Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қатты тұрмыстық қалдықтар – xxi ғасыр мәселесі

Қазақстандағы жалпы қатты тұрмыстық қалдықтардың (бұдан әрі, ҚТҚ) барлық көлемі шамамен 100 миллион тоннаны құрап отыр. Бұл дегеніміз жылына 5-6 млн тонна түзілуде. Сарапшылардың есептеуінше, 2025 жылға қарай бұл сан жылына 8 млн тонна дейін өсуі мүмкін. Бұл қалдықтардың барлығы екіншілік өңдеуге жіберілмей полигондарда қалып жатыр. Аймақтар бойынша әрбір тұрғынға жылына 80400 кг шамасында қатты тұрмыстық қалдықтардың мөлшері жинақталып отыр. Қазақстандағы полигондардың жай-күйі өте нашар, олардың 97% табиғатты қорғау және санитарлық заңдылықтардың талаптарына сәйкес келмейді[2,4].

ҚТҚ: өз тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан ары қарай пайдалануға келмейтін тағамдық өнімдер, тұрмыстық заттар немесе тауарлар – тұтынушылық қалдықтардың көп бөлігі. Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу мөлшері – бұл уақыт бірлігінде (күн, жыл) есептік бірлікке келетін қалдықтардың саны. Жинақталу мөлшері массамен (кг) немесе көлеммен (литр, текше метр) анықталады[1,3].

Көптеген жағдайларда, Қазақстандағы қоқыс үйінділерінің басты мәселесі – оларды жағумен байланысты. Пластиктер пен тағамдық қалдықтарды бірге жандырғанда, аса улы зат - диоксин түзіледі. Ол ағзада жинақталып, аздаған концентрацияда орталық жүйке жүйесіне зиянын тигізеді және ол еш затпен шығарылмайды. Сондай-ақ, қоқыс құрамына сынап немесе басқа ауыр металдар, химиялық қосылыстар кіруі мүмкін, олар жаңбырда және еріген суда ериді де, су қоймаларына және жер асты суларына өтіп кетеді[5,7].

Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың үш негізгі нұсқасы бар:

  1. үйінділерді және полигондарды ұйымдастыру;
  2. қалдықтарды жағу;
  3. қалдықтарды екінші рет пайдалану.

Осы нұсқалардың әрбірінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мысалы, қоқыс жағатын зауыттарда тұрмыстық қоқыстарды қайта өңдеуді алсақ. Бір жағынан, бұл экологиялық тұрғыдан қауіпті, себебі осындай зауыттардағы газ тәріздес қалдықтар атмосфераны ластайды. Сонымен қатар, қоқысты жағу қымбатқа түсетін әдістің бірі. Екінші жағынан, тұрмыстық қоқысты жағу нәтижесінде күлдің көп мөлшері жиналады. Қордаландырудан кейінгі органикалық қалдықтар балықтар үшін жем және тыңайтқыштар ретінде шикізат бола алады.

Тұрмыстық қалдықтарды жоюдың немесе кәдеге жаратудың ең күрделі мәселесі пластик болып табылады. Пластиктен қораптарды, тұрмыстық техника, автомобильдің бөлшектерін, бөлме дизайны үшін бұйымдарды жасайды. Қазір шығарылатын пластиктердің көп бөлігі микроағзалармен ыдыратылмайды, сол себепті олар қоршаған ортаға ондаған жылдар бойы зиянын тигізе алады. Адам ағзасы үшін де айтарлықтай зияны бар. Қазіргі таңда ауаның ластануынан түрлі аллергиялық аурулар мен тері аурулары өршіп тұр. Шыныларды қайта кәдеге жарату мәселесі әлдеқайда жеңіл, себебі оны қайта балқыту экономикалық тұрғыдан тиімді[6].

ҚТҚ бөлек жинауды сәтті ендірудің шешуші рөлі халықтың экологиялық санасы мен мәдениетіне тікелей байланысты. Контейнерлерді орнату бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға және түсіндірме жұмыстарын өткізгеніне қарамастан, қазіргі таңдағы өндірістің және тұтынудың жоғарғы деңгейі кезінде халықтың экологиялық мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мәдениеті жоғары емес деңгейде қалып отыр. Қазақстандағы ҚТҚ қайта өңдеу мәселесін шешу үшін, ең алдымен, қоқыстарды жинауды, осы материалдарды қайта өңдеуді және бірінші реттік өнімді өндіру үшін қайталама шикізатты немесе екінші реттік өнімді жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымды құру қажет. ҚТҚ жинау, сұрыптау және қайта өңдеу нарығының SWOT-анализіне назар салсаңыз, мүмкіндіктеріміз өте көп, қалдықтардан бизнес жасауға болатыны сөзсіз(1 кесте).

1-кесте. ҚТҚ жинау, сұрыптау және қайта өңдеу нарығының SWOT-анализі

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  1. Осы сектор әлемдік тәжірибеде зерттелген – тексерілген технологиялар мен оны жетілдіру үшін шешімдер бар.
  2. Нарық әлеуетті инвесторлар және жеке

қаржыландыру көздері үшін ашық.

  1. «Жасыл» энергетика мақсатында ҚТҚ пайдалану әлеуеті бар.
  2. ҚТҚ алынатын қайталама ресурстардың

пайдалану әлеуеті бар.

  1. Жинау жүйесінің дамығандығы, оның ішінде ҚТҚ бөлек жинау дамымаған.
  2. Алдын ала қайта өңдемей қалдықтарды көму республиканың барлық аумағында тараған.
  3. Қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың төмен деңгейі.
  4. Санитарлық талаптарға ағымдағы ҚТҚ көму объектілерінің сәйкессіздігі.

Мүмкіндіктер

Тәуекелдер

  1. ҚТҚ тиімді жинау жүйесі.
  2. ҚТҚ жұмыс жасау жүйесіне аймақтық бөлуді енгізу.
  3. Қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеу көлемін арттыру.
  4. ҚТҚ жинау, тасымалдау мен қайта өңдеу бойынша маңызды және экономикалық тиімді тәсілдерге жету.
  5. Республиканың аумағында үйінділерді

рекультивациялау.

  1. Әлемдік стандарттарға сәйкес ҚТҚ полигондарын салу.
  1. Қалдықтар жиналған аумақта экологиялық жағдайдың шиеленісуі.
  2. Түзілетін қалдықтар көлемінің көп рет артуы.
  3. Климаттың өзгеруіне әсер ететін полигондардан атмосфераға шығарылым

Әдебиеттер

Глушкова В.Г., Кочуров Б.И., Луговский А.М.: Экология (для бакалавров) Учебник. – 2017 г. – 258 стр.

Қазақстан Республикасындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру

маркетингтік зерттеулердің нәтижесі бойынша есеп. Зерттеу тобы. DAMU. – Алматы қ. 2018 ж. – 112 б.

Оноприенко М., Экология. учебное пособие для бакалавров. – 2015 г. – 432 стр.

Аскарова У.Б., Мустафаева Р.М. Проблемы утилизации твердых бытовых и промышленных отходов в

Казахстане // Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук. - №2. - С.51-54.

Национальный доклад о состоянии окружающей среды и использовании природных ресурсов за 2011-2014 гг. - Режим доступа: http:// ecodoklad.kz

Концепция по переходу Республики Казахстан к "зеленой экономике" на 2013-2050 годы.