Қазақстан Республикасында «Білім туралы» Заңның қабылдануы ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңаша ойлауды, үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі ұйымдардағы баланы тәрбиелеу мен қарапайым білім түрі меңгертудің мазмүнын жаңартуды міндеттейді. Себебі бойында ұлттық сезім, ұлттық болмыс нышандары орныққан, өз Отанының, туған жерінің табиғатын, оның байлығын жаңашырлықпен қорғап, аялай білетін жастарды тәрбиелеу - балабақшадағы үзіліссіз тәрбилеумен, оқытумен жүзеге асырылатын ұзақ процесс. Осыған орай Республикамызда мектепке дейінгі үйымдарында жүргізіліп келе жатқан экологиялық тәрбие жүмысының мазмұны уақыт талабына сай жаңаша сипат алуда [1].
Ел Президент! «Қазақстан - 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет», - деген болатын. Бүл мәселенің тиімді шешілуі мектепте мектепке дейінгі балаларға экологиялық білім мен тэрбие беру арқылы олардың экологиялық тәрбиеін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық [2].
Мектепке дейінгі тәрбие саласында, болашақ ұрпақтың денсаулығы мен өмірін сақтау туралы қағидаларға тоқталғанда, табиғат заңдылықтарын күнделікті тіршілік әрекеттеріндегі қарапайым ұғымдар арқылы түсіндіріп, жеткізу ұсынылады. Ал табиғат қорғау Заңына сәйкес еліміздің «Білім туралы» Заңында: «Бала тәрбиесіндегі басты міндет - жаратылыстану және техникалық пәндер мазмүнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас үрпаққа экологиялық тэрбие беру процесін жетілдіріп, жүзеге асыру» - деп көрсетілген болатын.
Жеткіншек ұрпақтың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін оятып, табиғатты экологиялық апаттан сақтауға тәрбиелеуге, экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған мынадай негізгі ұстанымдарды басшылыққа алу ұсынылады:
мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу - тәрбие ісінің мазмұнында балаларды табиғаттың құпия сырларымен таныстыру және оны қорғау жүмыстарының тұрақты жүргізілуі;
ә) табиғат қорғауға байланысты ұлттық тәрбие үрдістерін басшылыққа алып отыру;
экологиялық тәрбие жүмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар, көмекші құралдар, қызықты суретті кітапшалар дайындау.
Еңбектенген баладан, еңкейген қартқа дейінгі барлық адамзат табиғатта аялап, құрметтеп, қамқорлық жасап өмір сүруді адамшылық міндетім деп түсіну үшін барша жұрттың экологиялық білімі болуы тиіс. Сонда ғана табиғатты аялап, қамқорлық жасап, қорғау арқылы табиғат байлықтарын дүрыс пайдалана алады.
Мұндай аса маңызды міндет экологиялық тәрбие мен білім беру ісін мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жүйелі түрде 2-7 жас аралығындағы сәбилерге саналы жүргізілгенде ғана жүзеге асады. Балабақшадағы экологиялық сабақтарда айналаны қоршаған табиғат жайныдағы ұғымды қабылдап, танысу, серуенге шыққанда табиғаттың құбылысын бақылап зерттеп білу, табиғи байлықтарды қалай пайдалану жолдары үйретіледі. Айталық, айналамен таныстыруда табиғат деген не деген басты сұраққа айналаға қарағанда бірден көрінетін аспан, күн, бүлт, жер, өсімдік, жануарларды танып, осының бәрі табиғат деп біледі.
Ал адамның қолымен жасалған нәрселерді табиғат деп тануға болмайтынын ескеткен жөн. Табиғаттың өзін өлі және тірі табиғат деп екіге бөлеміз. күн, аспан, бүлт, жер, тас, су, жаңбыр, қар - өлі табиғат, ал жануарлар, өсімдіктер, адамдар тірі табиғат.
