Қазір көп жылдар бойы мақтан еткен ғарыш кемелерін ұшыратын әлемге әйгілі Байқоңыр космодромы да экологиялық апаттың көзіне айналып бара жатыр. Жер серіктерін орбитаға шығарушы ракеталардың отынының өзінің қалдықтары, оның жануынан пайда болған қалдықтар космодромның өзін және оған көршілес аймақтарды ластай бастады. Ластанудың қарқыны өте жоғары, сондықтан да ол мәселе тек ғалымдарды ғана емес, сонымен сол аймақтардағы халықты да қатты алаңдатуда. Бүгінгі күні «Байқоңыр» аймағындағы қоршаған ортаның экологиясы ары қарай нашарлауда, өйткені ракеталардың құлап жатқан сатылары, улығы жоғары жанар майлардың жанып өткен және шашылып-төгілген қалдықтары және тағы басқа да факторлары қоршаған ортаға және сол аймаққа жақын мекендеген тұрғындарға жағымсыз әсерін тигізуде. Қоршаған ортаны ластаушы зиянды заттарға мөлшері жоғары бар азот диоксиды (NO2, 7.8 кг), күкірт диоксиды (SO2, 6.3 кг) және көміртек тотығы (СО, 4,8 кг) жатады. Мөлшері төмен болуына қарамастан симметриялы емес диметилгидразин (H2-N2-C2H6, 0.002 кг) өте қауіпті ластаушы болып табылады. Сол себепті менің жұмысымның мақсаты жоғары сатыдағы өсімдіктердің ерекше түрлерін қолдана отырып, ауа мен топырақты тазарту жолдарын табу және көрсету.
Жұмыстың мақсаты: Атмосфераның ластануы «Байқоңыр» космодромы мен оған жақын аймақта өмір сүріп жатқан халыққа тигізетін зиянды әсері күшейіп барады. Ластағыштардың ішінде ең жоғарғы мөлшері азоттың диоксидіне, күкірттің диоксидіне және көміртегінің оксидіне келеді. Сонымен қатар, аз мөлшерде болса да, аса қауіпті - гептилге келеді. Сондықтан, менің жұмысымның мақсаты - ауаны тазарта алатын өсімдіктердің ерекше түрлерін табу және оларды пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіру болып табылады.
Гипотеза: Космодром аймағында өсетін кейбір өсімдіктердің ауаны жоғарыда айтылған улы газдардан тазалайтын қабілеті болу керек. Топырақта өмір сүретін бактериялардың құрамында молибден бар ферменті - карбон-монооксид-дегидрогеназа көміртегінің оксидін белсенді түрде сіңіреді. Гептил - гидразиннің туындысы болдғандықтан оны өсімдік азот көзі ретінде жақсы сіңіруі тиіс.
Зерттеудің кезеңдері:
- Үлкен қалалар мен ерекше мақсатта пайдаланылатын обьектілердің (Байқоңыр космодромының) ауасын ластағыштар және олардың деңгейі туралы ақпараттарды жинау.
- Осы аймақта таралған өсімдіктердің дәндерін жинау.
- Өсімдіктердің ауаны тазалай алатын қабілетін зерттеу бойынша тәжірибелерді зертхана жағдайларында жүргізу.
Әдістеме. Зертханада өсімдіктерді өсіру және олардың молибденді ферменттерінің субстратын, өнімін және белсенділігін анықтау жағдайларын тиімдеу. Гидразин және оның туындыларын қарапайым тотықтырғыштар арқылы анықтаудың тиімді жолдарын анықтау.
Жұмыстың жаңашылдығы: Біз «Байқоңыр» космодромының аймағында өсетін өсімдіктердің (ағаштарды қосып есептегенде) барлық түрлері газ түріндегі азот пен күкірттің диоксидтерін (мүмкін, көміртегінің тотығын да) сіңіре алатынын анықтадық. Осы диоксидтарды заласыздандыруда шешуші роль атқаратын молибденді ферменттер - нитратредуктаза, сульфитоксидаза және бактериялық карбонмонооксиддегидрогеназа болып табылады. Дәндерді себер алдында осы металдың ерітіндісімен қанықтыру (прайминг) өсімдіктердің тамыры мен жапырақтарындағы, және бактериялардағы молибдоферменттердің белсенділігін күрт жоғарылатады, яғни, өсімдіктер мен бактериялардың осы аймақтағы ауаны ластағыш негізгі газдардан тазалау қабілеті артады.
Жұмыстың практикалық маңызы: Біз айқындаған өсімдіктер мен ағаштардың түрлерін өсіру арқылы үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарының ауасын таза ұстауға және сол арқылы жасылдандыруға болады. Гептил - гидразиннің туындысы болдғандықтан оны азот көзі ретінде жақсы сіңіретін өсімдік түрлерін пайдалану арқылы топырақты тазалауға болады.
Әдебиеттер
- Аликулов З. Тұзды топырақтағы өсімдіктердің тұрақтылығына құрамында молибдені бар ферменттердің ролі II-Internat. Conferense “HistoricalroleofAlexander-von-Humbold tandhisexpeditioninthedevelopmentofworld, regionaland national sciences”, October 14-16, 2004. Pp 26-30.
- Alikulov Z. Role of molybdenum containing enzymes in the oxidative stress caused by natural dehydrationБиотехнология. Теорияжәнепрактика 2004, N 3, 106-112 беттер.
- Аликулов З. Патогенге өсімдіктердің тұрақтылығы құрамында молибдені бар ферменттердің роліБиотехнология. Теорияжәне практика. 2005. №4. 50-60 беттер.
- Аликулов З. Ортаның тұздалуымен туындаған тотықтырушы стрессіндегі арпаның молибдоферменттерінің ролі. Қазақстанның биологиялық ғылымы. № 3-4 2006. 29-43 беттер.
- Аликулов З., Алтайулы С. Молибденнің топырақтағы құрамы және оның өсімдікті жетілдірудегі ролі. Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылымының хабаршысы. Т.9. 30-33 беттер.
- Аликулов З. Бидай молибдоферменттерінің белсенділігі және олардың суыққа төзімділігіне ауыр металлдарының әсері. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы. 2006. №6. 87-92 беттер.
- Аликулов З. Өсіп келе жатқан және пісіп жетіліп келе жатқан түрлі сортты бидай дәнінің нитратредуктазалық белсенділігі. ҚазҰУ хабаршысы. 2007. Сер. Биол №3. (33). 36-40 беттер.
- Аликулов З., Р.С.Оразбаева. Экологиялық білімге қатысты мәселе: қоршаған ортаны басым сипатта ластаушылар және оны мүмкін ететін сауықтыру әдістері. ПМУ хабаршысы, №3, 2007. 29-40 беттер.