Арал тағдыры-адам тағдыры

Қазіргі Арал теңізінің экологиялық проблемалары бүгінгі таңда әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұрынғы теңіздің астауын сақтап келген қысым бірте-бірте азайып, енді теңіз түбінің көтерілу процессі бастау алды. Демек бұл процесс негізінен екі бағытта яғни, онтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарап бет ала бастады. Осыған орай кейбір ғалымдарының есептеулері бойынша Арал теңізі түбінің бүгінгі көтерілу жылдамдығы жылына 5-7 мм, ал жарты ғасырдан кейін 50-70 сантиметрге жетеді екен. Сөйтіп, жергілікті тұрғындардың тіршілік етулері жыл өткен сайын, оларды айтарлықтай қусырып, қиындатып барады.

Сонымен бірге бұл аймақта жылына 15 рет катты дауыл соғып, тұзды шаңды жүздеген шақырымға таратады. Яғни, майда тұз аралас шаң атмосфераның ағынымен сонау Қиыр Шығыстағы Амур өзенінің бассейніне жөне АҚШ-тың Онтүстік Штаттарына дейін жетіп тұрғанын дәлелдейтін деректер өз алдына.

Міне, соған қарағанда бұл құбылыс келешекте жақсы үміт күттірмейтін сияқты. Өйткені қазіргі Арал апатын, оның айналасында жан-жаққа етек ала жайылып бара жатқан сор шаңдақты, бұрқыраған шөл даланы көргенде Африкадағы өлемге өйгілі Сахара шөлі көзге еріксіз елестейді. Ол аймақ та кезінде егінді, малды, гүлденген өлке болған. Бірақ, кезінде сол жерді мекендеген халық табиғаттың заңымен санаспай, шаруашылықты қалай болса солай жүргізудің нөтижесінде ұлан-ғайыр кең жер елсіз, сусыз шөлге айналған көрінеді [1].

Ал, біз болсақ, сол кайғылы төжірибені кайталауға бірте-бірте жакындап келеміз. Міне, осыған орай теңізді сумен толтырмағанмен оның кепкен ұлтанындағы құм, тұз, шаңды ұшырмаудың тезірек бір амалын жасаған жөн.

Өкінішке орай, осы уақытқа дейін теңіз астының қүпия ағыстары мен иірімдерін ғана зерттеген ғылым үшін жер асты суларының өзара карым-қатынас ағыс иірімдері әлі жұмбақ.

60 жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттық өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады. Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

Проблеманың қазiргі жай-күйiн саралайтын болсақ, Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км3 судан айрылды, судың тұздылығы 26-27 г/литрге (бұрын 11-12) жетті. Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде oрналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған. Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі -1 шамамен 1000 км. Тереңдігі 20-25 м. ең үлкен тереңдігі 67 м. Жаздағы орташа температура 24-26°С, қыста 7-13,5°С. Жылдың жауын-шашын мөлшері шамамен 100 мм. Арал теңізінің су балансы бұрын жауын- шашынмен 5,9 км, өзен ағысымен 54,8 км қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану 60,7 км. Теңіз деңгейінің маусымдың ауытқуы 25 см. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтық өзендерінің сұлылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері Амудария мен Сырдария ұстап тұрған. 60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2 км, ал 1980 жылы 10 км. 1986 жылы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды [2].

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
  2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
  5. Жер асты суларын пайдалану.
  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры — адам тағдыры» болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

Халықаралық құқықтың негізгі құжаттары, соның ішінде трансшекаралық суларды пайдаланудың қағидаларын анықтайтын халықаралық өзендер мен трансшекаралық суларды пайдалануды қорғау туралы конвенция (1992 ж.) бойынша судың бойында орналасқан мемлекеттердің барлығы «суды өз территориясындағы шегіне сәйкес және адал және ақылға сиымды түрде қолдануы тиістігі» көрсетілген. Осы құжаттармен, сонымен қатар, халықаралық сулардың бойындағы мемлекеттердің суды өз территорияларында пайдалану барысында «басқа мемлекеттерге зиян келтірудің барынша алдын алу» және зиян келтірілген жағдайда «осы зиянды жою немесе азайту, қажет болған жағдайда өтемақы төлеттіру мәселесін талқылау» туралы шаралар қолдану міндеттемелері қамтылған [3].

Трансшекаралық сулардың су ресурстарын пайдалану туралы халықаралық құқық нормалары аймақтың барлық мемлекеттері үшін халықаралық суды тиімді пайдалану мен тиісінше қорғау мақсаттарына жету үшін ынтымақтастық саласындағы жалпы міндеттерін де қарастырады. Мұндай ынтымақтастықтың маңызды бастамасы 1993 жылы наурыз айындағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан мемлекеттерінің Елбасыларының кездесуі болып табылады. Осы кездесуде Қызылорда қаласында «Арал теңізі мен Арал аймағының мәселелерін бірлесіп шешу, Арал аймағын экологиялық сауықтыру мен әлеуметтік-экономикалық дамыту туралы Келісімге» қол қойылды. Бұл проблемаларды барынша түсіну кеңестік кезеңнен кейін бес Орта Азия мемлекеттерінің Халықаралық Координациялық су шаруашылығы Комиссиясын (1992 ж), ал одан кейін (1993 ж.) құрылтайшылары аталған бес мемлекет болып табылатын Аралды құтқарудың Халықаралық Қоры құрылды. Қордың басты мақсаты аймақты экологиялық сауықтыруға және аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру болып табылады [4].