Балалар екі жастан бастап жеті жасқа дейінгі аралықта жас ерекшелігіне орай табиғат жайындағы ұғымдармен әжептеуір танысады, бірақ табиғаттың тылсым қүбылыстарын түгел білу қиын, адам табиғат тамашаларын өмір бойы үйренеді десе де болады. Балабақшадағы сәбилерді жан-жақты дамыту үшін, өлі және тірі табиғаттың әсерін, жыл мезгілдеріне орай қалай құбылатынын, табиғаттағы өзгерістердің адам еңбегіне нендей эсер ететінін, жыл бойындағы маусымдарда табиғатты қалай қорғаудың жолдарын үйрету белгіленген. Бала өзін табиғаттың бір бөлігі екенін, табиғатсыз өмір жоқ екенін түсініп, оған ұқыптылықпен қарауға, табиғатты қорғауға қатысуы тиіс. Балаға алдымен табиғат пайда болғанын, табиғатты терең түсінбеген баланың тілі де кеш шығатынын, жан-жақты дамығанымен кейбір кемшілігі көрініп тұратынын сезіндіру артық емес.
Табиғат аясында болғанда балалардыц бойында адами тұлғаның баға жетпес қасиеті қалыптасады, ол - байқау, қадағалау. Сол себепті, біз баланың бойында біліктілік, танымдық қасиеттерін тиісті мерзімде қамтамасыз етуіміз өте қажет деп есептейміз. Жеңілден ауырға қарай іс-эрекеттерінің мэселелерін аңғартып, кез-келген құбылыстардың барлық қиындықтары мен көпқырлылығын көрсетуіміз керек.
Экологиялық сана мен экологиялық мэдениетті мектеп жасынан қалыптастырып, кэсіпкерлік жэне нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін ұғындыру кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру қажет. Экологиялық біліктілікті терендетуге жаңа саналық деңгейде экологиялық тапсырмалар, шығармашылық жүмыстар жүргізу, окушылардың өз бетімен ізденіп, жүмыстарына талдау жасауына өз септігін тигізеді.
4-5 жастағы балалар бойында өсімдіктердің, жануарлардың көп түрлілігі туралы, сонымен қатар табиғат маусымдары, өзгерістерді рет-ретімен ауысып келіп отыратынын айтып, ұғындырылады. Жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығы барын көріп білуге үйрету.
Жан-жануарлар туралы көз-қарастарын қалыптастыру: танып білуге үйрету, дене мүшелерін, түр-түсін, қозғалысын, дыбыстауын, немен қоректенетінін, келтіретін пайдасын айтып түсіндіру. Еңбек дағдысын қалыптастыру, еңбектің мәнін түсіндіру, еңбектің нәтижесі туралы талдаулар жасау, өз беттерінше бөлме ішін тазалау және табиғат бүрышының жәндіктерін күтуге үйрету [6].
Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу, оқытудың негізгі формалары бақылау қызықтау, серуен. Тәрбиешінің табиғи нысандары мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы, балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі мәселесі болып есептеледі. Қызықтау кезінде балаларды таза ауада, көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл-күй мен қатар, табиғат сүлулығын сезіне білуіне эсер етеді. Ал серуен кезінде, тэрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су қүю, қураған жапырақтарды бірге жинау, ағаш түптерінтазалау т.б. сияқты қарапайым еңбек түрлеріне қатыстырады. Мұндай еңбек түрлерін орындау, балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып, ынтасын арттырады.
Экология тэрбие жүмысын ұйымдастыруда тэрбиенің негізгі салалары болып табылатын адамгершілік, эстетикалық еңбек, имандылық тәрбиелерімен сабақтастыра жүргізу басшылыққа алынады. Бағдарлама мазмұнында көрсетілгендей өлі жэне тірі табиғатпен одан эрі таныстырып, табиғат қүбылыстары жайындағы бастапқы жалпылама үғымдарды нақты түрде меңгерту ұсынылады. Жыл мезгілінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы (жаңбырдыңжаууы, адамдардың пайдалы іс-эрекеті, ауладағы жапырақтарды жинау, жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау т.б.). Қыстап қалған құстарға қамқорлық, табиғат бүрышындағы өсімдіктер мен құстарды күту, балыққа жем беру. Ерте көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындаған үяларға жем глашу, ауладағы гүл, көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Бүршік жарған ағаш бүтақтарын (бүтақ, бүршік, өсімдік т.б.) мағынасына сай түсіндіру.
