Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсеке басы білім, ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігінде» деген. Ендеше, ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімін қамтамасыз ету керек. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің барысы әр түрлі педагогикалық әдіс - тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттырады.
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өз талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жүмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Орыс педагог! К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Тәрбиенің сан сапалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне эсер ететін білім мен тэрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмүны, оқытудың эдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тэрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жүгерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі-бастауышта. Бастауыш мектептің негізгі міндеті- жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - Ұстаз. Халқымыз әрқашан да үстаз мәртебісін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Үстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға. Адамның адамшылығы жақсы үстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе үрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тарихи-әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлінгенін ғылыми-зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жүмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады.
Қазіргі заман - ғылым мен техниканың өркендеген, математика ғылымының өте жан - жақты тараған кезені. Ал әрбір ұстаздың басты міндеті - жас ұрпаққа жан-жақты білім бере отырып, оқушының бойындағы қабілетін ашу арқылы, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.
«Білім негізі - бастауышта» қаланатынын әр уақытта жадымызда үстап, негізгі бақылауды бастауыштан бастау керек. Математикалық білім берудің сапасын артырудың бір жолы - бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастықты нығайту. Сабақтастықты нығайтудың тиімді жолдарының бірі - теория мен тәжірибені ұштастыру; іс -тәжірибе алмасу. Бастауыш сыныпты бітірген оқушылардың орта мектептегі оқу-тәрбие процесіне бейімделіп кетуін қамтамасыз ету сабақтастықты нығайтудың негізгі міндеті болып табылады. Бастауыш сынып мүғалімдері «үшінші, төртінші сынып» оқушыларына өз бетімен жүмыс жасауға, өздігінен шешім қабылдауға үйретуі тиіс. Өйткені, бастауыш сыныпта мұғалімнің айтуымен ғана тапсырмаларды орындап үйренген оқушыға «бесінші сыныпта» қиындау соғады. Қарапайым алгоритм бойынша есеп шығара білуі қажет. Ал, математикалық қабілетін дамыту үшін, олардың пәнге деген қызығушылығын оятуымыз керек. Математика пәніне оқушы ықыласын арттырудың тиімді жолдарының бірі - стандарт емес есептер шығару. Мұндай есептерді өз тәжірибемде ең қарапайымнан бастап орындатамын.
Мысалы: 0 мен 5 цифрларын пайдаланып:
- ең аз бес таңбалы санды жаз;
ә) ең көп бес таңбалы санды жаз;
- жүлдызшалардың орнына таңба қой
«Жоғалған сан», «Адасқан саңдар», «Көршінді тап» ойындары т.б.
Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа өзгерістерге бет бүру үшін мынадай талаптарды ескеру керек деп ойлаймын:
- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
- ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жеткізу;
- шығармашылық іс-әрекетіне және үнемі ізденісте болуына жағдай тудыру;
- өзіндік жұмыс түрлерін орындай алу;
- баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру;
- ақпараттық технологияларды меңгерту.
Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.Бастауыш сыныптан келген оқушыға жоғары сынып мұғалімдерінің үлкен көмегі кажет. Мүғалім әр окушының жағдайымен толық танысуы керек. Бастауыш сыныптан келген окушының, «үлгерімі жақсы» окушының білім деңгейі төмендеп кететінін тәжірибемізде байқап жүрміз. Ол оқушыларға ерекше көңіл бөлініп, назар аударылуы, ата- анасымен уакыт оздырмай хабарласуы тиіс. Мұғалім ол баламен қосымша жұмыс жүргізуі керек. Олардың жас ерекшеліктерін ескеріп, жеке, жұптық, топтық әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы жұмыстану қажет. Сондықтан әрбір ұстаз өз шәкіртін сабаққа жүйелі түрде дайындаумен қатар, олардың болашаққа деген көзқарастарын ұшқыр ойдың жетегіне жетелей отырып, барлық пәннің математикамен ұшы-киярсыз байланыста екенін ұғындырып, түсіндіруіміз қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттырып отыру үшін ұстаз сабақ үстінде сабақтан тыс уақыттарда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отыруы тиіс. Оқушыға қай пән болсын сабақты түсіндіргенде тірек сызба пайдалану тиімді деп ойлаймын. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, қабылдау деңгейі әртүрлі болады. Әрнеге бейімділік оянып келе жатқан қабілеттің белгісі. Әр оқушының бейімділігі әртүрлі. Кей окушы сурет салуға, өлең құрауға, ауызекі сөйлеуге, ребус қүрауға икемді болуы мүмкін. Логиқалық ойлау жылдамдылыгы да ұшкыр балалар болады. Әр баланың икемдігіне қарай тапсырмалар беру арқылы шығармашылық деңгейін арттырып отыруы тиіс. Оны біз әр пәнде байқап отыруымыз керек. Шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолдансақ, оқушылардың пәнге қызығуы артады, білім сапасы көтеріледі.Оқушылардың логиқалық ойлауы дамиды. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарап; өмірден өз орнын табуына ықпал етуі керек. Мен сабақтарымда оқушылардың ой-қиялын дамыту барысында мынадай шығармашылық тапсырмаларды колданамын. Балаларға өздерін тапқырлыққа, білгірлікке, мақсатқа талпынуға және қиялдауға итермелейтін ойындар мен тапсырмалар өте үнайды. Сауат ашу сабақтарында ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда мынадай өлең шумақтар құрастыруға болады.
