Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі-еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас үрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
Сондықтан балабақша - баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Мектепке дейінгі білімде қандай мәселелер бар?. Өкінішке орай мектепке дейінгі мекемеде қандайда бір қиын жүйе әртүрлі мәселелер жиынтығы болып табылады. Оларды жою үшін, терең реформациялау қажет. Бұл жүйе кезеңінде және өз уақытында өткізілуі керек. Сонымен қатар бала үшін балабақшаға баруы әлеуметтік фактор болып табылады жэне мектепке дейінгі білім көп баланың мүмкіндігін қамтиды.
Оған 2010 жылы шыққан мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы куэ болады. 2015 жылға дейін мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке дейінгі тэрбиемен жэне оқытумен 70%-ын қамтамасыз ету; 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарында мектеп алды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету; республикадағы демографиялық жағыдайды жэне халықтың білім алуға деген қажжеттілігін ескеріп, мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық проблемасын шешу үшін қаржы- экономикалық жағыдай жасалуда.
Айта кетсем, мектеп жасына дейінгі балада физикалық жэне психологиялық даму сапасы анықталып барлық жеке тұлғаның ерекшеліктері қалыптасады. Осы жаста баланың даму қасиеттерінің ерекшеліктерін ескермесе, оның келешегін сэтсіздікке ұшыратады. Сол себепті баланың қарым- қатынасына назар аударайық, қарым-қатынас үлкен мэселе. Қарым-қатынас жасауға тыңдап, тыңдай білуді, өз жас шамаларымен жэне ересектермен қарым-қатынас жасауды, өз ойын білдіруді, айтқанды түсіндіруді жатқызу керек. Бірақ толыққанды қатынас жасау комуникативті қасиеттерсіз мүмкін емес. Оны жасауға балалық шақтан сюжетті рөлді ойынның жүйесін дамыту қажет. Сюжетті рөлді ойындардың барлық жетістіктеріне қарамастан тэрбиешілердің көбі осы іс-эрекетке керекті уақыт бөлмейді. Көбінде тэрбиешілер сюжетті рөлді ойындарды балалардың сұранысымен өткізеді. Сол себепті балалардың тілінің дамуы, қимыл- қозғалысының дамуы, ойлау қабілеті, жан-жақты дамуына кері эсерін тигізеді.
Отбасы тақырыбын қарастыру қажет: Адамның өмір сүру тарихында жаратылған ұлы құндылықтың бірі-ол отбасы. Отбасынсыз-ешқандай ұлт, ешқандай мэдени қауым өмір сүре алмайды. Әрбір адам сенімді отбасын қажет етеді. Оның жағымды дамуына мемлекет жэне қоғам қызығушылық білдіреді. Отбасылардың көбі экономикалық түрде, ал кей кезде физикалық түрде тірі қалу мэселесін шешу барысында, көп ата-аналар баланың тэрбиесі жэне жеке тұлғалық дамуының сүрақтарын шешу туралы ұмытады.
Құпия емес, көп ата-ана баланың тамақтануына ғана көңіл аударады.
Бірінші жолдама- балабақшаны- ата-аналар жұмыста болғанда балаларды қарайтын орын деп ойлайды. Осы мэселеде, біз педагогтар ата-аналармен жиі-жиі қарым-қатынас жасаймыз. Осының нэтижесінде балабақшаның, педагогтардың, психологтардың негізгі мақсаты ата-аналармен салмақты қарым-қатынасының қағидасы болып табылады. Педагогикалық білімді насихаттау үшін ата-аналармен жұмыс жасаудың жаңа үлгісін дайындау керек деп ойлаймын.
Отбасы жэне балабақша өздерінің ерекшелік функциялары болсада бір-бірін алмастырмайды. Сондықтан ата-аналар жэне балабақша арасында серіктестік орнатылған, тығыз қарым-қатынас ойдағыдай тэрбие береді.
«Әлеуметтік»- біздің тэрбиеленушілерімізді қоғамдық өмірге өз қалауымен енгізу. Біздің мекеме бірнеше бағытта өзінің тэрбиеленушілерінің элеуметтік даму мақсатында элеуметтік серіктестік арқылы жүмыс жасайды.
Олардың біріншісі- бүл амал, олардың мүмкіндігінше біздің балалар жақсы таныстық мақсатында элеуметтік серіктестікті үнемі жақын байланыста (мектеп,
кітапхана,мәдениет үйі, қомқорлық кеңес, басшылық, кәсіпкерлер) үзақ уақыт тағайындайды.
Екінші жолдама-біздің балабақшаның ата-аналарымен қарым-қатынасы, олар тек қана әлеуметтік тапсырыс берушілер емес, сонымен қатар әлеуметтік серіктестер болып саналады.
