Түркістан облысы бойынша сүт бездерінің қатерлі ісігімен науқастанатындардың арасындағы онкоэпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтерге талдау жасалынған. Соңғы 5 жылда Түркістан облысындағы сүт бездерінің қатерлі ісігімен аурушаңдықтың 50%-ға өсуі байқалады. Аурудың III-IV кезеңдерімен келетін науқастар 31,5%-ды құрайды, бұл көрсеткіш соңғы 5 жылда өзгермей отыр. Сүт безінің қатерлі ісігінен өлім-жітім көрсеткіші 2,3%-ға өсті. 4049 жас аралығындағы науқас әйелдер 29,2%-ды, 50-59 жастағы әйелдер 34,2%-ды құрайды.
Бесжылдық өмір сүру 39%-ды құрайды
Кілт сөздер: сүт бездері, қатерлі ісік, өлім-жітім, аурушаңдық.
Қазіргі таңда сүт безі қатерлі ісігі әйелдердегі қатерлі ісік аурулары арасында алғашқы орындарды алады. Солтүстік Америка және Европа елдерінде әйелдер өлімінің 5/1-і сүт бездері қатерлі ісігінен, ал Қазақстан Республикасында әйелдердегі кездесетін қатерлі ісік ауруларының құрылымында бірінші орынды сүт безінің қатерлі ісігі (19,5%) құрайды. Республика көлемінде жылына 3 мыңнан астам әйел алғаш рет сүт безі қатерлі ісігімен анықталса, оның 30 пайыздан астамы 3-4 сатысындағы асқынған түрімен тіркелуде. Өкініштісі, сырт көріністі мүшелер қатарына жатқанына қарамастан науқастардың 5 жыл өмір сүруі төмен пайызды көрсетуде. Сондықтан, қазіргі таңда ғылыми сарапталған жаңа әдістерді сүт безінің ісікалды және ісік ауруларының алдын алуда маңызды орын алуы тиіс. Осы себепті Түркістан облысындағы сүт бездері қатерлі ісігінің эпидемиологиялық жағдайына зерттеу жүргізілді [1,2,3].
Материалдар және тексеру әдістері. Түркістан облысындағы 2017-2021 жылдар аралығында алғашқы рет сүт безі қатерлі ісігімен тіркеуге алу мәлімдемесіне және де арнайы қолданыстағы №35,7 есептік нысаналарға сүйене, тағы да қазіргі таңдағы онкологиядағы қолданыста жүрген жалпы санитарлық статистикалық әдістер негізінде көрсеткіштер алынған.
Нәтижесі және талқылау. Түркістан облысында қатерлі ісік аурушаңдығы құрылымында сүт бездері қатерлі ісігі 10,3 пайызды құрап, екінші орынды алады. №1 кестеде көрсетілгендей сүт безі қатерлі ісігі аурушаңдығы өсе келе кейінгі 3 жылда қалыпты бір деңгейде.
1-ші Кесте -Түркістан облысындағы 2017-2021ж.ж. сүт безі қатерлі ісігінің аурушаңдығы
Жылдар |
Сүт безі қатерлі ісігінің аурушаңдығы |
|
Нақты саны |
Пайыздық көрсеткіші |
|
2017 |
148 |
6,6 |
2018 |
226 |
9,3 |
2019 |
240 |
10,2 |
2020 |
227 |
10,6 |
2021 |
222 |
10,3 |
Облыс көлемінде жалпы қатерлі ісік аурушаңдығы жыл санап төмендеп келе жатқандығына қарамастан аудандар мен қалалардағы сүт безі қатерлі ісігінің аурушаңдығының көрсеткіші Шымкент қаласында 18,3 %, Арыс 14,0%, Түлкібас аудандарында 12,7% көп болса, ал ең төмен көрсеткіш Шардара 1,3%, Қазығұрт аудандарында 3,0% (100000 халыққа шаққанда) көрсеткен.
Аудандар |
Жылдық орта есептік үлес салмағы |
Арыс |
13,4 |
Байдыбек |
8,5 |
Қазығұрт |
4,6 |
Мақтаарал |
7,7 |
Ордабасы |
7,5 |
Отырар |
8,1 |
Сайрам |
8,7 |
Созақ |
7,8 |
Сарыағаш |
12,4 |
Төлеби |
7,4 |
Түлкібас |
13,4 |
Шардара |
2,2 |
Кентау қаласы |
6,6 |
Түркістан қаласы |
9,3 |
Шымкент қаласы |
13,1 |
Барлығы |
10,3 |
2-ші Кесте -Түркістан облысындағы сүт бездері қатерлі ісігінің жылдық орта есепті үлес салмағы
Бұл кестеден, сүт бездері қатерлі ісігінің жылдық орта есептік үлес салмағының көптігі Түлкібас 13,4, Арыс аудандарында 13,4, Сарыағаш 12,4 аудандары мен Шымкент қаласында 13,1 болса, ал төмен көрсеткіш Шардара 2,2 мен Қазығұрт 4,6 аудандарында болып отыр.
