Қазақстан жерінен соғысқа аттанған ата-бабаларымыздың көптеген есімдерін біле қоймаймыз да... Менің атамның да есімі еш кітапка енгізілмегені мені қатты толғандырады. Менің арғы атам Шоң Рахымов. Отаны үшін қан төгіп, бейбіт өмірде де елінің болашағы үшін бар күшін аямай, соңғы демі қалғанша, өз жүмысына адал болған адамдар қатарынан болғанын негізге ала отырып оны жастарға үлгі, өнеге ретінде қарастырып отырмын. Қазіргі ақпараттық соғыс заманында ¥лы Отан соғысы батырлардың ерлігін жоққа шығарып, тарих беттерін бүрмалау күнделікті өмірге айналып отыр. Жыл сайын азайып бара жатқан ардагерлерімізді келеке ететін шетелдік фильмдер біздің өмірімізге еніп, жас үрпақты мәңгүрт етуде. Қазіргі кезде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген саналы көзқарастың болмауы салдарынан әскер қатарында қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бастап, мектепте, жоғары оқу орындарында және өзге де мекемелерде патриоттық тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі айқын байқалуда. Тәрбиенің бүл түрі жас үрпақты елін қорғауға, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды.
Ерлік - мәңгі жасайды. Ал ерлікті айта жүру елге-мақтан, ерге-абырой болса, бүл жерде менің парызым. Адам қандай да бір азаматты бағалаған кезде,ең алдымен оның қоғам алдындағы атқарған қызметін, елге сіңірген еңбегін ең басты өлшем ретінде қарастырады деп ойлаймын. Мен еліміз, жеріміз үшін тигізген зардабы мол соғысқа қатысқан арғы атам Рахымов Шоңның Отан алдындағы борышын өтеудегі ерлігі туралы қүнды материалдар қорын жинақтап, саралап үрпағына ұсыну, болашақта атам жайлы кітап шығаруды жоспарлаймын. Енді осы қайталанбас тұлғаның өмірі мен ерлігіне тоқталсам...
Арғы атам, Рахымов Шоң 1916 жылдың 25 желтоқсанында Кокшетау облысы, Чкалов ауданы, Амандық селосында көпбалалы, қарапайым отбасында дүниеге келген. Шоң жастайынан ержүрек, батыл, ақылды, зерек болып өседі, әсіресе математика пәніне қүштар болады. Отбасыда 3 ұл бала және 3 қыз бала болады. Әкесі - Жантілеуов Рахим, Ораз руынан шыққан қарапайым қазақ болатын. Еңбек жолын Красноармеец ауданының Ново- Сухатин орта мектебінде, қазіргі Тайынша ауданы, физика-математика пәнінің мұғалімі қызметінен бастайды. 1939 жылы Рахымов Шоң Қызыл әскер қатарында ақ финдермен соғысқа қатысады. Арғы атам осы сүрапыл соғысқа қатысқандығы жайлы көзі тірісінде айтқан болатын. 1940 жылы Краснодар әскери зенит-артиллерикалық училищеде оқиды. Кенеттен, батыста неміс-фашист басқыншыларымен 22 маусым 1941 жылы согыс басталғаннан кейін, оларды мерзімінен бүрын, қазан айында училищеден шыгарып, лейтенант атагын берген болатын. Осы жайлы өзінің майданнан оралғаннан бастап қазіргі кезге дейін сақтаулы тұрған күнделігінде: «1940 жылы,— деп жазады қаһарман офицер, — Краснодар әскери-атқыштар училищесінде оқыдым. Қырық бірдің жазында неміс-фашист басқыншылары Отанымызға опасыздықпен шабуыл жасағанда бізге шұғыл училищені бітірткізді. Лейтенант званиясын бергеннен кейін Мәскеуге Бас командованияның қарамағына шақырылдық. Бұл Мәскеу үшін айқастың нағыз шегіне жеткен кезі болатын. Қараша айының басында Дзержинский атындағы әскери академияның подвалында тағы да бір айлық оқуға кірістік. Бүл жолы оқу ерекше болды. Себебі біз мұнда алғаш «Катюшаны» минометпен ату тәсілін оқыған едік. Ал қырық бірдің желтоқсан айында Бас қолбасшының бүйрығымен Кенжеғалиев, Құттығұлов, Серікбаев секілді жас офицерлермен бірге мені Алматыға көмектесуге жіберді. 1942 жылдың шілде айында әскери дайындықтан өткен 100- бригаданы майданға аттандырды. Бізбен бірге шығыстың болашақ батыр қызы Мәншүк Мәметова өз еркімен майданға аттанған еді. Алғашында Мәншүк штабта қызмет істеді де, кейін пулеметші оқуын оқыды. Мәншүкпен мен Ржев, Великие Луки, Невель қалалары үшін болған шайқастарда бірге болдым» [1].
Қаһарман офицер мына бір шайқасты даралап жазыпты. 1943 жылдың 15 қазанында Калинин облысының Изочи стансасын босатып алу жөнінен шұғыл бүйрық беріледі. Бұл екі жаққа да стратегиялық маңызы орасан зор пункт болатын. Қаһарман совет жауынгерлері немістерге шабуылды таңғы сағат бестен бастады. Екі жақ та оқты қарша боратып жатыр. Талай өрім жастар қыршынынан қиылды, қан судай ақты. Изочи станциясы біресе жау қолына, біресе біздің қолға көшті. Өмір мен өлім арпалысқан сын сағатта Мәншүк Мәметованың пулеметі жауды баудай түсіріп қиратты. Батыр қыздың көмекшілері патрон әперуге әзер үлгеріп отырды. Жүздеген жау жер жастанды. Біздің жаяу әскерлеріміз немістердің алғы шептерін бүзып өтіп ілгері қарай жылжи берді. Совет жауынгерлерінің мүндай жанқиярлығы фашистердің ашу-ызасын туғызды. Олар енді көмекке авиация күштерін шақырды. Ондаған ұшақтар аспанда күндей күркіреп, ажал оғын дамылсыз себеді. Олар бірінен соң бірі Мәншүктің пулемет расчеты тұрған жерге шүйлікті. Мәншүк зеңбірек атылған кездерде талай рет топыраққа көміліп қалды.Ондайда қасындағы Ибраһим деген жолдасы: «Мәншүк!», «Мәншүк!» деп оны жоғалтып жүргені. Бір кезде Мәншүк жараланды. «Мәншүк қалқам, жараландың, медсанбатқа баруың керек» дегенге қарамастан, ол пулеметін тастамады. Кенет төпелеген жау артиллериясы оғынан Мәншүктің пулеметі үнсіз қалды. Бұл жаужүрек қазақ қызын мақтан тұтушы бүкіл бригада үшін аса ауыр қаза болды. Шоң Рахымүлы естелігінде көне орыс қаласы Невельдің орталық алаңындағы бауырластар зиратына қарулас қос серігі Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметова мен дивизия командирінің орынбасары подполковник Әбілқайыр Баймолдиннің қатар жерленгенін ет жүрегі елжіреп жазады. Рахымов осы ұрыста дивизион командирінің орынбасары, Невель қаласы үшін болған қан бүланған соғысқа 100-атқыштар бригадасының автоматшылар батальонының командирі болып қатысқан қанды көйлек досы лейтенант С. Қасымовтың да ерлікпен қаза тапқанын айта кетеді.
— Әсіресе,- деп жазады Шоң Рахымүлы одан әрі күнделігінде,- 1944 жылғы Вильнюс қаласы үшін шайқас шиеленісті өтті. Мұнда немістер ең мықты деген дивизияларын шоғырландырған болатын. Жау қанша күшті болғанымен, үшінші Белорусь майданының от жүректі жауынгерлерінің тегеуірінді қимылы қайдан шыдатсын. Бір күнде жаудың 12 шабуылына тойтарыс берілді [1].
Вильнюс қаласы үшін болған шайқаста асқан ерлік көрсеткен Шоң Рахымов екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Бүл оның жетінші наградасы еді. Солардың ішінде даралап айтарымыз қаһарман офицердің «Александр Невский» ордені. Шоң Рахымүлы аталмыш орденге 1945 жылы Манжурияда жапондармен болған шайқаста ие болған еді. Ол мүнда Бас командование резервіндегі 555- пулеметшілер полкының дивизион командирі болатын. Оның дивизионы жау әскерлерін қоршауға алып, қүртып жіберуде айрықша қимылымен көзге түсті. Қаһарман офицердің ерлігін Отан жоғары бағалады. Ол «Александр Невский», жауынгерлік «Қызыл ту», бір рет бірінші, екі рет екінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, 12 медальмен марапатталған екен. Барлығы - 18 награда [2].
¥лы Отан соғысынан елге оралған майдангер Шоң Рахымов халық шаруашылығын көтеру ісіне белсене араласып, адал қызмет жасады.Тың игерудің алғашқы үш жылында Қазақстанға 640 мың адам жаңадан қоныс аударды. Осыдан 60 жыл бүрын бүрынғы КСРО-ның түкпір-түкпірінен елімізге жастар ағылып келе бастады. 1954-1955 жылдары 6000 агроном, зоотехник, инженер мен механик жэне басқа да мамандар Қазақстанның үжымшарлары мен кеңшарларына жүмысқа жіберілді. Тыңның алғашқы жылдары, бүрынғы Ленин ауданына қарасты «Жаңаауыл» совхозының алғашқы қазығын қағып, оның экономикасын, мэдениетін көтеру жолында көп еңбектенді. Келген адамдарды жайғастырып, жүмысты ұйымдастыру керек еді. Қайта қүрылған Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Жаңаауыл совхозының бірінші директоры болып 1957 жылдан 1964 жылға дейін арғы атам Рахымов Шоң тағайындалды. Осы уақыттан кейін бар өмірін ауыл шаруашылық қызметіне арнайды. Рахымов Шоң 1970 жылы Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысты. Мэскеу қаласында өткен бүл көрмеге мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында үлкен жетістіктерге жеткен озаттар ғана жіберілген болатын. Олардың қатарында, 1970 жылдың қорытындысы бойынша Кокшетау облысынан атам да жіберілді, ауыл шаруашылығында жеткен жоғары көрсеткіштері үшін сертификат иегері.
