Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ингаляциялық глюкокортикостероидтардың өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастарды емдеудегі рөлі мен маңызы

Аннотация

Әртүрлі зиянды факторлар салдарынан тыныс алу жолдарында қабыну жасушаларының санының артуы өкпенің созылмалы обструктивті ауруының өршуіне алып келеді. Осы себепті ұзақ уақыт бойы ингаляциялық глюкокортикостероидтарды бронх демікпесін және ӨСОА емдеу тиімді болып келді. Алайда, таяу арадағы зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, құрамында глюкокортикостероидтары бар препараттарды кең ауқымды тағайындау барысында біршама осалдықтар анықталды.

Кілт сөздер: глюкокортикостероидтар (ГКС),өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА),бронходилататорлар,терапия,зерттеу,болжам.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы - тұрақты респираторлық симптомдармен және ауа ағынының шектелуімен сипатталады . ӨСОА патогенезі темекі түтінінің және басқа да бөлшек компоненттерінің тұрақты әсерінен тыныс алу жолдары мен өкпе паренхимасында қабыну өзгерістерінің пайда болуына негізделген. Алдағы онжылдықта экономикалық дамыған және дамушы елдерде темекі шегушілердің айтарлықтай үлесін төмендетуге арналған тенденция жоспарланбай отыр. Эпидемиологиялық зерттеулерге сәйкес, ӨСОА-ның жаһандық таралуы 11,7% (95% сенімділік интервалы - 8,4-15,0%)құрайды. Сарапшылардың болжамы бойынша жыл сайын әлемде 3 миллионға жуық пациент ӨСОА мен асқынуларынан көз жұмады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша кортикостероидтарды ұзақ әсер ететін β2- агонистердің бекітілген дозасымен біріктіріп тағайындағанда, плацебомен салыстырғанда ӨСОА өршу жиілігі орта есеппен 25%-ға төмендеуі мүмкін екені анықталды. Аурудың прогрессиясының төмендеуі және белгілі бір топшалардағы науқастарда аурудың болжамын жақсартты. Пациенттердің айтарлықтай бөлігінде құрамында ГКС бар терапияның тиімділігі расталмаған. Кортикостероидтарды үнемі қолдану, әсіресе аурудың ауыр ағымы бар науқастарда ауруханадан тыс пневмонияның даму қауіпін арттырады. Сонымен қатар, кортикостероидтарды ұзақ уақыт қолданғанда остеопороз және сынулар, қант диабеті, глаукома және орофарингеальды кандидоз, туберкулез және туберкулезді емес микобактериялық инфекцияларды дамытады.

Сарапшылар ұсынысы.ӨСОА-мен ауыратын науқастар үшін басым терапия ұзақ әсер ететін бронходилататорлар болып табылады,алайда пациенттердің көпшілігі біріктірілген бронходилататорларды тағайындауды талап етеді.Біріктірілген ГКС монотерапиясымен салыстырғанда ұзақ әсер ететін антихолинергиялық препараттардың комбинациясы ентігуді жеңілдетеді, өмір сапасын жақсартады, физикалық жүктемені көтере алуға,өршудің алдын алады. Терапияның үштік комбинациясына дейін жоғарылауы жекелендірілген болуы керек. Бұл негіздемеге сәйкес препараттарды ауыстыру өршудің жалғасуы кезінде , науқасқа жүйелі ГКС тағайындау немесе госпотилизациялау кезінде жүргізіледі. Ауру өршуімен қоса перифериялық қанда эозинофилия болғанда қос бронходилатацияға ГКС қосылады. Қан эозинофилиясының параметрін тек аурудың клиникалық көрінісімен бірге қарастырған жөн.

ҚорытындыРесей респираторлық қоғамы сарапшылар кеңесінің қорытындысы бойынша тұрақты ӨСОА бар науқастарды басқару алгоритмінің жаңартылған жобасы ұсынылды, онда құрамында кортикостероид- тары бар терапиядан қосарлы бронходилататорлар комбинациясына ауысу шарттары, сондай-ақ ӨСОА бар науқастарда кортикостероидтар қолдану ауқымы азайту туралы шешімге келген. Зерттеулердің оң нәтиже беруіне байланысты осы ұсыныс көптеген елдерде қолдау тапты.

Әдебиеттер

  1. https:// diseases.medelement.com.
  2. https:// journal.pulmonology.ru.
  3. Овчаренко.С.И.Лещенко И.В .Хроническая обструктивная болезнь легких.Руководство для практикующих врачей. 2018г.
  4. Айсанов З.Р.Авдеев С.Н. Национальные клинические рекомандации по диагностике и лечению хронической обструктивной болезни легких. 2017г.
  • Жыл: 2021
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина