Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тілді меңгерудің тиімді жолдары

Қазіргі кезде білім берудің барлық сатыларында күрделі өзгерістер болып жатқаны баршаға мәлім. Оқытудың мазмұны мен әдістерін қазіргі білім беру жағдайына сай бейімдеу, әсіресе орта мектепті орыс тілінде аяқтаған ұлты қазақ студенттерге ана тілін оқытудың, үйретудің әдістемесін зерттеу, зерделеу мәселесі өзекті деп санаймын.

Орыс тілді мектептегі қазақ балалары мемлекеттік тілді екі түрлі жолмен үйреніп жүргені белгілі. Бірі - отбасында тілдік қарым қатынасқа түсу арқылы үйрену, екінші - оны арнайы оқу бағдарламасы бойынша жүргізілетін қазақ тілі сабақтарында меңгеру. Қазақша сөйлеуге үйренудің екі түрі де тиімді. Алайда тәжірибемде байқағаным арнайы тақырыптар бойынша оқу үрдісінде ана тілін меңгеру оң нәтиже бере қоймайды.

Сондықтан тіл үйретуде студенттердің өздік жүмысына жылдағы дәстүр бойынша бір семестрге қазақ әдебиетінің шығармаларын оқуды қолға алдым. Кейде студенттер өз бетінше оқуға тапсырма алғанда қандай шығарма оқу керектігі жөнінде кеңес сұрайды. Өз бетінше тауып, оқып келетіндер де бар. Бір қызығы, студенттер кейбір шығармаларды кітаптан оқығаннан гөрі интернеттен оқығанды оңайсынады. Бұған дейін кейбір топтар Сәбит Мүқановтың «Өмір мектебі»; Ілияс Есенберлиннің «Махаббат мейрамы»; Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Оралхан Бөкеевтің «Қайдасың, қасқа құлыным», Б.Момышұлының «¥шқан ұя» кітабын, Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романын, Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндерін» оқыған болатын. Тілдері шала қазақ студенттеріне кез келген шығармаларды ұсына алмайсың. Мүмкіндігінше қызықты, сюжетті, тілі жеңіл шығармалар іздейсің. Студент шығарманың тілін түсінбеген соң әдеби шығармаға, жалпы қазақ әдебиетіне деген қызығушылығы бәсеңдейді. Жоғарыдағы шығармалар көпшілігіне үнады.

Әрине, аталмыш шығармаларды оқығанда қажетті мәліметтерге назар аудару тапсырылды:

  • үнаған үзінділерді жаттау;
  • әртүрлі тақырыптағы мақал-мәтелдерді теріп жазу, түсіндіру;
  • түсіндірмелі сөздікпен жүмыс. Сонымен қатар кітапты оқу барысында оқығанын ой елегінен өткізіп, мазмұнын өз сөзімен айтып беру. Мұндай әдіс өзіңнің білетініңмен ой бөлісіп, оқыған мәліметтерді жадында сақтап, керек кезінде қолдана білу шеберлігін қалыптастырады.

Оқығанды айта білу - студенттің сөздік қорын молайтып, сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Көпшілік алдында оқығаныңды сәтті айтып беру үшін студенттің алдында көптеген сұрақтар туындайды. Мәселен, сөзін қалай бастау керек, қалай ойын сабақтау, немен аяқтау, тыңдаушылардың назарын қалай аудару керек.

Жалпы студенттерге жақсы туындылар ұсыну үшін оқытушы алдын-ала кітаппен танысып немесе еске түсіріп алу қажет. Содан кейін ғана топ алдында кітаптың сыртқы мұқабасы оқылады, авторы туралы қысқаша тоқтау қажет. Кітаптың екінші бетіндегі қысқаша аңдатпа шығарманың бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Басылымның қай жылы жазылғанына немесе басылғанына назар аударту, мысалы 60-70 жылдардағы шығарылған кітаптарды оқыса, ондағы мәліметтер ескергенін есте ұстау керек. Студенттер кітап оқымайды емес, оларға қызықты шығармаларды ұсына білу керек. Қазіргі жастардың талғамы биік, талабы жоғары. Күнделікті сабақ тәжірибесі көрсетіп жүргендей, кейбір студенттер оқыған ақпараттарды орыс тілінде оқыған шығармаларымен салыстырып айтатындарына да көзім жетті.

«Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ретінде қоғамның, өзгетілді ұлт өкілдерінің қажеттілігін, сұранысын өтейтін тіл дәрежесіне жеткізу» деп ой түйіндейді Б.Қасым «Инновациялық технологиялар - мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінде» еңбегінде. [3]. Келтірілген ғылыми тұжырымдарды пысықтай түссек, қазіргі заман ұстаздар қауымына жан-жақты білімді, ұлттық негізде тәрбиеленген, мемлекеттік тілді меңгерген тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді. Осыған орай биылғы оқу жылынан бастап ақпараттық технология факультетіндегі орыс тілді мектепте оқып келген қазақ балаларының сауаттылығын, шығармашылығын дамыту мақсатында өз өмірлерінен сыр шертетін, бір сәттік кезеңді сипаттайтын күнделік жазуға дағдыландырып жүрмін.

Күнделік - әр күнгі немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін оқиғаны тізіп жазып отыратын ойға, сырға қиялға толы жазба дәптер. Оның стилі де басқаша, яғни еркін болғандықтан орыс мектебін бітірген студенттерге ыңғайлы деп ойлаймын. Төменде аталмыш факультет студенттерінің жазған алғашқы «студенттің күнделігін» ұсынып отырмын. Әрине, тіл әдебиет мамандығында оқымағандықтан небір кемшіліктер «студенттің күнделігі» стиліне кешірімді деп ойлаймын. Жалпы орыс тілді студенттерге күнделік жазуды дағдыландыру жағын қолға алған жөн секілді. Олай дейтін себебім, өз тәжірибемнен түйгенім мол. Ол мәселе болашақ мақалаларда айтыла жатар.

Төменде кейбір үзінділер беріледі:

Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен кейін өмір деген әлемде өз тәртібі мен талаптары болады. Мәселен, Алғашқы қоңырау... Соңғы қоңырау... Студентгік өмір...Алғашқы сессия... Уақыт қалай зымырап өтеді десеңші?! Иә, қазір мен студентпін. Мен мектепте оқып жүргенде студент болуды аңсайтынмын. Оған себеп, ата-анамның, үлкен әпкелерім мен ағаларымның студенттік өмір туралы әңгімелері деп білемін. Әкем әрқашан қайта айналып келмес студенттік шағы туралы жымия есіне алатын. Сондай оқиғалардың бірі - олардың кешкілік топпен жиналып қазіргі «Ударник» кинотеатрына барғандары, жатақханадағы талай қызықты ұйқысыз өткен түндері туралы айтқанда мен қызыға тыңдайтынмын. Олардың айтуынша студенттік шақ - адам өмірінің мәңгілік есінде қалатын, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ерекше кез.

Иә, менің асыға күткен студенттік өмірім де өтіп жатыр. Әрине, әкем айтқан әңгімелер сияқты қызықты өтіп жатқан жоқ. Оның себебі, оқудың қиындығы, жаңа орынға әлі де болса үйренбегенім деп ойлаймын. Алайда оқудың қиындығына қарамастан студент болу өте қызықты. Осы аз уақыт ішінде топтастарымен жақындасып, достасып кеттім. Бізді алдымызда талай-талай қызықты күндер күтіп тұрғанына мүлтіксіз сенемін.

(Әйіп Аруана, Ин(е)-ІЗ)

Жастық шақ адам өмірінің талпынысқа, ұмтылысқа, жігерге толы кезеңі. Міне, мен де мектепті бітіріп студент атандым. «Мектеп» атты білім кемесіндегі балалық шағым аяқталып, өмірдің жаңа қадамына аяқ басып жатырмын. Алтын ұя мектебіммен бірге балдәурен балалық шағыммен, ауылыммен, ұстаздарыммен, сыныптастарыммен қош айтыстым. «Армансыз адам, қанатсыз қүспен тең», - деген нақыл сөзді жиі естимін. Сол айтқандай, мен де арман қуып, үлкен ой жетелеп осы оқу орнына түстім. Қуанышымда шек жоқ екені айтпаса да түсінікті. Себебі мектептің соңғы сыныптарында оқып жүргенде, студенттік кезімді көп елестеттім. Сол туралы көп ойладым. Шынымды айтсам, мен басқа оқу орнына түсуді ойлағанмын. Бірақ қазір осы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін таңдағаныма еш өкінбеймін. Оған себептер өте көп. Біріншіден, бұл оқу орнында көп жақсы адамдармен, мұғалімдермен таныстым. Әрине, оқу оңай емес, оны бірінші күннен-ақ бізге жақсы түсіндірді.

