Бұл баяндамада мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Азаматтық сот ісін жүргізу тілі туралы сөз қозғағым келеді. Тіл мәселесі қазір өте өзекті. Барлығына белгілі, Қазақстан Республикасының мемлкеттік тілі қазақ тілі. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бар территориясындағы қоғамдық қатынастардың барлық салаларының, іс жүргізу, сондай-ақ сот ісін жүргізудің, заңнаманың, мемлекеттік басқарымның да тілі.
Біздің еліміз көпұлт тұратын мемлекет боылп табылады. Сондықтан сот ісін жүргізу үлттық, мемлекеттік тілімен қарастыру қажет деп ойлаймын.
Азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаттардың ішінде осы тіл мәселесі қозғалады.
Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу тілі қағидаты Қазақстан Республикасының конституциясындағы 7 байта жазылған «мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деген қағида алынған. Бүл қағида «Қазақстан Республикасы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабында күшейтіле түскен. Бұл заңда былай жазылған: «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі». Сонымен қатар осы Заңның 6 бабында «Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ана тілін қолдануға, қарым қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар» деп белгіленген. Одан соң: «ұлттық топтар шоғырланып тұратын жерлерде шаралар өткізу кезінде олардың тілдері пайдаланылуы мүмкін». Жоғарыда айтылған заңның 13 бабында сот ісін жүргізу тілі тікелей регламентенген: «Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болғанда сот ісін жүргізуде орыс тілі не басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады». Қажет болған жағдай ұғымына адамның ана тілін немесе ол еркін таңдап алған басқа да тілді пайдалану құқығы жатады.
Бүл жоғарыда көрсетілген баптарға сәйкес ҚІЖК 30 бабында және де АІЖК 14 бабында сот ісін жүргізу тілі принціпі қалыптастыру үшін негіз болды. «Азаматтық істер бойынша сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңдарда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Erep соттың бірінші сатысында істі қарастыруға дайындау барысында талап қоюшы оның өкілімен талап арыз (арыз) берілген тілді білмейтіні анықталса, онда талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы сот ұйғарым шығарады. Ic бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысушы адамдарға мәлімдемелер жасау, түсініктемелер мен айғақтар беру, өтінішхаттар
136 Қылмыстық сот ісін жүргізу, азаматтық сот ісін жүргізу тілі қағидаты мәлімдеу, шағымдар жасау, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі. Азаматтық сот ісін жүргізуде сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарға басқа тілде жазылған, заң бойынша оларға қажетті іс материалдарын сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта айтылғандардың басқа тілде болған бөлігінің сот ісін жүргізу тіліне аудармасы өтеусіз түрде қамтамасыз етіледі. Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударылып тапсырылады. Істі сот талқылауына дайындау аяқталғаннан кейін тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар ұсынатын сот ісін жүргізу тілінен басқа тілде дайындалған кұжаттарға сот ісін жүргізу тіліне жасалған аудармасы қоса берілуге тиіс».
Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу тілі қағидатың мазмүны мен мәнін және ҚІЖК 30 бабы мен АІЖК 14 бабының ережелерін талдай отырып, келесі түжырымдарды шығаруға болады:
- Қылмыстық және азаматтық сот ісің мемлекеттік тілде жүргізу;
- Мемлекеттік тілмен бірдей орыс тілін немесе басқа да тілдерді қолдану мүмкіндігі;
- Қылмыстық пен азаматтық процессті жүргізуші органның қаулысы негізінде сот ісін жүргізу тілі белгілеу;
- сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамның ана тіліне немесе ол білетін басқа да тілде өтініш жасау, түсінік және айғақтар беру, өтініш білдіру, шағым жасау, істің материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу қүқығы;
- Сот ісі жүргізілеті тілді білмейтін адамның белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалануға қүқық;
- процессті жүргізуші адамдардың іске қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған қажетті тегін аударылуын; аудармашы қызметін тегін пайдалануын қамтамасыз ету;
- процеске қатысушыларға сот ісін жүргізу тіліндегі қажетті қүжыттарды тапсыру;
- сот ісін жүргізу тілін білмейтін процеске қатысушыларға қажетті қүжаттармен қоса сол қүжаттардың аудармаларының куәландырылған көшірмелерің қоса тапсыру.
Сот ісінің мемлекеттік тіл принципінің мәні оның басқа демократиялық негізі - соттың жариялылығын іс жүзінде қамтамасыз етілеуінің қажетті шарты болып табылуында. Қазіргі кезеңде үлттық тіл принціпінің орындалуы азаматтық сот ісіндегі ерекше өзекті мәселеге айналуда. Аталған принціпінің іске асырылуын реттейтін қүқық нормаларын қатаң сақтау, сот ісі жүргізілетін тілді меңгермейтін іске қатусышы түлғаларға сыпайлықпен қарау, менің ойынымда, наразылықтардың алдын алып, келіспеушілік орын алған жағдайларды өршітуші себептердің жойылуына ықпал етуі мүмкін.
Тіл принцип! біздің мемлекетіміздің Конституциясында, АІЖК-де, Тілдер туралы заңында орналасып жалпы ережелері бекітілген.
Біздің мемлекетімізде мемлекеттік тілдің игерушілігінің мәселелері көкейкесті тағы үзақ уақыт болады. Статистика туралы айтқанда, мемлекеттік тілдің игерушілігінің деңгейі өте аласа.
Мысалы 2012 жылдың Солтүстік Қазақстан облысының соттарымен 780 іс мемлекеттік тілдеқ арастырылды, соның ішінде қылмыстық істер - 96, азаматтық істер - 240, әкімшілік қүқық бүзушылық - 364 істер. Еш бір аудандарда жүз пайыздың көрсеткіш жоқ. Ең биік көрсеткіш Қызылорда облысында болып отыр, мемлекеттік
тілде 75 пайызға істерді жүргізген. Атырау және Оңтүстік-Қазақстан облысында осы көрсеткіш бір талай төмендеу. Мысалға Алматы қаласында істер көпшілігі орыс тіл дежүргізеді - 2,6 пайыз. Астана қаласында мемлекеттік тілмен 2 пайыз ғана істер қарастырылды.
Жоғарыда айтылғанды және дәлелдемелерді қорыта келе қылмыстық және азаматтық сот ісінің үлттық тілі принціпі деп конституциялық деңгейде, Тілдер туралы заңда және іс жүргізушілік заңда бекітіліп берілген, сот ісінің жүргізулі тілі іске қатысушыларын өздерінің ана тілдерінде өтініш, деректемелер беру, сотта мәлемдеме жасау және іздену қүқығымен қамтамасыз етумен, сот ісінің тілін меңгермейтін түлғаларға іс материалдарымен аудармашы арқылы толық танысуға жағдай жасаумен, сондай-ақ сот қүжаттарын іске қатысушы түлғаға оның ана тілінде немесе еркін меңгеретін басқа тілде аударып табыстаумен үйлестіре отырып анықтайтын жалпы басқарушы ережені түсіну керек деген қорытынды жасауға болады.
Әдебиет:
- 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясы»
- Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдс қабылданған «Қазақстан Pecny бликасының Тілі туралы №151 Заңы
- 2014 жылғы 4 піілде қабылданған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік» №231-V Қазақстан Pecny бликасының Заңы
- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданған №411 Заңы «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу»