Кіріспе. Қазақстан әлемнің жалпы мұнай қорының 3% жуық сәйкес келетін 4, 8 млрд. тонна көлемінде дәлелденген өндірілетін мұнай қорына ие және көмірсутек қоры бойынша он жетекші елдердің қатарына кіреді. Мұнайдың зерттелген қоры бойынша әлемде 13 орынды иеленеді. Мұнай өндірудің жылдам өсуі және оған сәйкес барлау бұрғылауының, тасымалдаудың, өңдеудің жаңа физикалық принциптерге негізделген, жоғары қысым мен температураны пайдаланатын қазіргі заман жаңа технологияларын кең пайдаланудың өсуі, қуатты құбырлар жүйелерін салу мұнай-газ өндірісінің экологиялық қауіптілігін арттыруда, олардың ауаға, суға, топыраққа, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, басқа да табиғи кешеннің компоненттеріне әсерін күшейтеді. Көп жағдайда мұнай-газ, олардың серіктері мен өңдеу өнімдері, қышқылдар, сілтілер, ингибиторлар және мекемелермен пайдаланылатын басқа да зиянды заттар, сондай-ақ өндіріс қалдықтары да қоршаған ортанығ негізгі ластаушылары болып табылады.
Зерттеу мақсаты. Ақтөбе облысы және кен орындарының мұнайлы өлкесіндегі көп салалы мұнай - газ өңдейтін зауыттың атмосфералық ауага бөліп шыгаратын мұнай - газ конденсатының химиялық құрамын ари экологиялық бағытта оның тұрғындар денсаулыгына әсерін зерттеу. Мұнай-газ өнеркәсіпорындарымен танысу, осы өндірістердің шикізаттарын анықтау, мунай-газ өндірістерінің қалдықтарының қоршаған ортаға және флора мен фаунаға тигізетін әсерін зерттеу, анықтап білу.
Материалдар мен әдістер. Ақтөбе облысының мұнайлы өлкесіндегі Жаңа жол мұнай-газ кешенді зауытының қоршаған ортаға бөліп шығаратын зиянды факторлардың негізі газ конденсатының химиялық құрамын зерттеуге арналған ғылыми жұмыс.
Нәтижелер мен талқылаулар. Аталған зауыттың өндіріс жағдайын зерттегенде газ конденсатының өте көп құрамды ластанғыш химиялык факторлардан тұратындығы анықталды: меркаптан, күкіртті газ, азот оксиді т. б да химиялық қосындылардың бары анықталды. меркап пен күкіртті газ денгейі санитарлық-гигиеналық талаптардан 4-5 есе артықтығы айшықталды. жалпы жаңажол мұнай газ зауыты жұмысшылары арасында тыныс жолдары, аллергия, асқазан ішек жолдары ауыршаңдығы байқалды.
Қорытынды.
Жұмысымды қорытындылай келе мынадай ұсыныстар жасаймын
- Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу.
- Өндірістен, зауыттардан бөлінген түтіндерді ауаға шығармайтын сүзгіш қондырғылар орнату.
- Табиғат ресурстарын, сол қалпында сақтау үшін, қорықшалар, ұлттық саябақтар мен басқа да ерекше қорғалатын обьектілерді көбейту қажет.
- Тасталған қоқыс қалдықтарын зауыттарға апарып, олардан қайтадан жаңа өнімдер шығару.
- Жаңажол газ өңдеу зауыты қалдықтарын мөлшерін қадағалап, көбейген жағдайда қоршаған ортаға әсер етуін төмендету шараларын қатаң орындау.
- Зауыт орналасқан аймақта тұрғындардың денсаулығына әсер етуінің алдын алу, яғни уақытылы медициналық бақылаудан өткізіп тұру.
- Қоршаған ортаны таза ұстау және ластанудың алдын алу.
Әдебиеттер тізімі
- Мұрынова А. «Мұнайлы өңірдің мұңында көл, Зары да көл жан айқай» Атамекен -2002-13 ақпан-25
- Ноғаев Ы. «Мұнай қалдықтары мен қазандықтарының қоршаған ортаға залалы». Атамекен 2004- 27қазан-52
- Ноғаев Ы. «Мұнай қалдықтары және қазандықтары (қоршаған орта)». Дүние-2004-11-5. 11