Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі - жеткіншектерді Қазақстандық елжандылық пен Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл мәселенің көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғысынанда артып отыр.
Үлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі болып жастарға патриоттық тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасын пайдалану болып табылады.
Жастардың адамзаттық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауларында аса үлкен мән берілген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дүрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар» (1997) десе екіншісінде «біз бірлесе отырып, ерікті ұлт жасақтау жолында, алға жылжуымызға «қажетті берік негіз қаладық» (2005) - деп өзіміздің тарихымызды, дінімізді, ұлттық қасиеттерімізді алдыңғы қатарға қойылған.
Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікірі Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» ең маңызды міндеттер ретінде өз Отаны Қазақстанды сүюге, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекет рәміздері мен халықтарының салт-дәстүрлерін құрметтеу» ата заң мен қоғамға қайшы келетін көріністерге төзбеу, әлемдік және Отандық жетістіктерін игеру, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тарихын жете білу деп көрсеткен.
Демек, салт-дәстүрлердің, соның ішінде халық педагогикасында көрініс алған патриоттық сана-сезімнің қалыптасуына тікелей ықпал ететін озық дәстүрлердің тағылымдық мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігіне аса мән береді.
Ұлттық дәстүрлерге, ұлттық идеяға назар аудару және білім мен тәрбиені соған бағдарлау - көптеген мемлекеттер мен халықтардың нақты бір тарихи кезендерінде жиі кездесетін мәселе.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жасөспірімдердің отансүйгіштік,елінің патриоты мен азаматы болып қалыптасуына көңіл бөліп отыр. Патриоттық тәрбие беру - оқушының саналы көзқарасын қалыптастыру. Алғашқы әскери дайындық енгізілуі, оған байланысты әскери патриоттық тәрбиенің тереңдеуі, Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жастарды Отанды қорғауға, талантты әскери кадрлар даярлау, жас азаматтардың патриоттық тәрбиесіне танымдарымен мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы процесс. «Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі мектепте қаланды.
Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.
Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын , ұлттық намыс мол, жігерлі үл-қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ барысында ұжымдық қорғаныс жүмыстарына, сабақтан тыс уақытта жаттығу жүмыстарын өткізуге аса көңіл бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс жүмыстары АӘД-ты оқытудың негізгі бір бөлімі. Оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін ұжымдық қорғаныс жүмыстары кезінде іске асырып, өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын жетілдіреді.
Патриоттық даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да, шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде АӘДпән мұғалімдеріне үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткіліксіз, сонымен қатар білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.
Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас үрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені, Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.
Алғашқы әскери дайындық жастарды патриотизм мен интернационализм, демократиялық қоғам және оған шексіз берілгендік, Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған.
Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы. Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын үлдар мен қыздар білім алуда екендігін айта кету керек. Олар Қазақстан тарихын терендетіп оқиды, алғашқы әскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып, болашақта тәуелсіз еліміздің мақтан тұтар аяулы ұлдары - Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Әубәкіров сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды.
Өз Отанын сүйетін үрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери-патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы керек. Өйткені кез келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің және бүкіл халықтың ісі деп санайды.
«Біздің басты мақсатымыз - Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау» деген Президент өз жолдауында.
Қарулы Күшіміздің алдыңғы сапында қазақ жастарының тұруы, олардың бір кісідей ынтымақпен топтасуы, Ата заңымызда көрсетілген қасиетті борышын, перзенттік парызын орындауы - Отанға, Атамекенге деген сүйіспеншіліктің, негізгі мазмүны, имандылық пен адамгершіліктің негізгі белгісі мен басты өлшемі.
Ал, мектепте жастарға әскери патриоттық тәрбиені жеткізу үшін және әскери қызметті түсіндіру мақсатында алғашқы әскери дайындық оқытушы- ұйымдастырушысы тағайындалған. Қарулы Күштердің қатарында әскери қызметшілердің қүрамын білімді және спортпен шыңдалған, жүрегінде от жалындаған азаматтармен толтыру үшін мектеп жастарына әскери жетекшінің әскери патриоттық тәрбиені түсіндіруінің (әскери тақырыпта әңгімелер қозғау, әскери кездесулер өткізу және т.б.) және әскери патриоттық тәрбиеге қатысты іс- шаралар ұйымдастыруының (әскери спорт жарыстары, әскери ойындар және т.б.) пайдасы көп.
Егеменді ел тірегі - Қарулы Күштер болса, сол Қарулы Күштерде әскери қызметті атқаратын - жастар. Ал жастарды мектеп табалдырығынан бастап жеке куәлігін алғанша даярлайтын және шыңдайтын алғашқы әскери дайындық пәні болып табылады. Жастардың жақсы азамат болуына осы пәннің көптеген пайдасы бар екендігін айта кету керек.
