Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Солтүстік Қазақстан облысында этногенездің қалыптасуы

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда көпұлтты мемлекет. Елімізді 130-дан астам ұлт өкілдері мекен етеді. Олардың әрқайсысы өз тілі мен салт- дәстүрлерін сақтай отыра, өздерінің Отаны деп Қазақстанды таниды.Соның ішінде, мемлекетіміздің теріскей өңірі - Солтүстік Қазақстан да көптеген үлттардың басын біріктірген ортақ шаңыраққа айналып отыр. Облысымыздың этногенезінің қалыптасуы, әрине де, тереңге тамыр жайған. Әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуын этногенез (грек, ethnos - тайпа, халық жэне genozis - шығу, тегі) деп атайды [1;]

Облысымызға басқа өңірлерден адамдарды қоныстандыру , әсіресе, 1868 жылдың 21 қазанында қабылданған Патша жарлығынан соң көрінсі тапты,- Петропавл уезі 60 953 шаршы шақырым аумақта қүрылды, тұрғындардың құрамы: қазақтар - 42 524 адам, казактар - 27 748, қалалықтар - 9064 адам, ал 150 ауладан асатын казактың ірі елді мекендері - станциялар болатын. Тұрғындардың орташа тығыздығы бір шаршы шақырымға 1,64 адамнан келді. Өлкенің экономикалық және әлеуметтік қатынастарындағы ірі өзгерістер аумақты шаруалар арқылы отарлауға тікелей байланысты болды. Ақмола облысы, оның қүрамындағы Петропавл және Кокшетау уездері империяның басты отарланған аудандарына айналды. Сәйкесінше, осы аумақта өмір сүретін халық саны мен жаңа қоныстанушылар саны да көбейе түсті. Erep 1879 жылы облыста жалғыз ғана Явленное селосы болса, ал 1900 жылға таман ондағы селолар саны 44-ке жетті, олардың 6369 шаруашылығы және 39 340 түрғыны болды. Уездің барлық тұрғындарының саны 1900 жылға таман 99 934-ке жетті. Қал тұрғңындарының саны 1868-1900 жылдары Петропавлда 9 604-тен 21 749 адамға дейін өсті, яғни бүл 226,4% құрады [2; 45-6.]. Жергілікті зиялылардың қаржысымен кітапхана ашылып, 1896 жылға таман онда 4 мыңи томға жуық кітап болды. Империяның шалғай шетіндегі Солтүстік Қазақстан енді шаруа отарының аймағына айналды. Онла метрополияның саяси дамуы және әлеуметтік-экономикалық процестер жүзеге асты. 1860 жылғы реформадан кейін уездеіг әлеуметтік-экономикалық өмірдің жаңа құбылыстары XX ғасырдың басында одан әрі дами түсті. Облыс аймағында шауралардың қоныс ауларуы күрт өсті, мүның өзі П.А.Столыпиннің реформасымен байланысты еді. Ақмола облысында қоныс аудаурушылардың орташа жылдық мөлшері 1901-1905 ж. 7675 адамды қүрады, 1906-1909 ж. - 80 761, 1910-1914 ж. - 33 943 адам. 1917 жылы уездегі түрғындар саны: қалалықтар - 50 563, орыс, украин шаруалары - 112 827, қазақтар - 107 811, казактар - 50 752 .Сөйтіп, 1880-1917 жылдар аралығында тұрғылықты халықтар саны 321%-ға өсті [2; 47-6.].

Алайда XIX ғасырдың 60-70-жылдарынан бастап қоныс аударушылардың қаптап келуі, шұрайлы жайылымдар мен құнарлы жерлерді тартып алуы қазақ халқының арасындағы ашаршылықтың басты себебіне айналды. Өткен ғасырдың 30-жылдарын ағылшын тарихшысы әрі жазушысы Р.Конквест нағыз геноцид деп атады. Соның салдарынан қазақстардың саны Солтүстік Қазақстанда 788 090-нан 445 821 адамға дейін азайды. Зерттеушілер 1930-33 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстанда 460,9 мың адам немесе қазақ тұрғындарының 51,4%-ы аштан өлгенін анықтады [2; 168-169-6.]. Бұл оқиға, әрине де, өңірімізде этногенездің қалыптасуын біршама баяулатты. Дегенмен, кейінірек облыс аумағындағы ахуал біршама дұрысталған болатын. XIX ғасырдың 40-жылдарына таман жергілікті театр репертуарында орыс және әлем классиктерінің, украин драматургтарының шығармалары болды. 1935 жылы тұңғыш қазақ театры ашылса, 1934-1938 ж. Петропавлда татар театры жұмыс істеді [2; 56-6.]. Бұл да сол кезде өңірімізде көптеген ұлт өкілдері өмір сүріп, жалпы облысымыздың мәдени дамуына өз үлестері н қосқандығының бірден-бір дәлелі.

