Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Солтүстік қазақстан облысы батырларының тарихи маңызы

«Өткен тарихымызды білмей, болашағымыз да қараңғы,» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, келешегімізді жарқын ету үшін тарихымызды білген абзал. Қазақ халқымыздың тарихы бостандық пен еркіндік жолындағы талай- талай сан ғасырлы күрестермен, елімізді және жерімізді қасық қаны қалғанша қорғаған айбынды батырлардың есімімен белгілі.

Еліміздің тарихы жоңғарлардың жасаған қанды шайқастарымен байланысты. Ата-жауымыз жоңғарлар қазақ халқының берекесін қашырып, шаңырағын талай рет шайқалтқан болатын. Олар өздерінің қанды жорықтарын асқан қатыгездікпен жүргізіп, қарапайым халықты ауыр халге түсірді. Әсіресе, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атты елімізді қан қақсатқан қайғылы жылдар қара қаламммен тар их бетінде басылып қалған.

Жоңғар шабуылының салдарынан қазақтардың басына түскен аса ауыр жағдай еліміздің абыройын сақтап қалған батырларымыздың қалайда күш біріктіруіне мәжбүр етті. Қаракерей, Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек, Баян батыр, Райымбек, Малайсары сияқты жауға қарсы қол бастаған, ел мен жерді қорғау кезінде ерлік көрсетіп, аты аңызға айналған батырларымыз осы тұста аса маңызды рөлді атқарды.

Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елді, жерді қасық қандары қалғанша қорғаған қазақ батырларымыз қатарында ерлік көрсеткет біздің жерлес Солтүстік Қазақстан облысымыздың батырларын кездестіруге болады. Олар: Баян батыр, Ағынтай, Есет, Сексен батыр, Дәулен батыр, Андықожа, Бақсары, Жанатай, Жансүгір, Жәпек батыр. Біздің жерлес батырларымыз өздерінің жүрек жұтқан қайсарлығы мен айбынды батырлықтарының арқасында жерімізді жауға таптаттырмай, елімізді аман сақтап қалуға септігін тигізді. Осындай айбынды тарихи тұлғаларымыздың есімі көпшілікке әйгілі болса да, олардың жасаған ерліктерін және тарихтағы маңыздылығын көбі біле білмейді. Осы себептен батырларымыз жайлы толыққанды деректер беріп, олардың тарихи маңыздылығын көрсеткен жөн болады.

Жүрегі Отаным деп соққан біртуар перзенттеріміздің бірі Баян батыр. Ол елі үшін, жері үшін анталаған жауға төтеп беріп киелі жерімізді сақтап қалған алып күш иесі. Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек батырымыз батылдығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген, қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған.

Баян жөнінде деректерді Мағжан Жумабаевтың "Батыр Баян" поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі.

Қазақ батырларының, соның ішінде Баянның елдікті сақтап қалудағы ерлігі Үмбетай мен Тәттіқара толғауларында жақсы баяндалған. Үмбетай жыраудың «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында былай делінген: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Сары, Баян мен Сағынбай қырмап па еді жауыңды, қуантпап па еді қауымды, ұмыттың ба соны, Абылай». Бұл толғаудан, батыр Баянның Абылай ханның тірегінің бірі екенін байқаймыз. Оның ел қорғаған басқа да батырлармен, қазақ халқының туын жықпаған, талай шайқастарда ерлік көрсеткен хас батырының бірі болғанына көзіміз жетеді. Тәттіқара толғауында: «Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы. Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы». Бұл жолдар Баян батырдың ержүрек батылдығын, тұлғалы азамат болғанын дәлелдейді.

Шоқан Уәлихановтың «Исторические предания о Батырах XVIII века» атты мақаласында Баян батыр жайлы мағлүматтар бар. Мұнда да Баянньщ ержүректілігін, ақылдылығын Абылай ханның жоғары бағалағанын баяндайды. Уақ батыры Баян Абылай ханмен бірге Қытай жасақтарына қарсы соғысқа қатысады. Қытайлармен айқаста Абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда Абылайдың әскерінің шегінуіне мүмкіндік жасап, Баян қолы қытайлармен айқасады. Бұл шайқаста Баян өзінің тапқырлығымен, ержүректілігімен, найзагерлігімен көзге түсіп, хан әскерін құтқарады.

