Бұл мақалада Шымкент қаласының қазіргі экологиялық проблемалары туралы, көрсеткіштері мен алдағы уақытқа керек ұсыныстар мен талаптар жайлы сипатталады.
Қазіргі таңда, экология актуальды мәселеге айналды.Экологиялық ластану тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл жаһан елдерінде үлкен мәселеге айналған болатын. Осы мақалада біз Шымкент қаласының экологиялық проблемасын талқылап өтеміз.
Біріншіден, Қазақстандағы зерттеуге сәйкес Шымкент қаласы автокөлік түтінімен ең жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіреді. Автокөлік санының артуы, әсіресе облыс орталығында, ерекше алаңдаушылық тудырады.
Екіншіден, 2005 жылғы статистикалық есеп мәліметтеріне сай жалпы шығарынды 31 мың тоннаны құрайды. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 12 пайызға жоғары. Яғни кәсіпорын шығарындыларының жалпы 18
көлемі келесі тенденцияда өседі: Мұнай өңдеу бойынша – мұнай өңдеудің артуына байланысты; Құрылыс материалдарын шығару бойынша – құрылыс индустриясының интенсивті дамуына байланысты;
Жылу энергетикасында, қаланың – дамуына және жылу және электр энергияларының қажеттілігі артуына байланысты және өсімдік шикізатын өңдеуде, өсімдік шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың көбеюіне және шығарылатын өнім көлемі артуына байланысты. Оңтүстік Қазақстан облысы атмосфералық ауасының ен ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған, оларға келесі кәсіпорындар жатады: «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ААҚ - 14254,4 тонна немесе 45,8%.
«Энергоорталык-3» ААҚ - 1568,4 тонна немесе 5,04%. «Южполиметалл» Өндірістік Корпорациясы» АҚ - 5761,7 тонна немесе 18,5% .«Шымкентцемент» ААҚ- 1650,9 тонна немесе 5,3 %.
Үшіншіден, топырақтағы қорғасынның жоғары мөлшері 1-зерттеу орнында байқалды, ол мен тұратын жергілікті тұрғын үй алабы,дәлірек айтқанда жоғарыда айтылған «мұнай өңдеу» зауытына жақын жерлердің топырағы 845,72 мг/кг көрсетті. Бұл көрсеткіш шекті рауалы концентрациядан 26 есе жоғары. 2-зертеу орнында « Стандарт Цемент» зауыты 365,16 мг/кг тең, ол ШРК-дан 11 есе жоғары. 3-зертеу орнында жалпы зауыттардан 10 км алшақ жерлерден орналасқан тұрғын үй алаптары 274,63 мг/кг, бұл көрсеткіш ШРК-дан 8 есе жоғары. Топырақтағы мыстың жоғары мөлшері 1-зерттеу орнында 286,45 мг/кг көрсетті. Бұл көрсеткіш шекті рауалы концентрациядан 8 есе жоғары. 2-зертеу орнында 210,35 мг/кг тең, ол ШРК-дан 6,8 есе жоғары. 3-зертеу орнында 86,63 мг/кг, бұл көрсеткіш ШРК-дан 2,6 есе жоғары.
Топырақтағы мырыштың мөлшері 1-зерттеу орнында 386,26 мг/кг көрсетті. Бұл көрсеткіш шекті рауалы концентрациядан 7 есе жоғары. 2-зертеу орнында 280,96 мг/кг тең, ол ШРК-дан 5 есе жоғары. 3-зертеу орнында 94,36 мг/кг, бұл көрсеткіш ШРК-дан 1,7± жоғары болып отыр.
Бірақ, бұнымен қатар, бізде Қазақстан бойынша саябақтар өте көп. Әсіресе, дендросаябақ ішінде 500 мыңнан астам түрлі өсімдіктер бар. 1200-ден астам ағаштар бар. Егер, Шымкенттің қаласының сыртынан қарайтын болсақ, басқа қалаларға қарағанда ауасы көк түтін болып тұрады. Бұның бәрі адамзаттың экологиялық талаптарды сақтамауы және экологиялық талаптарға сай міндеттемелер мен құрылғылар жоқ. Егер,бұл талаптар сақталмаса, қаладағы саябақтармен қоса қоқыс орталығына айналып, тыныс алу жолдарының қатерлі ауруларына алып келуі мүмкін.
Ұсыныстар:
Егер, біз экологиялық проблемадан құтылғымыз келсе, онда қаладағы көліктерді қазіргі заманауи электро немесе сутекті көліктермен алмастыру керек. «Жасыл экология» талабына сай қоқыс жәшіктерін бөлу, қоқыс шашу мәселесіне қарай заңнама тұрғыдан қаталдату керек. Қоқыс өңдейтін зауыттарды кеңейту және оны ары қарай дамыту. Жаңа өнім шығарған кезде мейлінше пластиктен шығаруды азайту керек.
Қорытындылай келе, қаланың, әлемнің тазалығын сақтауын басқа біреуге арттырып күтуден ешқандай мәселе шешілмейді. Егер сол мәселелерді әрекет жасап, өзіміз шешетін болсақ, тек қаламыз ғана емес, бүкіл әлемде де экологиялық проблемамен зиян шекпейтін болады. Сол кезде, ауа таза және тыныс алу ауруларыда болмайды.Жаһандық мәселегеде айналмайтын болады!!!