Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Биосұйықтықтағы прегабалинді экстракциялаудың тиімді жағдайларын таңдау

Түйін

Зерттеу жүргізу нәтижесінде биосұйықтықтағы прегабалинді экстракциялауға тиімді экстрагент таңдалды. Хлороформ-н-бутанол (9:1) қоспасын қолдана отырып, рН=9,4 аралығында экстракциялау нәтижесінде 74,6% прегабалин биосұйықтықтан экстракцияланып алынды. Биосұйық-тықтағы прегабалин мөлшері спектрофотометрияның көрінетін аймақтағы спектрінде анықталды. Прегабалин құрылымындағы біріншілік амин тобына нингидриннің 1% ерітіндісімен реакция жүргізіліп, ерітіндінің оптикалық тығыздығы 567±2 нм толқын ұзындығында өлшенді.

Кілт сөздер: прегабалин, өткір уланулар, спектрофотометрия, химия-токсикологиялық талдау, экстракциялау.

Бүкілдүниежүзі бойынша химиялық заттармен улану жоғарылап, заманауи адам өмірінде «уытты» жағдай өзекті мәселеге айналып жатыр. Ол бір жағынан қоршаған ортада жоғары мөлшерде жиналған улы қосылыстар болса, екінші жағынан есірткі, психотропты және т.б. заттарды заңсыз қолдану нәтижесінен туындаған уланулар болып табылады [1].

Соңғы жылдары есірткі әсері бар дәрілік препараттарды, соның ішінде гаммааминомай қышқылы туындысы «Прегабалин» (саудалық атауы - Лирика) препаратын медициналық емес мақсатта нашақорлар арасында көптеп пайдалану препаратпен өткір улану жағдайларының санын көбейтіп отыр.

Прегабалин - нейропатикалық ауырсынулар, үрей, қорқыныш сезімдері кезінде қолданылатын эпилепсияға қарсы препарат. Прегабалин ү-аминомай қышқылы нейромедиаторының аналогы болып табылады. Молекулалық массасы 159,23 [2].

NH2

Прегабалин

Суда, қышқылдық және сілтілік ортада оңай ериді. Прегабалин эпилепсияда, невралгияда, перифериялық нейропатикалық ауырсыну кезінде, қант диабетінің бастапқы терапиясында 50-300 мг дозада қолданылады [3].

Есірткі құмартушылықпен күрестің бір бағыты биологиялық сынамалардағы есірткі заттарды лабораториялық зерттеу арқылы анықтау болып табылады. Дәрілік заттардың номенклатурасының ұлғаюы, олардың ағзадағы және өлік материалындағы метаболизм процесінің ерекшеліктері, интоксикацияның комбинирленуі, зерттеуге түскен объектілерінің аз мөлшерде болуы сот-химиялық сараптау мен химия токсикологиялық талдауға жоғары сезімтал және спецификалық әдістердің енгізілуін талап етеді [4].

Зерттеу мақсаты. Биосұйықтықтағы прегабалинді бөліп алу үшін оңтайлы экстрагент таңдау мен алынған сығындыдағы токсикант мөлшерін анықтауға арналған тиімді, қарапайым әдістеме жасау.

Материалдар мен әдістер. Жұмыста прегабалиннің дәрілік субстанциясы (ФС-000696, Қытай); Прегабалин-Рихтер капсулалары 150 мг (Гедеон Рихтер - РУС, Будапешт, Венгрия), «х.т.» және «а.х.т.» категориялы еріткіштер мен реактивтер, спектрофотометр СФ-2000 («Спектр», Ресей Федерациясы), лабораториялық электронды аналитикалық таразы (OHAUS Pioneer, Швейцария), су моншасы (WB-4MS BioSan, Латвия) қолданылды.

Прегабалинді оқшаулау үшін препараттың несеппен модельді қоспасы дайындалды. Бұл үшін 25 мл несепке 0,075 г препаратты қосып, мұқият араластырып, 1 тәулікке қалдырылды.

Биологиялық сұйықтықтан прегабалинді оқшаулау әдістемесі.

Сыйымдылығы 50 мл колбаға 25 мл несеп құйып, pH=9,4 10 мл карбонатты буфер қосады. Қоспаны бөлгіш воронкаға ауыстырып, 10 мл-ден 3 рет хлороформ-н-бутанол қоспасымен (9:1) әр 5-10 минут сайын араластырып, шайқайды. Алынған органикалық фаза бөлігін біріктіріп, 40°C құрғақ қалдық қалғанша буландырады. Құрғақ қалдықты сандық және сапалық талдауларға қолданады.

Прегабалиннің сандық мөлшерін спектрофотометрия әдісі көмегімен анықтау. Экстракциялаудан кейін алынған құрғақ қалдықты 10 мл тазартылған суда ерітеді, 1 мл 1% нингидрин ерітіндісін қосып, 15 минут су моншасында әлсіз көк-күлгін түс пайда болғанша қыздырады. Алынған ерітіндінің оптикалық тығыздығын спектрофотометрде өлшейді. Салыстыру ерітіндісі ретінде тазартылған су алынады.

Нәтижелер мен талқылаулар. Қазіргі таңда әдебиеттерде прегабалиннің химия- токсикологиялық талдауы жайлы ақпарат өте аз келтірілген, сонымен қатар, фармакопеяларда нақты бұл препаратқа ресми монографиялар енгізілмеген. Сол себептен биологиялық сұйықтықтан прегабалинді тиімді жағдайда экстракциялау әдістемесі жасалды.

