Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өндіріс қалдықтарын өңдеу әдістерінің экологиялық сараптамасы

Кіріспе. Еліміздің түсті металлургия өндірістерінде жүздеген миллион тонна мыс, никель, қорғасын, мырыш және қалайы өндірісінің ауыр металдарының қалдықтары жиналған. Жыл сайын бұл қалдықтарға он мыңнан астам тонна қалдықтар қосылады. Құрамында қорғасын, мырыш, темір қоспалары бар өндіріс қалдықтарын қышқылдық әдіспен өндіргенде бағалы компоненттер - жартылай өнімге нитрат, гидроокситтер, фосфаттарға өтеді. Мұндай - шлак, шлам және басқа да түріндегі қалдықтарды хлорлы реагенттермен өңдегенде құрамындағы металл қоспалары қорғасын, мырыш, темір хлоридтеріне өтеді. Бұл хлорлы қоспаларды өнім ретінде қолдана алмаймыз, себебі оның құрамында ерімейтін қоспаларда бар. Сондықтан оларды фосфаттармен, сульфаттармен, нитраттармен және т.б. өңдеу арқылы бағалы зат алуға болатынына зерттеулер арқылы көз жеткіздік [1,2]. Мысалы, үшін қаптама ретіндегі металл фосфаттарын машина жасау өндірістерінде, халық-шаруашылығында және т.б. өндірістерде кеңінен қолдануға болады.

Зерттеу мақсаты. Алдын-ала жүргізілген термодинамикалық есептеулер Гиббс энергиясының (AG0T) теріс мәні мырыш және темір хлоридінің фосфор қышқылымен әрекеттесу реакциясы нәтижесінде Zn(H2PO4)2 .Н2О, FeHPO4 және HCl түзілетінін көрсетті. Гиббс мәндерін есептеу 298-433К

температуралық аралықта ЭЕМ жүргізілді.

Материалдар мен зерттеу әдістері. Түсті металдардың хлоридтерін алу үшін әр циклдың басында мөлшері 100 гр. хлорлы айдамды 250С температурада ерітеді, бұл кезде ZnCl2 және FeCl2 ерітінді мен ерімейтін тұнба түзіледі. Құрамында ZnCl2 және FeCl2 бар ерітіндіні сүзген соң 73% H3PO4 өңделеді. Бұл процесс 60-1200С аралығында, 40-60 минут уақыт аралығында үздіксіз араластырылу нәтижесінде жүзеге асырылады. Газды фазаға хлорлы сутек бөлінеді, ал тұнбаға Zn(H2PO4)2 және FeHPO4 түседі.

Зерттеу нәтижелері және талқылау. Мырыш және темір хлоридтерінің металл фосфаттарына айналу дәрежесіне (а айн) температура мен уақыттың әсері 1 кестеде келтірілген, мұнда температура мен уақыт өскен сайын, мырыш пен темір хлоридтерінің металл фосфаттарына айналу дәрежесі өсетінін, ал өнімде хлордың мөлшері азаятынын көрсетті. Яғни температура жоғарылаған сайын сұйық фазада мырыш пен темір фосфаттарының қоспаларының бөлшектері көп мөлшерде пайда болатынын және бос фосфор қышқылының мөлшері азаятыны анықталды.

Кесте 1 Мырыш хлоридінің ыдырау дәрежесіне температура мен әрекеттесу уақытының әсері

Тәжірибе №

Температура, 0C

Уақыт, мин.

Заттар мөлшері, %

Айналу дәрежесі,  айн)

Р2О5

ZnO

Cl

1

80

30

54,69

30,5

1,2

98,90

2

80

60

54,71

31,2

0,9

99,05

3

80

90

54,74

31,4

0,4

99,61

4

100

30

54,60

31,1

0,12

99,90

5

100

60

54,71

31,3

-

100

6

100

90

54,71

31,36

-

100

7

120

30

54,73

31,4

-

100

8

120

60

54,73

31,4

-

100

Кестеден температура мен әрекеттесу уақыты артқан сайын мырыш хлоридінің моноцинкфосфатына айналу дәрежесі өсетінін және өнімнің құрамында хлордың мөлшері азаятынын көруге болады.. Құрамында 28-30% HCl бар тұз қышқылы техникалық тұз қышқылының сапасына қойылатын талаптарға сай келеді.

