптастыру міндеттері қойылады. Аталмыш міндеттерді шешу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларда азаматтық- отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тиімді педагогикалық жүйені құру мақсатын қою қажет [2, 65] .
Қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекемесі
жағдайында отансүйгіштікке тәрбиелеу
Бірақ, балаларды азаматтық-отансүйгіштікке тәрбиелеу бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда кедергі жасайтын бірқатар проблемалар орын алып жатыр, олардың ішінде:
- оқыту үдерісінің жеткіліксіз бағдарламалық-әдістемелік қамтылуы;
- қазіргі уақытқа дейін сақталған білім беру мекеменің материалдық- техникалық базасының толық қамтылмауы;
- балаларды азаматтық-отансүйгіштікке тәрбиелеуді насихаттауда БАҚ қызығушылығының болмауы және т.б.
Әдістемелік әдебиеттерде көбінесе отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесінің нақты жұмыс түрлеріндегі тек жеке жақтары ашылып, осы мәселенің барлық жақтарын көрсететін жүйесі қалыптасқан жоқ.
Қазіргі таңда қоғамды қайта қалыптастыру кезеңінде халқымыздың ең үздік рухани дәстүрлеріне бет бұру қажеттілігі орын алып отыр. Олардың қатарына туыстық, Отан мәңгілік түбегелі ұғымдар жатады. Мектепке дейінгі жастан бастап балалардың жоғары рухани және моралдық-психологиялық қасиеттерін тәрбиелеу керек, олардың ішінде отансүйгіштік ерекше орын алады.
Отансүйгіштік ұғымы жан-жақты. Мұнда басым орынды Отанға деген сүйіспеншілік алады. «Отан» ұғымына өмір сүру жағдайы кіреді, атап кеткенде аумақ, климат, табиғат, қоғамдық өмірдің ұйымдастырылуы, тіл және тұрмыс ерекшеліктері, деген ұғымдардан құралады. Патриот болу - өзін Отанның ажырамас бөлігі ретінде сезіну. Осы күрделі сезім балалық шақта қоршаған орта әлеміне деген құндылығын бағалау негіздерін қалау арқылы қалыптасады.
Басқа сезімдер сияқты отансүйгіштік сезіміне эр адам жеке ие болады және осы сезімді жеке сезеді. Осы қасиет адамның рухани байлығымен, сезіну тереңдігімен тікелей байланыста болады. Патриот болмаған мүғалім баланы отансүйгіштікке тәрбиелей алмайды. Отансүйгіштікке тәрбиелеу баланы осы сезімге мәжбүрлеу емес, керісінше осы сезімге жетелеу, баланың сана-сезімін ояту. Себебі отынсүйгіштіктің түбінде тұлғаның рухани өзін-өзі анықтауы жатады.
Эр мектепке дейінгі білім беру мекемеде отансүйгіштікті тәрбиелеу келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
- рухани-адамгершілік,
- әлеуметтік,
- эстетикалық,
- өлкетану,
- еңбек,
- интеллектуалдық,
- отбасылармен жұмыс істеу және т.б.
Осы жұмысты жүзеге асыру үшін отансүйгіштікке тәрбиелеу бағдарламасы шеңберінде жүйелі жұмысты ұйымдастыру қажет. Осыған орай келесі міндеттер кешенін орындау керек, олар:
- балаларды өз отбасын, балабақшаны, көшені, қаланы сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу;
- балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба, ту, гимн);
- елінің, қаласының жетістіктерін мақтан ету, жауапкершілік сезімін дамыту;
- асқа халықтарды сыйлау, олардың дәстүрлерін сыйлау сезімін қалыптастыру;
- еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу;
- адам күқықтары жөнінде бастапқы білімдерді қалыптастыру;
- Қазақстан қалалары туралы білімдерін кеңейту.
Осы міндеттер балалармен жүмыс істеудің барлық түрлерінде шешіледі, олар: ойындар, еңбек ету, тұрмыстық жағдаяттар.
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, Отанның тарихи-мәдениет рухани мұрасын тану қызығушылығын дамытуға міндеттейді.
Өз тарихын білмеген, болашағы жоқ адам, дегендей, өз шығу тегін, халқының дәстүрін білмеген адамды отбасын, елін, халқын сүйетіндей, басқа халықтарды қүрметтейтіндей тәрбиелеуге болмайды.
Азаматтықты тәрбиелеу оның кіші еліне деген құрметтеуден басталады. Мектепке дейінгі жастағы бала отансүйгіштікке жолды туыстарға, айналасына, балабақшаға, қаласына деген сезімдері арқылы бастайды.
Бүлдіршін өзін ел азаматы ретінде сезіну үшін айналасындағы жақсы үлгілерді көру керек. Осыған орай балабақшадан бастап мемлекеттік рәміздерге, халықтық салт-дәстүрлерге көзқарасы қалыптасады. әрине осы мәселені шешуде халық ертегілері өзінің орнын алады.
Бүлдіршін ертегілердің кейіпкерлерін үлгі ретінде қабылдап, өз жүрегінен өткізіп, эмоция арқылы сезімін білдіреді. Нәтижесінде олар өздерін кейіпкерге үқсатып, бүлдіршін жасынан бастап адамгершілікке, отансүйгіштікке, әдептілікке бағытталып, балалар өздері жақсы қасиеттерге тартылады.
Қазақ халқының ерекше өз ертегілер әлемі қалыптасқан. К.Д.Ушинскийдің пікірі бойынша: «...тәрбие әлсіз болмаймын десе, халықтық болу керек». К.Д.Ушинский педагогикаға «халықтық педагогика» ұғымын енгізген. Зерттеушінің пікірі бойынша, халықтық салт-дәстүрлерге үйрету, фольклор арқылы халықтың жанын білуге, рухани байлық құндылықтарды бағалауын көруге болады.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кеңінен халық ауыз әдебиетінің материалдары қолданылады. Бірақ осы әдісті бір жүйеге келтірген жөн. Мысалы, мақал-мәтелдерді жай жаттаумен қатар оларды түсіндіріп, белгілі жағдайда орынды болуын корсету керек.
Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде өлкетану негіздерін қолдануға болады. Балалар арасында «Менің көшем», «Менің қалам» атты көркем сурет көрмесін ұйымдастыруға болады. Осында жіберілетін бір қателік балалардың жұмыстарын іріктеуге болмайды, себебі баланың суреті оның ішкі сезімін білдіреді.
Балабақшадағы тәжірибеге келсек, бүлдіршіндерді адамгершілік- отансүйгіштікке тәрбиелеу жүмыстарын олардың өз туған қаласының тарихы, оның көркем жерлері, мәдениеті, қаһармандары туралы білімдерін диагностикалаудан бастадық. Диагностикалау нәтижелері бойынша келесі мәліметтерге ие болдық:
Бүлдіршіндер 1941-1945 ¥лы Отан соғыс туралы білмейді. Ал ¥лы Отан соғысқа қатысқан жерлестеріміз туралы мүлдем бейхабар. Кейбір балалар қалада орнатылған ескерткіштерінің мағынасын білмейді. Өз көшелерінің аталуы неге байланысты екені жөнінде бейхабар екен.
Орын алған мәселелерді шешу үшін отансүйгіштікке тәрбиелеу жүмысын келесі тақырыптарға бөлдік: «Қаламыздың тарихы», «Петропавл қаласының көріністері», «Жерлестеріміз - халық қаһармандары».
Қазіргі мектепке дейінгі білім беру мекемесі
жағдайында отансүйгіштікке тәрбиелеу
Отансүйгіштікке тәрбиелеуде қойылған міндеттерді шешу мақстатында топта мәндік-дамыту орта қалаптастырылған. Қалыптастырылған орта арқылы туған өлке тарихын және дәстүрлерін тереңінен білуге жағдай жасалған. Мұнда: балаларға аталған тақырыпта жазылған әдебиеттер кітапханасы, балалармен жүмыс істеуге арналған «Петропавл қаласы бойынша экскурсия», «Петропавл қаласының тарихынан», «Петропавл қаласының қаһармандары» атты альбомдар. Ойын бүрыштарында аталмыш тақырыптарда рольдік ойындарды ойнатуға қажетті құралдар жиналған. Мысалы, ұл балалар үшін әскери ойын құралдары, қыз балалар үшін әскери санитарлар құралдары.
Жалпы әр дамыту бағыты бойынша жұмыс мазмұнын ашатын перспективтік жоспар құрастырылған.
Жүмыс мазмұның жүзеге асыруы түрлі нысандар бойынша өтеді: балалармен әңгіме құрастыруда, кітаптарды оқып, талқылау, ¥лы Отан соғысы туралы әңгіме қүрастыру, қаланың көріністеріне жаяу экскурсия жасау, әскери-патриоттық ойындарды үйымдастыру. Сонымен қатар жоспарға ¥лы Отан соғыс ардагерлерімен кездесулердің, тақырыптық көрмелердің, мерекелік шаралардың ұйымдастырылуы енгізілген. Мысалы, Жетінші мамыр - Халық қаһарманының күні.
Осындай түрлі жүмыстарды қолдану арқылы балаларға білім беру үдірісінің тиімділігіне эсер етіп, отансүйгіштік сезімге тэрбиелеуге жағымды эсер етіледі.
Отансүйгіштікке тэрбиелеу отбасынан басталады. Бүлдіршін өз отбасының да тарихын білу керек. Бала өз отбасын мақтан тұтса, өзін де сыйлай бастайды, жоғары бағалайды. Арнайы отансүйгіштікке мэжбүрлеуге болмайды, нэтиже болмайды.
Сондықтан бүлдіршіндерді туған өлкесімен таныстыруда ата-аналармен тығыз қарым-қатынас арқылы жүмысты ұйымдастыру керек. Осы бағытта да перспективтік жоспар қүралған. Жоспарға ата-аналар жиналыстарының, эңгімелердің, кеңес берулердің, түрлі шығармашылық сайыстардың жэне көрмелердің үйымдастырылуы енгізілген. Топта ата-аналарға арналған эдістемелік кітапхана жиналған.
Отансүйгіштік сезім өзінен өзі пайда болмайды. Отансүйгіштікке тэрбиелеу балаға жастайынан үздіксіз мақсатталған адамға эсер ету үдерісін ұйымдастыруының нэтижесі болып табылады. Баланы туған өлкемен таныстырып, туған өлкенің тарихи-мэдени ерекшеліктерімен таныстыру арқылы балаларды отансүйгіштікке тэрбиелеуге болады.
Жастайынан туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімі адам есінде өмір бойы қала береді.
Мектепке дейінгі білім мекемелерінде рет-ретімен, жүйелі түрде ұйымдастырылған жұмыс нэтижесінде бүлдіршіндерді болашақта жауапкершілігі жоғары, белсенді азаматтық ұстанымы бар, туған өлкесіне қатыстығын сезінетін, халқын, Отаның, отбасын, сүйетін, өз азаматтық парызын эрдайым өтеуге дайын болатын тұлға ретінде тэрбиелеуге экеледі.
Әдебиет:
- 1. Новицкая, М.Ю. Наследие. Патриотическое воспитание в детском саду7./ М.Ю. Новицкая. - M.: Линка-Пресс, 2003. - 200 б.
- 2. Гражданское воспитание в ДОУ. / авт.-сост. Е.А. Позднякова. - Волгоград: Учитель, 2008. - 148 б.