Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ата-бабаларымыздың даналығы - отбасылық дәстүрде. «әжелер мектебі»

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тэрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазір де солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мүрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдан асқан тарихында қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу.

Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизм туралы айтылған болатын. ¥лт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың «.. патриот - ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам» деген сөзін бүгінгі жастар естен шығармауы керек. Бойында намыс оты ойнаған, ұлт тәрбиесін сіңірген, иманды да инабатты, тәрбиелі, ана тілін ардақтаған қазақтың текті Сіздер сияқты қыздары ғана ұлттық құндылықтарды қастерлеп, адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттерді бойына жинақтары сөзсіз.

Қазақ халқында жеке адамның азамат боп қалыптасуында, қоғамның сүттей ұйып, берекелі ғұмыр кешуінде және сол қоғамның адами қағидаларды берік ұстана отырып дамуында елдің қариялары мен ақ жаулықты әжелерінің рөлі зор болған. Ауыл аймақтың ірілі-ұсақты мәселелері қашанда ушықпай тұрып ауыл ақсақалдарының қолымен шешілетін. Ал ақ жаулықты әжелеріміз абысын-ажын, келін-кепшік қала берді бойжеткен қыздардың барлығының қысылғанда жүгінетін ақылшысы, билік айтар төрешісі боп, қоғамның дұрыс дамуына жағдай жасайтын үлкен тәрбие мектебін қалыптастырған.

Қазақы тәрбие мен дін Исламның құндылықтарынан қатар сусындататын осындай қарттарымыздың өнегелі тәрбие мектебін «ата-әже» институты десек қате айтпаған болармыз. Қазақта жас жүбайлар тұңғышын «кемпір-шалдың баласы» деп өздерін оған аға-жеңге есептеп, баланы ата-әжелеріне беретіні бар. Тіпті ақылды келіндер «тапқан-таянғанын балаларыма ұсынып отырар» деп баласын енесіне де емізіп, «сүт ана» атандырып бауырына бастырған. Қазақ бұл дәстүрінен ұтпаса ұтылған емес. Ата-әже оларға өмірде көрген, білгенінің бәрін ақтарып, болашақта қазақы да иманды азамат болуына оң ықпал жасайды.

Рас, біз таза қазақы қоғамды көрмедік, бірақ ата-әжелеріміз өздері көрген сол бір қазақы тіршіліктің қыр-сырын бізге түсіндіріп үйретсе екен деген мақсатпен №26 мектеп-балабақша директоры Тұрсынова Сауле Нүрғалиқызының ұсынысымен бастауыш сынып мүғалімлердің Жукенова Болдырған Гомарқызы, Кулакпаева Еңлік Абутәліпқызы, Какимова Молдир Каиркельдіқызы, Саткенова Ботакөз Хамитқызы, Шаукерова Бахыт Набиқызы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті мұғалімі Шахметова Бағытжан Сейілбекқызы қолдауымен, оқу ісінің меңгерушісі Абишева Дариға Оразайқызы, мектеп психологы Аблаева ЕІазгүл Еркинқызы «Әжелер мектебін» ұйымдастырып «Ата-бабаларымыздың даналығы - отбасылық дәстүрде» атты кездесу өткізді. Ата-әжелердің тәрбиесін көріп өскен бала қазіргі қоғамға кері әсерін тигізеді деп ойламаймыз, сондықтан да, біздің оқушылардың әжелерімен біраз жұмыс жасап, олардың көз қарастарын біле отыра осы жүмысты бастауға ақ жаулықтағы әжелердің көмегіне жүгіндік, олар біздің ұжымның бастамасын қуана қолдап, осы жұмысты жаңғыртуға көмектерін аямады. «Әжелер мектебі» тәрбиелік мектеп болып, бізге ұлттық тәрбиені және сол ұлттық тәрбиенің түпкі бастауы болған дәстүрлі қазақ халқының құндылықтарымен таныстырып, өздерінің ақыл-кеңестерін беріп, болашақтағы ұлт азаматы ретіндегі ұстанымымыздың қандай болуы керектігіне бағыт-бағдар көрсетіп берген еді.

Арасында әжелердің әңгімелеріне құлақ асып, сусына тыңдап отырдық. Кешқұрым бәріміз отбасымызда түгел майшамның жанына жиналғанда атамыз домбыра шертіп, әжеміз болса біздерге ескі кітаптардағы баталарды және қазақ билерінің шешендік сөздерін оқып отыратын сол бір күндер санамызда тәтті естелігімен мәңгіге өшпестей боп қалды. Енді міне үлкен өмірге қанат қаққан сәтте сол шуақты күндерді сағынышпен еске аламыз.

Аталарымыз әжелер мектебінде істеген істерге қуанышпен қарап, өздерінің батасын береді. Негізі бата бір адамның өзгелерге ризалығы ретінде тілеген дұға, тілегі.