Аймақтық деңгейде реттеу құралдарының қатарына 1993 жылғы Арал теңізі мен Арал аймағының мәселесін шешу, Арал аймағын экологиялық сауықтыру мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде бірлесіп әрекет ету туралы 1993 жылғы Келісім мен 1998 жылғы Сырдария өзені бассейнінің су- энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы үкіметаралық Келісім (төрт мемлекеттің қатысуымен – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) кіреді.

Су ресурстарын пайдалану мен қорғаумен байланысты халықаралық-құқықтық реттеуде 2006 жылғы Орта Азияның орнықты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау туралы Конвенция маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде бұл Конвенция үш мемлекетпен - Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанмен қол қойылған және әлі күшіне енбеген. Бүгінде Орта Азия аймағында жоғары деңгейде жетілдірілмеген болса да, орнықты трансшекаралық су ресурстарын басқару мен пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық қоры құрылған және қолданылып келеді [5].

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен 2005-2015ж.ж. «Өмірге арналған су» қозғалысының Халықаралық онжылдығы болып жарияланды. Арал мәселесін барынша терең түсіну 2005 жылы БҰҰ-ның Орта Азиядағы адамзат дамуы туралы Баяндамасында қолдау тапты, мұнда Арал теңізінің тартылуы тек аймақтық қана емес, жаһандық маңызға ие екендігі атап өтілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі АҚХҚ қызметін қолдау және нығайту үшін көптеген шаралар жасауды, бұл өз кезегінде аталған қорды Орта Азия мемлекеттерінің расында диалог орнататын және Арал теңізінің суын тиімді пайдалануға және осы аймақтың экологиялық мәселесін шешудің басты кілтіне айналдырып отыр. Қазақстан – бұрынғы КСРО және Орта Азия мемлекеттерінің ішінде ЕҚЫҰ секілді беделді халықаралық ұйымның төрағасы қызметін атқарған жалғыз мемлекет. Төрағалық еткен жылдары да мемлекетіміз Орта Азия мемлекеттерінің мәселелерін, әсіресе, Арал аймағының экологиялық мәселесін көтеруді басты күн тәртібіне қоя білді. Арал теңізін құтқару мүмкін емес деген пікірлерді жоққа шығаратын іс-шаралар жасау әлі де қажет екенін атап өтуіміз керек. Бүгінде Орта Азия мемлекеттері Аралды апаттан құтқару үшін арнайы Бағдарлама жасап, онда мынадай бағыттарды дамыту қажет деп отыр:

Су ресурстарын барлық мемлекеттердің мүдделерін ескере отырып кешенді пайдалану бағыты;

Экологиялық бағыт;

Әлеуметтік-экономикалық бағыт;

Құқықтық механизмді дамыту бағыты [6].

Алайда апатты аймаққа айналып отырған Арал мәселесін шешу жолдары біздің ойымызша мұнымен шектеліп қалмауы тиіс. Құқықтық құжаттарда (мысалы, «2004-2015 ж.ж. арналған ҚР экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы») экологиялық мәселелер жаһандық, ұлттық және жергілікті деп жіктелген. Арал апаты аталған жіктемелердің ішінде ұлттық сипаттағы экологиялық мәселеге жатқызылған.

Сондықтан да, табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады. Екіншіден, адам мен табиғаттың қарым- қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет. Үшіншіден, Арал теңізінің мәселесі жаһандық экологиялық мәселе ретінде арнайы құқықтық құжатта бекітіліп, сонымен қатар, әлем халықтарын Арал мәселесі туралы мәліметтермен қамтамасыз ету үшін арнайы ақпараттық база құрылып, онда аймаққа қатысты барлық экологиялық, құқықтық, әлеуметтік, экономикалық мәліметтер орналастырылса, бұл теңізді құтқару үшін жасалған тамшыдай болса да көмегіміз болар ед.

Әдебиеттер

  1. «Экология және қоршаған ортаны қорғау». Ұ.Б.Асқарова. (Алматы, 2007).
  2. Қ.Н. Жалмишова. «Экологиялық білім және тәрбие». Шымкент., 2006.
  3. «Егемен Қзақастан», 2005 жыл 30 қараша
  4. Соглашение о совместных действиях по решению проблемы Аральского моря и Приаралья, экологическому оздоровлению и обеспечению социально-экономического развития Аральского региона. Кзыл-Орда,
  5. Ибатуллин С. Проблемы Бассейна Аральского моря и значение регионального сотрудничества. - 2010 г.
  6. А.Власов: Проблема Аральского моря - есть ли пути решения? - 2010 г.
Жыл: 2021
Қала: Шымкент
Категория: Медицина