Қазіргі кезде барлық ақпарат беттерінде XXI ғасыр - білім мен ғылымның ғасыры екенін жиі айтады. Білімділігін мойындатқан адам ғана өзгенің алдына түседі. Сондықтан қазіргі кезде мен барлық сабақты зейін қойып тыңдап, жоғары бағамен оқып жатырмын. Erep кез келген студент ынтамен оқыса, алмайтын қамал болмайды. Оған барлық жағдай жасалған. Университетте білімді маман- ғалымдар, профессорлар, кандидаттар сабақ береді. Мысалы, ағылшын тілін үйреніп жүрміз. Ал қазақ тілі сабағында көптеген әртүрлі тақырыптарды өттік, бүрын білмеген қазақ салт-дәстүрлері туралы оқып білдім, баталарды жаттадым. Математикада біз есептерді әртүрлі тәсілмен шығарамыз. Ал информатика пәнінен компьютер туралы жаңа мәліметтерді білдім. Оқу орның бай кітапханасы да студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасайды. Заманауи техникамен жабдықталған оқу кабинеттері, зертханалар осы оқу орнын таңдағаныма тағы да қуаныш сыйлайды. «Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы», - дегендей барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, өз ісімнің маманы болғым келеді. Шынын айтсам, оқуым қиын, бірақ қызықты. Кейде қатты қиналатын кездерім болады, бірақ бар күшімді салып оқуға тырысам. Себебі болашақта бүл мамандықпен өмір бойы жүмыс істеймін. Білімді адам ғана жерде қалмайды. Университетті бітіргеннен кейін екінші мамандықты қайда оқитыным белгілі болды. Міндетті түрде осы жоғарғы оқу орнына түсуге тырысамын.

(Саянов Мереке, Ин(е)-ІЗ)

Менің атым - Ануар. Қазір Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде грандта окимын Мектепті бітіріп, студент атандым. Бұл сәт менің жадымда мәңгі қалады.

Сәл артқа шегініп, бірінші қыркүйектегі білім ордасымен таныстығымды еске алайын. Өз тобыммен таныстым, жаңа достарды таптым. Куратор бізге университетті көрсетті. Жаңа үстаздарды көрдім. Менің тобымда он торт адам: үш қыз, калғандары ер балалар. Мен үшін университетте бірінші күндер қиын болды. Ниет болса, адамның қолынан келмейтіні жоқ. Қазір маған соншалықты ауыр емес. Олай дейтінім университетте студенттің білім алуына, өзін жақсы сезінуге барлық жағдай жасалған. Сабақтарда лекцияларды тыңдап, сосын тапсырмалар істейміз. Арасында достармен әңгімелесемін, олармен асханаға барамыз, музыканы тындаймыз. Сосын келесі сабақтарға дайындаламыз. Оқу үрдісі бойынша информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі, математика, дене шынықтыру сияқты әртүрлі пәндер өтеміз. Қыркүйекте біз әр корпустарда оқыдық. Бірақ қазір біздің корпус ашылды. Негізінде біз бесінші корпуста оқимыз. Бұнда жарық, таза дәрістік бөлмелер бар. Сабақ аякталғанда үйге барамын. Әрине ауылды, ата-аналарымды, бауырларымды сағынамын. Менің отбасым Сергеевка қаласында тұрады. Мерекелерде Сергеевкаға барамын. Демалыс күндері достармен кездесемін. Бірге көңілді кештерді өткізіп, стадионда футбол ойнаймыз.

(Сергазин Ануар, Ин(е)-13

Менің атым - Әділбек. Мен он сегіз жастамын. Биыл мен қырық үшінші орта мектепті бітіріп, қаламыздағы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түстім. Мен информатика мамандыған тандадым, өйткені қазір бүкілі компьютермен байланысты және білімді адам жерде қалмайтынын толық түсінемін. Сондықтан Үлттық бірыңғай тестілеуге үлкен жауапкершілікпен қарап, тоқсан алты балл алдым. Конкурстан өтіп, білім грантын жеңіп алдым. Эрине, адам баласы оқып, біліп үйренуі қажет. Білімсіз адам бір адамды ғана жеңе алады, ал білімді адам мыңдаған адамды жеңеді. Осыған байланысты бірінші күннен бастап сабақты ынтамен оқуға барымды салып жүрмін. Алдағы уақытта жақсы маман боламын деген мақсат қойдым. Өйткені білімдінің күні - жарық.

Оқу жылы басталған күні алаңда көп таныстарымды кездестіріп, жаңа достармен таныстым. Оқудың бірінші күнінде-ақ университеттің мектептен айырмашылығын түсіндім. Алғашында жаңа мүғалімдерге, жаңа ортаға үйрену қиынға түсті, бірақ мойымай тез үйреніп кеттім. Оған біздің топтың кураторы да эсер еткен болар. Бірінші күні бэрімізді таныстырып, жеке-жеке танысып шықты. Оқу орнының тэртібі мен талаптары туралы тэптіштеп айтып берді. Тобымдағы студенттер ақкөңіл, ашық қыздар мен жігіттер екен. Мен олармен тез арада тіл табысып, қарым-қатынасқа түстім. Алдағы уақытта жақын дос болып, бір- бірімізге қол ұшымызды беріп, көмектесеміз деген ойдамын.