Қазақта қол жайып бата беруді балаларға жастайынан үйретеді. Баталар «ас қайыру батасы», «жастарға берілетін бата», «үй иесіне берілетін бата» т.б болып бөлінеді. Әжелер мектебінде қыздарға тәлім-тәрбие беріп, білім ордасында тұлға болып қалыптасып, бүгінгі қазақ аруы, ертеңгі жар, аяулы ана, ардақты әже атануда ең алдымен тәлім мен тәрбие қажет деп есептейді. Қыз тәрбиесі, бұл - үрпақ тәрбиесі. Осы жауапкершілікті үнемі сезініп жүруге тиіс екендерін ұғындыру әжелер мектебінің басты ұстанымы. «Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды» деген екен қазақ, сондықтан да, біздің «Ең басты мақсатымыз - қазақ қыздарының тәрбиесіне көбірек көңіл белу. Қазақ қыздарына ұлттық тәрбиеден дәріс беру. Қазір өсіп келе жатқан ұрпақ өзінің ұлтының ертеңгі болашағы екенін білсін дейміз. Уақыт өзгереді, келесі ғасырдың адамы да, көзқарасы да белек болады. Дүниенің дөңгеленгені сияқты, адам қоғамды бір орында үстап тура алмайды. Мысалы, ғасыр белек болса, бола берсін, әр гүлдің өзінің топырағында өсетін тамыры болуы керек. Әр ағаштың өз топырағынан алатын нәрі болуы керек. «Мына ғасыр бөлек екен» деп, тамырсыз гүл сияқты солып өте шығуға болмайды. Сондықтан әжелер тамырынан, ғасырлар қойнауынан, өзіңнің қаныңнан тәрбиенің негізін алып, сол жолда жүрсең, өмірің бекер өтпейді. Қазақ баласының ұлттық тәрбиесін ұмытуға болмайды. Біз қай қоғамда өмір сүрсек те, басқа үлт өзінің түрімен, тілімен танылып тұрса, кең даланың ұрпағы да өзінше танылуға тиісті. Біз қазақ даласының өзіндік дәстүрін сақтауымыз керек. Басқа жерге барғанда «Мынау қазақ қызы» деп ерекшеленіп тұрса, қандай жақсы. Қазақ қызы деген өзгеге ұқсамайтын дала мінезімен ерекшеленуі керек. Одан парасат пен ақыл үйренсе артық па екен? Бүкіл далаға, үлтқа ана болатын қыз тәрбиесі оп-оңай қарайтын нәрсе емес. Біздің қазіргі қыздарға ұлттық тәрбие ерекше қажет кезең. Ол алдымен ұлттық намыстан бастау алады.

Әжелер мектебінде үш дөңгелек үстел жүмыс жасады. Бірі қыздарды алаша тоқу әдісімен таныстырып, тоқуға мүмкіндік беріп, тарихына шолу жасап, ол не үшін қажет екенін түсіндіріп әжелеріміз бар білгендерін айтуға тырысып, қыздарға жіп иіруге, ол жіпті әр түрлі әдемі түстерге бояуға үйретіп, қыздарымызды қызықтыра білді. Алаша- жүн немесе мақта жіптерден тоқылған тұрмыстық түтыну бүйымы. Қолданылатын жіптері иесінің талғамына сәйкес тиісті бояулармен боялады. Негізінен төсеніш ретінде қолданылады. Алаша қарапайым тоқыма станогы - өрмекпен тоқылады. Бүктеуге, жинауға ыңғайлы күрделі композициясы і смерден үлкен

шеберлікті, мол тәжірибені, көркемдік-шығармашылық талғампаздықты талап етеді. «Кілемге бергісіз алаша бар, Ханга бергісіз қараіиа бар» деген сөз орамы алаша бүйымдарының кейде, өзінің эстетикалық және композициялық шешімі жағынан кілем бұйымдарынан да артық бағаланғандығын аңғартады. Кездесу барысында қыздарымыз біліп, түсініп, үйренгендерін айтып беруге тырысты. Өздері әжелермен бірігіп тоқыған алашасыда әдемі болып тоқылғандарын көрдік.

Екіншісі, қыздарға төр көрпе, шай көрпе не үшін қажет екенін түсіндіріп, оны қандай матадан тіккен дүрыс, қандай оюды пайдаланған жөн екенін түсіндіріп,

тоғыз тебе өрнегін пайдаланып шай көрпелерін үлкен қызығушылық танытып үйреніп тігіп жүмыстарын көрсете білді.

Үшінші дөңгелек үстелдің қатысушылары қазағымыздың тойдың сәні де, мәні де дорба мен қалта деп, қошқар мүйіз өрнегін қолданып әдемі дорбаларын тігіп көрсетті. Жүмыс барысында әжелер қандай тойға қандай дорба апарған жөн екенін, оны кім апаратыны жайлы білгендерін айтып отырды.

Әжелер мектебі арнайы құрылған киіз үй ішінде, бір шаңырақ аясында өтті, әжелер, аналар мектебіміздің үстаздары, қыздары, істерін тігіп, естеріне жақсы әндер түсіріп, әндетіп отырды. Шіркін ай десеңші, барша қатысқан адамдардың көңілдері көкке жетіп, бір марқайып қалды. Әжелерімізге дән риза болып алғысымызды білдіріп, бауырсағымыздың иісін шығарып, шәй ішіп, арнайы дорба таратылып, әжелердің баталарына ие болдық.

 

Әдебиет:

  1. «Қазақстан Республикасының 2011 -2020 жылдарға арналған білім бағдарламасы»
  2. Ж. Артыкбаев. «Этнология және этнография». Астана. 2001 ж.
  3. Наурызбаев «Этномәдени білім» Алматы, 1999 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.