Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаңа биологиялық белсенді пурин туындысын зерттеу

Тақырыптың өзектілігі. Жаңа жоғары эффективті және уыттылығы төмен гетероциклді құрылысты дәрілік заттардың синтезінде басты орынды пурин туындылары, оның ішінде ксантиндер алады. Ксантиннің синтетикалық туындыларын іздеу айтарлықтай келешегі бар және айқын. Атап өту қажет, жалпы алғанда ксантин туындыларының уыттылығы аз және жанама әсері едәуір төмен. Ксантин туындыларының басқа гетероциклді қосылыстардан артықшылығы, олар адам ағзасына бөгде зат емес, ал олардың метаболизмі эволюция үдерісінен өткен. Қазіргі уақытта медицинада пурин алкалоидтары (кофеин, теофиллин, теобромин) және оның биологиялық белсенділігі бар әртүрлі синтетикалық аналогтары кең қолданыс тапқан[1].

Кофеинді алғаш рет 1819 ж. Рунге ашқан. Ол (2%-ға дейін) кофе дәндерінде (Coffea Arabica L.), шай жапырақтарында (Thea sinensis L.) және басқа өсімдіктердің құрамында кездеседі. Теофиллин аз мөлшерде шайдың құрамында кездеседі, алғаш рет 1889 ж. Коссель ашқан. Теоброминді алғаш 1842 ж. орыс ғалымы А.А.Воскресенскиий зерттеген, ал 1889 ж. кофе дәндерінен және шай жапырақтарынан бөлініп алынған. Кофеин психостимулятор, кардиотоник ретінде, теофиллин мен теобромин спазмолитик және диуретик ретінде қолданылады. Пурин алколоидтарын синтетикалық әдістер арқылы алу экономикалық жағынан тиімді және бастапқы шикізаттардың қолжетімділігімен ерекшеленеді[2-4].

Теобромин молекуласының 1-жағдайына 5-оксигексил орынбасарын енгізу арқылы антиагреганттық қасиеті бар пентоксифиллин препараты алынды. Дәрілік зат ретінде сонымен қатар бициклді ксантиннің 7-жағдайындағы азот атомының әртүрлі орынбасарлары бар теофиллин туындылары: 2,3-дигидроксипропил орынбасары бар, бронхолитикалық белсенділік көрсететін дипрофиллин; 2-гидрокси-3-[Н-(2-гидроксиэтил)-Н-метиламино]пропил орынбасары бар, перифериялық тамырларды кеңейтетін ксантинол никотинаты қолданылады[5].

Ксантин туындыларының имидазол сақинасының электрофильдік орынбасу реакцияларына түсуге қабілеттілігін ескеріп, 7-жағдайын бромдау арқылы және басқа да әртүрлі жағдайларына әртүрлі орынбасарлар енгізу арқылы көптеген биологиялық белсенді заттар алынып, зерттелуде. Жаңа биологиялық белсенділігі бар пурин туындыларын зерттеуде Ресей Федерациясының, Украинаның, Беларусь мемлекеттерінің көптеген медициналық ЖОО мен зерттеу институттары, зертханалары және химия-фармацевтикалық компаниялары қызығушылық тудыруда. Пурин молекуласына әртүрлі орынбасарлар енгізу арқылы зерттеуде Башқұрт мемлекеттік медициналық университеті (БММУ, Уфа, Ресей), Сеченов атындағы бірінші Мәскеу медициналық университеті, Запорож мемлекеттік медицина университеті, Харьков қаласындағы Ұлттық фармацевтикалық университеті, Витеб мемлекеттік медицина университеті және «Химия-фармацевтикалық комбинат - Акрихин» ААҚ, «Обнинск химия- фармацевтикалық компаниясы» ЖАҚ, «Белмедпрепараттар» ААҚ айтарлықтай жұмыстар жүргізуде[5- 14].

Жаңа ксантин туындысын БММУ аналитикалық және токсикологиялық химия курсымен фармацевтикалық химия кафедрасының қызметкерлері мұзды сірке қышқылды ортада теофиллинді бромсутекті қышқыл қатысында калий бромидімен бромдау арқылы синтездеп алды. Нәтижесінде диуретикалық қасиеті бар жаңа биологиялық белсенді зат 8-бром-3-метилксантин алынды. Бұл қосылыс америкалық Фемизол препаратының құрамына кіретін белсенді зат памабромның синтетикалық аналогы болып табылады. Памабром медицинада спазмолитикалық және диуретикалық әсері бар ксантин тобының диуретигі ретінде қолданылады[15].