Алғашқы әскери дайындық мектептерде 1996 жылдан бастап ҚР Үкіметінің, арнайы қаулысымен енгізілді. Осы қаулыға сәйкес бастапқы әскери білім беру еліміздің барлық орта білім беретін оқу орындарында жүргізіледі. Ал, 2006 жылдан бастап жаңа қаулы қабылданып, әскери дайындықтың деңгейі жоғарылай түсті. Бастапқы әскери дайындық пәні көптеген пәндермен жанама байланыста, ал, дене тәрбиесі сабағына тікелей байланысты.
Алғашқы әскери дайындық - Қазақстан Республикасының азаматтарын жастарын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерімен әскери құрамаларында әскери қызмет етуге даярлау жүйесінің қүрамдас бөлігі, иелігі мен меншік нысандарына қарамастан жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептерде, арнаулы орта оқу орындарында міндетті мемлекеттік пән болып табылады.
Алғашқы әскери дайындық пәнін оқу барысында оқушылар азаматтардың, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын ұғынуға, ҚР Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсатын, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін анықтап түсінуге тиіс, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеру үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруы тиіс.
Әскери патриоттық тәрбие - жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады. Әрбір жасөспірім жасынан «Қазақстан - менің Отаным», «Ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын», - деген қарапайым ойды меңгеруі керек.
Әскери патриоттық-тәрбиелік іс шаралар алдын ала жоспарлануы тиіс. Жоспарда тек қана оқытушы-үйымдастырушының ой-пікірі емес, сол оқу мекемесінің әрбір мүғалімінің ой үлесі болуы тиісті қандай да болмасын әскери патриоттық іс шараны өткізу салтанатында Мемлекеттік Туды алып келу және алып кету. Мемлекеттік Әнұранмен ашу және жабу мәселелерін жоғары ұстау керек. Мемлекеттік Туды салтанатты түрде алып жүру үшін ең жақсы оқитын оқушылардан тағайындау керек.
Жастарға әскери патриоттық тәрбиені тереңдету үшін әр аудандағы, әр қаладағы әскери бөлімдер мектеппен байланысты үзбеуі керек. Мектептерде оқушылардың әскери киім киюі әскери патриоттық тәрбиелеудің негізгі кілті. Мүмкіншілік болып жатса, оқушыларға әскери киім тіктіріп, оны дүрыс киюін қадағалау қажет.
Алғашқы әскери дайындық пәні - Қазақстан Республикасыныың азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да эскер жэне эскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттік жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Алғашқы эскери дайындық пэнімен эскери-патриоттық тэрбие тығыз ұштастырыла отырып, жастардың эскери істі жақсы меңгеруіне, төтенше жағдайларда қорғанудың тэсілдері мен құралдарын дүрыс пайдалана білуіне ьқпал етеді.
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін оқыту арқылы жастарға Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға жэне эскери жарғылардың талаптарын орындау, эскери антқа адал болу, өз халқына жанқиярлықпен қызмет ету, өз елін қасық қаны қалғанша қорғау, өз Отанының патриоты болу, адал, тэртіпті болу, кәсіп білікті ұдайы меңгеру, өз жолдасын бағалау, киімді ұқыпты кию деген секілді көптеген жақсы қасиеттер түсіндіріліп, оларды бойларында қалыптастырады.
Әскери қызметтің қиындықтарын табанды өткеруге алғашқы эскери дайындық сабақтарының тақырыптарынан басқа эскери патриоттық тэрбиенің алар орны ерекше деген болсақ қателеспеген болар едім. Әскери істі жіті меңгеруге дайын болу үшін сабақтан тыс ¥лы Отан жэне Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер, эскери-спорттық ойындар мен эстафеталық жарыстар, эскер тақырыбындағы ерлік сабақтар, қалалық, облыстық слеттерге қатысу, мүражайларға, ескерткіштерге, мэңгілік алау аллеясына бару, эскери эндер сайыстарын өткізу секілді іс-шаралар өте маңызды рөл атқарады.
Патриоттық сезімді жастарға мэнді жэне мағыналы сусындату үшін алғашқы эскери дайындық пэні жетекшісінің білім, тэжірибесі мол жэне жоғары болуы тиіс. Ізденіс үстіндегі эскери жетекші қай кезде де болсын жастарға үйретуден жалықпайды. Жеткіншек Отан алдындағы борышын өтеуге барғанда осы мектеп қабырғасында, дэлірек айтсақ алғашкы эскери дайындық сабағында алған теория жэне практикасы толық жэне мэнді болса эскери істің қиындығына төзуге, тез үйреніп кетуге көп көмегін тигізеді.
