Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пандемия кезінде емдеу мекемлеріндегі медицина мамандарының еңбек пен денсаулық жағдайының гигиеналық сипаттамасы

Өзектілігі. Пандемия - қоғамдық денсаулық пен кәсіптік денсаулық мәселесі болып табылады, өйткені медицина қызметкерлері халықтың денсаулығы мен өмірі үшін індетке қарсы күресте алдыңғы қатарда жүреді әрі өз өмірлеріне қауіп төнеді. Медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мәселелері бойынша, оның ішінде көпшілігі әйелдер жұмыс жасайды, Халықаралық еңбекті қорғау №149 Конвенциясы бар.

Сонымен қатар, медициналық мамандық адам денсаулығына (оның ішінде репродуктивті денсаулығына), психикалық денсаулыққа және әлеуметтік әл-ауқатқа нұқсан келтіретін биологиялық факторлардың, стрестің, дене белсенділігінің және т.б. әсер етуімен сипатталатындығы белгілі. Ресей ғалымы Денисов Э.И. басқа авторлармен жүргізген ғылыми зерттеуінде жұмыс күнінің соңына қарай иммунитеттің әлсіреуі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтері, перзентханалар, сондай-ақ жедел жәрдем және күйік орталықтары қызметкерлері арасында байқалатындығын дәлелдеді. Жалпы алғанда, әдебиеттерде медициналық қызметкерлердің негізгі кәсіптерінің еңбек жағдайлары P2.2.2006-05 нұсқаулығының критерийлері бойынша зияндылықтың 3.2–3.3 сыныптары ретінде және эпидемия кезінде жоғары жұмыс жүктемесінің, стрестің, жеке қорғаныш құралдарының пайдалану жағдайында және т.б., еңбек жағдайларында өте зиянды және экстремалды 3.4-4 сыныптары ретінде бағалануы мүмкін[1]. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары олардың жоғарылағанын атап өтсе де, медициналық қызметкерлер арасында аурушаңдық пен өлім-жітім бойынша нақты статистикалық мәлімет жоқ.

Басқада ғалымдардың жүргізген ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша емдеу мекемелерінде жұмыс жасайтын медицина қызметкерлері арасында қалыптасқан еңбек жағдайына байланысты негізінен кәсіби жұқпалы аурулар 88,9%, оның ішінде вирусты гепатит 20,5%, туберкулёз 68,4% диагностикаланған. Ал 2020 жылы медицина мамандарының арасында биологиялық фактордан көп таралған кәсіби ауру – бұл COVID-19 ауруы болды[2]. Сонымен бірге, медицина маманында әкімшілік маманына қарағанда мазасыздық, үрей және депрессия жиірек байқалды[3]. Емдеу мекемелерінде пандемия кезінде медицина мамандары «психологиялық жану» жағдайында еңбек етті. Оны медицина мамандары арасында белгілі «Дәрігер анықтамасы» мобильді қосымшасының командасы сұрақнама арқылы анықтады. Сұрақнама қорытындысы бойынша респонденттердің, корнонавируспен ауырған науқастармен жұмыс жасағандарының 30%-ы шаршауына байланысты жұмыстан шығуғы ниет еткендер, 37% эмоционалдық күйзелістен денсаулығында кінәрат пайда болғандығы анықталды. Зерттеуге барлығы 2822 респондент қатысқан, оның 90% дәрігерлер, 611 маман сол кезде «қызыл аймақта» жұмыс жасаған[4].

Осы зерттеліп отырған мәселе бойынша ДДҰ мәліметіне сүйенсек, COVID-19 күресу жағдайында медицина мамандары кәсіптік ауру қаупіне, жарақаттануға, тіпті өлімге ұшырауы мүмкін деп атап көрсетті. Бұл қауіптер: көмек көрсету кезінде жұқпаны жұқтыру, жеке қорғаныс құралдарын ұзақ уақыт киіп жүруден дерматологиялық бұзылыстар және жылулық стресс алу, дезинфекциялық заттарды көп мөлшерде қолданудан токсикалық әсер, психологиялық күйзеліс, зорығу, стигматизация, дискриминация, физикалық және психологиялық зорлық-зомблылық, қуғынға ұшырау. Пәкістанда COVID-19 басталғаннан бері медицина қызметкерлері тұрақты физикалық және психологиялық қысымға ұшырады, оның ішінде инфекцияның жоғары қаупі, қорғаныс құралдарының жеткіліксіздігі, оқшаулану, шаршау және отбасылық байланыстың болмауы. Расталған немесе күдікті COVID-19 пациентіне күтім жасайтын медицина қызметкерінің рөлінің кенеттен өзгеруі көңілсіздік, дәрменсіздік пен бейімделу мәселелерін, сондай-ақ стигматизациядан қорқу сезімін тудыруы мүмкін[5,6].

