Өзектілігі. Ғылыми теория ретінде мейірбике існің заманауи моделінің мәні мейірбикелік көмек көрсетудің әртүрлі тәсілдерін негіздеу болып табылады. Соңғы жылдары мейірбике қызметі туралы ұғым өзгерді. Егер ол бұрын науқастың күтіміне бағытталған болса, қазір мейірбикенің басқа мамандармен бірге басты мақсаты денсаулықты сақтау [1,2,3]. ХХ ғасырдың 50 жылдары пайда болған “мейірбикелік үрдіс” бүгінгі күні емдеу, алдын алу мейірбикелердің күнделікті қызметінде өз орнын табуда.
Кілт сөздер: науқас, паллиативті көмек, мейірбике, күтім, хронометраж, инкурабельді науқастар.
Зерттеу мақсаты.Инкурабельді науқастарға көрсетілетін мейірбикелік күтім мәселелеріне және мейірбикелік күтім ұйымдастырылуына жан-жақты баға беру.
Материалдар мен әдістер.Зерттеу Шымкент қаласындағы Т. О. Орынбаев атындағы Облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның базасындағы Паллиативті көмек және мейірбикелік күтім бөлімшесінде жүргізілді.Зерттеу ерікті түрде, науқастардың және олардың туыстарының келісімдерімен, халықаралық этикалық талаптарға сай жүргізілді.
260 науқастың ішінде 80-90 жас аралығында 11(4,2%) науқас, ал 70-80 жас аралығында 39 (15%) науқас, 60-70 жас аралығында 68 (26,1%) науқас, 50-60 жас аралығында 60 (23%) науқас, 40-50 жас аралығында 17 (6,5%) науқас, 30-40 жас аралығында 35 (13,4%) науқас, 20-30 жас аралығында 27 (10,3%) науқас, 15-20 жас аралығында 3 (1,5%) науқас құрады. 260 науқастың ішінде 80-і (30,7%) зейнеткерлер, 20- сы (7,8%) жұмыспен қамтылған, 57-і (21,9%) жұмыссыз, ал қалған 65-і (25%) екінші топтағы мүгедектер, 38-і (14,6%) үшінші топтағы мүгедектер болып табылады.
Мейірбикелік күтім сапасы анықтау үшін паллиативті көмек және мейірбикелік күтім бөлімшесінде жұмыс істейтін 13 мейірбике зерттеуге алынды. Мейірбикелердің міндеттеріне тәулік бойы науқасқа күтім, және олардың функционалдық жағдайын бақылау жатады. Бір мейірбикенің жүктемесі- 10 науқас.
Мейірбикенің лауазымдық міндеттері шеңберіне, күн сайын науқастардың функционалдық жағдайын бағалау, шағымдарының жиілігі мен сипаттамалары, психоэмоционалды жай-күйі, гемодинамикалық көрсеткіштер (жүректің жиырылу жиілігі, АҚҚ), тыныс алу жүйесі және емдік іс-шаралар кешені. Мейірбикелердің уақытын есепке алу үшін хронометраж қолданылды. Хронометраж- бұл уақыт шығындарын өлшеу, іс-әрекеттердің ұзақтығын есептеу үшін қолданылатын тәсіл. Хронометраж уақытты есепке алуға, түгелдеуге және аудит жүргізуге мүмкіндік береді. Жұмыс уақытының хронометражы жұмыс жүйесінің сипатын, әсіресе өндіріс технологияларын, еңбек әдісі мен жағдайын, салыстырмалы санын, уақытының нәтижелілігін және жұмыс барысының уақытын есптеуге мүмкіндік береді. Өзге әдістерге қарағанда хронометраж зерттелетін жұмыс тапсырмаларына және зерттеу мақсаттарына тәуелді.
