Біздің сүйікті Отанымыз, Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету-бүкілхалықтық іс, сондықтан қазақстандықтарға жаңа мұраттар негізінде жан-жақты терең білім мен тәрбие беру міндеті тұр. Олар: қазақстандық патриотизм, көпұлтты Отанымызға деген сүйіспеншілік, еліміздің қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілікті сезіну және ата-бабаларымыздың ерліктері мен әскери тарихын білу.
Ерте заманнан елді, жерді, ұлтты сақтау үшін қазақтың батырлары мен хандары кескілескен шайқастарда жандарын аямай күресті. Олардың ұмытылмас ерліктері мен әскери дәстүрлері қазіргі жас-үрпаққа, жауынгерлерге, офицерлерге үлгі болады.
"Әрбір қатардағы жауынгер генерал болуды армандайды"-деген халық арасында кенінен тараған қағида бар. Генерал атағы ең тәжірибелі, әскери және саяси дайындығы мол, әскерлерге басшылық етуде шеберлік пен біліктілік көрсеткен офицерлерге беріледі.
Генералдар-қаһарлы ¥лы Отан соғысы жылдарында да, соғыстан кейінгі кезенде және қиндықтарға толы қалған уақытта да жауынгерлік сапта нық тұрған, өздерінің патриоттық және қызметтік борыштарын адал орындаған,ар ожданын ту етіп үстаған жандар.
Мен болашақта әскери оқу орнына түсіп, офицер болғым келеді. Осы мақсатқа жету үшін мен әскери-тарихи әдебиетті көп оқимын. Өзімді мазалайтын сүрақтарға жауаптарды іздеп, туған өлкемнен, Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан атақты генералдар жайлы ғылыми жобаны жаздым.
Тақырып бойынша қажетті деректерді Облыстық Ішкі !стер Департамент! мұражайынан, Әскери қорғаныс Департамент!нің мүрағатынан тауып жаздым. Кейбір мәліметтер қазіргі уақытқа дейін құпия, қолжетімсіз болды.Сонымен бірге
Жанатай Ж,, Муканова С.К.
64
кей мәліметтерді жерлес-генералдарды танитын адамдармен кездесіп, хабарласып жинадым..
Жалпы облысымыздан шыққан 39 генерал есі мдері анықталды. Қызмет аясы бойынша генералдарды 4 топқа белуге бол ад ы:
Қызмет аясы |
Генералдар саны |
¥лы Отан соғысына қатысқан генералдар |
6 |
KCPO Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитет! және ҚР Үлттық Қауіпсіздік Комитеті генералдары |
6 |
Ішкі !стер Министрлігінің қатарындағы генералдар |
7 |
Қарулы Күштер қатарындағы генералдар |
20 |
¥лы Отан соғысына қатысқан Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан 6 адам кейін генерал атагын алды. Олар: Колосов Николай Андреевич, Карушин Александр Федорович, Бородин Василий Михайлович, Любых Николай Нестерович,Тимофеев Андрей Иванович,Якубец Федор Максимович.Біз Отаның қорғауда өмірің аямай, өшпес ерлік көрсеткен құрметті ардагерлердің. есімдерін мәңгі есте сақтаймыз.
Соғыстан кейінгі жылдары қауіпсіздікті сақтау саласында, әскер қатарында және ішкі істер бөлімдерінде қызмет етіп жоғары генерал атағын алған жерлестеріміз саны 33.
Қазақстан Республикасы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
елдерінің Қарулы Күштерінде қызмет ететін
генералдар-Солтүстік Қазақстан облысының тумалары.
KCPO кезінде Генерал шеңін алғандар
KCPO ыдырағаннан кейін генерал шеңін алғандар
1)Әлібеков Есет Қалиүлы
2) Бумагин Валерий Иосифович
3) Быков Анатолий Павлович
4)Дегтярев Виктор Антонович
5)3иборев Василий Георгиевич
- Михайличенко Николай Иванович
- Нұрмағанбетов Қадырғали
- Спичев Владислав Петрович
- Сырцов Михаил
- Ярмухамедов Булат Хайрханович
- Алимов Руслан Садвокасович
- Аушев Руслан Султанович
- Васимов Анатолий Шьяпович
- Игнатенко Валерий Александрович
- Кужилин Владимир Филиппович
- Кужилин Сергей Филиппович
- ) Круш Михаил Кондратьевич
- Курматов Юрий Шамильевич
- Тасболатов Абай Бөлекбайүлы
- Шевцов Леонтий Павлович
Жерлес генералдар бүйрық бойынша шет елдерінде маңызды қызмет атқарып абыроймен атаққа ие болды.
Жүмыс барысында мен оқып жүрген мектебімді кезінде бітірген 2 генерал жайлы қызықты мәліметтер таптым Олар: Мәжитов Марат Әлимжанұлы және Тайжанов Ерлік Серікбайұлы. Олардың өмірі, әскери қызметі жас ұрпаққа Отанға адал қызмет етуде үлгі болады деп сенемін.
Әдебиет:
- Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы,- Алматы," Арыс" 2006 ж.
- Тасболатов А. Есімдері-Ел есінде. - Алматы, "Фолиант" 2012 ж.
- Қазақстан қауіпсіздігі күзетінде.- Алматы, "Ғалым" 2003 ж.
- Солтүстік Қазақстан Ішкі !стер Департамент! мұражай қорының деректері.