3-ші Кесте -Түркістан облысындағы сүт безі қатерлі ісігінің аурушаңдығының 2017-2021 ж.ж.
кезеңдік сатысы
Жылдар |
Сүт безі қатерлі ісігінің аурушаңдығы % |
||
I-II сатысы |
III сатысы |
IV сатысы |
|
2017 |
66,2 |
24,3 |
9,4 |
2018 |
63,2 |
20,7 |
15,9 |
2019 |
70,0 |
21,2 |
0,9 |
2020 |
65,9 |
23,7 |
8,6 |
2021 |
68,4 |
23,4 |
8,1 |
№3 кестеде көрсетілгендей, әліде болса сүт безі қатерлі ісігінің асқынған ІІІ- IV сатыдағы науқастар үлесі 31,5 пайыздан төмендемей отыр, демек диспансерде қаралған науқастардың 3/1 асқынған түрімен қаралуда.
4-ші Кесте - Түркістан облысындағы 2017-2021 жылдардағы сүт безі қатерлі ісігінің өлім
көрсеткіші
Жылдар |
Орын |
Жағдай саны |
Пайызы |
2017 |
5 |
76 |
5,2 |
2018 |
5 |
86 |
6,1 |
2019 |
5 |
72 |
5,3 |
2020 |
5 |
80 |
5,8 |
2021 |
4 |
117 |
7,9 |
55
Жалпы қатерлі ісік ауруларынан өлім көрсеткішімен салыстырғанда сүт безі қатерлі ісігінен өлімі 2017 жылы 5,2 пайыз болса, ал 2021 жылы 7,2 пайызға өскен.
5-ші Кесте - Түркістан облысындағы сүт безі қатерлі ісігінің 2017-2021 жылдардағы 5 жылдық
өмір сүруі
№ |
Жылдар |
5 жылдық өмір сүруі |
|
Нақты саны |
Пайыз |
||
1 |
2017 |
374 |
44,2 |
2 |
2018 |
344 |
37,1 |
3 |
2019 |
385 |
36,8 |
4 |
2020 |
442 |
37,3 |
5 |
2021 |
518 |
40,0 |
Сүт безі қатерлі ісігімен ауырғандандардың 5 жыл өмір сүру көрсеткіштері, әліде болса төмен, орташа 39,08 пайызды ғана құрап отыр.
Қорытынды. Алынған көрсеткіштер нәтижесі бойынша Түркістан облысында қатерлі ісік ауыршаңдығы төмендеп келе жатқанына қарамастан, сүт безі қатерлі ісігі 2017-2021 жылдармен салыстырғанда біршама өскен және кейінгі жылдарда бірқалыпты деңгейді көрсеткен. Сүт безі қатерлі ісігінен ең жоғары аурушаңдық Шымкент қаласы, Түлкібас және Арыс аудандарында байқалады. Жылдық орта есептік үлес салмағы жасына қарай әйелдер арасында биомальдық өсіммен сипатталуда, атап айтқанда 40-49 жаста 29,2 пайыз болса, 50-59 жаста 34,2 пайыз. Сүт безі қатерлі ісігінен өлім 2021 жылы орта есеппен 2,3 пайызға өсті. Сүт безі қатерлі ісігінің асқынған ІІІ- IV кезеңі 31,5 пайыздан төмендемей отырғаны.
Жалпы сүт безі қатерлі ісігімен ауырғандардың 5 жылдық өмір сүруі орта есеппен 39,08 пайыздан аспайды. Жоғарыда аталғандарды ескере отыра, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығының шығуы және оны іске асыру, бұл өмір талабы.
56
- Трапезников Н.Н., Аксель Е.М. Статистика злокачественных новообразований в России истранах СНГ // - М, Вестник РОНЦ им. Н.Н.Блохина РАМН, - 2001, - с.5.
- Қайдарова Д.Р., Шатковская О.В. Показатели онкологической службы Республики Казахстан за 2021 г. (статистические материалы). Алматы. – 2021, - 66с.
- Абдрахманова А.Ж. Клинико-эпидемиологические аспекты рака молочной железы в Казахстане // Автореферат докт. дисс. – Алматы. – 2000, - с.35.