Өзектілігі: Коронавирустық инфекция (COVID-19 жүкті әйелдерге және осы инфекцияға байланысты мүмкін асқынуларға қатысты көптеген алаңдатушылық тудырды [1]Акушер-гинекологтар үшін COVID-19 инфекция кезінде жүктіліктің болжамы мен сезімталдылығы басты назарда [2]]Жүкті әйелдердің осалдығы ана мен балада болуы мүмкін асқынуларына қатысты алаңдатушылық туғызады[3].Аурудың өте тез өршуі, бұл инфекцияның белгісіз болуы,сенімді ғылыми ақпараттардың болмауы акушер гинекологтарды өздерінің дәрігерлік тәжірбиесін бейімдеуге тура келді[4].
Зерттеу мақсаты: COVID -19 ға байланысты карантин кезінде амбулаториялық деңгейде жүкті әйел адамдарды бақылауды ұйымдастыруды тәжірбиесін зерттеу.
Зерттеу материалдары және тәсілдері: ретроспективті зерттеу. Зерттеуге жүктіліктің 12-41 аптасы аралығында жүктілік бойынша есепте тұрған 100 жүкті әйел енгізілді. Жүкті әйелдер клиникалық хаттамаға сәйкес бақыланды. Орташа жасы 21,6 ±3,5 жыл. Ерекше критерийлері жүкті әйелдер емес. Зерттеу Ақтөбе қаласында №6 қалалық емханада жүргізілді.
Зерттеу әдістері: анамнез жинау, жүкті әйелдерді қашықтықтан қабылдау, ватцап бойынша визуалды тексеру.
Зерттеу материалы: ЖТД мен акушер-гинекологтың ДАМУМЕД бағдарламасындағы медициналық жазбалары, ЖҚА; ЖЗА,қан тобы және резус фактор , АИТВ және RW, гепатит B және C нәтижелері.УДЗ қорытындысы.
Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау: Біз жүргізген зерттеу нәтижесінде 20 жүкті әйел жүктіліктің бірінші триместрінде (9-12 апта), 47 екінші триместрінде (14-27 апта) және 33 үшінші триместрінде болды. Қан сараптамасында, жүктілердің 90% -да әр түрлі дәрежедегі ауырлықта анемия анықталды. Карантин кезінде ол жүкті әйелдер антианемиялық ем алып жатты. Олардың 71% карантин кезінде өткізіліп жатқан емнің бақылануы қажет болды. Карантин кезінде 11-13 аптасы мерзімінде жүктілік бойынша есепке 16% алынды. Жүкті әйел адамдар жүктілік бойынша диспансерлік есепке қашықтық форматта алынды. Дәрігердің тексеру жазбасы ДАМУ МЕД бағдарламасында жүргізіліп отырды және жүкті әйелдің жеке WhatsApp номеріне жіберіліп отырды. Қан сараптамалары учаскелік қызметкерлермен үйлерінде алынды (ЖҚА,ЖЗА, қан топтары және резус фактор, АИТВ және RW, гепатит B және C). Кейін қан сараптамалары зертханаға жіберілді. Жүктілік бойынша есепке алу кезінде қашықтықтан тексеру кезінде жүктіліктің қауіпті белгілері және ЖРА, короновирустық инфекция белгілері туралы және жөтел, қызба анықталған кезде учаскелік дәрігерді немесе жедел жәрдемді шақыру қажеттілігі туралы кеңес жүргізілді. Бірінші триместрдегі жүкті әйелдер биохимиялық скринингтен және алғашқы скринингтік ультрадыбыстық тексеруден өте алмады, өйткені карантин кезеңінде осы тексерулер жүргізілген емдеу мекемелері жабық болды. Екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер Whatsapp арқылы қашықтықтан тексерілді. Олар тап сондай себеппен жүктілік бойынша скринингтік УДЗ-дан өте алмады. Әсіресе жүкті әйел шағымдарына, дене температурасының жоғарылауына, жүкті әйелдің өзін қалай сезінетініне, жүкті әйелдің жағдайын дәрігер қалай бағалайтынына, аяқтарының ісінуі мен веналарының варикозды кеңеюі 50
