«Қызыл жарты ай» кризистік орталығындағы әйелдердің психо-әлеуметтік жағдайын зерттеу

Кіріспе. Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық зорлық - зомбылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Статистика мәліметтері бойынша жыл сайын республикада 500-ге тарта әйел көз жұмады. Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өзектілігі соншалық, Қазақстанда әлімжеттіктің құрбаны болған жандар үшін 26 Арнайы Дағдарыс Орталықтары жұмыс істейді. [1]

Отандық социологтар отбасы ішіндегі қарым - қатынасты зерттеуге көп көңіл бөлмейді. Қазіргі таңда отбасы ішіндегі зорлық - зомбылықтың пайда болу себебі және салдары толығымен зерттелмейді. [2] Зорлық зомбылықтың себебі маскүнемдікпен ғана байланысты емес, ол білімі және әлеуметтік статусы жоғары адамдар арасында да көптеп кездеседі. Зерттеулер бойынша оның басты себептеріне субьектінің жеке тұлғалық қасиеттері, отбасы ішіндегі болып жатқан жайлар, қоғамдық - мәдениеттілік деңгейі сияқты факторлар жатады. [3]

Зерттеу мақсаты. Кризистік орталығында әлеуметтік көмек алатын әйелдердің психо-әлеуметтік жағдайын зерттеу.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу Шымкент қаласы, «Қызыл жарты ай» Кризистік орталығында 01.06.2017-01.11.2017 уақыт аралығында жүргізілді. Дағдарыс орталығында осы уақытқа дейін стационарлы түрде әлеуметтік көмек алған әйелдер мен балаларының саны - 56. Әр әйелде орташа алғанда - 3 - 7 балаға дейін бар. Әйелдердің жас құрамы орташа 42± 21.

Кризистік орталықта әлеуметтік көмек алатын әйелдердің психо-әлеуметтік жағдайын зерттеуде Т. Лири әдістемесі қолданылды. Берілген әдістеме көмегімен адамдармен қатынастағы өзіндік баға және өзара бағадағы басым тип анықталады.

Тұлғааралық қатынасты зерттеуде көп жағдайда екі фактор бөлініп көрсетіледі:

  1. фактор- доминантты бағынушылық;
  2. фактор - достықты сүю - агрессиялық.

Осы факторлар тұлғааралық қабылдау процесінде адам туралы жалпы пікірді анықтайды. Сауалнама 128 бағалаушы пікірлерден тұрады. Әрқайсысы 8 қатынас типі бойынша 16 пункт бар. Пікірлер қандай да бір тұлға аралық қатынас типін анықтауға бағытталған. Ол тұлғаның авторитарлы, өзімшіл, агрессивтілік, сенімсіз, тәуелділік, бағынушылық, және достықты сүюші, альтуристік қасиеттерін анықтайды. Әдістеме әйелдерге тізім бойынша берілді. Оған өзі туралы, адамдарға қатынасы немесе оның идеалы туралы елестеріне сәйкес пікірлерді көрсету ұсынылды.

Деңгейдің максималды бағасы 16 ұпай, бірақ ол қатынастың төрт сатылы айқындылығына бөлінген.

Кесте 1 - Қатынастың төрт сатысы

0-4 ұпай - төмен;

5-8 ұпай - қалыпты

Адаптивті мінез-құлық

9-12 ұпай - жоғары;

13-16 ұпай - экстрималды

Патологияға дейінгі экстрималды мінез-құлық

Алынған ұпайлар дискограммаға салынды және шеңбердің орталығынан қашықтық берілген октант бойынша ұпайлар санына сәйкес болды (0- ден -16-ға дейін).

Нәтижелерді талқылау. Алынған нәтижелерге сәйкес келесі қорытынды жасауға болады: әйелдердің 6 (37,5%)- агрессивті, яғни басқаларға қатынасы қатаң, көнбейтін, барлығына қоршағандарды кіналаушы, кектеушілігі басым. Ал 3 (18,7%)- авторитарлы, іс-әрекеттің барлық түрінде лидерлікте болады,

басқалардың кеңесін қабылдай алмайды. 2 (12,5%) - өзімшіл, тәуелсіз, өзіне түскен ауыртпалықты басқаларға аударады, өзін оқшау ұстайды, ал 1 (6,2%)- секемшіл, яғни күмәншіл, кек сақтағыш, үнемі басқаларға шағым жасаушы, барлығына риза емес, мінезі тұйық, және 4 (25%)- альтуристі, жауапкешілігі бар, барлығына көмектесуге тырысады, қоршағандарға аса белсенді қарым-қатынаста екенін көрсетті.

Сонымен қатар әйелдердің көп бөлігінің темпераменттері холерик пен меланхолик екені анықталды. Атап өткен жөн, бұл отбасылардың 9 - 10 жастағы немесе одан жоғары балалар өкпелегіш, агрессивті, қызуқанды болып келеді.

Қорытынды. Қорытындылай келе зерттеу нәтижесі бойынша кризистік жағдайлардың негізгі себебі: психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылық, отбасындағы адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қиындықтар, сонымен қатар тұрмыстағы материалдық жағдай.

Балалардың мінезіндегі өзгерістердің себебі ата-аналардың қатігез қарым-қатынасы мен психологиялық жарақаттар.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Асанов Ж.К., Корнейчук С.В. Практикум по предупреждению и профилактике бытового насилия органами прокуратуры: учебно-практическое пособие. - Астана, 2014. - 194 с
  2. Сарсенбаев Т.А., Тұрмыстық зорлық - зомбылықпен күрес. Журнал. Алматы, 2013 ж., - 195 б.
  3. Анисимова С.Г. и др. Насилие в семье: взаимосвязь виктимности и агрессивности // Криминальное насилие:общие проблемы и опыт борьбы в Республике Саха (Якутия). М., 2004. 170 с.
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина
Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011