Арғы атам совхоз басшылығында жүмыс атқарған кезде, оның қарамағында көптеген жас мамандар болды. Солардың бірі - Айтжанов Мади естеліктерінен:
— Целиноград қаласының ауыл шаруашылық институтын бітірісімен- ақ, мені туған жеріме - Жаңаауыл совхозына жіберді. Еңбек жолымды совхоздың №1 бөлімшесінде Рахымов Шоң Рахымовичтің қарамағында бастадым. Үстамды, қатал, эңгімеге шорқақ ол эрқашан қарамағындағылардың ортасында сыйлы болатын. Ол жүмыс істеген кезде бөлімше мал шаруашылығында болсын, егін шаруашылығында болсын үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ш. Рахымовичтың қасында қызмет еткен жас мамандар болашақта совхоздың, одан эрі ауданның да бас мамандары болды.
1972 жылы Еңбекшілдер ауданындағы «Восточный» совхозында бөлімше басқарушысы болып жүргенінде совхоз өндірісінде үлгілі басшылық жасағаны үшін ол Октябрь Революциясы орденімен наградталды. Қарт коммунист жасы үлғайса да, сол күнге дейін еңбектен қол үзген жоқ. Жоғарыда айтылған «Госкомсельхозтехника» облыстық бірлестігінде жұмыс істеді. Арғы атамның Отаны алдындағы сіңірген еңбегін үкімет басшылары жоғары бағалайды. Ол халықтар достығы орденімен, көптеген медальдармен жэне грамоталармен марапатталған.
Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә. Назарбаев «Біз жеңімпаздар үрпағымен мақтанамыз. Бүгінгінің Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі - Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге» деп айтқан болатын[10].
Менің атамның ерлігі мен еңбегі маған үлкен өнеге. Соғыстан аман-есен Отанына оралып, аянбай еліне қызмет жасап, 1987 жылы 2 ақпанда қайтыс болады. Болат Шоңүлының әкесі туралы айтқан сөздерінен, Солтүстік Қазақстан облысының дарынды жазушыларының бірі Тайлақ Жалмұрзеновтың шығармаларынан және біздің облыстың бетке үстар азаматтарының бірі, ¥лы атамның ізін жалғастырушы Мәди Айтжановтың естеліктерінен біз қозғап отырған түлға Рахымов Шоңның жауынгерлік өмір жолымен қатар, оның бейбіт кезеңдегі Отанына деген сүйіспеншілігі, еңбекқорлығы және іскерлігін байқаймыз. ¥лы Отан соғысынан елге оралған майдангер Шоң Рахымов халық шаруашылығын көтеру ісіне белсене араласып, адал қызмет жасады. Тыңның алғашқы жылдары, бүрынғы Ленин ауданына қарасты «Жаңаауыл» совхозының алғашқы қазығын қағып, оның экономикасын, мәдениетін көтеру жолында көп еңбектенді. Жаңадан шаңырақ көтерген шаруашылық өмірінің ащы- тұщысын қатар көріп, оның іргелі коллективке айналуына үлкен еңбек сіңірді. Қазіргі кезде Арғы атамның ізін жалғастырушы 6 баласы, 18 немересі, 17 шөбересі бар[8].
Әдебиет:
- Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы Алматы, "Арыс" 2006 ж.
- А. Тасболатов. Есімдері-Ел ссінде,- Алматы, "Фолиант" 2012 ж.
- А. Тасболатов. Қазақстан қауіпсіздігі күзетінде,- Алматы, "Ғалым" 2003 ж.
- Солтүстік Қазақстан Ішкі Істср Департамент! мұражай қорының деректері
- Тайлақ Жалмұрзеновтың «Қыран ерлік» әңгімесі
- Ф.Ахметжанованың «Кокшетау правдасы» газетінде жарияланған «Мәншүктің қарулас досы» амақаласы. 1985 ж.
- Болат Шоңүлының әкесі туралы естеліктері
- ҚазКСР академиясының акадсмигі, экономика ғылымының докторы, профессоры Баишев Сактаған Баишевичтің хаты- Алма-Ата қ.
- Назарбаев Н. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы: 2012 ж.