бар жоқтығына ерекше назар аударылды. Жүкті әйелмен әр қашықтықтан байланысқан кезде жүктіліктің қауіпті белгілері, ЖРА және коронавирустық инфекция симптомдары ескертіліп отырды. Жүкті әйелде дене температурасы жоғарлаған кезде немесе жөтел анықталған кезінде учаскелік ЖТД не ақпарат жіберіліп отырды. Жергілікті ЖТД дәрігер жүктілерді үйлерінде тексерді және ЖТД дәрігермен бірге жүкті әйелдің жағдайына күнделікті бақылау жүргізіліп отырды. Жүктілігі екінші және үшінші триместрдегі әйелдерде және 40% жүкті әйелдерде жөтелге, тамағының қышынуына шағымдары болды. Солардың ішінде 7 жүкті әйелде дене температурасының 37,5 градустан жоғарлағаны анықталды. Дене температурасы 37,5 градустан жоғары жүкті әйелдер COVID-19 ПТР-ға тексерілді. 7 % -да ПТР расталмаған COVID -19 пневмония, және бір жүкті әйелде ПТР расталған COVID -19 пневмония болды. Олар ауруханаға жатқызылды және сәйкесінше ем қабылдады. Барлығында жүктілік асқынусыз уақытылы босаңумен аяқталды. Карантин кезінде қашықтықтан бақылау кезінде зәрдегі ақуызды анықтау мүмкін болмады,өйткені жүкті әйелдерде сынақ-жолақтары болмады және әрбір 4 жүкті әйелдің қолында тонометр жоқ болды. Біздің зерттеуімізде кеш гестоздың бірде-бір жағдайы анықталған жоқ.
Қорытынды: Біздің зерттеулердің нәтижесі бойынша амбулаториялық деңгейде жүктілерді қашықтықтан бақылаудың ұйымдастырылуында жүктіліктің қауіп белгілері,коронавирустық инфекцияның симптомдары,жүкті әйелдің өзін-өзі бақылауы туралы толық ақпарат берудің маңызы зор.
Әдебиеттер:
- 1.Pedro Castro 1 2, Ana Paula Matos 1, Heron Werner 1, Flávia Paiva Lopes 1, Gabriele Tonni 3, Edward Araujo Júnior 4 5 Covid-19 and Pregnancy. An Overview. Rev Bras Ginecol Obstet. 2020 Jul;42(7):420-426. DOI DOI: 10.1055/s-0040-1713408. Epub 2020 Jun 19.PMID: 32559801
- 2. Zhang L, Jiang Y, Wei M, Cheng BH, Zhou XC, Li J, Tian JH, Dong L, Hu RH. [Analysis of the pregnancy outcomes in pregnant women with COVID-19 in Hubei Province]. Zhonghua Fu Chan Ke Za Zhi. 2020 Mar 25;55(3):166-171. DOI: 10.3760/cma.j.cn112141-20200218-00111.PMID: 32145714
- ashraath P, Wong JLJ, Lim MXK, Lim LM, Li S, Biswas A, Choolani M, Mattar C, Su LL Coronavirus disease 2019 (COVID-19) pandemic and pregnancy. .Am J Obstet Gynecol. 2020 Jun;222(6):521-531.
- DOI:10.1016/j.ajog.2020.03.021. Epub 2020 Mar 23.PMID: 32217113
- 4. Monteleone PA, Nakano M, Lazar V, Gomes AP, de H Martin, Bonetti TC. A review of initial data on pregnancy during the COVID-19 outbreak: implications for assisted reproductive treatments. JBRA Assist Reprod. 2020 May 1;24(2):219-225. DOI: 10.5935/1518-0557.20200030.PMID: 32301600