Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектеп жасына дейшгі экологиялық тәрбие

Қазіргі таңда адамзат ауасын жүтыщсуын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жүртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі мектепке дейінгі тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты қүралдарының бірі. Мектепке дейінгі тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мүнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнген мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жүмыстары арқылы жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті эсер етеді. Бірақ балалар көп нэрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тэрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бүл эр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу жэне ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы жэне пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тэрбиесі алуан түрлі ықпал ету қүралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат; мүражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат туралы көркем эдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мэтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тэрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тэрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер:

  • педагогтардың экологиялық тэрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
  • балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата-аналарына насихаттау;
  • эртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тэрбиелік жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тэрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани жэне материалдық жағдайы осы кезеңде алған тэрбие негіздеріне тэуелді. Сүлулыққа тэрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сүлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жүмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бэрін сезіну үшін сүлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тэрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тэрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса,балада соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сэттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тэрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да мектепке дейінгі тэрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тэрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Erep балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып,оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сүлулықты көріп қана қоймай, сол сүлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы,оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады. Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. К.Д. Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойлауын, сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді.

Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды және жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жүмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылды. «Алтын күз», «Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтың ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады. Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп,оның ішінде күнбағысқа т.б. өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар-топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бүзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі. Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Табиғат - ортақ үйіміз.

Қазіргі уақытта әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан үрпақ бойында жаңа экологиялық сезім қалыптастырылуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру - қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Сондықтан баланы сәби кезінен экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеуге баса назар аударамын. Мектепке дейінгі үйымдарда экологиялық тәрбие берудің ең маңызды міндеті - балаларды табиғат әсемдігін көруге, оған қамқор бола білуге үйрету. Экология саласы бойынша нақты білім беріп, өңірімізде қолданылатын табиғат ресурстары шектеулі екенін түсіндіріп отырамын. Баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп, аялауға үйретемін. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін балалардың экологиялық білімдерін қамтамасыз ететін пәндік-дамытушы орта қүрып, “Экологиялық соқпақ”, “Қызыл кітап”, “Дәрілік өсімдіктер” орталығы мен “Тірі табиғат” бүрышын үйымдастырдым.

Үлестірмелі материалдар жинақтап, алға қойған максатымды (суреттер жинағы, табиғат туралы мақал-мәтелдер, оған байланысты тыйым сөздер, слайдтар) көрсетіп, олардың қоршаған ортаны әртүрлі қалыпта тануын (бақылау, еңбек, табиғат бүрышы, т.б.) тақырыптық серуендер арқылы жүзеге асырамын. Экологиялық тақырып аясындағы бағдарламаны басқа үйымдастырылған іс- әрекеттермен сабақтастырамын, ата-аналармен осы тақырыпта ағартушылық жүмыстарын жоспарлап өткізіп түрамын. Педагогтер балаларды табиғатпен тығыз байланыста болуын қадағалай отырып, түрлі табиғи материалдардан (ағаш қабығынан, бүтақтан, жапырақ, жаңғақтан, т.б.) әртүрлі бүйымдар жасалып, көрмелер үйымдастырамыз. “Табиғат - біздің досымыз”, “Табиғатты аялайық” атты суреттер бәйгесі жиі өткізіледі. Осы экологиялық соқпақта ашық сабақтар, бақылаулар, іс-тәжірибелер, т.б. шаралар өткізіледі.

Осы атқарылып жатқан жүмыстардың барлығы балаларды қоршаған ортаға саналы, мейірімді көзбен қарауға, табиғат аясында тазалықты сақтауға, онымен етене қарым-қатынас жасауға, туған өлкесінің сүлулығына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеуге бағытталған. Мектепке даярлық тобының балалары жыл соңында табиғат қүбылыстарын бақылау кезінде өз сезімдері жайлы айта білуге, орманды қайта келтіру, су көздерін тазарту, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғауды үйренді.

Өйткені, экологиялық тәрбие - баланың қоршаған ортаға қүрметін арттыру үшін маңызды. «Жүмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар - мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім - тәрбие сабақтаса, үштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары өзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында үлттық сана, үлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті.

 

Әдебиет:

  1. Таубаева Г.З. Мектепалды дайындығында оқу-тәрбие үдерісінде балалар.
  2. Алякбарова А.Р..Байгушикова Г. М.Айналаны қоршаған орта. Экология. Дидактикалық материал. 6-7 жастағы мектепалды дайындық тобының тәрбиешілеріне арналған,- Алматы: «Алматыкітап баспасы» 2008.
  3. Меңжанова А. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі - Алматы: Рауан, 1996

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.