Балабақшаның дамуына және қаржыландыру бойынша өзекті мәселелерін шешуге қызығушылық білдірген ата-аналармен, әр түрлі мекемелердің өкілдерінің қатысуы, балабақшаның тіршілік әрекетін сапалы ұйымдастыруды бақылау үшін, меңгеру моделін ашық болып жасайды.
Бірінші түрі: Баклабақшамен отбасының өзара әрекет жасауында бар мәселелерді екі жақты үрдісте қарастырамыз.
Бірінші жағы- ол балабақша-отбасына. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жоғарлату арқылы балаға отбасының оңтайлы ықпал етуіне бағытталған үрдісі оларға көмек көрсету.
Бұл үрдісті жүзеге асыру үшін, балабақшада келесі жүмыс түрлері ұйымдастырылады: ата-аналар жиналысы, ата-аналар мектебі, кеңестер т.б.
Екінші жағы- ол отбасы- балабақшаға , ата-аналарды балабақшадағы тәрбие, білім үрдісіне қосу. Ол үйірме жұмысының, ұжымдық іс шараларды оңалту,мысалы: серуендер, мерекелер, ойын-сауықтар, саяхаттар бала тәрбиесінің оңтайлы болуы үшін, екінші қоғамның денсаулығы үшін.
Қортындылай келгенде баланың жан-жақты дамуымен жақсы жағыдай жасауға қамтамасыз ететін мүмкіндігі бар, балалардың құқығы, осындай ата- аналарға бар екендігі туралы айтылып отыр.
Бұл байланыстың мәнін мына формуламен шығаруға болады: «Балабақша- отбасына»
Екінші түрі: ересек адамдардың балабақшаның білім-тәрбиелік үрдісіне қосылуы, ол жаңа үрдіс болып табылмайды..
XX ғасырдың басында бұл ойды - мектетке дейінгі тәрбиенің негізін салушы Маргерт Макмилан ұсынды.
Бұл байланыстың мәні- «Отбасы- балабақшаға». Бұл екі байланыс түрі де өтемді.
Үшінші байланыс түрі- үйлестік. Ата-аналармен тәрбиешілер серіктес болған кезде, балаларды тәрбиелеуде өздерінің спецификалық мүмкіндіктерін бірлесе іске асыру кезеңі туындайды.
Бірінші кезеңде-ата-аналармен жұмыстың мазүмыны және түрлері ойластырыл ады.
Олардың керек- жарақтарын білу мақсатымен сауалнама өткізіледі.
Ол келешек жұмысты жоспарлау үшін қажет.
Екінші кезең-ата-аналармен тәрбиешілер арасында қарым - қатынас келешекте қызыметтестік іскерлікке алып келеді.
Ата-аналарды өткізілетін іс-шаралармен қызықтыру керек, олар баланың жайлы бейнесін қалыптастыру керек.
Үшінші кезең-ата-ана өз баласының толық бейнесін қалыптастыру және білім беру арқылы дүрыс қабылдау, отбасында ала алмайтын қызықты және күтпеген жағыдайда болу. Ол баланың өз құрдастарымен сөйлескендегі кейбір ерекшеліктер туралы ақпарат болуы мүмкін, еңбекке көз қарасы, өнімді әрекет түрлері ндегі жеті сті ктері.
Төртінші кезең-тәрбиешінің балалар мәселесімен танысуы.
Бүл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен сөйлесіп, үйіне барған уақытта тек қана жақсы жағыдайлар туралы айттпай, қйыншылықтар, үрейлер- баланың тәртібінің кемшіліктерін ескертеді.
Балабақшаның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі- баланың сапалы дамуын қамтамасыз етуде отбасымен қарым-қатынаста болу.
Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесі отбасында жэне балалар мекемелерінде іске асады.
Балабақша мен отбасының алдында тұрған мақсаттармен, міндеттер біреу: дені сау,жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Қазіргі күнде барлық мамандар ата-аналардың балабақша жұмысына қатысқанын жөн көріп отыр,бірақ ата-аналармен тәрбиешілердің қарым- қатынасында анық келіспеушілік бар.
Осы қарым-қатынастың дамуына жеке және кәсіптік факторлар кедергі бола алады: уақыттың жетіспеуі, қалыптаспаған сезімі, ұлы стереотиптары ,реніш сезімі- бүның бәрі отбасыларға өз балаларының тәрбиесінде белсенді қатысушы болуға кедергі жасайтын, жеке және кәсіптік кате түсініктердің қалыптасуына әкеледі. Сондықтан тәрбиешілер баланың игілігіне эр жеке отбасымен қалай қарым-қатынаста болуға өз ынталарын білдіріп және түсінуі керек.