Жастарды эскери патриоттыққа тэрбиелеу - орта білім беру оқу орындарынан, яғни мектептерден басталады. Мектеп - мүғалімнің басшылығымен жас ұрпаққа білім беру, тэжірибе мэселелері жүзеге асырылатын оқу-тэрбие мекемесі, халық ағарту жүйесінің негізгі буыны. Мектептерде жастарды жасына және сыныбына сәйкес үшке бөледі: бастауыш сынып оқушылары, орта сынып оқушылары және жоғарғы сынып оқушылары.
Армия жасөспірімдердің азаматтық қалыптасуын аяқтайды десе де болады, жас, әрі орнықпаған мінезін шыңдайды, ұйымшылдыққа, тәртіпке үйретеді.
Әскери патриоттық тәрбие - жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады.
Жастардың әскери-патриоттық тәрбие теориясын және практикасын меңгерулері, Отанды қорғау және Республика Қарулы күштерінде адал борыштарын өтеу, оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынулары - оқу орындарының педагогикалық ұжымының аса маңызды бір міндеті болып табылады.
Кеңестер Одағы тараған соң, орта оқу орындарынан алғашқы әскери дайындық пәнін алып тастау - жастарға әскери патриоттық тәрбие беру, оларды армия қатарында қызмет етуге дайындау ісіне едәуір зиянын тигізді, оның әсері жалпы білім беру деңгейінде де, Қарулы күштерінің жеке құрамының моральдық адамгершілік сипатында да көрініс тапты.
Қазақстан Республикасы Үкіметі жасөспірімдердің отансүйгіштік, елінің патриоты мен азаматы болып қалыптасуына көңіл бөліп отыр. Патриоттық тәрбие беру - оқушының саналы көзқарасын қалыптастыру. Алғашқы әскери дайындық енгізілуі, оған байланысты әскери патриоттық тәрбиенің тереңдеуі, Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға, талантты әскери кадрлар даярлауға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жастарды Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың патриоттық тәрбиесіне танымдарымен мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы үрдіс. «Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі оқу орындарында қаланады.
Әскери-патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бала әрдайым өмірге қызыға қарайды, бәрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып өскісі келеді.
Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Сабақ барысында ұжымдық қорғаныс жүмыстарына, сабақтан тыс уақытта жаттығу жүмыстарын өткізуге аса көңіл бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс жұмыстары алғашқы әскери дайындықты оқытудың негізгі бір бөлімі. Оқушылар теориялық сабақта алған білімдерін ұжымдық қорғаныс жұмыстары кезінде іске асырып, өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын арттырады.
Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан да, шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдеріне үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткілісіз, сонымен қатар білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.
Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерінің Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіпеншілікке тәрбиелеп, мүны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.
Оқу орындарында Әскери патриоттық тәрбие жүргізудің көптеген түрлері қолданылады.
Соның бір маңыздысы, тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын белгілі бір қоғамдық, құрылыстан туындаған «Жауынгерлік дәстүрлер» болып табылады.
Әсіресе, бүл дәстүрлер жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған XV ғасырдың ортасынан бастап қазақтың ұлттық мемлекетін қүру кезеңі, онда қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін қорғауда есімі аса құрметпен айтылатын: Қасым хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Тәуекел хан, Есім хан, Абылай хандар ерліктері болса, Отан қорғауда өздерінің қабілеттілігімен, жеке басының ерлігімен халық жадында ұмытылмас тұлға болып қалған: Қабанбай, Қарасай, Бөгенбай, Жәнібек, Наурызбай, т.б. батырлар баға жетпес әскери дара басшылық тәжірибесін және қазақ әскери өнерінің дамуына аса зор үлес қосқандығы.
Сонымен қатар, қазақтардың азамат соғысына және ¥лы Отан соғысына қатысуы туралы айтатын болсақ, мүнда біздің жерлестеріміз өлшеусіз үлес қосты. ¥лы Отан соғысы жылдары Қазақстан даласынан 1 млн. 200 мыңға жуық үлдары мен қыздары майданға аттанып, 600 мыңнан астам адам қайта оралмады. Олар ең аяулысы - өмірін біздің болашағымыз үшін, Отан үшін құрбан етті. Олардың мәңгі жасайтын ерліктері әскери борышқа адалдықтың, өжеттік пен жаппай қаһармандықтың, патриоттық сезімнің нағыз үлгісі болып табылды.
