Қант диабетімен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту

Кіріспе. Қант диабеті - бүкіл әлемдегі жаһандық проблема. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы- ның деректері бойынша, бүгінгі күні диабетпен 422 млн адам зардап шегеді, бұл бүкіл әлем халқының 6,028% - ын құрайды. Қант диабетімен сырқаттанушылық статистикасы жыл сайын өсуде [1]. Егер жағдай сол қарқынмен дамитын болса, онда 2025 жылға қарай диабетпен ауыратын науқастардың саны 2 есе артады. 2030 жылға қарай қант диабеті бүкіл әлемде өлімнің 7-ші себебі болады [2, 3].

Қазақстан Республикасында соңғы уақытта қант диабетімен ауыратындардың саны қарқынды өсуде. 2016 жылы қант диабетімен ресми тіркелген науқастардың саны 379 942 адамға дейін өсті, бұл республика халқының 2,1% - ын құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау статистикалық деректері бойынша Қазақстан Республикасында 2016 жылы әйелдер арасында диабетпен ауыратын пациенттердің таралуы (11,7%) ерлерге қарағанда (11,3%) сәл артық.

Қазақстан Республикасының ұлттық тіркеліміне сәйкес республикада қант диабетімен ауыру жоғары, медициналық-әлеуметтік көрсеткіштер бойынша жүрек - қан тамырлары және онкологиялық аурулардан кейін 3-орын алады [5].

Қазақстан Республикасының Ұлттық тіркелімінің деректері бойынша жасалған картада қант диабетімен ауыратын ресми тіркелген науқастардың өсу үрдісі байқалады [6]. Қант диабеті бойынша ең көп таралған облыстарға елдің солтүстік өңірлері мен Орталық Қазақстан жатады, ал ең аз таралғанына Батыс өңірлер жатады. Біздің республикада қант диабетін және диабет алдындағы жай-күйді анықтау бойынша [7], сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде скринингтік бағдарламалар жеткілікті түрде жүйелі түрде жүргізіледі.

Қант диабетімен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасында мейірбике ісін сауатты және тиімді ұйымдастыру маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн. Алайда, қант диабетімен және оның асқынуларымен күрес мамандандырылған медициналық қызметтің барлық буындарының келісілген жұмысына ғана емес, сонымен қатар қант диабеті кезінде көмірсулар алмасуын өтеу бойынша мақсатты міндеттерге қол жеткізе алмайтын науқастардың өздеріне де байланысты, ал оның бұзылуы тамырлы асқынулардың дамуына әкеледі.

Қант диабетімен және оның салдарымен күресуде, сондай - ақ пациенттерде аурудың ағымын жеңілдету үшін емдеу-алдын алу мекемелерінің құрамында функционалдық негізде профилактикалық шаралардың ұйымдастырылуы маңызды.

Мақсаты. Қант диабетімен ауыратын пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартудағы профилактикалық оқыту әдістерінің тиімділігін талдау.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу үшін 50-ден 70 жасқа дейінгі (орташа жасы 55,7±7,5 жас) 20 науқас іріктеліп алынды, олар оқу бағдарламасына алғаш рет қатысты. Оқитындардың көпшілігі 66,7% әйелдер болды. Аурудың орташа ұзақтығы 11,7±4,1 жыл болды. Науқастардың өмір сапасын анықтау мақсатында Еuroqol сауалнамасы алынды.

"Облыстық клиникалық аурухана" базасында ұйымдастырылған бағдарлама жұмысының нәтижеле- ріне ретроспективті талдау жүргізілді. Оқыту шағын топтарда (4-6 адам) "қант диабеті" жобасы аясында әзірленген бағдарлама бойынша жүргізілді. Бағдарламада «Қант диабетін бақылау дағдыларын меңгеру», «Қант диабеті ауруы бар адамдардың денсаулық жағдайын бағалаудың заманауи әдістерін меңгеру», «Күнделікті өмірге ұтымды тамақтану қағидаттарын енгізу», «Тренингке қатысушыларды стресстік жағдайға бейімделуге үйрету» атты міндеттер қойылып ұйымдастырылды. Материал түсінікті түрде көрнекі (слайдтар, жадынамалар) сүйемелдеумен баяндалды.

