Мәдениетті, ұлтшыл адам тәрбиелеуге өте үлкен екі күш ерекше жасайды, ол- өнер мен білім. Қазақтың ұлы данышпан ақыны Абай Құнанбаев былай деп жырлаған:
Қүлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - дегендей жақсы ән мен тәтті күй өзінің сиқырлы әуені арқылы баланың жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады. Нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның адамгершілік сезімін молайтады. Әл-Фараби бабамыздың музыкалық адам психологиясына әсері жөнінде- «Музыка денені шынықтыратың гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді, алдымен ләззатқа бөлейді, одан сон қүмарлықты оятады, қиялға жетелейді,» деп пікір айтқан. Халқымыздың бірнеше ғасырлар көлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар. Атап айтар болсақ, тарихи әуендер, эпикалық жырлар, тұрмыс салт-жырлары, лирикалық әндер, т.б. міне, осы фольклорымызбен-ақ ұлттық болмысымызды қалыптастыратын тәлім-тәрбие беріп отырғаны тарихи шындық. Еліміз егемендік алғаннан бері бірқатар отандық ғалымдарымыз музыкалық фольклорымыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетіп, нақты ұсыныстар жасауда. Атап айтар болсақ С.Ұзақбаева өз зерттеулерінде музыкалық фольклорымыздың педагогикалық мүмкіндіктерін көрсетті.
1994 жылы А.Райымбергенов және С.Райымбергеновалардың авторлығымен «Мұрагер» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Бағдарлама жасаған Ш.Қүлманова, М.Оразалиева, Р.Сүлейменовалардың музыка сабағының бағдарламасы музыкалық материалдар, музыкалық фольклорымызды пайдалана отырып, балаларға ұлттық тәлім-тәрбие беру негізінде қүрылған.
Тәрбие ісі - адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие - бір үрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Тәрбиенің аса маңызды құрамы - өнер. Соның ішінде өте кең, сан ұғымды қамтитыны - музыка өнері. Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Музыка - өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан “Әлемдегі елу елдің қатарына кіру” саясаты қоғам өмірінде білім беру саласының күн тәртібіне қойылып отырған күрделі мәселелердің бірі - жаңа тұрпаттағы жаңа үстаздарды даярлау, білім беру қызметіне жаңаша көзқараспен қарау, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып салалау, жастарды шығармашылық әлеуметтік дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Баланың тұлғасын жан-жақты дамытуды қаншалықты ерте бастау керек. Туған күннен-ақ бастап, балаларға әр түрлі жағдайлар эсер етеді. Үй тұрмысы, үлкендердің сөзі, қарапайым балалық өлеңдер, теледидар бағдарламалары жэне тағы да басқа әр түрлі жағдайлар баланың білімі мен сезіміне жастайынан айрықша эсер етеді. Үлкендердің сөйлегендері баланың тұлғасына тек жағымды эсер еткен жағдай қазіргі уақытта қол жетпейін арман. Музыкалық тэрбиені беру үшін алдымен оның мақсаты мен мүмкіндіктерін бөліп шығару қажет. Музыка ең алдымен эмоционалдық қанағаттандыруды береді. Екіншіден, музыкалық тәрбиенің негіз - ақыл-ойды ғылымның көмегімен жетілдіру. Үшіншіден - бұл эмоционалдық тэрбие. Ең алдымен балалардың қызығушылықтарын ескеріп, балабақшада жэне оны бітіргеннен кейін толық музыкалық білімді алуды қамтамасыз ету керек. Балалар музыкаға қызығып кеткеннен кейін ол туралы көбірек білгісі келеді.
Балалардың эсемдік элеміне жақындатып, өнерге баулитын кезең балабақша. Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының дамуына жэрдемдеседі. Мектеп жасына дейнгі балалардың эмоциялық елгезектігі мен музыкаға бейімділік қабілетінін жетілуі, олардың ізгі сезімдерімен іс-эрекеттерге қолдарынан келгенше жауап қайтаруына мүмкіндік береді, ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға көңіл бөліп отыру қажет. Erep балаларды бүлдіршін кезінен бастап музыкаға бейімдесен, мінез-құлықтарын сапалы тэрбиеден өткізсең, өсе келе олардың бойындағы табиғи дарын, қабілет, талант мүмкіндіктерінің толық ашыла түсуіне, бұл бастапқы жағдайдың эсері болатыны белгілі, өйткені бэрі де бала кездегі тэрбиеден басталады.
Музыка сабақтарында тілді жетілдіру ақыл-ойдың дамуына да тығыз байланысты. «Ақыл-оймен жүректі тәрбиелеу өмір бойы ұмытылмас эсер қалдырады, ол осы ерте жастан бастап бізге сұлулық сабақтарымен қатар адамгершілік пен инабаттылық сабақтарын береді», деп жазыпты балалар үщін өнердің мэні жөнінде атақты композитор Д.Б.Кабалевский. Музыка қызметінің барлық түрлері- тыңдау, эн айту, музыкалық-ритмикалық қимылдар, би, ойын, балалар музыкалық аспаптарында ойнау, театр қызметі негізгі қызметтерімен қатар моторика мен қимылдар үйлесімдігін, зейінді, жалпы сергектікті, көңіл күйді дамытуға, тіл, ерін, жақтың төменгі жағының қимылын жетілдіруге, бас миы қабатын белсендендіруге, физиологиялық тыныстауды дамытуға бағытталған.
Балалар музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің эдемілігі мен сұлулығын өнермен үйлесімді сезінуге тиіс болса, ұстаз осыларға сэйкес музыкалық шығармалардың терең педагогикалық дэстүрін таныта білетін тэрбиенің эдістемелік көздерін табуы қажет.