Күнделікті отбасында қолданылатын «сүтті жерге төкпе», «тұзды, нанды аяққа баспа», «бүтақты сындырма», «гүлді үзбе» жэне басқа тыйым сөздер жаман эдет, жағымсыз іс-эрекеттен бойды аулақ үстауға тэрбиелесе, суға байланысты айтылатын «ағын суды тоқтатпа», «қүдыққа қоқыс тастама», «су ішкен құдығыңа түкірме» сияқты тыйым сөздер судың тазалығын сақтаудың адам өмірі үшін қаншалықты қажет екендігін аңғартады. «Өрмекшіні өлтірме», «аққуды атпа», «балалы үйрекке оқ атпа» жэне басқалары жануарлар дүниесін қорғауға, олардың адам баласы үшін ерекше маңыздылығын білдіріп, баланы адамгершілікке, сүлулықты сақтай білуге, мейірімділікке үйретеді.
Табиғатты аялай білуге, қызығушылық пен қабылдауға үйрету материалдың қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға, жалпыдан жекеге қарай ауысатынын ескерту, эстетикалық талғамын жетілдіру жэне басқалар бастауыш сыныпта оқытудың дидактикалық принциптері негізіне алынды. Жас балаларға өзінің туған жері мен оның табиғатына деген көзқарастары туралы терең мазмүнды түсінік беріп, қоршаған ортаға деген аялы көзқарасын қалыптастыру мақсатында экологиялық тэрбие беру жүмыстарының мазмүнына қазақ фольклоры жанрларын енгіздік. Өйткені, өз тағдырын табиғатпен тамырластыра білген халық қана табиғатқа жэне оның жекелеген байлықтарына үнемі мейірімділікпен, жанашырлықпен қарауға үмтылады. Қазақ халқының ұлан байтақ кең далада көшіп-қонып, эрбір аймақтың табиғат жағдайларына қарай бейімделіп, шаруашылық салаларын жүргізе білуінің өзі байсалды байқампаздықты, терең біліктілікті аңғартады, әрі табиғатқа деген аялы алақан, жүрек жылылығын арнап, аса зор қамқорлық көрсете білгендігін байқаймыз. Халқымыздың мағыналы да мазмүнды ұғымдары ерте кезден-ақ табиғатқа қамқорлықпен қарап, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалануға бағытталған.
Халықтық тәрбие хатқа түскен ереже күйінде емес, тәжірибелік негізінде жүрттың этникалық мінезінде қалыптасады. Болашақ үрпақты табиғат сырын ұғып-түсініп, онымен жақын қарым-қатынаста болуға тәрбиелеуге ерекше мән берген ата-бабаларымыз өмірдің өзінен қалыптасқан кейбір салт-дәстүрлерді елеп-екшеп, жақсысын санада сақтап, жаманынан жирендіріп отырған. Мәселен, күнделікті тұрмыс-тіршілікте «обал - сауап», «ынсап - қанағат» қағидаларын берік ұстаған олар табиғаттың ешқандай жанды-жансыз туындыларына қиянат жасамаған. Табиғатпен үйлесімді қарым-қатынас жасаудағы дәстүрдің озық үлгілерін кейінгі ұрпаққа мүра етіп қалдырған. Халық даналығынан туған «Орман - жер сәулеті, ел дәулеті», «Күте білсең, жер жомарт» сияқты аталы сөздер бала құлағына жастайынан сіңіп, ұлттық рухын қалыптастырады.
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбиенің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін: балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын қүру; балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жүмыстарға көгалдандырылған аймақтар қүру және ұйымдастыру; тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде қүру үшін іс-шаралар ұйымдастыру; көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану; тәрбиешілердің білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру қажет.
Қорыта келгенде, мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. Өйткені, табиғаттың таңғажайып қүбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан- жақты тәрбиелеу- нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытудың басты құралы.
Әдебиет:
- Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. - Астана: Жеті Жарғы, 2007. -15 б.
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030». - Алматы: Жеті Жарғы, 2005. - 136.
- Сарманова K., Перкас Н.К. Экологиялық білім беру бағдарламасы. // Қазақстан мектебі, №8, 1993.-Б.58-60.
- Манкеш А.Е. Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту // Білім берудегі менеджмент. - №3,- 2001. - Б. 24 - 27.
- Ұзақбаева С.Тамыры терең тәрбие.-Алматы: Білім, 1997. - 231 б.
- Гончарова Е.В. Экологическое воспитание старших дошкольников //Воспитание личности дошкольника, - № 2. -2004. - С. 50 - 55.