Кіріспе. Қазіргі уақытта қарым-қатынас мәселесі тәжірибеде маңызды орын алады. Мейірбике ісі мамандығы өзіндік кәсіби сипатқа ие. Мейірбике науқаспен тұрақты және ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатады және шиеленісті жағдайларды шешуде өте маңызды рөл атқарады. Науқас - белгілі бір мінез- құлығы және психологиялық ерекшелігі бар тұлға, сондықтан науқас жеке күтімді қажет етеді.
Шиеленісті жағдайлар өмір бойы бізбен бірге жүреді. Алайда, олардың әрқайсысы қақтығыстарға айналмайды. Қақтығыстар тараптардың бірі екіншісінің мүдделеріне нұқсан келтіре бастаған кезде дами бастайды[1].
Әртүрлі адамдармен үнемі байланыста болатын кез-келген мамандық шиеленістіжағдайдағы құзыретті мінез-құлықты талап етеді. Медицина қызметкерінің қатысуымен шиеленістіжағдай кәсіби қарым- қатынастың барлық спектрінде пайда болуы мүмкін. Шиеленіс науқастармен немесе олардың туыстарымен, дәрігермен, жас әріптестерімен немесе басқарушылар арасында да кездеседі[2]
Кез келген медициналық мекемеде топтық ынтымақ болуы қажет. Топтық ынтымақ дегеніміз - бұл топ мүшелерінің орташа статистикалық бірлігі. Жоғары дәрежедегі ынтымаққа бақталас емес, бірлесуге негізделген топ қана жетеді [3]
Медициналық қызметкердің коммуникативтік білгерлігін, оның кейбір тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін үрейлену, депрессия, интраверсияәрекеттері төмендетіп дұрыс арақатынасқа қиыншылықтар тудырады. Кез келген типтегі ең қарапайым сәтсіздікке, қатерге өзін кінәлі сезінетін медициналық қызметкерді көргенде, науқас оның біліктілігіне күмән келтіреді.
Науқас медициналық қызметкерге толық сенім арттыруы үшін медициналық қызметкер оған мейірімділік көрсетіп отыруы маңызды[4]
Зерттеу мақсаты.Шиеленістіжағдайдағы мейірбикенің жүргізу тактикасын анықтау, яғни, шиеленістіжағдайды шешу үшін қажетті қарым-қатынас дағдыларына ие болу.
Материалдар мен әдістер.Жұмыс жүргізу барысында төмендегілер әзірленді: 1) «Шиеленіс жағдайында мейірбикенің коммуникативті дағдыларын» бағалау парағы. Онда шиеленіс жағдайының кезеңдері есепке алынды: 1-шиеленіске дейінгі кезең; 2-шиеленіс кезеңі; 3-шиеленістен шығу кезеңі. 2) Эксперименттік түрлі жағдайлар (жағдайлық есептер). Зерттеуге Шымкент қаласы, Т.О.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында «Паллиативті көмек және мейірбикелік күтім» бөлімшесіндегі мейірбикелер қатысты.Зерттеу бойыншаЛ.Т.Кулимованың«Медицина қызметкерлерінің науқаспен тиімді тілдесуіне кедергі келтіретін тосқауылдар» модулі бойынша бөлімше мейірбикелеріне тапсырмалар мен тест сұрақтары қойылды.
Нәтижелері және талқылау.Нәтижеге келер болсақ,«Паллиативті көмек және мейірбикелік күтім» бөлімшесіндегі мейірбикелердің шиеленіс жағдайындағы коммуникативтік құзіреттілік деңгейі бойынша 41%-жоғары дәреже, 33%-орта дәреже, 26%-төмен көрсеткішке ие болдық. Жалпы бөлімше мейірбикелерінің коммуникативтік құзіреттілік деңгейі орта көрсеткішті білдіреді.Қазіргі таңда, мейірбикелердің рөлі денсаулық сақтау саласын жаңғырту, емдеу-диагностикалық процесте өзгеруде, яғни мейірбике ісі мамандығы жедел даму үстінде. Орта буынды мейірбике қазіргі таңда қажетті білімді қолдануға және ең оңтайлы шешімдер қабылдауға, топта жұмыс істеу дағдыларын үздіксіз үйренуге, өз бетінше оң ақпараттарды табуға және пайдалануға құқығы бар, жауапты шешімдер қабылдауға дайын құзіретті тұлға болып табылады. Сондықтан да мейірбикелер кез келген шиеленіс жағдайында дұрыс шешім тауып, өздерінің коммуникативтік құзіреттіліктерін жоғары деңгейге жеткізу керек.
Қорытынды.Орта буынды медицина қызметкелеріне: шиеленістерді анықтау, болжау және шешу дағдыларын қалыптастыру, командадағы психологиялық ахуалды жақсарту бойынша іс-шараларды өткізу, мейірбикенің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша оқу бағдарламаларын ұйымдастыру және жүргізу тиіс. Тәжірибелі медицина қызметкеріне нақты жағдайды дұрыс талдау және олардың сәтті шешілу әдістерін меңгеру қажет. Бұл мейірбикелердің психологиялық жағдайын, ақша қаражатын және уақытты үнемдеудіңең тиімді жолы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Шилина С.В., Михальченко В.Ф. Актуальные вопросы экспериментальной, клинической и профилактической стоматологии: стоматологии: сборник научных трудов Волгоградского государственного медицинского университета. - Волгоград, 2008. - 346 с.
- Асимов М.А., Мадалиева С.Х., Ерназарова С.Т., Алибаева Р.Н. Коммуникативная компетентность медицинской сестры в конфликтной ситуации. Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований №11, 2014г., -87с.
- Асимов М.А., Нұрмағамбетова С.А., Игнатьев Ю.В. Коммуникативтік дағдылар. Оқулық. Алматы, 2009, - 134 б.
- Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері. Оқу әдістемелік құрал. Қарағанды, 2012, - 66-67, - 74 б.