Мейірбикелік көмек сапасын бағалау үшін науқастарға сауалнамалар таратылды. Сауалнаманың ішіне мейірбикелік көмекті бағалау үшін 10 сұрақ қойылады. Оның біріншісі бөлімшеге келіп түскенде науқасқа жеткілікті түрде ақпарат берілгені,екінші мәселелеррдің шешілуі, үшіншісі мейірбикелердің көрсетілген көмегі, төртіншіден көрсетілген көмектің сапасы, бесіншіден көрсетілген көмектің деңгейі, алтыншысы көрсетілген көмекті бағалау науқас тарапынан, жетіншісі науқас туыстарының ақапататтдырылуы, сегізіншісі отбасы мүшелеріне күтім көрсету техникасын үйрету, тоғызыншысы алған күтімге науқастың көңілі толғаны жайлы, оныншысы мейірбикелік көмек сапасын жақасрту жайлы науқастың тілектерімен ұсыныстары. Орысша, қазақша және ағылшын тіліндегі мейірбикелік күтім сапасын анықтауға қолданылыатын сауалнама.
Науқастардың ауырсыну сезімін бағалау үшін Мак-Гилл сауалнамасы қолданылды. Мак-Гилл сауалнамасы 1975 жылы, профессор Ronald Melzack, Канададағы McGill университетінде әзірленген. Сауалнама бірнеше тілдерге аударылған. Мак-Гилл сауалнамасы ауру сезімін көптеген факторлармен анықтайды. Ол сенсорлық, эмоционалдық және бағалау аспектілерін қамтиды. Мак-Гилл сауалнамасы ауру қарқындылығының сандық шкаласынан,дескрипторлы сөздер жинағынан және аурудың сипаттамаларынан тұрады. Науқастар ауру сезімін сипаттайтын, 20 топқа бөлінген сөздерден өзіне сәйкесін таңдайды. 1-10 топтағы сөздер сезімталдықты, ал 11-15 топтағы сөздер эмоционалды сөздер жинағынан тұрады. Сауалнама нәтижелері ауырсыну сезімін бағалау үшін ғана емес, науқастың психоэмоционалдық жай күйін бағалауға мүмкіндік береді. Алынған деректер параметірлік шамалар емес, бірақ статистикалық ұйымдарда өңделеді.
Мак-Гилл сауалнамасын алдымен ағылшын тілінен, орыс тіліне аударылды. Содан кейін орыс тілінен қазақша тілге аудардым. ПК және МК бөлімшесінде науқастардың ауру сезімін бағалау үшін Көрнекті аналогтық ауырсыну шкаласы(ВАШ, visualanalogscaleVAS) қолданылады.
Нәтижелерді талқылау.260 науқасқа Мак-Гилл сауалнамасы жүргізілді. Оның ішінде 135 (48%) еркек, 147 (52%) әйел адамдары. Еркек науқастардың 20 (15%) өздерінің ауырсыну сезімідерін өткір деп белгіледі. 15 (11,1%) науқас өзерінің ауырсынуын қысып аурады деп жауап берді. Науқастардың 7 (5,7%) ауырсынуын ысытатын деп жауап берді. 3 (2,4%) науқас өздерінің ауырсыну сезімдерін тартып аурады деп жауап берді. Еркек науқастардың 9 (4,5%) өздерінің ауырсыну сезімідерін мазалайтын деп белгіледі. Науқастардың 12 (9,2%) тұрақты ауырсыну деп жауап берді. Науқастардың 11 (9,1%) ауырсынуын өтпелі деп жауап берді. Еркек науқастардың 5 (3,7%) өздерінің ауырсыну сезімідерін төзуге болмайтын деп белгіледі. Науқастардың 22 (16,2%) ауырсынуын тітіркендіретін деп жауап берді. 16 (12%) науқас өзерінің ауырсынуын әлсірететін аурады деп жауап берді. Науқастардың 15 (11,1%) ауырсынуын қайталанатын деп жауап берді.
Әйел науқастардың 16 (11%) өздерінің ауырсыну сезімідерін өткір деп белгіледі. 24 (16,3%) науқас өзерінің ауырсынуын қысып аурады деп жауап берді. Науқастардың 13 (9%) ауырсынуын ысытатын деп жауап берді. 8 (5,4%) науқас өздерінің ауырсыну сезімдерін тартып аурады деп жауап берді. Әйел науқастардың 19 (13%) өздерінің ауырсыну сезімідерін мазалайтын деп белгіледі. Науқастардың 14 (9,5%) тұрақты ауырсыну деп жауап берді. Науқастардың 10 (6,8%) ауырсынуын өтпелі деп жауап берді. Әйел науқастардың 6 (4%) өздерінің ауырсыну сезімідерін төзуге болмайтын деп белгіледі. Науқастардың 26 (18%) ауырсынуын тітіркендіретін деп жауап берді. 11 (7%) науқас өзерінің ауырсынуын әлсірететін аурады деп жауап берді.
Паллиативті көмек және мейірбикелік күтім бөлімшесінің мейірбикелерінің хронометраждарының нәтижелері, мейірбикенің жұмыс уақытының 23,2% бөлігін құжаттарды толтырумен өткізеді. Ем-шараларды орындауға 24,5% бөлігін өткізеді. Таңғы конференцияларға қатысуға уақытының 8,3% өткізіледі. Науқастарды зерттеу әдістеріне дайындау уақытының 5,4% бөлігін өткізеді. Дәрі-дәрмектерді таратуға 8,7% бөлігін өткізеді. Науқастардың функциональдық жағдайын бақылауға 4,5% бөлігін өткізеді. Келген науқастарды қабылдау уақытының 7,4% бөлігін өткізеді. Тазарту жұмыстарына уақытының 8% бөлігін өткізеді. Науқастардың туыстарымен қарым-қатынасқа уақытының 10% бөлігін өткізеді. Қалған 8% уақыт бөлігі мейірбикенің жеке уақыты.
Мейірбикелердің науқастармен қарам-қатынас жасау қабілеттеріне 260 науқастың 110 (42,3%) толығымен қанағаттандырылған, 97(37,3%)орташа деңгейде қанағаттандырылған,53(20,4%) қанғаттандырыл маған.
Паллиативті көмек және мейірбикелік күтім бөлімшесінің мейірбикелерінің кәсіби дайындығына 260 науқастың 147 (56,5%) толығымен қанағаттандырылған, 73 (28%) орташа деңгейде қанағаттандырылған, 40 (15,5%) қанғаттандырылмаған.
Дәрігерлік тағайындалулардың орындалу деңгейі бойынша 87 (33,5%) толығымен қанағаттандырыл- ды, 108 (41,5%) орташа деңгейде қанағаттандырылды, 65 (25%) мүлдем қанғаттандырылмаған.
Санитарлық ағарту жұмыстарының орындалуына 260 науқастың 124 (47,6%) толығымен қанағаттандырылған, 75 (28,8%) орташа деңгейде қанағаттандырылды, 61 (23,6%) қанғаттандырылмаған.
Қорытындылар.Зерттеу нәтижелері көрсенткендей инкурабельді науқастарға көрсетілетін күтім мәселелері: мейірбикелердің жоғарғы жүктемемен жұмыс істеуі, уақытының 23,2%-ы құжаттар толтыруымен өтуі, мейірбикелік үрдістің алгоритімдерінің болмауы, кәсіби дайындықтарының төмендігі, мейірбикелік жұмыс сапасының нақты өлшемдерінің болмауы.
Мейірбикелердің жұмыс уақытының құрлымының үлкен бөлігін келесі жұмыс түрлері қамтиды: қызметтік сөйлесулер, мейірбикенің міндетіне кірмейтін жұмыстар, науқасты тасмалдау, жұмыс орнын дәрі- дәрмекпен жабдықтау, курьерлік міндеттер.
Паллиативті көмек және мейірбикелік күтім бөлімшесінің науқастарының Мак-Гилл сауалнамасының ауырсыну қарқыны бойынша 0-10%, 1-44%, 2-31,5%, 3 - 11%, 4 - 41,2%, 5 - 27,6%.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Биманова А.Қ. Медбике ісінің дамуындағы жаңа үрдістер. «Қазақстан Республикасындағы мейіргерлік қызметтің әрі қарай дамуы. Мейіргер мамандығын даярлаудағы заманауи көзқарас» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы. 35-38 бет. Астана, 2015.
- Байболина А.Т. Пациенттерге арналған жалпы күтім. 2008ж.
- Мухина С.А. Мейірбикелік істің теориялық негіздері 2014ж.