Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) амбулаторлы-емханалық жағдайдағы кеңінен тараған ауру. Респираторлы вирустық инфекциялардың жиілігінің жоғары болуы қоздырғыштарының көптүрлілігі мен өзгергіштігінің әсерінен, сонымен қатар адамнан адамға жұғу жолының жеңіл болуымен түсіндіріледі. Ауыр ағымды асқынумен өту сипаты тек тұмауға ғана тән емес, және басқа да ЖРВИ түрлері де асқыну тудыруы мүмкін 1. Асқынулардың алдын алу мақсатында аурудың ерте сатысында вирус репликациясын басудың маңызы зор. Вирусқа қарсы препараттардың жағымсыз реакциялары мен токсикалық әсер қаупінің жоғарылығы олардың ерте жастағы балаларда қолданысын шектейді. Сол себепті балаларда ЖРВИ –дың емінде вирусқа қарсы және иммуномодилдеуші әсер көрсететін, баланың организміне жағымсыз әсер етпейтін, тиімділігі дәлелденген препараттарды қолдану қажет. ЖРВИ емінде қолданылатын дәрілік терапияның бір тобы интерферондар болып табылады. Көптеген зерттеулерде Виферон ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу және емдеу мақсатында тиімді препарат екендігін дәлелдеді 2.
Зерттеу мақсаты: балаларда ЖРВИ емінде Виферон препаратының комбинирленген қолданысының тиімділігін зерттеу.
Материалдар және әдістер: Зерттеуге 2 айдан 3 жасқа дейінгі 57 бала енгізілді. Зерттеу тобына енгізудің негізгі критерийлері - ЖРВИ симптомдарының болуы және аурудың ұзақтығының 24 сағаттан аспауы. 1-ші (негізгі) топты 31 бала (53%) құрады, емдеуде ЖРВИ-ның стандартты терапиясымен қатар бірінші күннен бастап Виферон препараты эндоназальді (жақпа майы) - 40000 ӘБ күніне 3-4 рет жағуға және тік ішекке Виферон суппозиторий түрінде тәулігіне екі рет (12 сағат сайын) 5 күн бойы қолданылды. Сонымен қоса, ЖРВИ-ның симптоматикалық емін жүргізуге рұқсат берілді. Бақылау тобына жасы және клиникасы бойынша сәйкес келетін 27 бала (47%) кірді, бұл кезде Виферон кешенді емге қосылмады.
Нәтижесі: Виферон тиімділігінің критерийлеріне ЖРВИ-ы бар балалардағы интоксикация және тыныс алу жолдарының зақымдану белгілерінің регрессия жылдамдығы саналды. Негізгі топтағы балалар арасында Виферонның емдік әсері интоксикация кезеңі мен катаральды белгілердің ұзақтығының қысқаруымен көрінді: бұл балаларда Виферонмен емдеу аясында ем басталғаннан 24 сағаттан кейін дене температурасының қалыпты мөлшерге дейін төмендеуі 58% жағдайда болса, бақылау тобындаға балаларда 15% жағдайда кездесті. Сонымен қатар, Виферонның комбинирленген қолданысы аурудың ұзақтығын қысқартуға ықпал етіп, 5,7+1,1 күнді құрады; бақылау тобында бұл көрсеткіш 7,8+1,8 күнді құрады.
Ем жүргізу барысында виферон препараты барлық науқастарға жақсы әсер көрсетті, жағымсыз әсерлер анықталған жоқ және дәріні тоқтатуды қажет еткен жағдайлар болмады.
Қорытынды: Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде вирусқа қарсы препаратты қосымша қолдану ЖРВИ емінің тиімділігіне оң әсер етеді. Виферон препаратының комбинирленген қолданысы ЖРВИ-мен ауыратын балалар арасында инфекцияның негізгі клиникалық көріністерінің регрессия мерзімін қысқартады.
Әдебиеттер
1. Орлова Н.В., Суранова Т.Г. Современные подходы к лечению и профилактике острых респираторных вирусных инфекций // Современная поликлиника. Том 2, №21 (2018); 29–34.
2. Малиновская В. В., Тимина В. П., Мазанкова Л. Н., Чеботарева Т. А. Иммунопатогенез острых респираторных инфекций, тактика рационального выбора этиотропной и иммуномодулирующей терапии у детей //