Шоқанның жинаған деректері бойынша Баян Абылайдың ең жақын батырларының бірі болған. Ол ағасы Сары батырмен бірге уақ-керей руларының жасақтарын бастап қалмақтарға қарсы соғысқан. Абылай хан Баян батырды ерекше бағалаған болатын және «үш жүздің батырларының ішінде кімдерді ерекше бағалайсыз», - деген сұраққа екі батырды ерекше атайды. "Бәсентиін Малайсары батыр байлығымен, батырлығымен, мінезімен ерекшеленсе, Уақ Баян ақылдылығымен, батырлығымен, ержүректілігімен ерекшеленеді", - деп жауап берген екен. Шоқанның бұл мәліметтерінен Баянның ханына да, халқына да мәлім, айбынды қолбасшы және ержүрек жауынгер болғанын көреміз.

Баян батырдың обрыздық бейнесін жасауда қазақ әдебиетінде Мағжан ағамыздың алатын орны ерекше. Оның "Батыр Баян" поэмасы батырдың толыққанды бейнесін ашады. Поэма аса көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. Сезім де, махабат та, батырлық та, жан күйзелісі де дастанда жыр болып өріледі. Поэмадағы батыр Баян тағдыры ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Шоқтығы биік Баянның бейнесі поэмада былай суреттеледі: - Қанайым, ойың удай, тілің шаян, амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі, Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның әруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян — деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқаймыз. Баян батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық құндылықтан жоғары қояды. Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.

Біртуар батырларымыздың бірі, әрі жыршы, әнші болып табылатын сегіз қырлы бір сырлы Қожаберген еліміздің тарихында өшпес орын алады. Ол туралы талай қаламгерлеріміз құнды мәлі меггер беретін еңбектер жазған болатын. «Қожаберген батыр - жырау орта жүздің Керей руынан тарайды. Біздің солтүстік өңірде Керей шежіресін алғаш рет ұрпаққа мұра етіп қалдырушы Ашамайлы Керейдің Көшебе руынан шыққан атақты қолбасшы батыр, Қожаберген жыраудың ұлы атасы Дәулен Таузарұлы болған. Үлкен шежіре содан қолдан- қолға өтіп жүріп, ақыры Сегіз Cepi Баһрам ұлына (Дәуленнің жетінші ұрпағы) келіп жеткен.» [1; 2626.]

«Ерлікпен мағұлым болдым алыс-жатқа, Ән шырқап, қобыз тарттық көңіл шатта.

Бітіріп медресені шыққаннан соң, Имам боп он жетімде міндім атқа.

Oh сегізде әйгілі балуан болып,

Oh тоғызда іліндім батыр атқа.»- деген сөздерінен оның асқан дарындылығын көре аламыз.

«Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер»- деп халық даналығы айтпақшы, Қожабергеннің әкесі де тепсе темір үзетін алып күш иесі болған. «Оның әкесі Толыбайсыншы ел қорғаны- батыр болумен қатар, үста-зергер, балташы, өрімші, етікші, дихан, аңшы, құсбегі, мерген, балуан, емші, атбегі, сөзге шешен, ақындық қабілеті бар әрі көрген кісі болыпты.» [1; 96.] Халқымыздың абыройын сақтап қалып, жауға қарсы ақ найзасын қолға алып қастерлі жерімізді қорғаған Қожаберген батырымыз тек батыр ретінде ғана емес, сонымен қатар жауға қарсы халықтың рухын көтерген ақын ретінде де танылған. Оның «Елім- ай» жыры Қожаберген бабаның ел тарихындағы алар орны мен тәуелсіздікті қан майданда қарсы түрып қорғаған ерлігін және ел тарихын баян етеді. Осылайша қазақ халқымыздың ұлттық құндылықтарын сақтап қалуға барынша мол үлес қосқан біртуар батырымыздың есімі алты алашқа әйгілі болған.

Еліміздің қастерлі жерін сақтап қалуға бар күш жігерін салған Ағынтай батырымыздың есімі ел есінен еш уақытта да өшпейтіні анық. «Есім хан мен Жәңгір ханның сенімді батырларының бірі. Ағынтай 1620 жылдан бастап жоңғарлармен болған көптеген үрыстарға белсенді түрде қатысқан. Талай рет жаудың батырларымен жекпе-жекке шығып үнемі жеңіп отырған.» [2; 576.]