Зерттеу мақсаты. Біздің зерттеуіміздің мақсаты жаңа биологиялық белсенді зат ксантин туындысы 3-метил-8-бромксантиннің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеп, сапалық көрсеткіштерін талдап, дәрілік зат ретінде стандарттау болып табылады.

Зерттеу міндеттері. Біздің алға қойып отырған зерттеулеріміздің міндеттері келесідей болып табылады:

  • жаңа биологиялық белсенді пурин туындысының сапасын одан әрі фармакопеялық көрсеткіштерін бағалау үшін физика және химиялық қасиеттерін, физикалық константалар және спектральды сипаттамаларын зерттеу;
  • зерттелетін қосылыстың хроматографиялық жылжымалылығын зерттеу, жұқа қабатты (ЖҚХ), жоғары эффективті сұйықтық (ЖЭСХ) және газ-сұйықтық хроматография (ГСХ) әдістерімен сапалық және сандық анықтау үшін синтез өнімдерін және жартылай өнімдерін зерттеу;
  • зерттелетін қосылыстың сапалық сипаттамасын жасау: мөлдірлігі және түстілігі, қышқылдығы және сілтілігі, тектес және жалпытехнологиялық қосылыстар, кептіргендегі масса шығыны, рН көрсеткіштері, өзі екендігі, сандық анықтауы, сақтау кезіндегі тұрақтылығы;
  • зерттелетін қосылысқа стандарттау жүргізу және уақытша аналитикалық нормативтік құжат (УАНҚ) жобасын әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер. Медицина саласына жаңа биологиялық белсенді пурин туындысы 8-бром- 3-метиксантин, диуретикалық дәрілік зат ретінде енгізіледі.

Әдебиеттер

  1. н.и.романенко,м.в.назаренко,в.и.корниенко,б.а.самура,о.а.пахомова,химико-фармацевтический журнал, №8, 24 стр. 2014.
  2. в.г.беликов, Фармацевтическая химия. Учебное пособие. 2-е изд. 536 стр. 2008.
  3. в.г.граник, Лекарства. Фармакологический, биохимический и химический аспекты: Монография. Вузовская книга. 3-е изд. 215 стр. 2015.
  4. қр мф, Т.2. 2009.
  5. Ю.В.Шабалина, Р.М.Шарафутдинов, Р.А.Губаева, Д.З.Муратаев, Ф.А.Халиуллин, Материалы XIv молодежной конференции по органической химии, 518 стр. 2011.
  6. е.в.александрова, Химико-фармацевтический журнал, №12, 21 стр. 2003.
  7. е.в.александрова, п.м.кочергин, Химико-фармацевтический журнал, №10, 35 стр. 2012.
  8. н.и.романенко, о.а.пахомова, д.г.иванченко, а.м.камышный, н.н.полищук, Химикофармацевтический журнал, №7, 26 стр. 2014.
  9. в.м.дианов, а.к.булгаков, Химико-фармацевтический журнал, №10, 30 стр. 2006.
  10. а.а.спасов, ф.а.халиуллин, д.а.бабков, г.а.тимирханова, в.а.кузнецова, л.в.науменко, Д.Р.Мулеева, О.Ю.Майка, Т.Ю.Прохорова, Е.А.Стурова, Химико-фармацевтический журнал, №7, 13 стр. 2017.
  11. ю.в.шабалина, ф.а.халиуллин, а.а.спасов, л.в.науменко, в.а.кузнецова, Химикофармацевтический журнал, №3, 27 стр. 2013.
  12. л.а.валеева, г.г. Давлятова, ю.в.шабалина, а.в.исакова, ф.а.халиуллин, и.л.никитина, Химико-фармацевтический журнал, №6, 8 стр. 2016.
  13. к.в.кулешов, а.в.адамов, о.г.родин, в.п.перевалов, а.р.эльман, Химико-фармацевтический журнал, №8, 44 стр. 2002.
  14. р.г.глушков, с.д.эжаков, м.в.алексеев, о.с.фоминова, в.а.шорр, г.ф.жданов, е.н.салин, В.В.Аснина, Химико-фармацевтический журнал, №1, 3 стр. 2011.
  15. Справочник Видаль 2013. Лекарственные препараты в России. Vidal 2013.
  • Жыл: 2017
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.