Тақырыптың өзектілігі: Адамның еңбек етуі жүйелік механизмдермен құрылады. Кез-келген өндірістік үрдіс нәтижелік бөліктерге бөлінеді - аралық және әлеуметтік маңызы бар соңғы өндірістік нәтижелер жүйе кванты, ал әр жұмыскердің физиологиялық көрсеткіштерін өлшеу осы нәтижелік жүйе кванттраға қатысты жүргізіледі. Қызметтік жүйелер теориясы негізінде физиологиялық қызметтерін бағалау, оның еңбек етуінің әлеуметтік мәнді нәтижелеріне сәйкес іске асырылады[1]. Мұндай тәсіл адам еңбегінің әрбір нәтижелі бөлігінің физиологиялық бағасын анықтауға мүмкіндік береді және осы еңбек негізінде алдын-ала психоэмоционалдық кернеу және шаршау бөліктерін анықтайды[2].
Физикалық жұмысты динамикалық және статикалық деп екіге бөледі: динамикалық жұмыс кезінде ет күшінің есебінен белгілі бір арақашықтыққа ортаны жеңу жүргізіледі. Статикалық жұмыс тұрақты күште еттердің изометриялық жиырылумен байланысты. Еңбек физиологиясында жұмыскерлік қабілеті өте маңызды орын алады[3]. Жұмысқа қабілеттілік дегенміз - адамның нақтылы жұмысты белгіленген мерзімде жеткілікті нәтижемен орындай алатын пәрменді мүмкіндіктер жиынтығы. Өндірістік жағдайында жұмыскерлік әртүрлі түрткілердің ықпалынан ауысым кезінде жиі өзгереді.
Медициналық көзқарас бойынша, жұмысқа қабілеттілік дегенміз - сау адам денсаулығының жалпы бір көрінісі, сондықтан мұны зерттеу және шешу жолдары өте маңызды[4,5].
Мақсаты:С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттерінің жалпы физикалық жұмыс қабілетін анықтау және бағалау, шыққан нәтижелерді талдап, пайда болған кедергілердің шешу жолдарын табу.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысы ҚазҰМУ базасында жүргізілді. Зерттеу жұмысына ҚазҰМУ-нің жалпы медицина факультетінің 3 курс студенттері (100 студент) қатысты. Зерттеу жұмысына дейін тақырып бойынша барлық әдеби көрсеткіштер мен ақпараттарды талдадық және солардың арасынан жалпыға ортақ және қол жетімді степ-тесттер таңдалып алынды. Зертеу жұмысына дейін студенттер арасында тақырып бойынша арнайы сауалнама жүргізілді. Сауалнама 10 сұрақтан, арнайы 3 жауаптан тұрды. Ал тәжірбиелік дағдыларды іске асыру үшін, көптеген әдибиет көрсеткіштерін талдай келе, Керштің степ-тесті, қозғалыс жылдамдығын анықтауға арналған степ-тест, және тепе-теңдік деңгейін анықтауға арналған степ-тесттер қолданылды.
Зерттеу нәтижелері:Жалпы физикалық жұмыс қабілетін анықтау барысында біз екі тәсілді қолдандық. Олар: ең бірінші студентер арасында тақырып бойынша сауалнама жүргізсек, екіншісі степ- тесттерді қолдану. Сауалнама 10 сұрақтан және арнайы 3 жауаптан тұрды. Сауалнама қортындысы бойынша, студенттер арасында негізгі тамақтану режимін сақтамайтын, яғни күніне тек 1 рет қана тамақтанатын студенттер 10%, күніне толық тамақтанбайтын, яғни күніне тек 2 уақыт тамақтанатын студенттер 80%, ал тамақтану режимін сақтап, күніне 3 уақыт тамақтанатын студенттер 10%. Келесі көрсеткіш -студенттердің ұйқы режимі.
Сауалнама қорытындысы бойынша - 3-4 сағат ұйықтайтын студенттер 15%, қалыпты ұйқы режимін сақтайтындар - 80%, ал 8 сағаттан көп ұйықтайтын студенттер 5%. Жалпы физикалық жұмыс қабілетіне әсер ететін тағы бір жайт - студенттердің тұрғылықты мекен-жайы. Сауалнамаға қатысқан студенттердің 90% жатақханада тұратын болса, пәтер жалдап тұратын студенттер 5%, туыстарының үйінде тұратын студенттер 5%. Студенттердің жұмыс қабілетінің жоғары болуы үшін ол физикалық қабілеттілігі белсенді болу керек. Ол үшін дене еңбегімен айналысу қажет. Дене еңбегімен қаншалықты жиі айналысасыз деген сұраққа -30% жиі айналысамын десе, 50% студенттер уақытым жоқ жауап берді, 20% анда-санда айналысамын деп жауап берді. Таңертен немесе кешке жүгіресіз бе деген сұраққа - ия, жүгіремін дейтіндер 8%, жоқ жүгірмеймін дейтіндер 80%, ал жүгіруге уақыт жоқ деп санайтындар 12%.
Дене белсенділігің бір көрсеткіші - спортпен шұғылдану. Спорттық секцияларға қатысатын студенттер 5%, жоқ қатыспаймын дейтіндер 75%, ал қатысуға уақыт жоқ деп санайтындар 20%-ды көрсетті. Сабақ оқуға қанша уақыт жұмасайсыз деген сұраққа студенттер былай жауап берді: 7% студенттер жарты сағат жеткілікті деп санаса, бір сағат оқитын студенттер 45%, екі сағаттан көп оқитын студенттер 48%. Тағы да бір көрсеткіш студенттердің сабақ оқу уақыты.
Сауалнама қорытындысы бойыша: сабақты келе салып оқитындар 20%, сабақты 6 дан кейін оқитындар 50%, түнде немесе 12 ден кейін оқитындар 30%. Студенттердің 52% бос уақытында ұйықтап, теледидар көріп, интернетте отыратын болса, 30% қаланың көрікті жерлерінде қыдыратын болып шықты, тек 18% ғана бос уақытында сабақ оқып отырады екен. Соңғы сұрақ - сіз әлеуметтік желілерде қаншалықты жиі отырасыз деген сұраққа қатысушы студенттер былай жауап берді: сағат сайын кіріп отырамын дейтіндер - 76%, тек сабақ оқу үшін пайдаланатындар -14%, ал әлеуметтік желісіз өмір сүре алмаймын деп жауап бергендер -10%. Студенттердің практикалық дағыдыларын тексеру мақсатында біз жалпыға ортақ және ең ыңғайлы степ-тесттерді таңдап алдық. Олар: Керштің степ-тесті, студенттердің қозғалыс жылдамдығын анықтауға арналған степ-тест, студенттердің тепе-теңдік деңгейін анықтауға арналған степ- тест.
Қорытынды:С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Жалпы медицицна факультінің 3 курс студенттерінің жалпы физикалық жұмыс қабілеті анықталды. Ол үшін студенттер арасында алдын-ала арнайы сауланама мен арнайы степ-тесттер (Керштің степ-тесті, қозғалыс жылдамдығын анықтауға арналған степ-тест, тепе-теңдік деңгейін анықтауға араналған степ-тест) қолданылды. Осы әдістерді қолдана отырып, 3 курс студенттерінің жалпы физикалық жұмыс қабілетін - орта деңгейде деп айтуға болады.
Әдебиеттер
- .Х.Қ.Сатбаева, А.А.Өтепбнргенов, Ж.Б.Нілдібаева, Адам физиологиясы, Алматы, 2005.
- .Р.Д.Судаков редакциясымен. Қалыпты физиология. Мәскеу, 2015.
- 3.Е.В.Быков, Методические подходы к оценке и корекции состояния здоровья. Москва, 2001.
- 4.М.П.Мороз, Экспресс-диагностика работоспособности и функционального состояния человека. Москва, 2007.
- 5.Ш.Д.Шибкова, Основы здорового образа жизни, Челябинск, 2000.