Белгілі Шапырашты руының атақты Қарасай батырымен бірге Салқам Жәңгірді қалмақ түтқынынан босатып алуға қатысқан Агынтай батырдың орасан күштілігі мен батылдығы туралы халық аңыздарында көп айтылған. Аңыздарда Агынтай батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі де айтылады. Оның жүдырығы тигенді сау қалдырмаған. Сондықтан да халық жұдырығы қатты адамды «Агынтай жүдырығы» деп атап кеткен. «1643 жылы болған Орбүлақ шайқасында болған Жәңгір ханның 600 сарбазының ішінде болып, жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы соғысқан.» [2; 576.] Жауларды сескендірген алып күш иесі болған батырымыздың қазах халқының тарихындағы алатын маңызы ерекше. Қазір Солтүстік Қазақстан облысыынң Айыртау ауданындағы халықтың көздің қарашығындай сақтайтын осы жерінде халықтық азат ету қозғалысының әйгілі батырларына арналған ерекше мемориалдық кешен түрғызылды. Бүл халықтың ел қорғаған батырларына деген зор сүйіспеншілігі мен алғысының көрсеткіші ғой.

Егеулі найза қолға алған, еңку, еңку жер шалған қайсар батырларымыздың бірі Сесксен батыр болып табылады. Бірақ ол туралы қаламгерлеріміз аса көп жаза қоймаған және де көпшілік те өте жақсы біле білмейді. Бірақ та оның елімізді жоңғарлардың қанды шабуылынан қорғаған ерлігі тарих бетінен өшпейді. Ол тек батыр емес, сонымен қатар сері, ақын, жыршы болған. Оның өз Отанына деген махаббаты оның жауға қарсы жігерін шындап отырған. Сексен батыр «Туган еліме» атты өлеңінде:

«Туған ел, сіздер үшін болып алаң,

Дүшпанға қарсы түрған Сартай бабам,

Талқандап ата жаудың бекіністерін

Ep болды халайықтан алғыс алған.» [3; 3256.]

Оның халқымызды азаттық жолына әкелуде аянбас ерен еңбегі тарихтың бір бөлшегі іспеттес еліміздің есінде мәңгілікке қалануы тиіс.

Жерімізге жауды жуытпауға тырысқан Дәулен батырымыздың алатын түғыры биік. XVI ғасырдың екінші жартысы мен XVII ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген Дәулен - Қызылжар өңірі мен Батыс Сібір хандығы қазақтарының ордабасы болып, Сібір хандығын орыс елінен қорғау соғысына қатысқан көрнекті түлға. «Бүл замандарда Қазақ Ордасы мен Сібір хандығының еншісі толық бөлінбеген, шектестігі өз алдына, әуел бастан-ақ Сібір жүртындағы ең негізгі түрік рулары - Керей, Уақ, Арғын, Қыпшақ, Жалайыр және Табын болған.» [4; 716.] Дәулен батырдың есімі алты алашқа әйгілі болып, оның есімі көптеген жырларға арқау болады. Ол туралы Дәстем сал:

«Қазақтың ордабасысы

Дәулен батыр дер екен.

Керей-уақ көсемі

Дәулен асқан ер екен».

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» дегендей, қорыта келгенде, елі үшін жаны ашыған жері үшін қаны төгілген жауға қарсы соны демі қалғанша күрескен батырларымыздың тарихымызда, ата жауымызға қарсы азаттық күрестерде маңыздылығын анық көруге болады. Осындай ірі түлғаларымыз, қайсар батырларымыз болмаса, біз қазір осылайша тыныш уайым-қайғысыз өмір сүруіміз екі талай. Сол себептен ата-бабаларымыздың, асқан батырларымыздың есімдерін үлықтау біздерге, қазіргі жастарға, парыз болып табылады. Заман ағысымен қанша жылдар өтсе де, қанша заман өзгерсе де батырларымыздың есімі тарихтың бетінде алтын қаламмен басылып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетініне мен кәміл сенемін. Осы сөзіме Мағжан ағамыздың өлең шумағы дәлел бола алады:

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан

Ерлерді үмытса да ел, жер үмытпас.

Арқаның селі, желі, шөлі, белі

Ерлерді үмытпаса, ел де үмытпас.

 

Әдебист:

  1. Жұмабаев C.Биғожин Қ. «Қожаберген жырау», Петропавл қаласы, Облыстық баспахана. 2003 жыл. - 288 бет.
  2. Тасболатов А. «Есімдері ел есінде», Астана қаласы. Фолиант баспахана, 2012 жыл.-252 бет.
  3. Жұмабаев С. «Тутан ел шежіресі», Петропавл каласы. 2007 жыл.-496 бет.
  4. Мағауин М. «Қазақ тарихының әліппесі», Алматы қаласы. 1995жыл.-154 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.