Әлем бойынша жүрек ауруымен ауыратын науқастар саны күн санап өсуде. Ауруды азайту мақсатында ашық жүрек отасын жасайды. Ашық жүрек отасы жасанды қан аппаратын қосып,жүректі тоқтатып және жүректің өз күшімен тоқтатпай жасайды. Оталар аорта коронарлы шунт, клапандарды ауыстыру, Бенталла-Де Боно отасы, Дэвид отасы жасалады. Осы отадан шыққан науқастарға көрсетілетін мейіргерлік бақылаулар, принциптер.
Кілт сөздер: аппарат, шунт, клапан, Дэвид операциясы, Бенталла-Де Боно операциясы
Кіріспе: қан айналымы жүйесі аурулары инфекциялық емес сырқаттармен қатар,кең таралуы, әлеуметтік және экономикалық шығындардың артуына байланысты,қоғамда маңызды медициналық ,әлеуметтік мәселеге айналып отыр.Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша қан айналым жүйесі ауруларынан жыл сайын әлемде 17млн.ға жуық адам қайтыс болуда ,ол әлемдегі барлық өлім-жітімнің 29%құрайды [1- 3].Сол себепті әлемде медицина дамуда.Медицинаны дамытып,осы жүрек ауруларының асқынып кетпеуі үшін науқас жандарға ашық жүрек отасы дамыды. Соның бірі,Шымкент қаласындағы жүрек орталығында 2009 жылы кардиохирургия бөлімі ашылды. Бөлімде жылына 400-ден аса ашық жүрек оталары жасалуда.Кардиохирургия бөлімінде білікті мамандар қызмет атқаруда.Қазіргі таңда,енгізілген шетелдік тәжірибені қолдана отырып,кардиохирургия бөлімінде ашық жүрек отасы,яғни аорта- коронарлық шунт жасау,жүрек қақпашаларын ауыстыру,Бенталла-Де Боно отасы,Дэвид отасы жасалынуда.
Зерттеу мақсаты: ашық жүрек отасынан кейінгі науқастардың күтімін
ұйымдастырудағы мейіргердің ролін анықтау және сауықтыру шараларын оңтайландыру мақсатында мейіргерлік күтім жасау әдістемесін әзірлеу.
- Ашық жүрек отасынан кейінгі науқастардың күтімін ұйымдастырудағы мейіргердің іс- әрекетіне талдау жүргізу;
- Ашық жүрек отасынан кейінгі науқастарға мейірбикелік күтім жасау негіздерін қарастыру;
- Ашық жүрек отасынан кейінгі науқастар үшін оңалту шараларын жүргізуінің оңтайлы әдістерін айқындау;
Зерттеу материалдары мен әдістері: зерттеу жұмыстары Шымкент қаласындағы «Шымкент жүрек орталық» АҚ-ның базасындағы «Кардиохирургия» бөлімшесінде жүргізілді.05.01.2021-31.07.2021 жылдар аралығында 322 ауру тарихы қаралды.
Зерттеу нәтижелері: отадан кейінгі науқастарды жан сақтау бөлімінен
кардиохирургия бөлімінде палаталарға ауыстырамыз . Ауысқан науқастың жағдайын бақылау:
- .Төсек режимінің сақталуын бақылау.
- Мониторлық бақылау,жүрек қызметінің көрсеткіштерін тұрақты түрде бақылау.Ең басты көрсеткіштер-артериялық қан қысымы,пульс жиілігі,тыныс жиілігі.
- .Кислород қою,сатурациясын бақылау
- .Дренаждық түтікшемен келген науқасты бақылау(дренаж ішіндегі сұйықтыққа(қан) белгі қою, сұйықтықтың мөлшерден тыс бөлінбеуі,егер көп бөлінсе КЩС анализін алып,ондағы гемоглобин (қалыпты жағдайда 120-150)мөлшерін бақылау)
- .науқаста аритмиялық өзгеріс болмау үшін,зәрі көп шықса немесе аз шықса КЩС анализін алып,ондағы калий анализін көру,калий аз болса калий хлоридін құю,калий көп болса фуросемид салу(қалыпты жағдайда 3,5-5,0))
- .Науқасты тұрғызып жүргізу,жара таңу бөлмесінде дренаждық түтікшені алып тастау
- .Өкпе рентгенін жасап,бақылау
- .Науқасты күнделікті бақылау(арқасымен жату,АҚҚ,пульс,температура,диурез)
- .Науқасқа ЭКГ түсіріп,жүрек ішінде тұрған электродын алу.Жүрек УЗИ-не түсіріп жүрек өкпедегі сұйыктықтарды,жүректің дұрыс жумыс жасауын,қалпын көріп бақылау
- . Осы бақылаулар дұрыс болса,науқас уйіне шығуға дайын.
Қорытынды:
-Науқастың отадан кейінгі сауығуы үшін білікті медициналық қызметкерлерге де маңызды болып табылады. Кардиохирургия бөлімі емделушілерге отаға дейінгі кезеңнен бастап, отадан кейінгі уақытқа дейін әртүрлі қызметтер көрсетеді. Емдеудің барлық кезеңдерінде пациент бөлімнің медициналық персоналы мен басшылығымен,ота жасаған хирургтың бақылауында болады.
-Физикалық жүктемелер науқастың жағдайын жақсарту үшін ғана емес ,сонымен қатар психологиялық әсер улкен маңызға ие. Тіпті қозғалу мүмкіндігі мен қажеттілігі қалпына келтіруге үміт береді. Олар қарапайым өмірге оралуға,болашаққа жоспар құруға ынталандырады.
-Жүрек отасынан кейінгі науқастарды күту бойынша мейірбикелік іс-әрекеттер бағдарламасы құрылды. Мейірбикелік іс-әрекеттер бағдарламасын қолдану нәтижесінде отаға алынған 322 науқаста жақсару байқалған. Ота жасалмаған науқастармен салыстырғанда,отаға алынған 322 науқастың сауығуы 82%-ға тез қалпына келген.
Тәжірибелік ұсыныстар: кардиохирургия бөлімшесіне отадан кейінгі науқастарға мейірбикелік іс-әрекеттер бағдарламасы мен біліктілікті тереңдету бағдарламасын қолдауды ұсынамын.
- .Семченко А.Н., Кошкин И.И. 50 лет первой операции маммарокоронарного шунтирования с применением микрохирургической техники и операционного микроскопа в клинике (Джордж Грин, 1968) (рус.) // Патология кровообращения и кардиохирургия. — 2018. — № 3. — С. 86—94 Боль в грудной клетке. Руководство для врачей. Поздняков Ю.М., Волков В.С. Москва, 2016 г. С. 27-28.
- .Клинические рекомендации по ведению, диагностике и лечению клапанных пороков сердца. Ассоциация сердечно-сосудистых хирургов России. Всероссийское научное общество кардиологов. Изд-во НЦССХ им. А.Н. Бакулева РАМН, Москва, 2009 г.
- .Приказ №647 от 24.10.2011г «об утверждении Положения об организациях здравоохране-ния, оказывающих кардиологическую, кардиологическую интервенционную и кардиохирургическую помощь населению РК».