Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дерматомикозды алдын-алу шаралары туралы қарағанды қаласы тұрғындарының білімін бағалау

Соңғы онжылдықта әр түрлі жас және халықтың әлеуметтік топтары арасында микозбен ауыратын пациенттер контингенттерінің қарқынды өсуі саңырауқұлақ ауруларын басқа медициналық-әлеуметтік аурулар деңгейімен бірдей деңгейге қойды. Саңырауқұлақ патологиясының дамуына ықпал ететін негізгі мәселелер қоғамдық орындарда халықтың аса көп мөлшерде жиналуы, әсіресе фитнес-залдар мен түрлі спорт залдары, сұлулық салондары, монша, сауналарда және аталмыш қоғамдық орындарда санитарлық гигиеналық талаптар мен ережелердің толық жеткілікті деңгейде сақталмауы, жеке бас гигиенасы талаптарының орындалмауы қауіп-қатер факторларын үлғайтып отыр. Дерматомикоздың таралуының тағы бір себебі үй жануарларының дер кезінде ветериналық тексеруден өтпеуі. Сонымен қатар, науқастардың медициналық көмекке кеш жүгінуі де үлкен мәселелер туындатуда.

Зерттеу мақсаты: Дерматомикозды алдын-алу туралы тұрғындардың білімін бағалау, сұраунама нәтижесі бойынша ұсыныстар дайындау.

Зерттеу объектісі: Қарағанды қаласының ересек тұрғындары, Фитнес-залдар мен басқа әр түрлі спорт секцияларымен айналысуға арналған залдар, сұлулық салондары, монша, сауналар тұтынушылары.

Зерттеу нәтижесі: Қарағанды өңірінде дерматомикозбен ауыруға сезімтал контингентті дұрыс анықтауымызда сенімді болуымыз үшін, ең алдымен, 2018 жылғы статистикалық мәліметке сүйендік, Қазақстан Республикасы мен Қарағанды облысын салыстырғанда ең көп науқастанған тұрғындар - ол балалар мен жасөспірімдер екені анықталды. Қарағанды облысында әсіресе жасөспірімдер ауруға аса сезімтал болып Қазақстан Республикасы көрсеткішімен салыстырғанда 1,4 есеге жоғары болса, ал Қарағанды облысы ересектеріне қарағанда 3,8 есеге жоғары екені анықталды. Келесі кезеңде Қарағанды өңірі бойынша дерматомикоз ауруының эпидемиологиялық аспектілерін бағалау мақсатында облыстық дерматовенерологиялық орталығынан көшірме жасалды. 2020 жылы Қарағанды облысы бойынша 92 ауыр формалы дерматомикоз жағдайы тіркелген. Барлық науқастар «Облыстық дерматовенерологиялық орталығына» госпитализацияланып, ем алған. Қарағанды өңірінде дерматомикоз ауруның таралу көрсеткіш бойынша 100 000 шаққанда ауыл тұрғындарында 3,9%00 құрады, ал қала тұрғындары тұрғындарында 2,8%00 құрап, қала тұрғындары арасында бұл көрсеткіш 1,4 есеге жиі екенін көрсетті. Жынысы бойынша салыстырып қарағанда әйел адамдарда 2,5%00 құрады, ер адамдар арасында 4,1%00 құрап 1,64 есеге жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар, дерматомикоз ауруымен жиі ауратын популяциялық топтарды бағалағанда, ересектермен салыстырғанда, балалар мен жасөспірімдер арасында 1,5 есеге жоғары екені анықталды.Жас ерекшелігі бойынша талдағанда көбіне 35 жасқа дейінгі адамдар арасында ауру жоғары. Аруханаға түскендердің 2,4 %0 –0-14 жасқа дейінгі балалар, 2,7 %0 – 15-18 жастағы жасөспірімдер, 1,67 %0 – 1935 жас аралығындағы ересектер ал 36-50 жастағылар көлемі 0,2 %0 құраған, 51-60 жастағылар – 0,07 %0 және 60 жас одан жоғырылар саны 0,15 %0 құраған.

Науқастар аурудың пайда болуын байланыстырған факторларды талдағанда жетекші орынды ірі қара мал мен мысықпен жанасу салдарынан туындағаны анықталды.

Сауалнамамызға қатысқан 400 адамның 15% ер адам болса, 85% респонденті болып әйел адамдар табылды.

Респонденттердің демографиялық сипаттамасын көрсететін келесі сауал жауаптары бойынша 5% адам 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер болса, 56% респонлент 18-44 жас аралығындағы, 33% адам 45-59 жас аралығындағы ересектер болса, 6% адам 60-тан асқан қарт адамдар болды. Сұраунама қатысушыларының әлеуметтік портретіне назар аударатын болсақ, 28 респондент орта білімді аяқтамағандар қатарынан болса, 104 респондент орта-мамандырылған білімді аяқтағандардың қатарынан болды. Сонымен қатар, 68 адам орта білім беру мекемесін аяқтаса, 200 адам жоғарғы білім беру мекемесін бітірген болатын. Әлеуметтік портрет жайлы жалғастыра отыра, 96 респондент білім, ғылым саласында еңбек етсе, медицина саласында 72 респондент жұмыс істейді. 84 адам басқа, аты аталмаған салалармен айналасатыны анықталды. «Дерматомикозды жұқтыруды төмендететін факторлар» деген сауалға 19% респондент жаз мезгілінде қара түсті киім кимеуді дерматомикозбен ауру ықтималдығын төмендететін фактор деп санаса, 17% респондент қоғамдық мекемелерге мүлдем бармау керек деп ойлайды, 47% адам иммунитетті нығайту жауабын дұрыс таңдаса, 17% адам қыс мезгілінде моншаға түспеу жауабын таңдаған. “Дерматомикозды жұқтырып алу процессі қалай өтеді?” респонденттердің ең үлкен пайызы, яғни, 224 (56%) адам науқастанған адамның терісінің өзімен де, ол ұстаған жазықтықпен де жанасу арқылы жүзеге асады деген дұрыс жауапты таңдаған болатын.

