Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жүрек жетіспеушілігінде lvad отасы жүргізілген науқастарға бағытталған мейіргерлік көмек

Кіріспе. Жүрек жетіспеушілігі жүрек ауруларының ішінде ең көп кездесетін және экономикасы дамыған елдер арасында халық өлім-жітімі бойынша алдыңғы қатарда тұрған аурулардың бірі.Медицинада осы аурумен сырқаттанатын науқастардың жыл сайын көбеюі, жаңа технологияларды қолдануды талап етуде.Соның негізінде елімізде соңғы жылдары кеңінен қолданылып жатқан жаңа технологиялардың бірі LVAD аппараты.Бұл аппарат жүрекке жалғанатын және хирургиялық жолмен импланттелетін механикалық насос.Қазақстан Республикасында тұңғыш рет «Ұлттық ғылыми кордиохирургия» орталығында шығындылығы жоғары, жоғары технологиялық операция-сол жақ қарыншаны жасанды сүйемелдеуаппараты имплантацияланды.Бұл технология не Ресейде, не Орталық Азияда өткізілмегендігін атап өткен жөн.Бүгінгі таңда әлемде барлығы 7000 астам, ал Қазақстанда 50 адамға LVAD аппараты имплантацияланды.Бұл аппарат адам өмірінің сапасын айтарлықтай жақсартып өмірін ұзартуға оң септігін тигізеді.

Аппарат жүрекке хирургиялық жолмен енгізілетіндіктен LVAD отасы жүргізілгеннен кейін ағзаның қайта қалпына келіп емделуі біртіндеп орындалатын процесс саналады.Науқас ағзасы белсенді әрекетке көшуі үшін ерекше күтім мен бақылауды қажет етеді.Сондықтан да, осы сатыда мейірбикелердің атқаратын қызметі ерекше және аса жауапкершілікті талап етеді.Ота қаншалықты жоғарғы деңгейде өтседе, отадан кейін жасалатын күтім өз деңгейінде көрсетілмесе, науқастың қайта бұрынғы қалпына келуі қиын [1].

Сондықтанда мұндай заманауи аппарат қойылған науқастарға күтім жасау үшін заманауи мейіргерлік тәжірибе, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, науқасқа бағытталған мейіргерлік күтім принциптерін дамытуды талап етеді.Науқасқа бағытталған мейіргерлік күтім науқастың пікірін есепке ала отырып нәтижелі әріптестік орнату және шешім қабылдау, жұмыстарды келісу концепциясына негізделген.Бұл технология әлемдік денсаулық сақтау жүйесіне қарқынды түрде енгізілуде және науқастардың қанағаттануына, мәселелердің нақты айқындалуына, коммуникативті дағдылардың қалыптасуы нәтижесінде науқаспен толық байланыс орнату үшін қажет.

Елімізде LVAD аппараты қойылған науқастардың өмір сүру сапасын жақсартып, өмір жасын ұзарту үшін, ең үздік халықаралық тәжірибе негізінде мейіргерлік көмекті дамытып, медициналық даярлаудың жоғарғы деңгейлі жүйесін құру қажет [2].

Зерттеудің мақсаты.Облыстық клиникалық аурухананың «Созылмалы жүрек жетіспеушілігі» бөлімшесінде LVAD отасы жүргізілген науқастарға бағытталған күтім нәтижесін бағалау.

Зерттеу материалдары мен әдістері.LVAD отасы жүргізілген 10 науқасты зерттеуге алып, олардың өмір сапасын жақсарту үшін арнайы бағдарлама ұйымдастырдық.Зерттеу барысында науқастардың 90% - ы 50 жастан жоғары ал 10%-ы 50 жастан төмен науқастар екендігі анықталды.Олардың 35 %-ыер кісілер, ал 65%-ыәйел адамдар.Бағдарламаға қатысушылардың 40%-ыартық салмағы бар науқастар.Соған байланысты бағдарламаны әр қатысушының критерийлеріне байланысты құрастырдық: 1) дұрыс тамақтану, себебі отадан кейін ағза қалпына келу үшін дұрыс тамақтану организмге өте маңызды. Ағза өзіне қажетті дәрумендермен қамтамасыз етілуі керек. Және физикалық белсенділіктің қалпына келу процесі үшін ағзаға қажетті күш болу керек. 3) Ұйықтаған кезде дұрыс жату ережесін үйрету, себебі науқастың дұрыс қалыпта жатпауы аппараттың жылжуына себеп болады. 4) эмоционалды тұрғыда туындайтын мәселелерді шешу және қолдау көрсету. Себебі, LVAD отасынан кейін науқаста қорқыныш пайда болады. Ол депрессиямен стресстің туындауына алып келуі мүмкін.

Нәтижелері мен талқылау.Бағдарламаға қатысушы науқастарға ең алдымен әрқайсысына сәйкес диета тағайындадық.Ағза қайта қалпына келу үшін құнды заттарға бай, яғни құрамында белок, май, көмірсу, минералды заттары көп тағамдарды рационға қостық.Және майлы, тұзды тағамдарды, алкоголь мен темекіні пайдалануға шектеу қойдық. Артық салмағы бар науқастар арнайы тағайындалған диетаның арқасында 2-3 кг салмақ тастағаны анықталды, ол басқа аурулардың асқынуын алдын алады.

Ағзаның қайта белседі әрекетке көшуі үшін физикалық активтілікті жоғарлаттық, тыныс алу гимнастикасын және спорттық жеңілдетілген ойындарды күнделікті міндетке кіргіздік.

Ұйықтағанда дұрыс қалыпты сақтау ережесін қатысушыларға толығымен түсіндірдік, соның нәтижесінде науқастар ұйықтағанда ұйқыларының тыныш екендігін , таңертең оянғанда кеуде қуысында ауырсынулар болмайтындығын айтты

Науқастардың қорқыныштарын басу үшін седативті терапияны тағайындадық. Олардың жақындарына науқасқа қолдау көрсетудің маңыздылығын тусіндірдік.

Қорытынды.Біздің ұйымдастырған бағдарламамыздың арқасында науқастардың отадан кейінгі өмір сапасы жақсарды. Артық салмағы бар қатысушылардың 25%-ы артық салмақтан арылды . Дұрыс тамақтану әсерінен 95% қатысушылардың өзін-өзі сезінуі жақсарды.Физикалық активтіліктен науқастардың ағзасы күш жинап, қалпына келе бастады.Ұйықтау ережесін қатысушылардың 100% толығымен түсінді. Ал 90% науқастар медицина қызметкелері мен жақындарының қолдауы арқасында қорқыныштарынан арылды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. 1. "Heart Magazine Kazakhstan'7/Ұлтгық ғылыми кардиохирургия орталығыныңақпараттық журналы, Астана қаласы. №1, 23-25бет
  2. 2. Сақтағанова А.А. Мейірбикелік істегі қарым-қатынас // Мейірбике ісі.-2016 жыл. 9-10бет.
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.