Ата-аналардың жақсы жақтарының сапасын және күшті жақтарын есептесе жұмыстағы табысты анықтайды. Қарым-қатынастың дамуы бойынша сенімділік күшейеді және және баланың тәрбиесі үшін керекті мүмкіндіктерді және қүралдарды пайдалана ата-аналар анықталған өкілетке ие болады.
Қарым-қатынас формалары:
- .ұжымдық
- .жеке
- .көрнекі -ақпараттық
¥жымдық-ата-аналар жиналысы,ашық есік күндері,тренинг мінезді сабақтар, мастер класстар, семинар-практикумдар, рөлді ойындар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, конкурстар, отбасылық педагогикалык жобалар, сауалнамалар, тестілер т.б.
Көрнекі ақпараттық- балалар жүмыстарының көрмесі, ата-аналар үшін кітапхана, қысқаша ақпарат бұрышы, фото бүрыш, ауызша журнал, қозғалмалы папкалар және т.б.
Жеке кеңестер, «Почта жәшігі» - ол балалардың дамуы мәселелері туралы сүрақтар, сенім телефоны, педагогикалық жағыдайлардың нәтижесі, әңгімелесу, кеңес беру, отбасыларға үйіне бару, ата-аналарға тапсырмалар т.б.
Ата-аналармен жеке-жеке қатынасқан тәрбиеші, бір-бірін сыйластыққа негізделген, қарым- қатынасты құруға, отбасыларға көмек берудің жолдарын белгілеуге, ата-аналарға нақты кеңес беруге мүмкіндік береді.
Педагогикалық насихаттаудың іскерлік формасы ол арнайы дайындалған ата- аналардың балабақшаға қатысуы болып табылады.Ашық есік күндері-бұл балабақшадағы балалардың өмірі туралы қызығушылықты қанағаттандыру ғана емес, бүл ең бастысы ата-аналарды тәрбие- білім беру жүмысының шарттарымен, мазмүнымен, әдіс-тәсілдерімен таныстыру тәсілі, сонымен қатар баланың өмірі мен тәрбиесіндегі балабақшаның рөлі туралы ата-аналардың сыртқы пікірін тыңдап, талдау.
Педагогикалық үрдісінің ұйымдастырылуы, тәрбиеші жүмысының тәсілдерімен, оның балалармен қатынасу үлгісімен танысу ата-аналарды көп нәрсеге үйретеді. Педагогтың алдында ата-аналарды бәсекелесуге тарту педагогикалық үрдісте белсенді қатыстыру тапсырмасы тұр, сондықтан мақсатты түрде келесі ережелерді үстану керек:
- Өз өмірлік тәжірибеңізге және біліміңізге негізделе, тек қана құқығыңыз бар нәрсе туралы ата-аналармен сөйлесу.
- Erep ата-анамен парасатты әңгімелесу жоспарласаңыз, оны не дала да, не жүріп келе жатқан да не таңертең, не балалардыц шешіну бөлмесінде айтпаңыз.Ата-ананы топқа кіруге шақырып, үстелге жайғастырып отырғызып, әңгімені бастасаңыз дүрыс болады.
Содан кейін ата-ана амалсыз сізді тыңдауға тура келеді.
Оған ыңғайлы жағыдайда сіздің сөзіңізді беле алмайды.
- Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен сөйлесе бастағанда , осындай сөзден бастамаңыз «кешіріңіз сізбен сөйлесуге болады ма?», «маған бес минут бөлесіз бе?», «Білмеймін солай шығар, менікі мүлдем дүрыс емес,сөйтсе де..» Ал осындай сөздерді; «сіз түсінбейсіз бе?», «сіздікі дүрыс емес», «Сіз тиістісіз» ата- аналармен сөйлескенде тіпті қолданбаңыз.
- Әр баланың жетістіктерін, тіпті балалардыц өздерін салыстырмау керек. Erep салыстыратын болсаңыз, тек қана жас шамасының нормасымен, эталонымен салыстыруға болады.
Әр ата-ана ең біріншіден өз баласының жетістіктері мен даму мәселелері туралы білгісі келеді, егер ол әңгімелесу барысында басында 10-15 минут ішінде өз баласы туралы ештеңе нақты және нанарлық естімеген болса, ол әңгімелесуді аяқтауға тырысады.
- Қатал түрде іс жүзінде сөйлесуді, нақты фактілерді көрсетуге, мәселені көрсету ғана емес, сонымен мәселені шешу үшін бірнеше жолдарын көрсетуге үйреніңіз.
Содан кейін ғана ата-ана сізді сыншы ретінде емес, көмекші ретінде қабылдайды.Бейнелі түрде айтсақ, ата-ана педагогқа дәрігерге барғандай болады: қандай мәселемен кіргені маңызды емес, мәселенің шешіліп шыққаны маңызды.
Отбасы мен балабақша - екі тәрбие беретін феномен, олардың әр қайсысы өз бетінше балаға әлеуметтік тәжірибе береді, бірақ тек қана бір-бірімен үйлестірілгенде олар кішкентай адамның үлкен әлемге кіру үшін үйлесімді жағыдай жасайды.
Бірте- бірте ата-аналардың түсінбеушілігі, сенбеушілігі кетеді. Ата-аналар және балабақшаның қарым-қатынасы сирек тез көрініп жатады.Ол таңдалған мақсатқа жеткізуге шыдамдылықты талап ететін ұзақ үрдіс,үзақ және еңбекқор жұмыс.
Сонымен жоғарыда айтылғанның нәтижесін шығаратын болсақ білім беруде өзекті мәселелер бар және олар айқын көрінеді. Әрі қарай қолайсыз социогенезге апаруы мүмкін қарым-қатынассыз.
Бірінші - тәрбиеші және ересектер өздері балалармен жұмыс жасауды құрады. Мектепке дейін бала барлық ақпаратты өзіне сіңіреді, жаңаны білу үшін үнемі белсенді болады және жаңа ақпаратқа қызығушылығы артады. Ата - аналар баланың мектепке бару уақытын бір немесе бір-екі жылға жылжытып, осы кезеңді пайдаланып қалу қалауы туындайды. Кейбір ата - аналар балаларын балабақшада көбірек болсын деп, мектепке жібергісі келмейді, кейбір ата - аналар баланың дене жэне психикалық дамуына қарамастан ерте береді. Мектепке ерте бергенде бала оқуға деген қызығушылығын жогалтады. Сол себепті бала бірінші сыныптын бағдарламасын екі рет оқуға тура келеді.
Осыдан мынандай қорынтынды шыгаруга болады. Жоғарыда айтылғанның нэтижесі ерте білім беру мақсатының баяулауы болып табылады. Өз артынан жағымсыз эсерлер экеледі. Мысалы: балалар оқуға қызығушылығын жогалтады, білім жүйесінде мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп арасында мэселе туындайды. Баланың білімі білім берудің нэтижесін анықтамайды, бала өзі іздену арқылы білімді тауып, қолдануы маңызды.
Екінші - білім беру баланың өзінің жэне баланың отбасының немесе оның заңды өкілдерінің мүдделерінен құрылады. Білім берудің дамыту түрі жеке - көзделген мақсатта бағытталған. Ол жеке жэне жас шамалас ерекшелігін қарастырып эр баланың қызығушылығына бағытталады.
Бірақ кейбір тэрбиешілер білімді дамытудың шектеуін көре алмайды. Кейбір мэселелерге байланысты эр-бір баланың білімді дамыту мақсаты іске асырылмайды. Мұндай білім баланы дамытуға эсерін береді. Сол себепті эр тэрбиеші өзіне мақсат қоя білу керек.
Бұл -білім мен шеберлігін дамыту көмегімен қамтамасыз етеді. Erep бала білімді жэне белсенді болса, даму процесі жүзеге асырылды деп айтуға болады.
Сонымен айтылғанның барлығына қортынды жасай келе білім беру жүйесінде өзекті мэселе бар. Қарым-қатынассыз баланың коммуникативті жеке жақтарын дамыту мүмкін емес
Ата-ана мен балабақша арасында қарым-қатынас болмаса баланың толық дамуы болмайды.Ата-аналарға үнемі мектепке дейінгі жасында балалардың қасында болып, көмектесіп отыруға эсерін тигізу керек. Ал білім берудің бір- неше жолдарына келеек олар бір-біріне өте қарама-қайшы болса да жиі кездеседі Тэрбиешінің нені бірінші жоспарға, нені екінші жоспарға қолданатына байланысты, өте эсерлі білім беру болып бағытталған жеке стильде туындайды, бірақ барлығы тэрбиешінің қойған мақсаттарына байланысты. Қазіргі заманға сай білім беру мэселелері шешіле ме? элде шешілмейді ме? Ол біздерге байланысты. Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағыдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тэрбиелеудің соңғы эдіс-тэсілдерін, жаңа иновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық- педагогикалық диогностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті жэне нақты тэжірибелік іс-эрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші, ойшыл тэрбиеші болуын қажет етеді.
Әдебиет:
- «Балапан» бағдарламасы.
- Мемлекеттік стандарт.
- Бағдарламалар: Балабақшадағы ата-аналармен жұмыс.
- Мектепке дейінгі білім. Терминдер сөздігі құрастырған Виноградова Н.А т.б. Айрис пресс, 2005.
- Отбасының «Сапалы уакыты» - мектепке дейінгі тәрбие:айлық ғылыми-әдістемелік журнал № 5. 2009.