Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас үрпаққа Отансүйгіштік және адамгершілік - рухани тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің кепілі болып табылады.
Халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар үлкен роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, Отансүйгіштік, адамгершілік ықпалдың әр - түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктеріне зер салып отыруы қажет.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндетгері мына жайлармен байланысады: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым - қатынасы (тұрмыстық қарапайым ережелерін орындау) кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Рухани адамгершілік тәрбие - бұл дүрыс дағдылар мен өзін-өзі үстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез - құлқымен іс - әрекетін анықтайды.
Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мүратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс - әрекет, түрлі ойындар арқылы беріледі. Сол мақсатта «Болады - болмайды» ойын - тренингі өткіземін.
- Мейірімді болуға... (болады),
- Кешірімді болуға... (болады),
- Мақтаншақ болуға... (болмайды),
- Шыншыл болуға... (болады),
- Жаман болуға... (болмайды).
Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің Отансүйгіштік асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Отансүйгіштік рухани - адамгершілік тәрбие беру мақсатында «Оюлар сыры», «Тәуелсіздік ел - тілегі» ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерін өткіздік. «Тәуелсіздік ел тілегі» оқу іс - әрекетінің мақсаты: Жас үрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, туған жері мен елін сүюге оны қорғау мақал - мәтел, тақпақтар арқылы ой - өрісін кеңеюіне ықпал еттім. «Туған жер» бейнефилмін тамашалады.
Қазақстан Республикамыздың рәміздерімен тереңірек танысты.
Ic - әрекет барысында балалар Алдар Көсемен бірге Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына орай арналған тойға барып Отан туралы ән орындап, мақал - мәтелдер, тақпақтар айтылды, ұлттық ойындар ойнатылды.«Оюлар сыры» ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті барысында баланың туған елі Қазақстанға, табиғатына деген сүйіспеншілігін арттырып, елінің байлығы, халқының тұрмыс - тіршілігі, ұлттық бүйымдар, қазақтың ою - өрнек түрлерімен танысып өтті.
«Қазақ елі» бейнефильмі, ұлттық киім мен бүйымдар көрсетілімі, ою - өрнек, мақал - мәтел, тақпақтар, әңгімелеу арқылы баланың Отансүйгіштік рухани - адамгершілік қасиеттері кеңейе түсті.
Тәрбие берудің негізгі мәйегі - мейірім мен сүйіспеншілікте. Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді. Ендеше, сүйіспеншілік - бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.
Адамның адамгершілігі - оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі - өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. Арлы адам - ардақты адам. Адамгершіліктің асыл қасиеттері: Отансүйгіштік, мейірімді, адал, еңбекқор, ақылды, әділ, парасатты жас ұрпақтарымыздың бойынан табылуына ықпал ету педагогтың бірден бір парызы.
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе - бүлар адамгершілік қасиеттер (Ыбырай Алтынсарин). Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Erep адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды. Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - бүгінгі қажетгі, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет - балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне эсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нэтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік сана - сезімін оятып, жағымды мінез - құлқын қалыптастыруда даярлық тобының балаларына арналған ашық сабақтар: «Мамандықтар» «Тэуелсіздік тұғырым» жэне ойын - сабақтарын: «Ойнайық та, ойлайық!» өткіздім. Мұның бэрі адамгершілікке бағытталды эрі дэл осыған кереғар қасиеттерді бала бойынан кездестірдім жэне оған керекті эдіс - амалдарды да іздестіріп, қолданып келемін.
Халқымыз «баланы ойын өсіреді»деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тэрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тэрбиелеуде ерекше мэні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан - жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тэрбиелейтіні анық.
Адамгершілік тақырыбы - мэңгілік. Жас үрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті.
Даярлық тобында «Мен елімнің азаматымын» тақырыбына қосымша «7 мамыр — батырлыр күні» мерекесіне арналған «Ел қорғауға эзірміз» атты көңілді жарыс өткізілді. Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас үрпақ ұландарымызды Отанды қадірлеп қорғай білуге баулытамыз. Балалар осы жарыста өздерінің шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас үландары екенін көрсетіп, дэлелдеді. Жарыстар жас жеткіншіктердің бойында адамгершілік қасиетін оятып, патриот болуға тэрбиелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге күрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез-қүлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мэдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті. Мектепке дейінгі естияр жаста үлкендермен, өз қатарларымен мәдениетті қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық, тәртіп сақтау, пайдалы іс- әрекет жасау, еңбек ету әдеті қалыптаса береді. Мектепке дейнігі ересек жаста балалар қылығының адамгершілік мазмұнына ой жүгірте қарау негізінде дамыған адамгершілік дағдылар мен әдеттер неғұрлым берік болады. Тәрбиеші балалардың адамгершілік нормаларына бағынатын, саналы түрде меңгерілген мінез-құлыққа тәрбиелейді. Адамгершілік нормалары: қайырымдылық, сыпайылық, әділдік, қарапайымдылық, қамқоршылық, және т.б. үғымдарды тәрбиеші бірте-бірте балаларға түсіндіру арқылы меңгертеді.Балаларды құрбы- құрдастар ұжымында тәрбиелеу жеке-дара тәсіл заңдылығымен де жүзеге асырылады, мұнда жас ерекшеліктерін, адамгершілік түсінік дәрежесін және баланың мінез-құлық тәжірибесін есепке алу керек. Бұл заңдылықты жүзеге асыру үшін тәрбиешіден әр жастағы баланың психо-физиологиялық ерекшеліктерін және әрбір тәрбиеленушінің дамуының жеке-дара ерекшеліктерін терең білуді талап етеді. Әрбір топта тәрбиеші балалардың жас жағынан мүмкіндіктерін есепке ала отырып еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастырады. Мысалы, сәбилердің алғашқы еңбек әрекетін басқара отырып, тәрбиеші олардың жүмысқа қосылу жөніндегі қандай тілектерін болса да қолдайды, оның сапасы мен нәтижесіне кешіріммен қарайды. Мектеп алды даярлық топта ол жұмысты мақсатты бағыттауды қалыптастырады, сондықтан ол балалардың басқа жаққа көңіл аудармауына қатаң талап қояды және балалардың назарын істеген ісіне жұмылдырады. Тәрбиеші жұмыстың сапасына, әсіресе балалардың қатысу тәжірибесі көп еңбек түрлеріне жоғары талап қояды, мұндағы мақсат - олардың ынталылығын қалыптастыру, қойылған міндетке сай нәтижеге жету.
Әдебиет:
- Аймағанбетова К.А. Майкова Г.Ж. «Познаю мир»: Метод. Рекомендации для воспитателей- Алматы: Просвещение Казахстан, 2007 жыл
- Әмірова А.С. Балалар көркем әдсбиетімен таныстыру. Әліппе-дәптері: мектепалды даярлаудың батдарламасы бойынша 5-6 жастаты балаларды оқытуға ар налган «Алматыкітап бспасы».
- А. Мецжанова Мектепке дейінгі педагогика - Алматы; Рауан, 1992.