Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттердің дұрыс тамақтануын ұйымдастыруды қалыптастыру

Өзектілігі. Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық кепілі. Дұрыс тамақтану ағзаның қалыпты өсуіне, дамуына, қоршаған ортаның түрлі әсерлеріне қарсы тұруы мен организмнің дұрыс қызмет етуіне ықпал етеді. Алайда, заманауи медицинадағы өзекті мәселелердің бірі дұрыс тамақтанудың заңдылықтарын сақтанбау. Әсіресе, студенттердің тамақтану тәртібі барлығымызды алаңдатады. Себебі, студенттік шақта түрлі факторлардың әсері дей отырып, тамақтану заңдылықтарын ұстанбай, оның ағзаға тигізіп отырған кеселін бірі білсе, бірі біле бермейді. Жас организмдегі жылдам метаболизм, әлі де қарқынды жүріп жатқан өсу және сүйек тінінің дамуы, көп қозғалу, жеткіліксіз ұйқы ағзаға қажетті мөлшерде нутриенттердің түсіп отыруын талап етеді[1.2.3]. Сондықтан, профилактикалық медицинада студенттердің денсаулығына, тамақтанудағы

сауаттылығына көңіл бөле отырып, түрлі аурулардың алдын алудың маңызы зор. Студенттердің өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілік қағидаты мемлекеттік жастар саясатының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

Зерттеу мақсаты: Студенттердің дұрыс тамақтануын бағалау.

Зерттеу әдістері: Зерттеуді жүргізу үшін зерттеу нысан ретінде «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның студенттері (N=105) алынды, ал зерттеу әдісі студенттер арасындағы сауалнама болып табылады.

Нәтижелері: Сауалнамаға қатысқан студенттердің басым бөлігі 5-курс студенттері (74,5%), 4-курс (13,7%), қалғаны 1-3 курс студенттері. Студенттер арасында жүргізілген дұрыс тамақтану деңгейін сауалнама бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижесінде келесі ақпараттар алынды: студенттердің көпшілігі (55,8%) өзінің денсаулығын жақсы, өте жақсы (15,4%), қанағаттанарлық (23,1%), нашар (5,8%) деп бағалайды. Студенттердің ішінде кейбір студенттер (28,8%) жиі шаршау, стрессті, ашушаңдық, күйзелісті жағдайда болады. Бұл студенттердің жартысына жуығы (42,3%) өзіндегі шаршау, ашушаңдық, стрессті жаңдайларды дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Сауалнама барысында студенттердің тамақтанумен байланысты қандай ауруларды басынан өткергендігі және дәл қазір қандай да бір созылмалы аурулардың бар жоқтығы анықталды.

Студенттердің 38,5% теріге қатысты шағымдар немесе аллергия, 32,7% асқазан-ішек жолдарының жіті ауруларын, 17,3% тамақтан улануды басынан өткерген. Ал 38,5% анемия (теміртапшылықты, В12-тапшылықты, фолийтапшылықты), 15,4% асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары, 3,8% семіздікке шағымданады. Зерттеу барысында студенттердің басым бөлігі (59,6%) университетте 4-6 сағат уақыт өткізетіні, қалғаны (17,3%) 6-8 сағат, төрттен бірі (23,1%) күнінің 2-4 сағатын оқуға арнайтыны анықталды. Бұның студенттердің тамақтану режиміне де әсер ететіні белгілі. Өйткені, студенттердің 28,8% күніне 1 -2 рет, 11,5%-ында нақты режим жоқ, яғни әр күнде әр түрлі тамақтанады. Дегенмен, 51,9% уақытылы күніне 3-4 рет тамақтануға тырысса, қалғаны (7,7%) күніне 4-5 рет жиі тамақтанады. Астана медицина университетінің студенттері арасында жүргізілген сауалнама барысында білім алушылардың таңғы асқа дұрыс көңіл бөлмейтіні де белгілі болды. Себебі, олардың жартысына жуығы (46,2%) кейде, төрттен бірі (25%) сирек таңғы асқа уақыт бөледі.

