Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттердщ қақтығыс жағдайларында коммуникативті дағдыларды қолдану тактикасын зерттеу

Кіріспе. Мемлекеттік бағдарламаның Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары еңбек нарығының нақты және перспективалық сын-қатерлеріне және жеке мүдделеріне сай келетін жоғары дәрежелі кәсіпқой мамандарды дайындау. [1]

Қазіргі уақытта қарым-қатынас мәселесіне көп көңіл бөлінуде жәнеде ол өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Мейірбике мамандығының өзіндік кәсіби ерекшеліктері бар. Олардың бірі науқаспен тұрақты және ұзақ мерзімді қарым-қатынас жасау, сондықтанда науқаспен қарым-қатынас жасау және даулы жағдайларды шешудің маңызы зор. [2] Науқас - белгілі бір мінез-құлқы және психологиялық ерекшеліктері бар жеке тұлға, сол себепті де оған көзқарас жеке болуы керек. Даулы жағдайлар біздің өміріміздің соңына дейін бірге жүреді. Алайда, олардың барлығы дерлік даулы жағдайларға айналмайды. Қақтығыс екі тарап та бір-бірінің мүдделеріне нұқсан келтіре бастаған кезде дами бастайды. [3]

Зерттеудің мақсаты қақтығыс кезінде студенттердің тактикасын, яғни қақтығыс жағдайын шешу үшін қажетті коммуникативті дағдыларды игеруін анықтау.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Өзіміз білетіндей, қақтығыс кезінде өзін ұстау стилін таңдау адамның мінез-құлқы, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттері, қарым-қатынас кезіндегі агрессия деңгейі сияқты мінез-құлық сипаттамаларына байланысты. Әрі қарай жұмысты жүргізу үшін әзірленді:

  1. «Қақтығыс жағдайындағы «Мейірбике ісі» студенттердің коммуникативтік дағдылары» бағалау парағы. Бұл қақтығыс жағдайының кезеңдерінде ескерілді: алдын-ала қақтығыс, қақтығыстар, қақтығыстан шығу.
  2. Түрлі эксперименттік қақтығыстар (жағдайлық есептер).

«Мейірбике ісі» студенттерінің мінез-құлықын және қақтығысты шешу стратегиясын тестілеу кезінде, басым көпшілігі бейімделу мен бас тарту стратегиясын таңдағаны анықталды. Бұл жағдай өз мүдделерін қорғайтын дағдылардың жетіспеушілігімен сипатталады, басқалардың қалағандарын істеуге келісім береді. Осылайша, «Мейірбике ісі» мамандығы студенттерінің коммуникативтік маңызы бар құндылықтарын жаңарту, құндылық бағдарларының динамикасына ықпал ететіндер:

1. утилитарлық құндылықтардың маңыздылығын студенттік қарым-қатынас құндылығына (денсаулық, рейтинг, аралық бақылау, сессия, емтихандар, стресске тұрақтылық, толеранттылық, жауапкершілік) бөлу;

2. болашақ орта деңгейдегі медицина қызметкерінің субъективтік позициясын қалыптастыруға бағытталған кәсіби тәжірибе, студенттермен білім берудің өзара әрекеттесу тәжірибесін меңгеруді қамтамасыз етеді.

Осы коммуникативті дағдыларды дамыту үшін студенттермен тиімді қарым-қатынасты үйрету үшін бағдарлама жасалды. Оқу бағдарламасы бірізділік пен дәйектілік қағидаттарына сәйкес келеді. Жалпы ұзақтығы - 36 сағатты құрайды. Бағдарламаның мақсаты: қақтығысты жағдайдағы қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Міндеттері: тұлғааралық дағдыларды жақсарту. Қақтығыстарды анықтау, болжау және шешу дағдыларын қалыптастыру.

Оқу бағдарламасының негізгі тақырыптары. «Мейірбике ісі»студенттерінің арасындағы қақтығыстар, олардың келу себептері, олардың сипаттамалары, қақтығыстарды басқару үшін қажетті дағдылар, қақтығыстарды тиімді шешуге ықпал ететін қарым-қатынас дағдылары.

