Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа, зерттеушілікке баулу

Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бүл, әрине, оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік әрекеттерін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы, оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік әрекеттері ғылыми-педагогикалық проблема ретінде біраз зерттелген. Оқушылар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибесін » қалыптастыру әрекеті туралы И.Я. Лернер зерттеген екен.

В.В. Давыдов «жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты» - деп есептеген. Б.Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама берген: «Шығармашылық - бүл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бүрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.»

Шынында да, біздің қазіргі бастауыш сынып оқушылары бойынан шығармашылыққа, зерттеушілікке қызығушылықтарын оята алып жүрміз бе, деген сұрақ әрбір ұстазды толғандырары анық. Меніңше, бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды, бұл кезде шығармашылық қабілеттері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі қиял, елее болып есептеледі. Бастауыш мектептерде шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді, даму қасиеттері - «оқуға құштарлық, ынталылық». Оқушының шығармашылық тұлға болып қалыптасуын В.В. Давыдов өзінің «Дамыта оқыту теориясы » еңбегінде көрсеткен.

Шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту бастауыш сыныптардан бастау алатыны анық. Оны ұзақ уақыт жетілдіріп отыру керек. Erep бүл үрдіс дүрыс ұйымдастырылған болса, онда жоғары сыныпқа барғанда әр оқушы шығармашылыққа, зерттеушілікке бейім болатыны анық. Қазіргі таңда шәкірттеріміз компьютер, мобильдік телефон, интернет жүйесімен көп айналысатын болғандықтан, зерттеушілікке, шығармашылыққа бет бұрмай отыр. Олар көбінесе, даяр ақпараттармен ғана шектелуде. Ақпараттық технологияларды игергендері қүптарлық-ау, бірақ В.И. Слободчиковтың айтқанындай «оқушы өміріндегі басты оқиға өзіндік «Менін» ашу, адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын табу, өзін өз өмірбаянының жасаушысы ретінде сезіну» қасиеттері төмендейтіндіктерін мойындамайды да.

Оқушының әрбір өз бетінше шешкен мәселелері олардың шығармашылық, зерттеушілік қасиеттерін ұштай түседі. Психологиялық, дидактикалық және әдістемелік еңбектерде зерттеушілік, шығармашылық қызмет дегеніміз - жаңа білім алуға бағытталған шығармашылық қызмет екендігі айтылған. Шығармашылық қызметтің субьективті сипатынан зерттеушілік қызметтің субьективтілігі келіп шығады. Сондықтан да оқу қызметінің түрі зерттеушілік пе, жоқ па деген сұрақ туады. Яғни бұл мәселені мұғалім толық түсіне білуі тиіс. Демек, математика сабағында оқушыларды зерттеушілікке үйретуге мұғалімнің өзі дайын болуы, ұстазда зерттеушілік қызмет қалыптасуы қажет. Бастауыш сынып мүғалімдері оқушыларды шығармашылық пен зерттеушілікке дағдыландыру үшін өтуге тиісті оқу материалын алдын-ала теориялық-логикалық талдау жасап алуы қажет. Олар алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін шығармашылық, зерттеушілік жұмыстардың міндеттеріне қарай оқушыларға бағыт беріп отырулары маңызды. Зерттеушілік қабілетін шыңдау үшін ,әрине,шығармашылық қабілетін 1-сыныптан бастап дамыту керек, тек содан кейін ғана жан-жақты, шығармашыл, зерттеуші шәкірт тәрбиелейтініміз анық.

Мен бірнеше жылдан бері бастауыш сыныпта сабақ беріп келемін. Осы жылдар ішінде біздің шеше алмай келе жатқан басты проблемамыз - алдында ғылыми тұрғыдан дәлелдер келтіріп отырған- бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін әлі де дамыта алмай отырғандығымыз екенін түсіндім. Осы себепті көп ойланып, көп толғандым, да, әріптестеріме кейбір іс-тәжірибем жайында баяндауды жөн көрдім.

Шығармашылық қабілет шығармашылық қиялды ғана жетілдіріп қоймай, шығармашылық ойлауды да дамытады. Шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерді дамытудың бірнеше жолдарын ұсынбақпын.

Баланың шығармашылық қабілетітерін ашу- мұғалімнің ең басты міндеті. ¥лы ойшыл М. Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан арқылы берілетіні де ,одан қалды жүре пайда болатыны да бар. Tya бітті болатыны - тұқымқуалаушылық. Бұл қасиет - өсіп те кететін, өшіп те қалатын үрдіс. Сондықтан оны үнемі, үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп қалуы да ғажап емес.»

¥стаз ретінде мен көбінесе ойын технологиясын пайдаланамын. Әсіресе, мектепалды даярлық сыныбынан келген оқушылар үшін бүл әдіс-тәсілдің тиімді екендігін баршаұстаз түсінетін шығар.

Бала ойнағанда шығармашылық қиялы дамиды. Мұғалім балалар ойынын тек бақылап қана қоймай, оның дамуын басқарып, байытып, шығармашылық элементін енгізіп отырады. Сауат ашу сабағында осы тәсілді көп қолданамын. Мәтіндермен таныстырғанда олардың шығармашылығы мен қиялын дамытатын сюжеттік, рөлдік ойындарды құрастыртамын. Бала ойнағанда өзінің шығармашылығын жоспарлап, ойынды бағыттап отырады, қандай жолдар арқылы іс-әрекетін жүзеге асыру туралы зерделеуді де ұмытпайды. Сабақтан тыс уақыттарында да ойнауға болатын арнайы ойындар арқылы шығармашылық қабілетгі дамытуға болады. Ертегі -баланың қиялын дамыту қайнары. Бала қиялын дамыту үшін ертегіні өрбіту, ертегіні басқаша құрастыру, ертегінің аяқталуын өзгертуге мүмкіндік беремін.

Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері - баланың шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға көп мүмкіндік беретін пән, сондықтан олардың суреттерге қарап нені бейнеленуіне байланысты оның қоршаған ортаны қабылдайтыны, жады, қиялы мен ойлау ерекшелігін білуге болады. Олар өз көргендерін суретте бейнелеуге тырысады. Суреттердегі қиялдарын өзгертудің жолдарын іздейді, ойланады, қиялдарына қанат бітіреді.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда музыка пәнінің де маңызы зор екендігін түсіндім. Музыкалық шығарманы тыңдау балаларға үлкен эсер етеді.

Балалар эн айтуға жэне сол эннің ритмімен бидің неше түрлі қимылдарын өз қиялдарынша іздестіріп, еркін бите ерік береді. Осы сэтте бала бойында өзіндік шығармашылық, өзіндік зерттеушілік қабілеттің бір элементі көрінгендей болады. Ол өз туындысының авторындай эсерде болатынына мен талай марте куэ болдым.

Ойын - балалар өз қүрбыларымен қарым-қатынаста болатын өзіндік қызмет. Оларды ортақ мақсат, оны игеруге ортақ жігер, ортақ қызығу біріктіреді. Балалар ойынды өздері жандандырып ұйымдастырады. Ойында бала өзін ұжымның мүшесі ретінде сезініп, өзінің жолдастарының қылықтарын эділ бағалайды. Баланың тұлғасы көп қырлы, оның бэрі ойын барысында көрінеді. Бірақ балалардың шығармашылықа, зерттеушілікке қызығуына көп уақыт кетеді. Біздің міндетіміз- дер кезінде түсініп, бір бағытқа жөн сілтеу.

Менің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамытудағы тағы бір жиі қолданатын эдісім - жобалау эдісі. Жобалау эрекетінің оқушы құзырлығын көтеруге эсері мол. Осы эдісті 4-сынып балаларымен іске асыруға болады. Ең бастысы, жоба мазмүны жағынан қарапайым болуы тиіс. Бұл ретте мен міндетті түрде үш жағдайды есепке аламын: жобаны таңдау, жоспарлау, сынау.

Мысалы: «Менің отбасым» шығармашылық жобасы, оның мақсаты - адам өміріндегі отбасының алатын орнына мэн беру, өз отбасының тарихын зерделеу, отбасы мүшелерінің сүйіп орындайтын істері, өзара туыстық байланысы, отбасындағы мереке, дэстүр, демалысты бейнелейтін фотосуреттер жинақтау, шағын отбасылық альбом жинақтау. Осы жобаны оқушылар сүйіп орындайды. Мен оқушыларымның эрқайсысының бойынан шығармашылықты, зерттеушілікті байқаймын. Осы деңгейде бастауыш сыныптан бастап эр мұғалім эдіс- тэсілдерімізді түрлендіріп, балалардың бойындағы қабілеттілікті дамытсақ, бэсекеге қабілетті сегіз қырлы ,бір сырлы ұрпақ тэрбиешісі боларымыз анық.

 

Әдебиет:

  1. Л.С. Выготский. Вопросы детской психологии. M.. 1997.
  2. «Бастауыш сынып» журналы, 2011.
  3. Н.И. Запрудский. Современные школьные технологии. Минск. «СЭР-Вит» 2012.
  4. «Қазақстан мектебі» журналы, 2010.
  5. Ә. Мұханбетжанова, А. Қасымова. Білім процесінде жаңа педтехнологияларды қолдану. «Білім» журналы, 2005, №4.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.