Алтын ұя мектебімді де естен шығармай, бос уақыт бола қалса барып тұрамын. Он даты достарыма университет туралы айтамын. Олар маған қызыға қарап, мен сияқты студен болғылары келеді. Оларға менің жолымды берсін деген тілек айтамын!

(Самигуллин Әлібек, Ин(е)-ІЗ)

Мен үшін 2013 жыл, яғни жылан жылы жаңа бір қадам, жаңа бір белес басталғандай. Он бірінші сыныпты бітіріп, Үлттық бірыңғай тестілеуді жақсы тапсырып, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемекеттік университет!не оқуға түстім. Енді мен ақпараттық технологиялар факультетінде, ақпаратгық жүйе мамандығында оқып жатырмын. Осы мамандыққа конкурс қатты болды. Oh бір жыл бойы оқыған-тоқығанымды дэлелдеп, бағым жанып, конкурстан өттім. Ендігі арманым - Абай атамыз айтқандай «дүниенің кетігін тауып, кірпіш болып қалану». Арманым - үлкен. Менің ойымша, қазіргі кезде компьютерді жақсы меңгерген мамандар көп жерде керек. Өйткені қазір бэрі компьютерге көшіп жатыр.

Міне, алғашқы сессия да өтіп кетті. Осы аз ғана уақыт ішінде облыстың эр аудандары мен ауылдарынан білім іздеп келген құрбыларыммен танысып, білімге ден қойдық. Бірінші күндері өте қиын болған. Өйткені ешкімді танымайсың. Уақыт емші. Қазір бэріне үйрендім. Балалармен таныстым. Біздің топтың балалары адамгершілігі мол, адал дос-жолдас болып шықты. Бұл мені жэне менің ата-анамды қатты қуантады. «Оқу -инемен қүдық қазғандай» дегендей түсінбеген тақырыптарымызды бір-бірімізге айтып, талқылап көмектесеміз.

Оқу - адамды білгір етеді. Білім ордасының оқытушыларының оқыған дэрістерін тыңдап, жазып алуға тырысамын. Олар білікті ұстаздар. Өз пэндерін жақсы біледі жэне бізге де жақсы түсіндіреді. Әр үстаз өз эдісімен жүргізеді. Қазір бізде жоғары математика пэні өтіп жатыр. Ол маған қиын тиеді, бірақ соған қарамастан мен оны түсініп оқып, көп ізденемін. Мектепте оқығанда осы пэннің қиын болатынын ұстаздарымыз талай айтқан болатын. Соған енді көзім жетті. Менің ойымша, кез келген қиындықты үлкен еңбектің арқасында ғана жеңуге болады. Студент өте жауапты болу керек. Erep ол эр сабақты тыңғылықты оқымаса, ертең жұмысқа орналасқанда қолынан ештеңе келмейді. Сауатсыз маман ешкімге керек емес, сондықтан шығар көп адамның жүмыссыз жүруі. Маған төрт жыл оқу керек. Осы торт жылдын ішінде мен көп оқып, бәріне үйрену керекпін. «Баламды медресеге біл деп бердім», деп Абай атамыз айтқандай, әке-шешем мені оқысын, білсін, болашағы жарқын болсын деп армандайтыны белгілі. Мақсатым - осы арман-тілектерін орындау. Менін қарындасым маған қарап болашақта осы университетке оқуға түсемім дейді. Мүмкін оған мен эсер еткен болармын. Әйтеуір қазірден бастап дайындалып, керек пэндерді оқып жатыр. Меніңше, ол дүрыс таңдау жасады. Олай дейтінім, мен оқитын Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет! - Қазақстандағы алдыңғы қатарлы білім ордасы. Осында білікті оқытушылар жұмыс істейді. Олар өз жұмысын жақсы біледі. Ойымды қорыта келе айтарым, университетті үздік бағамен бітіру. (Үмекенов Мақсат).

 

Әдебпет:

  1. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. - Алматы. 1978 ж.
  2. Сабыров Т.С. Болашақ мүғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы. - 1998 ж.
  3. Қазақ тілі мен әдебиеті және инновациялық мәселелері» атгы халықаралық ғылыми- практикалық конференция материалдары. 2008 жыл

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.