Кіріспе
Коронавирустық инфекция алғаш рет 2019 жылдың соңында Қытайда анықталды, ал біздің елде олар наурыз айының басында анықтала бастады. Әйелдерде COVID-19 тудыратын SARS-CoV - 2 коронавирусын жұқтыру қаупі жоғары . Зерттеулер көрсеткен- дей, жүкті әйелдер өз қатарындағы басқа жүкті емес әйелдермен салыстырғанда COVID-19 ауыр ағымының даму қаупі жоғары. Сонымен қатар, жүктілік кезіндегі COVID - 19 ауруы мерзімінен бұрын босану қаупінің жоғарылауымен байланысты болды.
Анадағы асқынуларға келетін болсақ, асқынған пневмонияның көпшілігі жүктіліктің үшінші триместрінде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде, яғни босанғаннан кейінгі бірнеше аптада болған жүкті әйелдерде болды. Жүктіліктің бірінші және екінші триместріндегі COVID-19 инфекциясы асқынулардың аздығымен байланысты. Алайда, анадағы асқынуларға байланысты (әсіресе жүктіліктің үшінші триместрінде) шала туылған нәрестелердің туу жиілігі артады.
Статистика бойынша жүкті әйелдер өз жасындағы жүкті емес әйелдерге қарағанда ковид вирусын жұқтыру қаупі 7,2 пайызға жоғары екенін зерттеулерден анықталған [11].
Жүкті әйелдердің көпшілігінде сәулеленудің төмен дозасы бар компьютерлік томография жасаған, оның ішінде пациенттердің көпшілігінде бір жақты немесе екі жақты пневмония болды. Айқын лимфопения covid-19 бар көптеген науқастарда байқалды[8,9]. Кейбір науқастарда қабылдау кезінде ковид-19 пневмониясын көрсететін сонографиялық белгілер байқалды: барлық төрт жағдайда да плевраның тұрақты емес сызықтары және вертикальды артефактілер (в-сызықтар), ал екеуінде ақ өкпенің дақтары байқалды. Өкпенің ультрадыбысты зерттеуі covid-19 анықталған кезде кеуде қуысының рентгеніне қарағанда сезімтал болды[8]. Вирустық клиренсі жұтқыншақтан алынған жағынды үлгілерін пайдалана отырып сериялық РТ- ПТР-мен расталды [10]
Мақсаты:
Бұл жүйелі шолудың мақсаты - мәліметтер базасынан "коронавирус және жүктілік туралы" қол жетімді әдебиеттерді жүйелі түрде қарау, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдер мен олардың отбасыларына егжей - тегжейлі ақпарат беру, коронавирустық аурудың қазіргі өршуі туралы ұлттық және халықаралық нұсқаулар туралы хабарлау.
Зерттеу әдістері мен материалдар:
Бұл шолу жүйелі және әдеби шолулардың белгіленген әдіснамасына сәйкес жасалды. Біз, PubMed, Scopus, Medline, Cochrane және Google Scholar арқылы электронды іздестірдік, және дерекқор тізіміне тіркелген барлық зерттеулерді қарастырдық. Жүктілік кезіндегі COVID-19 нәтижелері туралы хабарланған барлық когорттық зерттеулер енгізілді және біз терминдермен, кілт сөздермен "КОВИД-19" және «жүктілік» сөздерінің нұсқаларымен іздедік.
Зерттеу нәтижелері:
Жүктілердің орташа жасы 24-тен 40 жасқа дейін болады.
COVID-19 пациенттерінің алғашқы белгілері қызба, жөтел, ентігу, миалгия және шаршағыштық болса кейбір науқастарда қақырықты жөтел, бас ауруы, қан аралас қақырық және диарея басқа белгілер болды, олар аз таралған [4,5]. Кейбір әйелдерде ентігу (≈38%), тән аносмия немесе миалгияға, шаршағыштық немесе бас ауруына қатысты ерекше шағымдар болды (~ 25-30%). Бестен бір бөлігі асимптоматикалық болды, дегенмен бұл есептер арасында айтарлықтай ерекшеленді. Семіздік (32,2%) және онымен байланысты аурулар да жоғары болды (22,8%). Әйелдердің көпшілігі (~65%) үшінші триместрден емесе босанғаннан кейінгі кезеңде болған. Зерттеулер көрсеткендей, олардың көпшілігінде қабыну белгілері С- реактивті ақуыздың немесе прокальцитониннің жоғарлауы болса, ал үштен бірінде лимфопения болса, басқаларда бауырлық ферменттердің жоғарлауы 18% анықталды [6,7]. Бір қатар жағдайларда тіркелген ауыр пневмониялардың жиілігі 0% - дан 15% - ға дейін болған және оларды жансақтау бөліміне жатқызуды қажет еткен.