Кейбір балалардың есту қабілеттері нашар, сөйлеу кезіндегі тіл мүкістігі болуы мүмкін немесе тамақтарының аурулығы болуы мүмкін. Ал, керісінше кейбір балалардың есту қабілеттері өте жақсы дамыған.
Казіргі кезде тіл кемістігі бар балалар саны күннен - күнге артуда.. Педагогтар мен мамандарды көбінесе балалардың тілінің дамуы алаңдатады. Осындай тіл кемістігін жоюдағы тиімді эдістердің бірі логоритмика. Логоритмикамен шұғылдануды ортаңғы жастан бастауға болады. Логоритмика- сауықтыру, оқыту, тэрбиелік, коррекциялық міндеттерді шешуді қарастырады. Өз жұмысыма логоритмика элементтерін жүйелі түрде кірістіре отырып, сөздің, әуеннің және қимылдық синтезі балаларды белсенділігін, өзіне деген сенімділігін арттыруға тәрбиелеуде көп көмегін тигізетінін байқадым. Логоритмиканың әртүрлі тәсілдерін алмастыра ұйымшылдықты талап етеді. Барлық осы айтылғандар баланың ойлау қабілетін жетілдіреді. Сөзді, әуенді және қимылды біріктіру нәтижесінде балалар сабақта өздерін еркін ұстай білуге, үйренеді. Олардың ритмикалық қабілеттері жақсарады. Балалар өз қимылын басқара білуге үйреніп, жинақты және мұқият бола түседі. Логоритмикалық жаттығуларды жасату арқылы бала дауысын, тыныс алуын, еске сақтау, байқау қабілеттерін жақсартуға болады.
Логоритмиканың элементтері бар музыкалық сабақтары өз жемісін бере бастады. Балалар ол сабақтарды асыға күтетін болды. Тілдік жаттығулары бар ойындарға белсене қатыса бастады. Сөздік жаттығуларды, өлеңдерді балалардың қол, аяқтарының, денесінің қозғалысын әуен ырғағына сәйкестендіріп таңдадық. Мұнда төменгідей кезек болуы керегі әуелі балаларға көрсету бойынша әрекет жасаймын, сосын қажетті ырғақпен, сол ырғақта айта немесе әндете отырып, өз беттерімен орындайды.
Мысалы: «Қүймақтар»
Қамырды илейміз - ух - тух!
Ух - тух( жудырығын түю, жазу)
Табаны қыздырамыз,
Ух - тух, Ух - тух! ( екі қолмен шеңбер жасау)
Ди - ди ла - да - құймақ пісіреміз
Хлоп - шлеп, хлоп - шлеп!
Құймақ ыссы! (қолдарын алға созып, шеңбер жасай отырып, алақанға «үрлеу»)
Логоритмика- ән айтуды, қимыл мен сөзді үйлестіруге баларға жақсы эсер береді. 2-3 жасар балалармен энді жаттауда біз міндетті түрде оның мақамын шапалқтап, онымен бірге мэтінді энге саламыз. Тіпті қарапайым марш секілді қимылдардың өзін күрделі емес сөздерімен сүйемелдейміз: «Бір, екі, бір, екі біз тату балалармыз, бір, екі, бір, екі біз тату эн саламыз».
Артекуляцияға эн салу: «Қоңыздар».
Біз қоңызбыз, өзенде түрамыз,
Ыз-ыз, Ыз-ыз-ыз,
Біз ұшамыз, ызылдаймыз.
Өз режімімді сақтаймыз,
Ыз-ыз, Ыз-ыз-ыз,
Біз ұшамыз, ызылдаймыз.
Денсаулығымызды сақтаймыз,
Ыз-ыз, Ыз-ыз-ыз.
Саусақ гимнастикасына арналған жаттығулар: «Мысық эні».
Бар мысықта көзі,
Бар мысықта қүлағы,
Бар мысықта тырнағы, Жүмсақ-жүмсақ табаны Мысық, мысық ренжіме,
Балаларды тырнама- Брысь!
Сөздік тыныс алуға арналған жаттығулар: «Әтештер, қаздар».
Әтеш, қаз, үйректер,
Томпайған бүйректері,
Тістеп алый бір нәрсе,
Cy ішуге жүгірді.
Логоритмиканың музыка сабақтарында балаларды эстетикалық тәрбиелеуге ықпал етеді, баланың шағынан бастап музыка әлеміне енгізіп, эмоционалды бауырмалыққа баулиды, көркемдік талғамын дамытып, ғажайып нәрселерге деген сүйінспеншілігін оятады, Балалардың қимыл - қозғалысын қалыптастырады, сымбатын, жүрісін, қозғалысын түзейді, ептілікке, шапшандылыққа, төзімділікке үйретеді. Тыныс алуда, моторикалық функцияларды, есте сақтау, есту, көру ынтасын, бет мимикасын дамытады.
Әдебпет:
- Комиссарова Л.Н. Балаларға музыкалық тәрбие беру әдістемесі. - Мәскеу., 2001.
- Ерзакович Б. Қазақ халкының ән мәдениеті». - Алма-Ата, 1999.
- Ерзакович Б. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы». - Алма-Ата, 2005.
- Руденко С.М.. Зинич И.Н. Методика музыкального воспитания в детском саду - Москва., 1985.
- Радынова О.П. Музыкальное развитие детей - M., 1997.
- Дзержинская И.Л. Музыкальное воспитание младших дошкольников - M., 1984.
- Арисменди А.Л. Дошкольное музыкальное воспитание - M., 1989.
- Ветлугина Н.А. Музыкальное воспитание в детском саду - M., 1981.
- Ахметова М. Ән өнері жэне уакыт. - Алматы. 1993.