Пандемия барлығы үшін қиын сынаққа айналды, ақ халатты жандар үшін де бұдан тыс емес. «Көзге көрінбейтін жау» деген адам денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, көптеген жалған, аңыздар мен болжамдардың шығуына себеп болды. Бастапқы короновирус кезеңінде адамдар бұл дерттің барлығына кумән мен қарады, соның арқасында карантин қағидаларын сақтамады, сондықтан пандемия өршіп кетті. 2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусының өршуін пандемия деп жариялады. Бірақ «ақпараттық белгісіздікке» қарамастан, дәрігерлер өз жұмысын жалғастырды. Бұл індеттің арқасында мыңдаған адам ажал құшты. Қазақстан бұл көрінбейтін соғысқа дайын болмасада аз уақыт ішінде күшті дәрігерлеріміздің арқасында көрінбейтін жау жеңіле бастады. Менің пікірімше ақ халатты жандардың еңбегі өте зор, олар ауру адамадарды дертінен аздыру үшін барлығын істеді, емдеу кезін де өте көп қиыншылықтарға душар болды, бірақ өкініштісі дәрігерлер ауруды дертінен арылтамыз деп өздері дертке дұшар болды, вирусты жұқтырып алды, қаншадан қанша білікті, күшті дәрігерлеріміз мерт болды.
Вакцинаға сөзді бұратын болсақ, дәрігерлеріміз жаппай вакцина алынуы керек екендігін мәлімдеді, бірақ мәжбүрлі түрде жүргізілген жоқ. Вакцина жүргізілуге халықтың басым бөлігі қарсы болды, мен вакцинаға қарсы емеспін, бірақ жақтаспаймында, өйткені мен вакцинаның пайдасы да зияны да жоқ деп ойлаймын. Кәзірде мен өзім тексеру жұмыстарын жүргізіп көрдім, егер статистика мәліметтеріне сүйенетін болсақ ҚР тәулігіне 1200 – 1800 адам «Короновирус» диагнозы мен ауруханаға түсіп жатыр, солардың ішін де 20 – 30 % вакцина алған адамдар, бұны қалай түсіндіруге болады. Қазір Қазақстанда вакциналардың төрт түрі бар: Қазақстандық QazVac, Ресейлік Sputnik V, Қытайлық Hayat-Vax және CoronaVac. Әрбір вакцинаның ерекшеліктері бар.
QazVac – ҚР Білім және ғылым министрлігінің, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми- зерттеу институты әзірлеген инактивтендірілген вакцина. Вирус формальдегидпен инактивацияланды. Қазіргі уақытта бұл вакцинаның тиімділігін дәлелдейтін ғылыми басылым жоқ.
Sputnik V - Ресейдің Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы әзірлеген векторлық вакцина. Екі компоненттен тұрады. Екі компонентте де вирустың өзі емес, SARS-CoV-2 вирусының S-белок гені, сондай-ақ адам аденовирусының серотипі 5 (rAd5) және 26-шы серотипі (rAd26) негізіндегі векторлар бар, олар көбеюге қабілетті емес. . Вектор вирустың генетикалық материалын тасымалдау және қорғау қызметін атқарады. Lancet зерттеудің үшінші кезеңінің аралық нәтижелерін жариялады, вакцина 91,6 пайыз тиімді, ал орташа және ауыр COVID-19-ға қарсы вакцина 100 % тиімді болды.
Hayat-Vax - БАӘ-де шығарылған Sinopharm Пекин биологиялық өнімдер институтының қытайлық вакцинасы. Хаят-Вакс сонымен қатар инактивацияланған вакцина болып табылады; вирус бета- пропиолактонмен өлтірілді. 2021 жылдың мамыр айында JAMA-да жарияланған БАӘ мен Бахрейндегі үшінші кезеңдегі зерттеулердің нәтижелері симптоматикалық жағдайлар үшін 78,1 % және ауыр жағдайларда 100 % тиімділікті көрсетті.
CoronaVac - қытайлық Sinovac Biotech компаниясы жасаған инактивтендірілген вакцина. Қытайдан алынған түпнұсқалық SARS-CoV-2 вирусы Веро жасуша желісі арқылы көп мөлшерде өсірілді. Алынған вирустар бета-пропиолактонға малынған, ол олардың генетикалық материалымен байланысу арқылы оларды инактивациялайды және өлтіреді, бұл басқа вирустық бөлшектерді тұтас ққалдырады.[1]
Пандемия барлық салаларға әсер етті, соның ішінде өнеркәсіпке . Әлемнің көптеген елдерінде зауыттар мен кәсіпорындар мүлдем жұмыс жасалуы тоқтатылды, сондықтан экология жақсарды, мысалы біздің елді алатын болсақ карантин жария етілгенден кейін заводтар, фабрикалар түрлі цехтер жұмыс жасалуы тоқтатлылды соның арқасында ҚР экологилық жағдайы айтарлықтай жақсы жағына өзгерді. Бірақ экология жақсарғанымен, экономика күрт нашарлады, компаниялар банкротқа душар болды және соның арқасында біраз жұмысшылар жұмыстан босатылды. Жұмыссыз қалған ақшалай мүмкіндігі шектеулі адамдар қатты қиналды, бірақ мемлекет тарпыныан ЕТЖ яғни 42500 теңге және де азық түліктер толтыру 6
мен көмек берілді. Кәзір де біздің елде короновирус айтарлықтай азайды, жұмыстар қайта басталды, тез күнде экономика өз орнына түсіп кетеді деп ойлаймын. Ал бүгін біз өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен экологиялық тазалығын жақсартуға бағытталған жобаларды қолдау және жаңа бастамалардағы экономикасы үшін мұндай бастамалардың рөлі болашақ Қазақстан үшін маңызы зор. Қазіргі экономикалық жағдайларда өндірістің экологиялық тазалығы мен энергия тиімділігін арттыру жобаларын қолдау қажеттілігіне және олардың өзектілігіне келетін болсақ, мұндай бағдарламалардың қажеттілігі тек арта түседі деп ойлаймын. Менің пікірім қазірде бірлесіп экологиялық және энергия тиімділігін арттырып, жобаларын іске асыру және тұрақты, білікті сараптаманы қамтамасыз ету үшін бірлескен кәсіп орындар құруды алдымызға мақсат етіп қоюымыз керек.
Пайдаланылған әдебиттер
https://www.google.com/amp/s/tengrinews.kz/kazakhstan_news/vyibiraem-vaktsinu-ot-koronavirusa-vmeste-s- uchenyimi-439669/amp/