Әдетте шаруашылықтағы ұрғашы қозыларды алып қалады да, еркек қозыларды жақсылап жетілдіріп, бордақылап семіртеді де, сояды не сатады.
Бордақылауға қойып, тез қоңдандыру үшін, әсіресе ерте көктемде, қыста туылған қозылар тиімді. Олар көктемде жетіліп, жайылым отына жайылып-ақ күзге арзан да мол қой етін өндіруге мүмкіндік туғызады. Қойға ірі қара азықтарының барлық түрін қолдануға болады. Олар көк, ірі, шырынды, құнарлы азықтардың түр-түрін жей береді. Әйтсе де, олардың биологиялық ерекшеліктерін мейлінше пайдалана отырып, ең арзан азық түрі - табиғи жайылым отын мейлінше пайдаланған жөн. Сонда қой өнімдерінің өзіндік бағасы томен болып, шаруа қожалығы экономикасына пайдасын тигізеді. Жайылымнан бүршақ тұқымдастардың майда пішенін сүйсініп жейді. Мал тіршілігінде минералды заттар маңызды роль атқарады. Мал ақзасындағы олардың ең көбі - кальций мен фосфор.Мал азығында кальций мен фосфор жеткіліксіз болса төл жөнді өспейді, ал еркек мал сүйек ауруына шалдығады.Жемшөпте қажетті минералды заттар болмаса, малдың асқазаны ауырып, зат алмасуы бұзылады.Кальций бұршақ тұқымдас өсімдіктерде коп болады. Барлық өсімдіктердің сабақтарында, жапырақтарында кальций коп те, фосфор аз. Дәндерінде керісінше, фосфор коп кездеседі. Фосфор кебек пен сүлының құрамында көп табылады. Азықта минералды заттар жетіспеген кезде, малға қосымша минералды зат беру керек. Минералды заттарға келетін болсақ, 1 кг азық құрамындағы кальций мен фосфор мөлшері(г) келесі кесте - 1 - де келтірілген.
Кесте 1. Біржылдық астық-бүршақ тұқымдас сұлы, бидай, асбұршақ, сиыржоңышқа, арпа аралас үктірілген астық қоспасының 1 кг құрамындағы кальций мен фосфор мөлшері (г).
№ |
Азықтың атауы |
Үлгі алын- ған мерзімі |
Азыққа сипаттама |
Үлгі алынған орны |
Cy % |
1 кг азық құрамын- да, г |
|
кальций |
фосфор |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Үктірілген астық қоспасы |
Hayp ыз |
Сүлы 35 %, бидай 35 %, ас бүршақ 5%, сиыржоңышқа 5%, арпа 20 %. |
Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты |
20,9 |
2,0 |
2,34 |
Жоғарыдағы кесте 1-де көрінгендей, азықтың атауы сүлы, бидай, асбүршақ, сиыржоңышқа және арпа аралас үктірілген астық қоспасы, үлгі алынған мерзімі наурыз айы болып есептелсе, ал азыққа сипаттама берсек; сүлы 35%, бидай 35%, ас бүршақ 5%, сиыржоңышқа 5%, арпа 20%, үлгі алынған орны Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты болып есептеліп, 1 кг азық құрамында судың мөлшері 20,9 пайыз болса, ал кальцийдің мөлшері 2,0 г болса, ал фосфордың мөлшері 2,34 г болғаны белгілі болып, анықталды.
Қазақстанның солтүстік аймақтарында мал азықтық сүлы 35%, бидай 35%, ас бүршақ 5%, сиыржоңышқа 5%, арпа 20% аралас үктірілген астық қоспасымен азықтандыруы өте сирек. Сол себепті «Айнар» шаруа қожалығы қой өсіру фермасында мал азықтық сұлы 35%, бидай 35%, ас бүршақ 5%, сиыржоңышқа 5%, арпа 20% аралас үктірілген астық қоспасымен азықтандыру тиімділігі бойынша ғылыми-өндірістік тәжірибе жұмысы жүргізілді.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының алға қойылған мақсаты:
1. Жануарларды мал азықтық сүлы 35%, бидай 35%, ас бүршақ 5%, сиыржоңышқа 5%, арпа 20%, аралас үктірілген астық қоспасымен азықтандыру тиімділігі нәтижесінде олардың өнімділігі деңгейіне әсерін мүхият зерделеп, анықтау.
Ғылыми жаңалығы; Еліміздің солтүстік өңірінде бордақылаудағы тоқтыларды мал азықтық сүлы 35%, бидай 35%, ас бүршақ 5%, сиыржоңышқа 5%, арпа 20%, аралас үктірілген астық қоспасымен азықтандырудың нәтижесінде тоқты басы тәулігіне - 130-160 г, сақа қой басы - 160-180 г қосымша салмақ қосып, 1 кг қосымша салмақ қосымына, тиісінше 4-5 және 6-7 азық өлшемі шығындалды. Тез арада қарқынды түрде бордақылап, 8 айлықтарында тірідей салмақтарын 45-50 кг-ға жетіп, қоңдылығын көтеріп, майлы дәмді де нәзік жас ет өндірілсе, сақа қой бордақлағанда семіз ет өндіріліп, етке бордақыланған еркек тоқтылар орташа тірілей массасы 51 кг-нан сатылуы болып табылады.
Қой өсіру фермасында арнайы орнатылған «Вольгар - 5» шөп үсақтатқыш машинасы бар. Тәжірибе фермасында арнайы орнатылған «Вольгар - 5» шөп үсақтатқыш машинасымен ұсақтап, содан біржылдық мал азықтық сұлы 35%, бидай 35%, ас бүршақ 5%, сиыржоңышқа 5%, арпа 20%, аралас үктірілген астық қоспасымен ДКУ типті дән уатқышта үнтақталған үнын буландырып, алдын-ала өндеуден өткізілгеннен кейін басқа да азық қоспаларымен араластырылып, даяр болған азық қоспасы қүрамында бір жылдық мал азықтық сүлы 35 %, бидай 35%, ас бұршақ 5%, сиыржоңышқа 5%, арпа 20 %, аралас үктірілген астық қоспасының өнделген үны да бар. Азықтандыру рационы биологиялық тұрғыдан жоғары сапалы протеин, дәрумендер және минералды заттармен жан-жақты толықтырылуы шарт.
Кешіктірмей, ерте орылғандарынан шөп үнын алуға жарамды және олардың қоректілігі де жоғары, әрі оларды бордақылаудағы еркек тоқтылар сүйсініп жейді.
Аралас шөпті сепкенде себу нормасы мен компоненттердің ара қатынасын дүрыс анықтаудың маңызы зор: өнімдегі бүршақ тұқымдас компоненттің үлесі 25-48% болуға тиіс.Қыс мерзімінде бір жылдық мал азықтық сүлы 35%, бидай 35%, ас бүршақ 5%, сиыржоңышқа 5%, арпа 20 %, аралас үктірілген астық қоспасын басқа қүрама жеммен яғни шырынды азықтар (қызылша, сәбіз) және түрлі дәнді дақылдар кебегімен араластырып, даяр болған азық қоспасымен азықтандырылу нәтижесінде қозыларды енесінен айырмай түрған уақыттан бастап, қосымша азықтандыруға үйретіп, тез арада қарқынды түрде бордақылаған тиімді. 