Қорытынды
Бұл жүйелі шолуда біз жүктілік кезінде COVID-19 расталған әйелдер туралы жарияланған, рецензияланған ақпаратты жинақтадық. Аналарды қарқынды терапия бөліміне госпитализацияланғаны анықталған. Бірақ аналардың көпшілігі ауыр асқынуларсыз шығарылған, сонымен қатар covid-19 - дың салдарынан ауыр жүктілік ауруылары мен перинаталды өлімдерде болған. Covid-19-тің вертикальды жұғуы жоқ қа шығарылған жоқ. Бізак акушерлік ақпаратты, диагностиканы, клиникалық көріністерді, неонатальды медициналық деректерді, перинаталды және жүктілік кезіндегі асқынуларды, ауруханаға жатқызуды, клиникалық нәтижелерді, профилактиканы және covid-19 пандемиясы кезінде жүктілікті амбулаториялық деңгейде жүргізуді талдадық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Baud, D., Giannoni, E., Pomar, L., Qi, X., Nielsen-Saines, K., Musso, D., & Favre, G. (2020). COVID-19 in pregnant women – authors' reply. The Lancet Infectious Diseases, 20(6), 654. doi:10.1016/S1473-3099(20)30192-4
- Bresesti, I., & Rossi, L. (2020). Coronavirus disease 2019 (COVID-19) and pregnancy: Responding to a rapidly evolving situation. ObstetricsandGynecology, 136(1), 193. doi:10.1097/AOG.0000000000003965
- Buonsenso, D., Raffaelli, F., Tamburrini, E., Biasucci, D. G., Salvi, S., Smargiassi, A., Moro, F. (2020). Clinical role of lung ultrasound for diagnosis and monitoring of COVID-19 pneumonia in pregnant women. UltrasoundinObstetricsandGynecology, 56(1), 106-109. doi:10.1002/uog.22055
- Caparros-Gonzalez, R. A., &Alderdice, F. (2020). The COVID-19 pandemic and perinatal mental health. JournalofReproductiveandInfantPsychology, 38(3), 223-225. doi:10.1080/02646838.2020.1786910
- Chen, L., Li, Q., Zheng, D., Jiang, H., Wei, Y., Zou, L., Qiao, J. (2020). Clinical characteristics of pregnant women with covid-19 in wuhan, china. NewEnglandJournalofMedicine, 382(25), E100. doi:10.1056/NEJMc2009226
- Chen, X., Li, Y., Wang, J., Cai, H., Cao, H., & Sheng, J. (2020). Pregnant women complicated with COVID-19: A clinical analysis of 3 cases. Zhejiang Da XueXueBao.YiXue Ban = Journal of Zhejiang University.Medical Sciences, 49(2), 240-244. Retrievedfrom www.scopus.com
- Cheng, S. O., Khan, S., &Alsafi, Z. (2020). Maternal death in pregnancy due to COVID-
- UltrasoundinObstetricsandGynecology, 56(1), 122. doi:10.1002/uog.22111
- Cohen, J., Vignaux, O., &Jacquemard, F. (2020). Covid-19 in pregnant women: General data from a french national survey. European Journal of Obstetrics and Gynecology and Reproductive Biology, 251, 267-268. doi:10.1016/j.ejogrb.2020.06.002
- Damiani, G. R., Biffi, A., Del Boca, G., & Arezzo, F. (2020). Abdominal pregnancy during the COVID-19 pandemic. InternationalJournalofGynecologyandObstetrics, 150(2), 270-271. doi:10.1002/ijgo.13271
- Dana, P. M., Kolahdooz, F., Sadoughi, F., Moazzami, B., Chaichian, S., &Asemi, Z. (2020). COVID-19 and pregnancy: A review of current knowledge. Infezioni in Medicina, 28, 46-51. Retrievedfrom www.scopus.com
- https://www.healio.com/news/primary-care/20210205/covid19-mortality-rate-elevated-in-pregnant-women