Студенттердің рационының тұрақты еместігінің дәлелі студенттердің айтарлықтай басым бөлігінің (59,6%) түнгі уақытта тамақтануы болып табылады. Негізгі тамақ қабылдау, яғни тағы ас пен түскі ас арасындағы, түскі ас пен кешкі ас арасындағы тіскебасар қабылдаудың маңызы бар екенін көптеген студенттер түсінеді. Олардың көпшілігі (40,2%) күніне 1 -2 рет тіскебасарға уақыт арнайды. Сонымен қатар, сабақ және демалыс күндері тамақтану рационының да айтарлықтай (67,3%-ында) өзгеретіні анықталды. Мысалы, сабақ күндері таңғы ас 7:00 де болса, демалыс күндері таңғы ас 10:00 мен 11:00 арасы немесе тамақтың құрамы, сабақ күндері жемістер болса, демалыста таңғы ас ботқа немесе пюре болуы мүмкін. Сабақ уақытында студенттердің көпшілігі (84,6%) университет асханасы, буфет, интернет-кафелерде тамақтанады. Осы ақпаратты негізге ала отырып, студенттердің ең жиі қолданатын тағамы туралы ақпарат алғанды анықталғаны: студенттердің 36,5% фаст-фуд өнімдерін, 21,2% жартылай дайын тағамдар, 26,9% газдалған сусындар, 30,8% көкөністер, 55,8% жеміс-жидектер, 7,7% энергетикалық сусындар, 71,2% үй жағдайындағы тағамдар тұтынады. Студенттердің айтуы бойынша басым бөлігінің(57,7%) тамақтану рационына қаржылық жағдайы әсер етеді. Десек те, студенттердің тең жартысы (50%) дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсініп, тамақтану рационы мен режимін жақсартуға нақты қадамдар жасаған.

Тәжірибелік маңыздылығы. Студенттерге қойылған дұрыс тамақтану туралы ашық сұрақ бойынша, студенттер бұл ұғымды нақты рационды ұстану, нәруыз, май, көмірсу қатынасын ұстану, таңғы асты уақытылы ішу, организмді қажетті компоненттермен, құнарлы тағаммен қамтамасыз ету, қажетті мөлшерде макро- және микронутриенттердің түсуі, жыл мезгілдеріне сай көкөністер мен жемістер қабылдау деп түсінеді. Сонымен қатар, студенттер тамақтануды жақсарту үшін мынадай іс-шаралар өткізу керек деп ойлайды: тамақ рационын дұрыстау үшін тамақтануға берілетін үзілістердің уақытын да ыңғайлау, университет асханасында жемістер мен көкөністері мол тағамдарды көбейту десе, басым бөлігі дұрыс тамақтану бойынша студенттер арасында семинар, конференция, марафон ұйымдастыру, онлайн желілерде видеороликтер тарату, түсінік жұмыстарын өткізу қажет деп есептейді.

Қорытынды. Студенттер арасында жүргізілген зерттеу бойынша, студенттерде тамақтану рационы мен режимінің дұрыс тамақтануға сәйкес еместігі анықталды. Сондықтан, студенттер арасында дұрыс тамақтануға байланысты түрлі іс-шаралар өткізілуі керек. Ауру астан деп бекер айтылмаса керек. Жастар біздің болашағымыз , сол себепті жастардың дұрыс тамақтануына мән беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жиі жарыстар ұйымдастырып, бюджет саласынан студенттік асханалардың сапасы мен бағасын ұйымдастыруға қаржылар бөлінсе дені сау жастар көбейер еді.

Әдебиеттер

  1. Нутрициология: оқулық/Л.З.Тель, Е.Д.Даленов, А.А.Абулдаева, И.Э.Коман.-М.:Литтерра,2016.- 544б.
  2. Смирнова Елена Ивановна, медицина бойынша автореферат және диссертация:“Емдеу-алдын алу мекемелерінде тамақтану сапасы мен қауіпсіздігін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі”,2011ж.
  3. Гигиеническая оценка рациона питания: учебное пособие / С.К.Тарджибаева; Мин-во здрав. и соц. развития РК, АО «МУА» - Алматы: Эверо, 2017 – 120с – Библиогр.: 117-119с.
  • Жыл: 2021
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.