Экстракциялаудың негізгі кезеңі болып экстрагентті таңдау және сол үрдіске әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Препараттың 90% несеп арқылы бөлініп шығып кететіндіктен ескере отырып, биообъекттегі токсиканттың оқшаулануына ықпал ететін факторлар зерттелді. Прегабалиннің суда жақсы гидратталуына байланысты несептен бөліп алу жолында кейбір қиындықтар туындады. Сол себептен, биообъектке pH=9,4 10 мл карбонатты буфер қосу прегабалиннің экстракциялану дәрежесі жоғарлатты. Бұл процесс кезінде токсикант тұз түзіп, органикалық еріткішпен жақсы экстракцияланатын қосылысқа айналды.

Экстракциялау тиімділігін жоғарлату мақсатында еріткіш табиғатының әсері зерттелді. Ол үшін химия токсикологиялық талдауда экстрагент ретінде кең қолданылатын әртүрлі органикалық ерітікіштер мен олардың қоспасы зерттелді. Экстрагирлеуші агент ретінде хлороформ суға қарағанда тығыздығы жоғары, зерттеуге алынған заттарды жақсы экстракциялайтын қабылеті бар және тұрақты екі фазалы жүйе жасай алатын қабілетіне байланысты алынды. Осы қасиеті концентрлеудің тұрақтылығы мен жоғары дәрежелі тиімділігін де көрсетеді.

Қоспадағы екінші экстрагент бутил спирті болып табылды. Селективті экстрагент ретінде 1 мл көлемінде енгізілген бутил спирті қоспада экстракция тиімділігін жоғарлатты. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде биосұйықтықтағы прегабалинді экстракциялауға pH=9,4 хлороформ-н- бутанол (9:1) қоспасын қолданғанда заттың шығымы 74,96%, диэтил эфирі-ацетон (8:2) қоспасында 18,18%, хлороформ - изопропил спирті (8:2) 27,8%, этилацетатта - 43,14 % болып табылды (сурет 1, кесте 1).

Экстрагирлеуші агенттер

Енгізілген прегабалин мөлшері, мг/мл

Бөлінген прегабалин мөлшері, %

Метрологиялық сипаттамалар

1

Хлороформ-н-бутанол (9:1)

3

75

X =74,96

S=1,01

X = 0,45

A X =±1,25 £ср=1,67

 

76,2

 

73,5

 

74,6

 

75,5

2

Диэтил эфирі-ацетон (8:2)

3

17,5

X =18,18 S=0,54 S X = 0,24 A X =±0,67 (±3.69

 

18,1

 

18,9

 

18,5

 

17,9

3

Хлороформ -изопропил спирті (8:2)

3

27,2

X =27,8 S=0,43

х = 0,19

A X =±0,53 еср=1,92

 

27,5

 

28,2

 

28

 

28,1

4

Этилацетат

3

42,5

X =43,14 S=0,53 S х = 0,23

A X =±0,66 еср=1,53

 

43,4

 

43,9

 

42,9

 

43

83

Аналитикалық нормативті құжаттарда прегабалиннің сандық анықтауы үшін жоғарғы эффективті сұйықьық хроматография (ЖЭСХ) әдісі көрсетілген, бұл әдіс дәл әрі сезімталдығы жоғары болғанымен, көп уақытты, арнайы құрал-жабдықты, арнайы маманды қажет етуіне байланысты қарапайым,тиімді спектрофотометриялық әдіс енгізу қажет болды. Прегабалиннің құрылымында хромофор топтардың болмауы және УК-аймақта абсорбциялық қабілетінің төмен болуы себебінен көрінетін аймақтағы спектрофотометрия әдісі жасалды. Сандық мөлшерін анықтау спектрофотометрдің көрінетін аймағында препараттың нингидрин 1% ерітіндісімен реакциясы нәтижесінде 567±2 нм толқын ұзындығында анықталды (сурет 2, 3):

Қорытынды: Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде биосұйықтықтағы прегабалинді экстракциялауға тиімді экстрагент ретінде pH=9,4 хлороформ-н-бутанол (9:1) қолданғанда токсикант шығымы 74,96% болып табылды. Алынған сығындыдағы прегабалин мөлшерін анықтау спектрофотометрдің көрінетін аймағында препараттың 1% нингидрин ерітіндісімен реакциясына негізделген түсті өнімнің спектрі 567±2 нм толқын ұзындығында максимум жұтуын көрсетті, әдістің салыстырмалы қателігі 1,67% құрайды.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. А. Ф. Фартушный. Смертельные дозы и концентрации некоторых лекарственных веществ в биологических объектах//Судебно-медицинская экспертиза. - 1999. - Т. 42, № 2. - С. 16-19.
  2. Bioanalytical method development - determination of drugs in biological fluids / Pranay Wal, Brijesh Kumar Dr. Anil Bhandari, A. K. Rai, AnkitaWal // Journal of Pharmaceutical Science and Technology. - 2010. - V. 2 (10). - P. 333 - 347.
  3. Vaidya VV, Yetal MS, Roy MNS, Gomes AN and Joshi SS (2007) LC-MS-MS Determination of Pregabalin in Human Plasma. Chromatographia 66: 925-928. doi: 10.1365/s10337-007-0430-40009- 5893/07/12
  4. АНД РК 42-6632-14. - Прегабалин-Рихтер, капсулалары, 150 мг. -ОАО «ГЕДЕОН-РИХТЕР», Венгрия
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.