Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ревматоидты артрит: статистикалық деректер, жеке зерттеудегі аурудың клиникалық сипаттамасы

Ревматоидты артриттің даму себептері бүгінгі күнге дейін белгісіз, дегенмен оның дамуында генетикалық бейімділік, әсіресе қаны бір туыстарда, сирек жағдайда II класстағы белгілі бір антигендер тасымалдаушыда, көп жағдайда HLADR1, HLA-DR4 факторлары, экзогендік факторлар: вирустар, бактериалдық суперагенттер әсер етеді. Ең алғаш «ревматоидтық артрит» атауың ағылшын дәрігері Альферд Бэринг Гарро 1859 жылы «Подагра табиғатымен емі және ревматикалық подагра» трактатында енгізген. О.Ж Ландрэ-Бовэ 1800 жылы жарық көрген «Бастапқы астениялық подагра деп аталатын подаграның жаңа түрінің болуына жол беру керек пе » атты енбегінде ревматоидтық артритке ұқсас ауруды сипаттады. Ж. М. Шарко созылмалы буын ауруларын 1853 жылы диссертациясында сипаттаған [2].

Түиі̆ нді сөздерфармакоэкономикалық бағалау, ГИБП, голимумаб, этанерцепт,

Әлемдік ревматологтар қоғамының көшбасшылары РА берген жаңа анықтамасы бойынша, ревматоидтық артрит - имуноглобулин G (яғни ревматоидтық фактор) және цитруллинделген ақуызға аутоантиденелер пайда болуымен сипатталатын аутоимундық табиғатты буынның созылмалы қабыну ауруы 83

[1]. Бүгінгі таңда РА бастапқы кезеніңде емді бастап «нәтижеге жетуге бағытталған ем» (Treat to Target, Т2Т) курсын ұстанатын болса ауру ремиссиясы немесе аурудың минимальді белсенділігіне жетуге болады сол кезде жоғарыда суретте көрсетілген жағдайлар орын алмайды [9]. ҚР - да ревматоидттық ауру әлеуметтік медициналық мәні бар аурулар санатына жатады. РА Ересек адамдарда 0,6 - 1,5% жиілігінде кездеседі. Еуропа мен Солтүстік Америкада РА халықтың 0,5-1% ауру. Зерттеу барысында ҚР ҰЭМ және ДСМ ресіми сауал жіберу арқылы төмендегідей статистикалық көрсеткіштерге ие болдық.

№ 1 кесте - ҚР Ұлттық экономика министірлігі (ҰЭМ), статистика комитетінің 2015-2018 жж РА ауырған науқастар саны бойынша мәліметі көрсеткіштері.

Жас

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

14 жасқа дейін

1 902

1 636

2 379

2 260

15-17 жас

550

619

615

678

18 жас және одан жоғары

45 353

59 678

66 032

67 940

№ 2 кесте - ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің Шымкент қаласы бойынша РА ауруы бойынша статистикалық көрсеткіштері ,

Жыл

2018

2019

Абс. Сан

2545

2847

100 мың адамға шаққанда көрсеткіш

259,5

278,4

Жылдық орташа халқының саны

980 600

1 022 628

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі, мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорына сәйкес Қазақстан Республикасының ревматоидты артрит ауруымен ауырып мүгедектік статусын алған адамдар саны 10 772 адамы құрайды. ГИБД-ды қолдану базистік дәрілерге төзімді топтың өзінде иммунопатологиялық процестің белсенділігін төмендеуі және клиникалық әсерге қол жеткізу әрі өмір сүру сапасын жақсаруы, буындардың зақымдануының рентгенологиялық прогрессін баяулауы анықталған. Барлық ГИБП метотрексатпен үйлестіре қолдану, әдеттегі терапия жағдайында сақталатын ауру белсенділігі бар науқастарда РА ерте кезеңінде ұзақ мерзімді ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді [4,5].

Зерттеу барысында әдеби шолуда белгілі болған деректерге көз жеткізу мақсатында Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы, ревматология бөлімшесінде емделіп шыққан 206 науқас мәліметтері бойынша зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтежилері келесідей болды негізгі ауру категориясы 40 жастан 59 жасты құрады. Әйелдер ерлермен салыстырғанда басым (172 әйел, 34 ер). Салыстыру барысында әйелдерде орташа жас 45,9 ± 10,1 жыл (18-74 жас аралығында), ерлерде 47,8 ± 10,4 жыл, (20-69 жас аралығында)6 ауру ұзақтығы 6 айдан 30 жылды құрады орташа 8,0 ± 5,5 жылды қамтиды. Салыстырылған деректерге сәйкес науқстардың 68,5 % аурудың жоғары белсенділігіне ие ал, орташа белсенділік 31,1% құрады. 1 рентгенологиялық саты 5,8 % науқаста, 2 сатылы 39,8 %, 3 сатылы 46,1 % және 8,2 % науқаста 4 сатылы екндігі анықталды ол өз кезегінде эррозивті өзгерістермен және кіші буындарда анкилоздармен сипаттала- ды, терілік васкулит 5 (2,4 %), Рейно симптомымен 3 науқас (1,4 %).

Қорытынды: Қазақстан Республикасында ревматоидты артрит әлеуметтік мәні бар аурулар қатарына жататындығы, бұл аурудың созылмалы сипаты, емдеуге көп қаражатты талап етуі, енбекке қабілетті жастағы адамдардың мүгедек болуыменен және аурулар саны жыл сайын артыуымен сипатталынады. Облыстық клиникалық ауруханасында емделген науқастарды зерттеу барысында негізгі ауру категориясы 40 жастан 59 жасты қамтығаны, РА жиі әйелдер ауратындығы жалпы топтың 83%, ерлерде орташа жас 47,8 ± 10,4 жыл, әйелдерде 45,9 ± 10,1 жыл, ауру ұзақтығы орташа 8 жыл, науқастардың 68,5 % аурудың жоғары белсенділігіне ие екендігі анықталды. РА ауратын науқастарды базистік препараттар тиімсіздігі байқалып, ГИБТ алған науқастарда ауру ремиссиясы байқалатындығы зерттеу жұмысында айқындалды.

Әдебиеттер

  1. Ревматология: клинические рекомендации / под ред. Е.Л Насонова.-ГЭОТАР-медиа, 2011.ст – 752.
  2. Ханс кайзер. А.Ж.Ландре-Бове (A.J.landré-Beauvais) – действительный автор первого описания ревматоидного артрита. Перевод: Д. А. Иванов-Вызго //холизм и здаровье.-2019.№1 (142).- С.4-20
  3. Баймухамедов Ч.Т – Ревматоидный артрит: диагностика. 2019 г с. 10
  4. Баймухамедов Ч.Т. соавт. Суставная потология среди жителей мкр «Айкап» // Вестник ЮКМА.- 2019.- № 1(142).- С. 165-168
  • Жыл: 2021
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина