Кіріспе. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 нақты қадам жолдауында 3-ші бөлімнің, 35-36 қадамында ауыл шаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу, ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға беру туралы енгізілген. Осы жолдауға сай барлық аумақта жер телімдері ауыл шаруашылыққа пайдалануға берілуде. Осы жолдау негізінде Ембі - 5 полигонының жер телімі де тыс қалған жоқ.[1].
1991 жылы егеменді Қазақстан аумағында орналасқан Ембі-5 полигоны 1960 жылы зениттік зымыран жүйесін сынау үшін құрылған. Бұдан басқа, полигон әскери техниканың және қару-жарақтың жаңа үлгілерін зерттеуге, сынақтан өткізуге, сондай-ақ әуе қорғаныс күштерінің бөлімшелері мен құрамы бойынша жаттығуларға арналған.[2].
Ембі-5 полигон аумағындағы әскери техникаларды және әскери қаруларды сынау әрекетінен болған сынақтардың салдары әлі күнге дейін белгісіз, сол себептен Ембі-5 полигон аумағындағы ядролық сынақтардың жүргізілгендігін жоққа шығара алмаймыз. Қазіргі таңда Ембі-5 полигон аумағын ауылшаруашылығына пайдалануға берілуін есепке ала отырап, міндетті түрде Ембі-5 полигонының жер жамылғысын радионуклидтерге (стронций, цезий) зерттеу жүргізуді қажет етеді. Адам баласын радиациядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адам баласының денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінуде. Әсіресе экологиялық апатқа ұшыраған аймақтағы тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған.Осы айтылғандарды қорыта келе радиация дертіне шалдықпау үшін, біздер Ембі - 5 полигонының жер жамылғысының радионуклдитермен ластану деңгейін анықтау, ауыл шаруашылыққа пайдалану үшін тиімділігін бағалау, жұмысымыздың негізгі өзектілігі болып отыр. Қоршаған ортада (стронций Sr-90 цезий Cs-137) радионуклидтерінің топырақ жамылғысында жартылай ыдырау кезеңі цезий (Cs-137) 30 жыл және стронций (Sr-90) 26 жыл болуымен түсіндіруге болады.[3].
Зерттеу мақсаты. Жұмысымыздың мақсаты қазіргі заманауи құрылғылармен Ембі - 5 полигон аумағының жер жамылғысының радионуклидтермен ластану деңгейін анықтау.
Материалдар мен әдістер. Ембі-5 полигон аумағының радиоэкологиялық ахуалын анықтау үшін зерттеу обьектісі ретінде топырақ сынамасы алынды. Ембі-5 полигоны аумағының 25 нүктесінен топырақ сынамасы «Охрана природы. Почвы. Методы отбора и подготовки проб для химического, бактериологического, гельминтологического анализа» ГОСТ 17.4.4.02-84 сәйкес 0-20 см тереңдікте конверт әдісімен алынды.Алынған топырақ сынамасынан цезий және стронций радионуклидтерінің мөлшерін анықтау аккредитацияланған «Алия и Ко» зертханасында, AAnalyst 200 атомды- абсорбционды спектрометрия әдісімен жүргізілді.
Нәтижелер мен талқылаулар. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша Ембі-5 полигоны аумағынаналынған нүктелердің барлығында Sr-90 және Cs-137 радионуклидтері анықталды.27.02.2015ж ГН №155, KZ 07700700303-2014.KZ 07.00.00304-2014 нормативтік құжаты бойынша цезий және стронций радионуклидтерінің топырақ сынамаларына баға берілді. Сынамаға алынған топырақтың бір нүктесінде стронций (Sr-90) 5401000,0 Бк/кг көрсеткішті көрсетті. Бұл дегеніміз орташа облыстық көрсеткіш мөлшерінен (0,5 Бк/кг) миллиондап артып тұрғандығын көрсетіп тұр. Ал цезий бір нүктеде (Cs-137) 3,31 Бк/кг және екінші нүктесінде цезий (Cs-137) 3,34 Бк/кг көрсеткішін көрсетті. Бұл дегеніміз орташа облыстық көрсеткіш мөлшерінен (0,31-0,34 Бк/кг) есе артып тұрғандығын, ал әлемдік фон Виноградов бойынша (15 Бк/кг) қалыпты көрсеткішті көрсетті.[4].
Нәтижелерімізді қорытындылай келе миллиондап артқан жер жамылғысындағы анықталған нүктелердің топырағының шоғырланған жеріне рециркуляция және дезинтоксикация жұмыстарын жүргізу қажет.
Қорытынды.
- Ембі-5 полигон аумағында стронций (Sr-90) радионуклидінің аномальді нүктесі бар екендігін ескере отырып, сонымен қатар цезий (Cs-137) радионуклидінің орташа облыстық көрсеткішінен артып тұрғандығын есепке алып, тәуелсіз радиология лабораториясында қайтадан сол аумаққа зерттеу жүргізу керек;
- радионуклидтердің шығу көзінен адамға дейінгі миграциялық тізбегін анықтау керек;
- Ембі-5 қалашығының топырағының радионуклидтермен ластануынан туындаған аурушаңдық деңгейін анықтау керек;
- Ембі-5 полигоны аумағына жыл сайын мониторинг жүргізуді ұсынамыз.
Әдебиеттер
- Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары - «100 нақты қадам»
- Бенсман В.А, «Экологические состояние территории полигона Эмба,2007».
- Сорбат Д.М «Радионуклиды в почве Радиоактивное Загрязнение почвы»
- Виноградов А.П. «Геохимия редких и рассеяных химических элементов в почвах» М.:АН СССР,1957.- 289 с