Баланың ақыл-ойын жүйелеу, қабілеттерін жетілдіру дәлдікке баулу, шындыққа тәрбиелеу және салауаттылыққа баулу бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы қасиеттерді бала бойына сіңірудің басты жолдарының бірі және бірегей ойын. Әр ойынның өзіне тән үш мақсаты болады, санамақтың да мақсаты, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық болып табылады. Ойынды ұйымдастырудың жаңа технологиясын меңгеру әр тәрбиешінің шығармашылығына байланысты. Технология деген ұғым - өнер, іскерлік және шеберлік деген ұғымды білдіреді, технология - білім мазмұнын жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер жиынтығы. Осындай тәсілдің бірі- халықтық санамақтарды моделді түрде оқыту.
Санамақтар арқылы елестету және қиял болжамдарын дамытып, тіл байлығын, таным өнерін, сөздік қарым-қатынастарын халықтық педагогиканы негізге ала отырып байыту.
Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады. Көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы әдет-ғүрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным-түйсігі қалыптасады.
Сан алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден бастап-ақ қоғамдық қүбылыс ретінде баланың ақыл-ойын дамытуда, жас жеткіншектердің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге қүрмет көрсету секілді жақсы қасиеттерді тәрбиелеуде мәні, орны ерекше. Сондықтан да «Үлттық ойын» - тәрбиеші деуге болады. Соның ішіндегі бір бөлігі санамақ.
Санамақтар бірнеше түрге бөлінеді:
- Саусақ санамақ
- Сан санамақ
- Үлттық санамақ
- Күн санамақ және т.б.
Санамақ - балаларға арналған ұлттық ойын. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу аркылы балаға алғашқы математикалық дәріс - санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Мыс.:Бір дегенім не? - Бір дегенім білеу, екі дегенім не? - Екі дегенім егеу, Үш дегенім не? - Үш дегенім үшкір, төрт дегенім не? - төрт дегенім төркүл. Санамақ ойыны осылайша сүрак қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айтуды үйретеді.
Санамақ - халықтың тұнып тұрған ауыз әдебиеті, асыл қазынасы. Міне, қараңыз:
Бір дегенім - бөрік,
Кисең басқа көрік.
Екі дегенім - етік,
Киер сәнді етіп.
Үш дегенім - ішік,
Теріден тігер пішіп, - дейді. Бұл - саусақпен санамалап айтылатын санамақтар.
He болмаса:
Түйе, бота ман басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ қүлын, бес ешкі,
Қос-қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой, - дейді.
Санамақтың балаға берері көп. Балалар санға ұқсас сан ойлап табу арқылы ойын жетілдіреді, әрі есептеу техникасын меңгереді. Ауызекі тілде тараған математикалық есептердің саны көп. Ауызша өлеңдердің ешқайсысы санамақ сияқты түрленбейді. Сан есімдерді қолдану арқылы санамақтың мазмұны да тереңдей түседі. Баланың ұғымына сай, жеңіл жатталатын санамақтар бүлдіршінді есепке, санауға тез үйретеді. Осы арқылы баланың ойы жүйрік болады. Санамақ әуелі баланың өлеңге көңілін аударады. Өлең жаттаған баланың жатық сөйлеуге қабілеті артады. Бұл - бір. Екіншіден, санамақ арқылы бала өзінің ұлттық танымын таниды. Үлттық дүние дегеніміз не? Салт-дәстүріңізді, әдет- ғұрпыңызды меңгеру. Жұмбақ пен жаңылтпашты да бала санамақ арқылы үйренеді.
Сырық - қырық,
Құрық - қырық,
Қанша болды,
Құрық, сырық?
Әрі санайсыз, әрі жаңылтпаш жаттайсыз. Жаңылтпашты жаңылтпай қайталау да - өнер. Ең бастысы, бала санамақ арқылы санды біледі, есептеп шығара алады.
Санамақты білген баланың бойында қайсарлық, өжеттілік пайда болады.
«Санамақты жаттауды әдетке айналдырған бала өзін емін-еркін және тәуелсіз сезінеді» дейді ғалымдар.