Сонымен қатар, аурудың өршуі кезінде медицина мамандарының әртүрлі топтары күрестің алдыңғы шебінде болуы мүмкін, бұл олардың міндеттерін орындау кезінде ауруды жұқтыру қаупін тудырады. Жұқпаны жұқтырудың негізгі себептерін атап айтсақ, медицина қызметкерлері, әсіресе ауру жұқтырғандармен қарым-қатынастан жұқтыруы мүмкін, ауру ошағына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысатындар (жедел жәрдем бригадаларының мүшелері, реанимация және жұқпалы аурулар қызметкерлері, құтқару көліктеріндегі жұмыскерлер); пациенттер және олардың әріптестері; жұқтырған науқастардың биологиялық сұйықтықтары; медициналық жабдықтар, дұрыс пайдаланбау, тазалау немесе дезинфекциялау кезінде жеке қорғаныс құралдары; дұрыс тазартылмаған немесе дезинфекцияланбаған орта; дұрыс тазаланбаған немесе кәдеге жаратпаған кір жууға арналған жабдық, ыдыс-аяқ, ас құралдары және медициналық қалдықтары болып саналады[7].

Сонымен қорытындылай келе, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің денсаулығын, қауіпсіздігін және әл-ауқатын қорғау, инфекцияның алдын алу және бақылау, еңбекті қорғау және қауіпсіздікті жетілдіру саласында жақсы үйлестірілген және жан-жақты араласу бүгінгі күннің талабы.

Жұмыстың мақсаты: халыққа медициналық көмек көрсететін емдеу мекемелерінің медициналық қызметкерлерінің еңбек ету ортасы мен денсаулық жағдайын гигиеналық тұрғыдан бағалау.

Жұмыстың міндеттері: 1)Емдеу мекемелеріндегі медициналық қызметкерлердің еңбек ету ортасына гигиеналық сипаттама беру; 2) Емдеу мекемелері бөлмелеріндегі ауаның зарарсыздандырылуын санитариялық-эпидемиологиялық бағалау; 3) Пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің

психоэмоционалдық денсаулық жағдайына баға беру; 4) Емдеу мекемелерінде жүргізілген санитариялық- эпидемиологиялық шараларды талдау және жетілдіру.

Зерттеу нысаны: Шымкент қаласының емдеу мекемелері

Зерттеу әдістері мен материалдары:

  1. Аспаптармен гигиеналық зерттеу:

А) Емдеу мекемелері бөлімшелерінде ауаның сапасын ультракүлгін шамдармен зарарсыздандырылу сапасын зерттеу. Ә) Аурухана бөлмелерінің микроклиматтық жағдайын зерттеу. Б) Жұмыс ортасының кәсіби физикалық факторларын зерттеу.

  1. Хронометраждық зерттеу жүргізу.
  2. Әлеуметтік-гигиеналық сауалнама жүргізу.
  3. 2019-2021 жылғы статистикалық мәліметтерді талдау.

Зерттеуден күтілетін нәтижелер: 1) Пандемия кезінде емдеу мекемелерінде еңбек ететін медицина қызметкерлерінің еңбек және денсаулық жағдайы жан-жақты талданады. 2) Медицина мамандарының еңбек ету және денсаулық жағдайын жетілдіру шаралары ұсынылады. 3) Ғылыми зерттеу нәтижесі бойынша әдістемелік нұсқау жазылады.

Әдебиеттер

  1. Денисов Э.И., Прокопенко Л.В., Пфаф В.Ф. Пандемия COVID-19: проблемы медицины труда работников здравоохранения//Медицина труда и промышленная экология.2021;61(1):4961. https://doi.org/10.31089/1026- 9428-2021-61-1-49-61
  2. Гарипова Р.В., Стрижаков Л.А., Умбетова К.Т., Сафина К.Р. Профессиональные заболевания медицинских работников от воздействия инфекционных агентов: современное состояние проблемы. // Медицина труда и промышленная экология. 2021;61(1):49-61Медицина труда и промышленная экология. 2021;61(1):13-17.
  3. Рекомендации для медицинских работников, находящихся в условиях повышенных психоэмоциональных нагрузок в период пандемии COVID-19.- Москва. - 2020 . - 46с.
  4. КостарноваН.Коммерсантъ//Медицинапроситпомощи. - 01.11.2021. https://www.kommersant.ru/doc/5060180
  5. COVID-19: гигиена и безопасность труда медицинских работников. Временные рекомендации. - 2 февраля, 2021 г. - 20с.
  6. Zheng Wei. Mental health and a novel coronavirus (2019-nCoV) in China. J. Aff. Disord. 2020- published online - 21 March 2020.
  7. Охрана труда в условиях пандемии. - 2020 г. - 47с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.