Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай иннеллектуалдық дамуын, жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселе енгізіліп отырғаны белгілі. Қазіргі басты міндеттердің бірі - жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Сондықтан әр шәкіртін өз ана тілін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан тұтуға, таза сөйлеуге үйрету, ойына өзгеріс енгізіп, сапасына сілкініс туғызу, біздерге, яғни ұстаздар қауымына байланысты
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты: «Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету», - деп нақты көрсетілген [1].
Ересек мектеп алды жастағы балата сурет салу, ермек сазбен жұмыс, аппликация және құрастыру оның жан - жақты дамуына және тәрбиесіне үлесі зор. Баланың ақыл - ойының жетуіне бейнелеу өнері ерекше эсер етеді, өйткені ол өмірді танудағы бейнелі құрал болып табылады. Сонымен қатар баланың ақыл - ойының жетуі сөйлеудің дамуымен тығыз байланысты.
Бейнелеу өнерінің сабақтарында балаларды жаңа сөздермен, сөздерді мағынасынан түсінуге үйрету оларды айыру жэне сөздерді қолдануға, заттардың сыртқы бейнесін сипаттау сөздерімен таныстыруға болады.
Сөздің атауы түсінікке айналу үшін көптеген шартты байланыстарды жасау қажет, сонымен қатар іс қимылмен ұштастырылған байланыстарды да. Бейнелеу өнердің барлық түрлері осыған көмектеседі. Ауысып отыратын көрнекі материалдар, зат атауын түсіндіретін, нышаның эрекеті, бала үлкен адамның қысқа сөзіне қүлақ асып, эрі қарай күрделенген сөз тіркесіне, жаңа сөздерді, олардың лексикалық, фонетикалық жэне грамматикалық түсініктерін айқындайды. Сөз - балата бейнелеу өнерінің қыр - сырын меңгеруге оның үдерісінің негізгі ойын түсінуге мүмкіндік береді [2].
Ic эрекет барысында бала тілді тезірек саналы түрде меңгеруге бастайды, өйткені тіл шынымен практикалық бағыт алады, іс эрекетті орындау үшін үлкен рөл атқарады. Ic эрекетін түрлілігі тіл дамуының оң жағдайды проблемалық жағдай арқылы тудыруға болады, өйткені ол сөйлеу белсендігін туғызады. Проблемалық жағдай тілдің коммуникативтік бағытын қалыптастырады.
Бейнелеу өнерінің өзінің көрнекілігімен танымға, тэрбиені түзелуіне үлкен эсер етеді. Балалар тілдік материалды, нақты нысанаға сүйене отырып жеңілірек қабылдайды.
Сабақта қолданылатын материал жұмыстың эр түрлі кезеңдерінде жэне эр түрлі тілдік мақсаттарда қолданылады топтағы балалардың тілдерінің дамуына тэуелді болады. Үлкен адамның айтқан сөз тіркестері, сөздері эр түрлі сөйлеу комбинацияларында қолданылған кезде, сөзді қозғалмалы етеді.
Оның құрылымдық түрі нақтыланады. Сөз - алдымен баланың пассивтік содаң - соң белсенді сөздігіне енеді. Осы мақсатпен сабақтарда күнделікті көрнекі материалдардың барлық түрін қолдану қажет: көрсетіліп жатқан іс эрекеттерді, қүрылғыларды сөйлеп таныстырып оның түр сипаты мен қолданылатын жағдайларды таныстыру. Балалар материалдың атауын жақсылап ұғыну үшін, жыл бойы тэрбиеші мен логопедтің өздері орындай алатын тапсырмаларды сабақ барысында жэне одан кейін қолданған жөн. Балалар бүл материалмен ойнап жатқан сияқты. Үстел үстіне оны қойып немесе жинап, эр түрлі эрекеттерде қолдану.
Алдында айтылғандай балаға сөздің атауының мағынасына түсіну үшін олар затпен іс эрекетке түсу қажет, балалар сөзбен затты немесе іс эрекетті көзбен көріп қана түсіну қиындыққа түседі. Ал балаға затты беріп оны іс эрекетке түсіруге мүмкіндік берсе, жэне олардың іс эрекеті мен белгілерін түсіндірсе, сондай жағдайда балаға жаңа сөздерді тезірек үйреніп эрі жадында жақсы сақтайды.
Нақты іс эрекет тілдің дамуына ыңғайлы жағдай жасауы негізінен бала заттармен іс эрекетке түсуі. Осы фактордың үлкен эсерін Кольцова М.М. атап өткен. Оның зерттеулерінде балалар сөздің атауын затпен іс эрекетке түссе екі есе тез үйреніп алғанын көрсеткен [3].
Нақты іс эрекет барысында сөз бен қимыл белгілерімен тығыз байланысқа түсуіне мүмкіндік беріледі.
Сөзбен заттың арасындағы байланысты орнату, сөзбен іс эрекеттің байланысын орнатқан ғана жеңілірек: заттың өзін, ойыншықты, муляжды немесе суретті қолдануға болады. Ал сурет арқылы заттың іс қимылын немесе жағдайын түсіндіру қиынға түседі. Сурет салу барысында ол табиғи түрде өтеді, өйткені бала қимылды өзі орындайды.
Логопед өзінің жүмысында сөз алды қосымшасы бар етістіктерді қолданып отырса бала оны ертерек жадында сақтайды мысалға: қағаз қиып жатты, бүрышты қиып жатыр, дөңгелекті қиып жатыр жэне т.б.