“Қандай температура ауру қоздыратын саңырауқұлақтар үшін қолайлы болып саналады?” сұрағына респонденттердің 61% төмен температура деп қате жауап берген. “Егер адам терлеген немесе ауырыңқырап тұрған күйде болса, оның тері бетіндегі орта сілтілік болады. Соны ескере отыра, қандай орта саңырауқұлақтар көбеюіне қолайлы?” сұрағына респонденттердің 71 % дұрыс жауап беріп, “сілтілік” жауабын таңдаған болатын.

“Моншадағы жоғарғы температура әсерінен саңырауқұлақтар өз өмірін тоқтата ма?” сұрағына 53% респондент қате жауап қатып, иә жойылады деген, тек 21%-ы жойылмайды деп дұрыс жауап берсе, қалған 26%-ы жауап беруге қиналамын деген. “Спорт кешендеріндегі спорт кілемшесінің үстіндегі саңырауқұлақ жасушалары қанша уақыттан кейін жойылады?” деген сауалға 196 (46%) респондент дұрыс жауап беріп, “алғашқы дезинфекцияға дейін тіршілігін тоқтатпайды” нұсқасын таңдаған болатын. Қалған респонденттердің бұл сұрақ бойынша білімі дұрыс қалыптаспаған. “Шаштаразға қандай күйде келуіңіз дерматомикозды жұқтырып алуыңыздың ықтималдығын күшейтеді?” – деген сауал жауаптары бойынша, 176 адам ауру күйінде келуін белгілеп, дұрыс жауап берген болатын. 160 адам бас терісінің терлеп тұруын белгілеп, қателескен жоқ. Алайда, қалған респонденттер, өкінішке орай, қауіп факторын дұрыс анықтай білген жоқ. “Педикюр салонында қандай күйде келуіңіз дерматомикозды жұқтырып алуыңыздың ықтималдығын күшейтеді?”, - деген сұрақ жауаптары бойынша, 224 адам ауру күйінде келуін белгілеп, дұрыс жауап берген болатын. 200 адам табан терісінің терлеп тұруын белгілеп, қателескен жоқ.

Сонымен сауалнама нәтижесін тұжырымдайтын болсақ, толықтай дұрыс жауап берілген сұрақтар 46 %, қате жауап берілген сұрақтар 54% құрады. Білім тапшылығы байқалатын пункттарды сараптағанда: өте айқын басымшылықта саңырауқұлақтарды жою үшін орындалатын шарттар жайлы, және қауіпті факторлар туралы түсініктің төмен екенін анықталды.

Қорытынды: Қарағанды қаласы тұрғындарының ауқымды үлесінің (барлық дұрыс жауап үлесі 46%) дерматомикоз профилактикасы жайлы білімі қанағаттанарлық. Инфекцияның жойылуы үшін орындалатын шарттар жайлы түсінігінде 54% респонденттерде әртүрлі деңгейде білім тапшылығы анықталып, оның ішінде өте айқын білім тапшылығы 20%-ында байқалды.

Ұсыныстар: Дерматомикоздың профилактикалық жадынамасын тұрғындарды ақпараттандыру құралы ретінде пайдалану. Ветеринарда жақын арада тексерілмеген жануарлармен жанасудан сақ болу. Қарағанды тұрғындарының дерматомикоздан қалай сақтану керектігі жайлы жадынамасы әзірленіп, әлеуметтік желінің (@leskom.kz, @beautyguide_krg, @deti.krg парақшаларына жарияланады.

Әдебиеттер

  1. Умарова Г.А., Айтмаганбет П.Ж., Батырова Г.А., Кононец В.И., «Заболеваемость населения как главный индикатор общественного здоровья», Батыс-Қазақстан ГМА, 2020, 206-213 беттер.
  2. Мельниченко Н.Е. Медико-социальные аспекты дерматомикозов в Амурской области/Информационно-аналитический вестник «Социальные аспекты здоровья населения» ISSN 2071-5021 Эл №ФС77-28654 http://vestnik.mednet.ru
  3. Ратапорн Унгпакорн, Nondermatophyte infections of the skin and nails: Implications for therapy // Abstracts of the 17th Congress of the International Society for Human and Animal Mycology - 2009 - Tokyo, Japan - 224 бет.
  4. Rataporn Ungpakorn. Nondermatophyte infections of the skin and nails: Implications for therapy. Abstracts of The 17th Congress of the International Society for Human and Animal Mycology, May 25-29 2009; Tokyo, Japan, p. 224.
  5. Садвакасов К.Ш. Анализ заболеваемости дерматомикозами по Карагандинской области. //Здоровье и болезнь 2011, № 4 (99).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.