Еліміздің теріскей өңіріне тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде қоныстанушылар саны әсіресе көп болған. КОКП OK Пленумының қыркүйек (1953) және ақпан-наурыз (1954) қаулыларына сәйке алғашқы екі жылдың ішінде тың игеруге 18 мың жаңа қоныстанушы келді. Облыстың ауыл тұрғындарының саны өсті. Жалпы, Қазақстан жеріне 1954-1955 жылдары еңбекке жарамды 40 мыңеңбеккер бар 20 мыңға жуық әртүрлі үлт өкілінің отбасылары көшіп келді. Тың жерлерді игеруде құрылысшылардың қосқан үлесі зор болды. [2; 593-594-6.]. 1954 жылдың 17 наурызында облысқа 2666 тың игеруші патриоттар келді. Булаев станциясына Сочи қаласынан 200 тың игеруші мінген поезд келді. Олардың барлығы да «Булаев» астық совхозының негізін салуға аттанып кетті [3; 160-6.]. Сол жылдың көктемінде келгендердің жалпы «географиясы» мынадай:

Краснодар өлкесі

2406

Мәскеу

1013

Ленинград

1048

Ярославль облысы

603

Алматы

78

Украина

1057

Мордва AKCP

369

Донбасс

35

Жоғарыдағы кестеге Сочи мен Одессаның, Воронеж бен Курскінің, Калинин мен Горькийдің, басқа да қалалардың өкілдері енгізілген жоқ. Наурыздың соңына қарай Ресей мен Украинадан 2,5 мың адам тың игеруге келді [3; 101-6.]

Ал 1954 жылдың 1 шілдесінде КОКП OK ақпан-наурыз пленумына сәйкес облыстың селоларына еліміздің әртүрлі аймақтарынан 410 ауыл шаруашылық мамандары қоныстандырылды [3; 160-6.].

1999 жылғы санақ мәліметтері бойынша СҚО халқының саны 725,9 мың адамды құрады. Алдындағы 1989 жылғы санақ уақытынан бері облыс тұрғындарының саны 186,2 мың адамға немесе 20,4%-ға азайды. Халық санының кему үрдісі қазіргі уақытта да байқалады. Соның ішінде, алыс шет елдерге эмиграцияға кететіндер санының өсуі 80-жылдардың соңынан басталды. Басқа елдерге, әсіресе, Германияға 9,6 мың адам қоныс аударған. 1995 жылы ол шарықтау шегіне жетті. Кейінгі жылдары көші-қон қарқыны азайды. 1998 жылы 5,2 мың адам көшті, бұл 1995 жылмен салыстырғанда 46%-ға кем. Бүгінгі күні басқа елдерге көшіп кетушілер азайып, көшіп келушілер саны біршама артты. 2001 жылы 1999 жылмен салыстырғанда ТМД елдеріне көшіп кеткендер саны 31%-ға азайып, 4,3 мың адамды құрады. Көші-қон қарқыны мен сипаты қоғамда ьолып жатқан үрдістермен тығыз байланысты [2; 18-19-6.].

Облыс аумағында 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 96 ұлт өкілі тұрады. Тұрғын қазақ саны 201,8 мың құрады, оның жалпы халық санынан алар үлестік салмағы 22,6-дан 30,3%-ға өсті. Орыстардың саны 108,1 мың адамға азайды (23,0%), енді 339,6 мың немесе облыстың барлық халқының 50,6%-ын қүрайды. Сонымен қатар, украиндар (43,0 мың немесе 6,4%), немістер (34,2 мың немесе 5,1%), татарлар (14,1 мың немесе 2,1%) саны көп үлттар қатарында. Басқа ұлт өкілдері (89 мың) 2% құрайды. Кей ұлттардың қалалық және ауылдық жерлерде тұруының мынадай көріністері байқалады: 84,7% поляктар, 82,4% немістер, 79,4% гректер, 76,7% белорустар, 76% қазақтар, 73,9% шешендер, 72,4% литвандықтар, 71,5% украиндар, 71,4% ингуштар, 66,9% әзірбайжандар ауылда түрады; 61,9% татарлар, 77,6% сығандар, жартысынан көбі керейлер мен орыстар, 49,1% армяндар, 48,3% грузиндер - облыс қалалары мен кенттерінде тұрады.