Бала бақшаларда бейнелеу өнерінің сабақтарында ойын мен балалардың эңгімесі тығыз байланыста болады. Балалар суретте сала алмаған кезеңдерін, сөзбен айтып толықтырады. Бұл фактілер Н.П.Сакулина, В.С.Мухинаның зерттеулерінде көрсетілген.
Балалар салынған суретке қозғалыс береді (машина келе жатыр), затты салу арқылы белгілі бір сюжет пайда болады, заттарды тірілтіп олардың аттарынан сөйлейді, дыбыстарын келтіріп диалог құрады.
Балаларды топтарда сурет салу кезінде сөйлеуді қабылдауға арнайы топтарында үйрету қажет, содаң - соң сөйлеу мен іс эрекетті ұштастыруға баулу керек. Сөзбен белгілеу балаларға заттардың белгілерін ажыратуға көмектеседі (Ленточка қызыл, үзын, эдемі). Сөз сурет салу барысында саналы түрде түсінуге көмектеседі. Сөз сурет салу барысында саналы түрде түсінуге көмектеседі. Ересек мектеп алды жастағы бала элі өздігімен салынып жатқан затты жан -жақты бақылай алмайды. Сондықтан үлкен адам балаларға заттың түрін, пішінің түсін (доп үлкен, дөңгелек, қызыл) корсету керек. Сонымен, үлкен адамның басқаруы тек сурет салуды үйретуге ғана емес, оның қиялын дамытуға арналу керек.
Балаларда өзінің түпкі ойы жоқ, олар әлі тақырыпты таңдай алмайды. Сабақ барысында олардың зейіндерін суреттің айқындығына көбірек назар аудару қажет. Бейнелеу өнердің тапсырмасы балаларға бейнелік ситуацияға кіретіндей мүмкіндік беру керек, бүл жағдайда тәрбиешімен (логопедпен) орындаған суретті, ермек сазбен жұмысты, аппликацияны эмоционалды қабылдайды. Сонымен қатар бейнелік салыстыруларды, тақпақтарды қолдану керек, олар заттың белгілерін қалыптастыруға, бейнені қабылдауға дамытуға мәнерлі қүралдармен тілді байытады [4].
Бейнелеу өнері түзелу - тәрбиелеу міндеттерін шешуге мүмкіндік береді: өздігінен және аяғына дейін жүмысты бітіру, шыдамдылықты, табандылықты, ұқыптылық сияқты жақсы қасиеттерді дамытады. Сондықтан бала жұмысты қалай орындаса да, оның нәтижесіне оң көзбен қарау керек.
Сонымен айтылған іс әрекеттің барлық оң жақтары мектеп алды жастағы баланың тілдерінің дамуына және қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.
Психологтардың айтуы бойынша баланың ақылының дамуына - әр түрлі іс әрекеттерді орындау , сурет салу, аппликация және құрастыру үдерісіндегі сапа, дағды, икемділік үлкен рөл атқарады.
Бейнелеу өнері сенсорлық тәрбиемен тығыз байланыста. Зат туралы түсінікті қалыптастыру үшін оның қасиеттері мен белгілерінің, түрінің, түсінін, үлкендігінің, кеңістікте орнын алуы туралы ақпаратты талап етеді. Балалар бұл қасиеттерді анықтап, заттарды салыстырады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айырып ойландырады.
Бейнелеу өнері сенсорлық тәрбиемен көрнекі - бейнелі ойлауынын дамуына мүмкіндік береді. Баланың бейнелеу өнері қоғамға бағытталған. Бала сурет салып, ермек сазбен жұмыс жасап, құрастырумен айналысуды тек өзіне ғана емес қоршаған адамдарына да арнайды. Оның салған суреті бір нәрсені айтып,бейнелеген заттарын танығанын қалайды.
Сондықтан айтылып жатқан іс әрекеттердің оң жақтары мектеп алды жастағы балалардың тілдерінің қалыптасуына маңызы зор.
Бейнелеу өнері сабақтарында жылы әрі бірін - бірі түсінетіндей жағдай туғызу қажет. Бұл жағдай тәрбиеші мен бала арасында тығыз байланыс туғызып, үлкеннің соңынан сөйлеп сөздерді қайталауға деген құштарлық туғызады.
Сонымен, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың өз ойын нақты әрі келісті жеткізу, сөйлеу қабілеттерін дамытудың негізгі мақсаты болып табылатынына көзіміз жетті. Балабақшада ересек топ балаларын оқыту барысында біріктірілген сабақтарды (ауызша сөйлеу тілдерін дамыту мен сурет салу сабақтарын) жиі өткізілсе, бүл сабақтар ойлау және сөйлеу белсенділігін анықтауда мүмкіндік туғызып, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамытуда тиімді эсер етеді.
Әдебиег:
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы - Алматы: Юрист. 2010.
- Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық негіздері // ¥лт тағылымы. -2012. -№ 1.-Б. 38-426.
- Казакова Р.Г. Рисование с детьми дошкольного возраста: нетрадиционные техники, планирование, конспекты занятий. - M.: Ц СФЕРА. - 2004. - 185 с.
- Илахунов К.Т., Феоктистова С.В. Психолого-педагогические факторы развития речи в дошкольном возрасте // Дошкольное образование в Казахстане. - 2006. - № 4. - С. 17-20.