6-7 айлығында салмақтары 40-45 килограмнан кем түспеуі керек. Қоңдылығын көтеріп, майлы жас ет өндіру қажет болса бордақылауды 8-11 айлықтарында 45-50 кг тартқанға дейін созады. Биылғы жылы көктемде, қыста туылған қозылар тиімді. Олар көктемде жетіліп, қолдан егілген бүршақ және астық түқымдас сүлы 35%, бидай 35%, ас бүршақ 5%, сиыржоңышқа 5%, арпа 20%, аралас шөптерге жайылып-ақ күзге арзан да мол қой етін өндіруге мүмкіндік туғызады. Сақа қойды бордақылағанда осы типтес рациондарды қолданып, 0,5 кг пішенді соншама сабанмен араластырып, сүрлем енгізіп, бордақылау бағасын төмендетуге болады. Бордақыланған тоқтыларды бордақылаудан шығарған кездегі орташа тірілей массасы 50 кг болған. Бордақыланған жас мал сегіз айлығында қарашада етке тапсырылады. Олар тапсырылмастан 1,5-2 ай бүрын қырқылып, олардан 1,3-1,5 кг жүн алынады. Бордақылау соңына дейін қалған 2,5 жарым айда олардың жүні біркелкі жетіліп өсіп, иленгеннен кейін жақсы тондық тері болады. Бордақыланған тоқты басы тәулігіне - 130-160 г, сақа қой басы - 160-180 г қосымша салмақ қосып, 1 кг қосымша салмақ қосымына, тиісінше 4-5 және 6-7 азық өлшемі шығындалды. Тез арада қарқынды түрде бордақылап, 8 айлықтарында тірідей салмақтарын 45-50 кг-ға жеткізіп, қоңдылығын көтеріп, майлы дәмді де нәзік жас ет өндірілсе, сақа қой бордақылағанда семіз ет өндіріліп, етке бордақыланған тоқтылар орташа тірілей салмағы 51 кг-нан сатылып, қой етін өткізуден «Айнар» шаруа қожалығына экономикалық жағынан тиімді де сол кездегі ақшамен мол табысқа кенелуі болып табылады.
Әдебиет:
- Бақтыбаев М.С. Мал азықтық шөптерді өндеу және мал шаруашылығы үшін жоғары сапалы азық // «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы» - Оқу қүралы - Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2010.-149 б.
- Е.Ш. Шекенов. Қой және Ешкі // Мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өндеу технологиясы: Оку күралы - Астана. С.Сейфуллин атын. Қазақ мем. Агротехн. Ун. 2007 ж. - 189 б.
- Қ.Н.Бегімбеков.. А.Ә. Төреханов., Ә.Б. Байжұманов. Қой шаруашылығын каркындату ерекшеліктері // Мал өсіру және селекция / Оқулық - Алматы. «Издательство «Бастау» ЖШС 2006, - 592 бет.
- М.С. Бақтыбаев Қой және Ешкіні азықтандыру // ДӘРІСТЕР КУРСЫ «Мал шаруашылығының негіздері» Оқу-әдістемелік құралы. - Петро павл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2009. - 140 б.
- М.С. Бақтыбаев Ауылшаруашылық малдарды қалыпты азықтандырудың негізі // Мал шаруашылығының негіздері: Оқу-әдістемелік құралы. - Петропавл: М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2012.-100 б.
- Н.И. Можаев, Н.А. Серікпаев. Ғ.Ж.Стыбаев. И.И. Жұмағұлов. Ш.Т. Тайжанов, С.О. Кенжеғұлова Аралас шөптер себу // Мал азығын өндіру (агрономия және ботаника негіздері): Оқулық - Алматы. ЖШС РПБК «Дәуір». 2001. - 504 бет.
- Н. Омархожаев. Қойды азықтандыру // Мал шаруашылығы: Оқулық. - Астана: Фолиант. 2007.-424 6.
- P.К. Қазиханов., С.Р. Қазыханова., В.Н. Нам. Ет өнімі. шығымы. Еттің тағамдық құндылығы // Қой шаруашылығы, қой өнімдерін өндіру технологиясы және өңдеу негізі (қой өнімдері кластері) - Оқулық - Астана, 2005. - 100 бет.