Зертханалық зерттеудерді негізге ала отырып, түсті металдардың фосфаттарын алудың аппаратуралы-технологиялық үлгісі жасалып ұсынылды (1-сурет).

Хлорлы тұздар жоғарғы ыдыста (1) суда 60ОС ерітіліп тұнбадан тазалау үшін сүзуге центрифугаға (2) беріледі. Сүзілген құрамында қорғасын хлориді бар тұнбаны өңдеуге жібереді. Тазаланған мырыш және темір хлоридті ерітінді жинағыш ыдысқа (3) кейіннен реакторға ыдыратуға (4) беріледі. Реакторға қосымша арнайы ыдыстан (5) фосфор қышқылы (73% Н3РО4) беріліп, онда металл хлоридтері 120- 170ОС, уақыт 90 минутта қышқылмен әрекеттесіп мырыш және темір фосфаты түзіледі. Түзілген металл фосфаттары центрифугада сүзіліп бөлінген ерітінді үрдіске (6) қайтарылады. Мырыш және темір фосфаттары кептіргіш пешке (8) беріліп, өнімді кептіру үрдісі оттықта (7) жанған температурасы 400- 450оС-ты құрайтын газбен жүргізіледі. Пештен шыққан кепкен өнім қоймаға, газ шаңмен бірге шаң ұстағышқа (9) жіберіледі. Реактордан шыққан сутекті хлор газдарда шаң ұстағышқа (9) және электрлі сүзгішке (10) беріліп, шаңнан тазаланған газ абсорберге (12) беріледі. Құрамында мырыш, темір фосфаттары және аздаған мөлшерде хлорлы қосылыстары бар шаңдар реакторға (4) қайтарылады. Абсорберге жоғарғы жағынан ыдыстан (14) су беріледі. Нәтижесінде түзілген 27-28% тұз қышқылы жинағыш ыдыста (12) жиналады. Абсорберден шыққан газ мұнараға (15) әк сүтімен (16) санитарлы тазалауға беріліп, түзілген ерітінді өңдеуге, ал тазаланған газ атмосфераға жіберіледі. Ұсынылып отырған сызба бойынша өңдеп алынған мырыш фосфатының сапасы ТШ 2329-0-002-12588040-95 [3] сәйкес екендігі анықталды.

Сынақ барысында алынған тұз қышқылы қойылатын ТШ 6-01-193-80 [4] талаптарына сай келеді.

Қорытынды. Осылайша, нақты тәжірибелік көрсеткіштерді пайдалана отырып, металл хлоридтерін өңдеудің ағымдағы сызбасы ұсынылды.

Ұсынылып отырған технологиялық сызба химия және мұнай-химия саласында экономикалық тиімді және рентабельді болып табылады.

 

Әдебиеттер

  1. Анарбаев А.А., Молдабеков Ш.М., Альмаханов Б.А. Исследование процесса разложения хлорида цинка фосфорной кислотой. // Журнал «Наука и образование Южного Казахстана». - №3. - Шымкент, 2000.-С.74-78.
  2. Анарбаев А.А., Кабылбекова Б.Н., Айкозова Л.Д. «Мырыш-, темір- хлоридтерін фосфор қышқылымен ыдыратудың кинетикасы //Наука и образование ЮК. - 2009. - №1 (74). - С.88-90.
  3. ГОСТ3118-77-83.Кислота соляная. Технические условия.-М.: Гостандарт России: Изд-во стандартов,1986. - 10с: ил.
  4. ГОСТ3118-77-83.Покрытия цинковые. Обозначение, технические требования, правила приемки и методы контроля. -М.: Гостандарт России: Изд-во стандартов,1985. - 5с: ил.
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.