Санамақтың тағы бір ғажайыбы - бала сөйлем құрауды жылдам үйренеді. Төрт жасынан санамақты меңгерген баланың өсе келе есепке жүйрік болатынын ғалымдар дәлелдеп жүр. Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзінің ерекше кең таралуымен де, балалар көңіл күйіне әсерлігімен де, сандық көлемі жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады. Солай бола тұрғанмен де, қазақ балалары арасындағы санамақтарға осы уақытқа дейін арнайы көңіл аударылған емес. Тек олардың бірен-саран үлгілері ғана қолданылады. Барша халықтар санамақтарының атқаратын негізгі қызметі ортақ, ол - ойынды бастауға жетекші тағайындау және сол ойындағы әр баланың міндетін анықтау.
Санамақты балалар тілі еркін шыға бастағаннан (3-5), ойыннан қол үзіп ересек тарта бастағанға дейінгі (13-15) жас кездерінде жарыса жаттап, қызыға айтып жүреді. Балалар арасында санамақты көп білумен және оны мәнеріне келтіріп айта білетіндігімен «беделге» ие болғандары болады. Бұл жанрдың тәлімдік мәні де өте зор. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемі сөйлеуге дағдыландырса, санамақты көп жатгауға деген құлшыныс олардың жаттау қабілеттерін, танымдық ой өрісін дамытады, ал санамақты ырғағымен айта білу мәнерлі сөйлеуге үйретсе, санамақ тәртібін бұзбай айту баланы сергектікке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды. Erep санамақтар мазмұнына назар аударсақ, олардан қандай да бір реттілікті тану қиын емес. Бұл, әсіресе, сан аралас келетін санамақтардан айқын көрінеді. Санамақтың осы ерекшелігі туралы Г.С.Виноградов: «Әдеби шығармалардың қандай түрінде болмасын сан есімдер дәл осындағыдай мол ұшыраспайды. Есептік және реттік сандар мұнда өзінше айшықталады және басқа да тілдік материалдармен қатар көркем шығарма көлемінде басқа мәнге ие болады» - деп атап көрсетеді.
Баланың тілінің мезгілімен дамуына көп көңіл белу қажет. Қолдың ұсақ бұлшық еттерінің дамуымен тілдің дамуының байланыстығы айқын. Саусақ жаттығуларының серпінді орындалуы артикуляциялық мүшелері қозғалуының жетілуін дайындайды. Бірінші баланың қол қимылы дамиды, сосын сөз буындарының артикуляциясы дамиды. Тілдің дамуы саусақтардың жақсы дамуымен, жаттыққандығымен байланысты.
Саусақ ойындары мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, сөз қорына жаңа сөздер еңгізіп, ойын өрістетіп, баланың тілін ұстартып, жүйелі сөйлей білуге баулиды, тіл байлығын жетілдіру ісіне көмектеседі. Баланың есте сақтау қабілетін және шығармашылық ойын дамытады. Қолдың ұсақ моторикасын жетілдіруге ықпал етеді. Өлең жинақтарының тәрбиелік маңызы бар. Шығармалар баланы достыққа, айналасындағыларға адамгершілікпен, мейірімділікпен, бауырмалдықпен қарауға үйретеді. Саусақ ойындары сабақ кезінде, ойын әрекеті кезінде, баланың күнделікті өмірінде пайдалануға болады.
Саусақ ойындары балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылады. Өлең сөздері жеңіл қабылданады, жаттауға жеңіл. Саусақ ойындарын тәрбиешілер де, ата-аналар да қолдана алады. Сондықтан да, балалармен саусақ ойындарын өткізуге көңіл белу қажет. Келешек ұрпақтың ешкімге есесі кетпесін десек, ел ретінде естілік пен тектілікті сақтап қалғымыз келсе, бірінші кезекте санамаққа салмақ сала қарайық!
Эдебпет:
- Б. Шегебаева. Балабақшада санамақтарды оқыту әдісі // Отбасы және балабақша. Према баспанасы, 2008. -№4,- 8--116.
- Г.Ә. Қулжанова. Санамақ. - Әдістсмслік құрал. Гүлстан баспанасы.. 2010.- 1206.
- А.Б. Курхаева. Балабақшада ойын арқылы қызығушылықтарын арттыру // Отбасы және балабақша. Према баспанасы. 2009. - №1. - 31-326.
- Ю.В. Микляева, АВ.Каличенко. Мектепке дейінгі мекемеде ойын қызметін дамыту. Әдістемелік құрал. Айрис-пресс. 2004.- 110 б.