Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шымкент қаласында егде жастағы ер адамдардағы зәр шығару жүйесі бұзылыстарының таралу жиілігі

Өзектілігі. Ер адамдардағы төменгі зәр шығару жолдарының бұзылыстарының белгілері көбінесе 60 жастан асқан ерлердің 60% - ында кездеседі [1]. Ерлердегі зәр шығару жолдарының спецификалық емес қабыну ауруларының арасында созылмалы бактериялды простатит ерекше орын алады, бұл өте жиі кездесетін патология. Оларды зерттеудегі жетістіктерге және емдеудің заманауи тәсілдеріне қарамастан, бұл проблема өзекті бола түсуде [4].

Зәр шығару жүйесі ауруларының ішінде қуық асты безінің қабыну ауруымен ауыратын ерлердің үштен бірі простатит созылмалы түрінен зардап шегеді [2]. Көбінесе себебі ретінде - патогендік флораның урогенитальды каналдан немесе жыныс - зәр шығару жүйесінің бездерінен енуіне байланысты инфекциялық зақымдану болып табылады. Қуық асты безінің көптеген аурулары, соның ішінде, қатерсіз гиперплазия немесе онкопатология - бұл үлкен жастағы ер адамдардың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады [3]. Егде жастағы науқастарда детрузорлық гиперактивтіліктің төменгі зәр шығару жолдарының қызметіне әсері, мұндай науқастарда зәр шығаруды хирургиялық емдеудің нәтижелерін болжаудағы уродинамиканың рөлі, уродинамикалық зерттеуден кейін егде жастағы төменгі зәр шығару жолдарының инфекциясы өте маңызды және іс жүзінде қамтылмаған. Егде жастағы ер адамдардағы төменгі зәр шығару жолдарының ең ауыр симптомы - бұл ноктурия болып табылады [5]. Зәр шығару жүйесі бұзылыстарының салдары ретінде өмір сапасының едәуір төмендеуі, егде жастағы ерлердегі маңызды психологиялық және әлеуметтік- экономикалық проблемалардың пайда болуы және т.б. мәселелер жатады.

Егде жастағы зәр шығару бұзылыстарын дер кезінде кезінде диагностикалау көптеген асқынулардың алдын алуға септігін тигізеді [6].

Зерттеудің мақсаты: Егде жастағы ер адамдардағы зәр шығару бұзылыстарының таралу жиілігін анықтау.

Зерттеу әдістері. Зерттелетін контингенттің сипаттамасы: «Otau med» клиникасында тіркелген 65-тен 93 жас аралығындағы (орта жасы 72,3±4,5 жыл) егде жастағы 35 науқас.

Зәр шығару бұзылыстарының таралу жиілігін анықтау барысында сауалнама, сұқбаттасу әдістері қолданылды. Науқастардың зәр шығару жолдарының бұзылыстарын анықтау мақсатында 0-5 баллдық шкала арқылы бағаланатын 7 сұрақ және симптомдардың ауырлығын бағалауға арналған 0-6 балл аралығындағы 1 сұрақтан құралған "IPSS" сауалнамасы қолданылды.

"IPSS" сауалнамасының нәтижесінің интерпретациясы:

  • 0 ден 7 балға дейін (жеңіл симптоматика) – пациент медициналық бақылауды қажет етеді, симптоматикалық терапия тағайындалуы мүмкін;
  • 8 ден 19 баллға дейін (орташа ауырлық дәрежесі) – пациентке консервативті ем тағайындалуы үшін толық медициналық тексеруден өту қажет етіледі
  • 20 баллдан жоғары (ауыр дәрежедегі бұзылулар) - пациентке кешенді урологиялық көмек көрсетіледі, хирургиялық емдеу ұсынылады.

Сонымен қатар, зерттеуге алынған науқастар соңғы екі апта мерзімінде зәр шығару күнделігін толтырып отырды. Зәр шығару күнделігінің нәтижесінің интерпретациясы:

  1. жеңіл дәрежелі зәр шығару бұзылысы: зәр шығару алдындағы ургенттілік бар, бірақ оған шыдау оңай
  2. орташа дәрежелі зәр шығару бұзылысы: зәр шығару алдындағы ургенттілік жеткілікті ыңғайсыздықты тудырады және күнделікті белсенділікке кедергі келтіреді
  3. ауыр дәрежелі зәр шығару бұзылысы: қолайсыздықты тудыратын және әдеттегі істермен айналысуға мүмкіндік бермейтін ауыр шыдамсыз зәр шығару алдындағы ургенттілік.

Алынған деректерге статистикалық талдау жұмыстары Microsoft Excel бағдарламасы арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижелерін объективті бағалауды жүргізу үшін дәлелді медицина әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижесі. "IPSS" сауалнамасы бойынша науқастардың зәр шығару бұзылыстарының таралу жиілігі: 9 науқаста (26.2%) зәр шығару бұзылыстары анықталмады, зәр шығару бұзылысының жеңіл дәрежесі 16 науқаста (45.18%), орташа дәрежелі бұзылулар 7 науқаста (19.8%) және ауыр дәрежедегі бұзылулар 3 науқаста (9%) анықталды.

Сұқбаттасу және зәр шығару күнделігінің нәтижелері бойынша зәрдің еріксіз бөлінуінен зардап шегетін науқастарды мазалайтын приоритетті шағымдар: зәр шығарғаннан кейінгі қуықтың толық босатылмау сезімі 23 науқасты (67.21%) мазалайды, зәр шығару кезіндегі ауырсыну сезімі 12 науқаста (35.6%), зәр шығару алдындағы ургенттілік 29 науқаста (83.6%) кездеседі. Сонымен қатар, зәр шығару кезіндегі күшену қажеттілігі 14 науқаста (41.4%) туындайды.

Қорытынды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, зәр шығару бұзылыстары 73.8% (n=25) науқаста анықталды. Зәр шығару күнделігі және "IPSS" сауалнамасы нәтижелерінде көрсетілген науқастарды мазалайтын симптомдары ары қарай мейіргерлік үрдісті дұрыс жоспарлауға көп септігін тигізеді.

Әдебиеттер

  1. М.К.Алшынбаев,Е.С.Мәмбеталин\\ ‘Урология’ Алматы ‘Білім’2020\\ 6-12 б.
  2. Li G., Man L. Low-intensity extracorporeal shock wave therapy for male chronic pelvic pain syndrome: a systematic review and meta-analysis. // Transl Androl Urol - 2021 - Vol10 - N3 - p.1202-1211; PMID:33850755
  3. Tseng CH. The Effect of Metformin on Male Reproductive Function and Prostate: An Updated Review. // World J Mens Health - 2021 - Vol - NNULL - p.; PMID:33831975
  4. М.В. Нестерова, Микробиологические аспекты хронического бактериального простатита\\ Автореферат\\ Р.Ф. 2012 г.\\ 9-19 стр.
  5. Tsivian, A. In Support of Early Treatment of Postopersative Vesicovaginal Fistula / A. Tsivian, A. Kurenkov// Journal of Pelvic Medicine and Surgery: July/August 2006- vol 12-Issue 4, pp 97-100 34.
  6. Kurenkov, A. Our experience of surgical treatment of urethral diverticulum in women / A. Kurenkov, A. Gorbunov, K. Chibirov// Материалы 2nd Joint Section Meeting of ESFFU, ESGURS and ESOU, 2013 Р. 69

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.