-на-на-на
Сырғанайды шана -та-та-та
Өтіп кетті бір апта
-са-са-са
Шығып алды маса
-ға-ға-ға
Қаладан келді аға.
Бұл кейін 3-4 сыныптарда өз беттерімен өлең шығаруға дайындық болмақ. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтауға үйрету. «Адасқан әріп», «Жоғалтқан сөз», «Сөзден сөз тер», «Баспалдақ», «Буынан сөз құра», «Сиқырлы әріп», т.б ойындары оқушының ой шапшаңдығын арттырады, қиялын дамытады. Шығармашылық тапсырмаларды орындаудан алынатын нәтиже жауапкершілігі артады, қажет болса көзқарасын өзгертеді, басқаларды таңдай біледі, өзін-өзі бағалайды, қарым-қатынас жасауға үйренеді, өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады. Білім негізі-бастауышта қаланады, оған үздіксіз ізденіс, тынымсыз еңбек қана нәтиже береді. «Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін». Үстаздың білім беру жолындағы қажырлы еңбегі-шәкірттерінің шыққан биігімен өлшенеді, үлкен табысқа бастайды. Қабілеттері ерекше балаларды анықтау, олардың ой-өрісін жан-жақты дамыту мақсатында ғылыми жобалар, интеллектуалды ойындар, пәндік олимпиадалар, математикалық конкурстар үдайы өткізілуде.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Оқушылардың өзіндік жүмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
- Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
- Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
- Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы
- Олардың жүмысты өз еркімен орындау.
Оқушылардың өзіндік жұмысы - мүғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жүмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс - тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан, қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жүмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мүғалімнің міндеті.
Өзекті мәселелердің бірі болып отырған «Қазақстан - 2050» жолдауында да, «Білім туралы» заңда да, оқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардың пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушының оқу әрекетінің қалыптасуы, оқуға деген ынтасының арттыруы. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озык технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Сол себепті бастауыш сыныптарда 12 жылдық білім беруге толық көшудің алдында, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгеру керек.
Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмүнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей, оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жүмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу - оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық - коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін «үнемі оқып - үйрену және өзін-өзі жасау» талабын қалыптастыра алады.
Өскелең үрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім бере отырып, болашақтың іргесін Елбасымызбен бірге қалап, бірлігімізді одан әрі нығайтып, білім сапасын жаңғырту мен жаңарту жолында ел игілігі үшін, ұрпақ үшін аянбай қызмет етеміз. Жарқын болашағымызға нық сеніммен алға басамыз. Ендеше, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын айқындайтын міндеттерді іске асыру-біздің әрқайсысымызға қазақстандықтардың жаңа үрпағын қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жүйесін жасақтауда белсенді және шығармашылық жүмысты жалғастыруды жүктейді.
Әдебиет:
- Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы/баптары бойынша түсіндірмелерімен және оны жүзеге асыру негізіндегі құжаттар. - Астана, 2000 ж.
- Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. - №3, 4, -1999.
- Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы,-2000.
- Тұрғанбаева Б. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Алматы.
- Көкшеева 3.. Бердібаева Д. Мүғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру // Қазақстан мектебі, 2010, № 10.