Жастарға патриоттық тәрбие берудің манызды бөлігі Отанды қорғаудағы даярлық болып табылады. Жас ұрпақтын әскери-патриоттық тәрбиесіне де Қазақстанның Қарулы Күштері аса назар аударады. Олар білім мекемелерімен бірлесе отырып, Отанды қорғаушы жас жеткіншектердің әскери тәрбиесінің бағдарламасы мен тұжырымдамалары жасайды. Әйткенмен, соңғы уақытта жергілікті халықтың Қарулы Күштерге деген көз қарастары жағымды деп айта алмаймыз. Erep бүрын, 70-80 жылдарда әскери қызметті өтеу бозбалалар өмірінің қажетті кезеңінің бірі болып табылса, ал қазір әскерге шақырылушылар әскери қызметті өтеуден бас тартады, ата-аналары оларды жібермеуге тырысады. Мұның себептерін ішкі саясаттың тұрақсыздығынан, жауынгерлер арасында үлкендердін кішілерге күш көрсету фактілерінің орын алуынан іздеген жөн.
Осындай күрделі жағдайларда оқу орындары тәрбие үрдістерін қамтамасыздандыратын бірден-бір әлеуметтік мекеме болып табылады.
Б.Момышүлы: «Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің тәуелді екенінді, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, жеке адамнын өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын барлық жағынан біріктіреді» - деп «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама берген.
Қоғамымызды түбегейлі қайта құру, елде әлеуметтік - экономикалық токыраудан шығарудың ірі ауқымды, күрделі міндеттерін шеше отырып, Қазақстан Республикасының басшылығы жаңа уақыт адамын, оның идеялық- адамгершілік келбетін қалыптастыруға ерекше мән береді. Осы тұрғыдан Қазақстан мемлекетінің идеологиясы мен жаңа саясат парадигмасы мектептер мен жоғары оқу орындарында білім беру үрдістерін қайта қарауда инновациялық жолды іздестірудегі туындайтын қайшылықтарды жеңу жолдарын табуды, білім мазмұнын құруға концептуальды тұрғыдан қарау жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі тәрбиенің рөлін көтеруді талап ететіні күмәнсіз.
Қазақстанда жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудін арнайы формалары мен әдістері қалыптасуда. Олар жеткіншек бойында жоғары деңгейдегі азаматтық сезім мен Отанын қорғауға дайындық үрдісін мақсатты түрде жүйелі қалыптастырады, дара тұлғаға Қазақстан халқының және оның Қарулы Күштерінін дәстүрін бойына сіңірген тәрбие береді.
Жалпы әскери-патриоттық тәрбие беруде өзара байланысты екі мәселе қарастырылуы тиіс:
- бірінші, тұлғаның арнайы құралдар көмегімен үйлесімді дамуын қамтамасыз ету;
- екінші, Қазақстан Қарулы Күштерінін әскери дәстүріндегі Отанды қорғау сияқты әлеуметтік тәжірибеге сүйену, жеткіншектерді ерлік, патриоттық негізінде тәрбиелеу.
Жастар әлемдегі әскери-саяси жағдайларды түсініп, өзінің бүған қатысты көзқарастарын дәлелдеуді үйрену керек. Болашақ Отан қорғаушы тұлғасын қалыптастыруда олардын білімі мен өмір тәжірибелеріне сүйене отырып тарихи шындық негізінде тәрбиеленген жөн.
Халықаралық жағдайларды бағалау көзқарастардың өзгеруі, шет елдермен қарым-қатынастарда майдандасудан саяси және экономикалық диалогқа көшу жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесіне жаңа талаптар кояды. Әскери күштердін қысқартылуы, кәсіби әскерилікке көшу, сондай-ақ әскери борышын өтеуден бас тартып отырған жастардың көбеюіне бір себеп болған әскердегі қазіргі проблемалар жастардың әскери борышын өтеуіне жауапкершілігін талап етеді. Ол үшін әскери-патриотты тәрбиелілік жұмысты жоғары денгейге көтерудін қажеттілігі артатүседі.
Әскери - патриоттық тәрбиенің ерекшелігі болып оның шешімін табуға арнайы даярланған адамдардың педагогтардың ғана емес, қоғамның толық қамтылуы саналады. Осыған орай әскери-патриоттық тәрбие бойынша жұмыстарды міндетті білім мекемелері қызметкерлерінен басқа, отбасы, мемлекеттік және қоғамдық органдар мен ұйымдар, бүқаралық ақпарат құралдары, телеарналар, радио мен баспасөздер үлкен рөлге ие болады. Ал бұл жастарды оқудан тыс уақытта ықпал ететін отбасының, әр түрлі мекемелер мен ұйымдардың, телеарналар, радио мен баспасөздердің тәрбиелік мүмкіндіктерін оқытушының пайдаланылуы тиіс дегенді білдіреді.
