Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еліміздегі қорғалжын қорығының маңыздылығы және оны қорғау қызметі

Кіріспе. Республикамызда Қорғалжын қорығын ұйымдастырудаға басты мақсаты - қанаттыларды үркітпей, олардың қорын еселеп арттыруға жағдай жасай отырып, осы көлдер иесі болатын аққу, қаз, үйректердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеп , олардың өміріндегі нелер құпия сырларды ашу. Теңіз көлін жер шары жұртшылығының назарын аударып отырған тамаша құс - қызыл қаздар базарына айналдыру. Бірақ, қорықтың алдына қойған мақсатын толық жүзеге асыру үшін күні бүгінге дейін кедергі болып, шешілмей келе жатқан кейбір проблемалар бар. Олардың ішіндегі ең бастысы - көлдерді сумен қамтамасыз ету мәселесі . Соңғы жылдары Құра және Құланөтпес өзендерінің бойынан 25 - 30 мың гектар шабындық жерді суландыру үшін бірнеше бөгеттерсалынғаны мәлім . Бұл жағдай көктемде Қорғалжын көліне су жеткізбей жүр . Соған сәйкес осы көлдің суы тайыздап , тіпті шалшық сулар кеуіп қалады . Осының салдарынан қызылқаз , аққу сияқты құстардың азайып бара жатқаны байқалады . Бұл қорықты шын мәнінде «құс базарына» айналдыру үшін ондағы су деңгейін бір қалыпта ұстау мәселесін дер кезінде шешкен дұрыс.

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда барлығы 10 қорық жұмыс жасайды. Олардың жалпы ауданы 1 610 973 га. Бұл біздің еліміздің кең байтақ даласымен, жерімен салыстырғанда экологиялық нысанның аздығын білдіреді. Сондықтан да, олардың әрқайсысының маңыздылығы жоғары және қорықтарды қорғау қызметі жоғары дәрежеде болуы керек деген ойдамын. Сол он қорықтың ең сулы- батпақты, өлкенің солтүстігіне қарай Ақмола облысында орналасқан, жалпы ауданы 543 171 га жерді алып жатырған қорығы - Қорғалжынды атап өтуге болады. Бұл аймақта Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі және одан басқа 20 шақты ірі өзендер бар[1]. Теңіз-Қорғалжын өзендер жүйесі Орта Азия - Үндістан және Сібір - Шығыс Африка жыл құстары жолының қиылысында орналасқан. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. 1976 жылы қорықтағы су айдындары «Рамсар» тізіміне енгізілген. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна, савка жәнетарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені.

Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды. Қорғалжын қорығында әлемдік деңгейде тек құстар қауымы емес, сонымен қатар, ақбөкендер де қорғалады. Бұл қорық қызметкерлері үшін маңызды экспонат болып табылады. Себебі, ақбөкендердің мүйіздерінен қытайдың ұлттық медицинасында ерекше пайдалы дәрі жасалады. Ақбөкен мүйізі елімзге қарағанда Қытай мемлекетінде өте жоғары бағаланады. Мәселен, біздің елімізде 15 000-нан жоғары болса, қытайда төменгі баға 498 000-нан басталады. Соңғы жаңалықтар бойынша, осы Қорғалжын қорығында сұғанақ аңшылар (броконьер) ақбөкенді аяусыз өлтіріп, мүйізін кесіп алған. Қорық қызметкерлері батылдықпен қасапшыларға қарсы тұрғанымен олардың қару жарағы жетілген деңгейде болған[2]. Яғни, қорыққа қару жарақ алып кіруге мүмкіндік болған. Сондықтан да, қауіпсіздік жүйесін қайта қарастыру қажет. Бұндай іс-әрекеттер биоалуантүрліліктің жойылуына әкеліп соқтырады. Әсіресе, Қорғалжын қорығында әлем бойынша белгілі бір түрдлің жалғыз популяциялары қорғалады.

Зертеудің мақсаты. Қорғалжын қорығының флорасы мен фаунасының маңыздылығын, ерекшеліктерін зерттеп, олардың қандай дәрежеде қорғалып жатқанына баға беру. Еліміздегі Қорғалжын қорығының маңыздылығы және оны қорғау қызметін реттеу.

Материалдар мен әдістер. Қорғалжын мемлекеттік қорығының таиғи ресурстары мен осы қорықтың қорғалу процесі туралы СМИ ақпараттары мен мақалалардағы өзекті мәселелерді ұсыну.

Нәтежелері мен талқылаулар. Қорғалжын қорығының қорғаныс қызметінің құқығы мен қарулармен жабдықталуы төмен және аймақтағы жануарлар дүниесінің биоалуантүрлілігіне қауіп төніп тұр.

Қорытынды. Зерттеу жұмысым бойынша төмендегідей іс-әрекеттерді ұсынамын:

  • Қорық қорғаушыларының құқығын қайта қарастырып, толықтыру. Мысалыға, қорық аймағына кіретін адамды толықтай қарап, тінтіп шығуға құқығы болу.
  • Қазіргі таңда броконьерлердің қару-жараққа көп мән береді және технологияның дамуына сай жаңа мүмкіндіктерге толы аппараттарды қолданады. Сондықтан да, қорық қорғаушыларды да жаңа технологиялармен барынша қамтамасыз ету.
  • Шекара аралық қару тасымалдауды дұрыстап қадағалап, жол бермеу.
  • Қорғалжыни ауданында және Қазақстан бойынша қоқиқаздар, ақбөкендер және экологияны, жануалар мен өсімдіктерді қорғау тақырыбында фестивальдар мен мерекелерді ұйымдастыру.

Әдебиеттер тізімі

  1. 1. Ғ. Сағымбаев. «Экология негіздері». Алматы, 1995 жыл.
  2. 2. «Қазақ Совет Энциклопедиясы». Алматы, 1980 жыл.
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина