Кіріспе. Гендік инженерия медицина, ауылшаруашылығы салаларында пайдалануға өте тиімді. Ғалымдардың пайымдауынша, гендік инженерия халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайын жақсарта түседі әрі климаттық жағдайы нашар аумақтарда егіннің мол шығуына әсер етіп, ауылшаруашылығына пайдаланатын химикаттар мен су қажеттілігін азайта түседі. Сол себепті әлемнің түкпір-түкпірінде азық-түлікті молынан өндіру үшін гендік-модифицирленген организмдерді қосады.
ГМОдегеніміз- заманауи молекулалық-биологиялық әдістердің қолданылумен биологиялық заңнама мен тірі организмдердің негізінде пайда болатын организмдер.
Зерттеу мақсаты. Болашақ ұрпаққа генетикалық модификацияланған организмдердің пайдасы мен зиянын қарастыру. Бұл мақсатты орындауда келесі міндеттер қойылды:
- Қазақстанда ГМО таралуы және пайыздық анализін жүргізу;
- Қазақстан мен ТМД елдеріндегі ГМО пайдаланудың салыстырмалы анализін жүргізу.
Материалдар мен әдістер. Алғаш рет ОҚО ГМО таралуы және пайыздық анализін жүргізілген. Нәтижесінде бірнеше өнімдер ГМО көлемі бойынша стандартқа сәйкес келмейтіндігі анықталған, оның ішінде сүт-қышқылды өнімдердің 98% құрамында ГМ ұйытқылары бар екені анықталды, ал алмаларда 30% және банандарда 100% генетикалық тұрғыдан өзгертілгені анықталды.
ГМО алу жолдары: 1.Шектелген генді алу; 2.Генді векторға енгізу; 3.Модификацияланатын ағзаға векторды енгізу; 4.Ағза жасушаларының өзгеруі; 5.Генетикалық өзгерген ағзаларды алу:
Ген синтезі қазіргі кезде жақсы жұмыс жасайды және автоматтандырылған. Қазір ЭМВ қамтамасыз етілген құрылғылар бар, олар 100-120 азотты негіздеген құралатын ДНҚ бөлігін бірнеше рет көбейтуге мүмкіндігі бар. Генді векторға енгізу үшін рестриктаза және лигаза ферменттерін қолданады. Рестриктаза ферменті арқылы ген қырқылады, ал лигаза арқылы ген тігіледі.
Нәтижелер мен талқылаулар. Генетикалық мофификациялнған организмдердің пайдсы мен зияны. ГМО бұл гендік кодына бөтен гендер жабыстырылған ағзалар болып табылады. Мысалы картоп генінің қатарына сарышаян генін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе, күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған. Енді ол аязға төзімді,үсімейді. Айтып өткен картоп өнімі колорад қоңызынан зардап шекпейді ,помидфоры солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге,бір пішінді бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі,біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А дәруменін өндіретін генді қосуға болады. Сонымен ғалымдар дақылдардың өнімділігін арттыру үшін олар зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда. Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға соя,жүгері,бидай,қызылша,мақта,рапс,картоп жатады.
ГМО азықтарын пайдаланудың зияны:
- .Өте қауіпті аллергиялық реакциялардың пайда болуы. Мысалы АҚШ адамдары ГМО өнімдерін еркін қолданады. Аллергиямен ауыратындар саны 70% құрайды. Ал Швецияда 7%,себебі бұл өнімдерді қолдануға тиым салынған.
- .Трансгенді өнімдерді пайдалану асқазанның сілемейлі қабатының құрылымын бұзады. Зат алмасудың бұзылып, иммунитетінің төмендеуіне әкеледі.
3.Ісік ауруларының көбейуіне себеп болады. Жасушаларды мутацияға ұшыратады.
Әдебиеттер
- Красовский О.А. Генетически модифицированная пища: возможности и риски // Человек, 2002, № 5, с. 158164
- Мұхамбетжанов К.Қ. Генетика. Алматы 2002.
- И.В.Ермакова. Генетическимодифицированные организмы. Борьбамиров. Белые альвы,2010.
- Генетически модифицированныепищевыепродукты: решениепроблемымировогоголода. 12 марта 2012
- Всемирная организация здравохранения. Современнаябиотехналогияпроизводствапродуктовпитания, здоровье и развитиечеловека: исследованиенаосновефактов. 2005.
- Александр ПанчинВойнапротив ГМО будетпроиграна. Новая газета 2009
- Geneticcaly modified crops safety assessments:present limits and possible improvements EnviromentalSciences.Europe 2007EFSA Journal 5