Кіріспе: Биыл, яғни 2021 жылы инсулиннің ашылуына 100 жыл толды, бірақ бұл тақырып осы күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қант диабетін емдеу, сонымен қатар қолданылатын препараттар, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері және ерекшеліктері зерттеліп келе жатыр. Осы кезге дейінгі жаңалықтар қант диабетімен ауыратын адамдар үшін инсулинотерапияны тиімді және қауіпсіз етуге мүмкіндік берді.
Кілт сөздер: инсулин, қант диабеті, инсулинотерапия
Өзектілігі: Шымкент қаласындағы соңғы 3 жылдың статистикасының нәтижесін алатын болсақ. 2019 жылы 77702 адам тексерілуден өткен, оның ішінде 741 адамнан қант диабеті анықталған. 2020 жылы 68364 адам тексерілуден өтіп, 833 адамнан қант диабеті анықталды. 2021 жылдың алғашқы 9 айында 52434 адам тексерілуден өткен және оның ішінде 506 адамнан қант диабеті анықталды.
Зерттеу мақсаты: Инсулинотерапияның тиімділігін және әсерін талдау.
Қант диабеті – қанда қант мөлшерінің көп болуымен сипатталатын ауру, яғни ағза глюкозаны қаннан жасушаға тасымалдаумен қамтамасыз ете алмайды. Жасушаға глюкоза не үшін керек? Ол глюкозаны энергия ретінде қолданады. Адам ағзасы глюкозаны глюкоган және инсулин гормондары арқылы реттеп отырады. Қант диабетінің 2 типі болады:
I – типі. Инсулин жетіспеушілігімен немесе аз мөлшерде болуымен сипатталады.
II – типі. Инсулин жеткілікті, бірақ дұрыс жұмыс істемеуімен сипатталады.
Инсулинотерапия – инсулиннің физиологиялық әсерін ынталандыру, қант диабетінің I – типінде қолданылады. Қант диабетінің I – типімен ауыратын адамдарда ұйқы безінің қалыпты жұмыс күшін көбейту үшін, ұйқы уақытында инсулин төменгі деңгейде, таңертеңнен түнге дейін жоғарғы деңгейдегі инсулин, тамақтану уақытында тез әсер ететін жоғары деңгейдегі инсулин қажет. Алғашқы екеуі дұрыс орындалу үшін орташа әсерлі немесе ұзақ әсер ететін инсулиндің күніне 2 рет, таңертең және кешке енгізіледі.
Ұзақ әсер ететін инсулиннің кешкі дозасы түнгі уақытта гипогликемия болмауын, таңғы ас алдында нормогликемия сақталуын қадағалап енгізеді. Таңғы ас алдында нормогликемия сақталса, ұзақ әсер ететін инсулин дозасын таңертеңгі дозасын кешкі ас алдында нормогликемия сақталуын қадағалап енгізеді. Гларгин осы екі шартты да бір реттік енгізу арқылы орындауға мүмкіндік береді. Инсулиннің қысқа әсер ететін аналогтарын тамақтанғаннан кейін 2 сағат ішінде қандағы глюкоза мөлшері 9 ммоль/л жету үшін әр тамақтанғаннан кейін енгізу керек. Егер тамақтану режимі бұзылса немесе физикалық жүктеме өзгеретін болса қысқа әсер ететін инсулин дозасын қандағы глюкоза деңгейіне байланысты өзгертеді. Күндізгі инсулин енгізуге байланысты қиындықтар туындаса, таңертең орташа ұзақтықта әсер ететін инсулинді (ұзақ әсер ететін инсулин орнына) қолдану және тамақтану уақытын реттеу арқылы шешуге болады.
Кешкі уақытта қандағы глюкоза деңгейі 5,5-7,7 ммоль/л аралығында болу керек, бірақ инсулинотерапия режимі өзгеретін болса науқаста әрбір 2 сағат сайын глюкоза деңгейін анықтау қажет.
Қорытынды: Инсулинотерапия өмір бойы жүргізіледі және ол науқастарда сақталу режиміне байланысты. Бірақ қазіргі уақытта өкінішке орай, инсулинотерапия толық режимі дұрыс сақталғанымен де, соңы өліммен аяқталуда. Қант диабетінің I – типімен көбіне жас адамдар ауырады және олар ұзақ өмір сүрмейді. Сондықтан ем жүргізу әдістерін, фармакотерапияны, эндокриндік бездерді әлі де толық және терең зерттелу қажет.
Әдебиеттер
- И.И.Дедов, Г.А.Мельниченко «Рациональная фармакотерапия заболеваний эндокринной системы и нарушений обмена веществ»
- Чин Мэн Ху «Международная энциклопедия общественного здравоохранения»
- А.С.Аметов, Я.В.Пуговкина, П.С.Вовк «Инсулинотерапия – история успеха длиной в век»