Ең көп жеті ұлттың өкілдері - қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, поляктар, татарлар, белорустар - облсы аумағының барлық жерінде тұрыпжатыр. Поляктардың тұтастай тығыз орналасуын атап айтқан жөн: 81,1% - Тайынша ауданының түрғындары. Мүнда немістердің 23,1%-ы, украин мен белорус үлтынан 18 астам. Татарлардың жартысынан көбі және орыстардың 41,2%-ы облыс орталығы - Петропавл түрғындары. Қазақтардың ең жоғарғы үлестік салмағы Уәлиханов және Ақжар аудандарындағы санақпен тіркелді: - тиісінше 84,6 және 72,4%, Петропавл қаласындағы орыстар - 72,9%, Қызылжар ауданында 66,5%. Басқа үлттардың үлесі былайша өзгерді: украиндар - Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда 13,6% болса, Уәлиханов ауданында 2,5%-ға дейін, немістер Тайыншада 14,2% болса, Петропавл қаласында 21,1%; Тайынша ауданында поляктар 22,7% болса, Уәлиханов ауданында 0,1%; татарлар - Мамлютта 5,8% болса, Тайыншада 0,6%, белорустар Тайыншада 3,1% болса, Есілде 0,6%. Kon үлттар түратын ең үлкен сан (74) Петропавл қаласында, ең аз сан (36) Уәлиханов ауданында белгіленді [2; 20-21-6.].

Бүгінгі таңда мемлекетімізде өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілі өз тілін, әдет- ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін біліп, сақтауға толық құқығы бар, әрбір үлттың өз диаспорасы бар. Біздің облысымызда да осы бағытта көптеген жұмыстар жасалынып жатыр. Облыс орталығы -- Петропавл қаласында Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы орналасқан. Аудандарда 59 үлттық мәдени бірлестігі жүмыс істейді. Кіші ассамблея мен ұлттық-мәдени орталықтар Солтүстік Қазақстанның қоғамдық және мәдени өміріне, мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерді өткізуге белсене қатысады. Ғабит Мүсірепов атындағы, Ақдарында қазақ, славян, украин,неміс орталықтары, Петропавл қаласында «Қазақстанның орыс,славян, және қазақ ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің филиалы құрылды. Облыс орталығында кіші ассамблеяның қамқорлығымен №7 мектепкешенінің негізінде ұлттық жаңғыру мектебі ашылды. Оның неміс, армян, поляк, татар, кәріс, шешен, азербайжан, украин, еврей, беларус бөлімшелері бар. Ал Тайынша ауданының 16 мектебінде мыңнан астам жасөспірім поляк тілін оқиды [4]. Осының бәрі көпүлтты облысымыздың бейбітшілігі мен бірлігінің айқын дәлелі. Ал бұл тұтас мемлекет дамуында үлкен әрі маңызды рөл атқарады. Еліміздегі ұлтаралық ынтымақтастық - ел экономикасының, ішкі, сыртқы жағдайының, жарқын болашағының бірден-бір сенімді кепілі.

 

Әдебиет:

  1. Нысанбаев Ә. - «Қазақстан» Ұлттық энциклопсдиясы I том - Алматы - Қазақ Энциклопедиясының бас редакциясы - 1998ж.
  2. Асылбек Р. - Солтүстік Қазақстан облысы - Алматы - Арыс - 704 б. - 2006 ж.
  3. Есимханов, Журавская - Тыңның алтын кітабы - Петропавл - ОАО «Полиграфия» - 657 б. - 2004 ж.
  4. Біз отан тағдырына жауаптымыз: Облыс әкімі Т.А.Мансүровтың Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының 9 сессиясында жасаған баяндамасы. //Солтүстік Қазақстан.-2004,- 30 сәуір.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.