Коммуникативтік дағдыларды бағалау шынайы адамға барынша жақындастырылған, симуляциялық сыныптасымен болған жағдайда жүргізілді.Қақтығысты жағдайды шешу кезінде, мен бейнематериалдарды пайдалана отырып, студенттің тактикасын бағаладым. Зерттеуге екі түрлі топтағы 46 студент қатысты. ОҚМФА «Мейірбике ісі» мамандығының студенттерін зерттеуден кейін топтағы психологиялық климатты жақсарту бойынша шаралар қабылданды. Екінші топта барлық студенттердің қатысуымен осы бағдарлама бойынша тренингтер өткізілді. Сабақтар 1 ай бойы өткізілді, себебі барлық оқушылар толық қамтылды, сабақ кестесі және т.б. ескерілді.

Зерттеу және талқылау нәтижелері. Қақтығысқа дейінгі кезеңде: белсенді тыңдау дағдылары 40%, пікір мен шағымдарды білдіру қабілеті 15%, қақтығыс жағдайының нақты себептерін анықтау қабілеті - 27%, шиеленісті жою 18%. Алынған нәтижелерге сәйкес келесі қорытынды жасауға болады: тек қана 8 студент қақтығысқа дейінгі кезеңде қақтығыс жағдайын шеше алады, бұл 17% құрайды. Шиеленіс жағдайында шеберлікті пайдалану: олардың эмоцияларымен күрес-23%; түсініксіздікке, сынға жауап беру дағдысы-23%; әңгімелесуді аудару, сөйлесуді уақытында үзу қабілеті - 8,6%; шеберліктің анықтығы (сұрақтар қою мүмкіндігі), қақтығыс жағдайының себептерін түсіндіру - 13%; жағдайға байланысты тиісті кеңістіктік қашықтықты сақтау қабілеті - 26,4%. Қақтығыс жағдайында 14 студент қақтығыс жағдайында дұрыс мінез-құлық дағдыларына ие екендігін көрсетті, яғни 30%.

Қақтығыс жағдайының соңында: өнімді қарым-қатынас дағдылары - 13%; мазмұнды мәселе бойынша күтілетін ақпаратты ұсынуға қабілеті - 17%; жағымды эмоционалды жағдайды дамыту дағдысы - 32%; жақындасу дағдысы (бір-бірін түсіну) - 38%. Қақтығысты жағдайды 6 студент толықтай сындарлы немесе түзете алады, яғни 13%.Екінші зерттеу барысында келесі нәтижелер алынды: бірінші топтағы студенттердің коммуникативтік құзыреттілігі бірінші зерттеу деректеріне сәйкес келеді, яғни олардың коммуникативтік құзыреттілік деңгейі төменірек болып келеді. Екінші топ студенттерінің қорытындысы бойынша, 16 студент қақтығысты жағдайды жеңе алады, бұл 69,5%. Алынған мәліметтер ұсынылған оқыту бағдарламалары бойынша оқытуды қақтығысты жағдайдағы коммуникативтік құзыреттілік деңгейін едәуір арттырады.

Қорытынды.

  1. Құндылықты бағдарларының динамикасына ықпал ететін ОҚМФА студенттерінің коммуникативті құндылықтарын жетілдіру қажет.
  2. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дағдыларын жақсарту.
  3. Қақтығыстарды анықтау, болжау және шешу дағдыларын қалыптастыру.
  4. Топтағы психологиялық климатты жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу.
  5. ОҚМФА студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша оқу бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу.

Әдебиеттер тізімі

  1. Блюм М.А., Молоткова Н.В. Управление конфликтами в коммерческой деятельности: Учебное пособие, 2011.
  2. Бородкин Ф.М., Коряк Н.М. Внимание: конфликт! - Новосибирск: «Наука», 2001
  3. Кильмашкина Т.Н. Конфликтология. Социальные конфликты. Учебник для студентов вузов - Москва: ЮНИТИ-ДАНА, 2012. - 287 с.
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.