Нәтижелері. Қант диабетімен ауыратын науқастарды тексеру және диабеттің алдын алу мәселелері бойынша хабардар болуының төмен деңгейі анықталды. Науқастардың 57,1% - ында комплаенстің төмен деңгейі, яғни науқастың өзінің жай-күйінің ауырлығын бағалаудың төмен барабарлығы және оң қабылдаудың болмауы анықталды.

EuroQol сауалнамасының нәтижелері бойынша науқастардың 60% өзінің денсаулық жағдайын 60-70 шкаласы аралығында бағалады, 25% науқастар шкала бойынша 50 деп бағалады, қалған 15% науқас 80 шкаласын атап көрсетті.

Сауалнамадан кейін өзін-өзі бақылауға ынталандыру науқастың 77,4% - ында пайда болды. 81,1% - ы оқудан кейін емдік тамақтану қағидаттарында бағдарланды. 57,8% - ы глюкоза деңгейінің мақсатты көрсеткіштері туралы хабардар болды.

Науқастардың жалпы жағдайын динамикада бағалау кезінде оқыған 48,6% науқас диетаны қатаң сақтай бастағанын көрсетті, бұл қандағы қант деңгейінің қалыпқа келуіне әкелді. Сабаққа үнемі қатысатын диабеттік науқастардың 60% - ында емге бейімделудің қалпына келуі байқалды, бұл көңіл-күй мен өнімділіктің жоғарылауымен, ұйқының жақсаруымен, сондай-ақ өмір сүруге деген ынтаның жоғарылауымен сипатталды.

Қорытынды. Қант диабеті оқыту бағдарламасына қатысу науқастар үшін жеткілікті емдік тиімділік- ке ие болды. Бағдарламада оқытудың негізгі мақсаты науқастардың көпшілігі асқынулардың алдын-алу және медициналық тамақтану принциптерін игеру әдістері бойынша дағдыларды дамытуды қарастырады. Нәтижесінде науқастар қант диабеті және оның ағымының ерекшеліктері, өзін-өзі бақылау және ұтымды тамақтану принциптері, гипогликемиялық терапияның мақсатты көрсеткіштері мен тиімділігінің критерий- лері туралы білімдерін жетілдіре алды. Сонымен, сабақтар науқастардың ауруларындағы құзыреттілігін арттырды, олар өз жағдайында жақсы бағдарланған болды, бұл олардың өмір сүру сапасын тікелей жақсартады.

Әдебиеттер

  1. Forbes JM, Cooper ME. Mechanisms of diabetic complications. Physiol Rev. 2013.
  2. Yrovolas S, Koyanagi A, Garin N. Diabetes mellitus and its association with central obesity and disability among older adults: a global perspective. Exp Gerontol. 2015;
  3. Chentli F, Azzoug S, Mahgoun S. Diabetes mellitus in elderly. Indian J Endocrinol Metab. 2015; 19;
  4. Lim U, Ernst T, Buchthal SD. Asian women have greater abdominal and visceral adiposity than Caucasian women with similar body mass index. Nutr Diabetes. 2011.
  5. Parra DI, Romero Guevara SL, Rojas LZ. Influential factors in adherence to the therapeutic regime in hypertension and diabetes. Invest Educ Enferm. 2019 out;37(3).
  6. Salci MA, Meirelles BHS, Silva DMGV. Health education to prevent chronic diabetes mellitus complications in primary care. Esc Anna Nery. 2018;22.
  7. Salci MA, Meirelles BHS, Silva DMGV. Primary care for diabetes mellitus patients from the perspective of the care model for chronic conditions. Rev latinoam. Enferm. 2017.
  • Жыл: 2021
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011