Қазіргі егемендік жағдайында мемлекетімізде еркін саяси жүйені дамыту, еліміз өмірінің барлық саласын демократияландыру, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімділік шаралары мен өзара диалогты нығайту, біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен ынтымақтастықты орнату әрбір қазақ азаматынан ұлттық патриоттық сезімін дамытуды талап етеді. Саяси-әлеуметтік өмірдегі көңілге қонбайтын жағымсыз жағдайлардың өзі де жастарды адамгершілікке, жоғары идеялық сенімге, экстремизм ге қарсы күресуге, қоғамның рухани және адами кұндылықтарын бағдарлай білу іскерлігін қалыптастыруға шақырады.
Патриоттық тәрбие тәрбиенің барлық бағыттарымен бірге жүзеге асырылады. Патриоттық тәрбиенің соңғы нәтижесі ретінде патриоттық сана өз Отанын өркендету жолындағы күресте, оны нығайту мен қорғау жолындағы іс- әрекетте көрініп, бағаланады, сөйтіп сол арқылы тиісті ерлік жауынгерлік және ұлттық дәстүрлерді түзе отырып, кейіннен тәрбиелеуші факторға айналады.
Сөз соңында, Елімізде өскелең үрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру мақсатында мынандай ұсыныстар айта кету абзал. Қазіргі кезде жас жауынгерлердің әскери қызметі туралы видео фильмдер шығарылуы тиіс, телеарнада арнайы әскери жаңалықтар қызметі жүмыс жасау қажет. Мемлекеттік тілде әскери кітаптар шығарылуы керек. Ең маңыздысы Қазақстанның барлық облысында телеарнада апта сайын немесе ай сайын көрсетілетін «Алғашқы әскери дайындық - әскери патриоттық тәрбиелеудің маңызды түрі» атты телебағдарлама ашылуы тиіс. Ол телебағдарламада әр каладағы, әр аудандағы әскери дайындық сабақтарын, өткізіліп жатқан тәрбиелі іс-шараларды, ұйымдастырылған кездесулерді және үлгілі мұғалімдерді, үлгілі әскери адамдарды үлгілі сарбаздарды осы телебағдарламада - көрсету керек. Сонымен қатар, қайтадан еліміздегі әскери-патриоттық бағыттағы клубтардың жүмыстарын жаңғырту. Яғни, қандай да әскери сала болмасын Құрлық әскері, Әуе қорғанысы, Ішкі әскері, Шекара қызметі тағы да басқа әскери ұйымдармен өз көлемінде тығыз бірлесе әрекеттесу мәселесін алға қою.
Әдебиет:
- Назарбаев Н. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы: Білім. 1998. - 37 бет.
- Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халкына Жолдауы. 28.01.2011ж.
- «Қазақстан Респубикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы».ҚР Президентінің Жарлығы,- Астана: Ақорда. 2006ж. Қазанның 10-ы. №200
- Алғашқы әскери дайындық (Рсспубликалық әскери-патриоттық педагогикалық- әдістемелік журнал.) №4 . 2011ж. 8-б.(Отаншылдық сезімді қалыптастырудың маңыздылығы).
- С.Т.Мырзатаев.Бөлімдер мен бөлімпіелердің ұрыстық және мобилизациялық даярлығы. («Бастапқы әскери дайындық» мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік қүрал). Петропавл 2009 ж. 27-6.
- Қазакстан мектебі (журнал) №4. 2011 ж. 9 б.(Азаматтық-патриоттық тәрбие-уақыт талабы.)
- Алғашқы әскери дайындық (Республикалық әскери-патриоттық педагогикалық- әдістемелік журнал.) №4. 2010ж З-б (Алғашқы әскер дайындық және дене тәрбиесі сабақтарында патриотизмге тәрбиелеу).
- Қазақстан мектебі (журнал) №4.2010ж. 4-6. (патриоттық тәрбие берудің басым бағыттары).
- Алғашқы әскери дайындық (Республикалық әскери-патриоттық педагогикалық- әдістемелік журнал.) №4. 2010ж З-б (Алғашқы әскер дайындық және дене тәрбиесі сабақтарында патриотизмге тәрбиелеу).
- Қоғам және Дәуір (ғылыми-сараптамалық журнал). ) №4. 2009ж. 59-б.(мемлекет болашағы-бүгінгі жастар саясатына тәуелді.)
- Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы